АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫНДАҒЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АУДАРМА НАРЫҒЫН ЗЕРТТЕУ



АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫНДАҒЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АУДАРМА НАРЫҒЫН ЗЕРТТЕУ


Дамушы елдер қатарына енетін Қазақстан үшін АҚШ сынды нарықтағы беделі жоғары елмен қарым-қатынаста болу өте маңызды. Екі ел арасындағы байланыс 1991 жылы 25 желтоқсанда - АҚШ Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін таныған кезден бастау алады. Ал 1997 жылы Қазақстан мен АҚШ арасында экономикалық әріптестік бағдарлама жасалған болатын.
Одан кейінгі байланысты нығайтуға бағытталған
ресми кездесулер ортақ сауда және экономикалық
шешімдердің нәтижесін берді.

1999 жылғы желтоқсанда Қазақстан мен АҚШ арасындағы келісімде - екі ел арасындағы серіктестікті одан ары дамыту, АҚШ-тың Қазақстанға демократиялық, экономикалық өркендеуде қолдау көрсету, аймақтық, ғаламдық негізде тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастық үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану сияқты мәселелер қаралды.
АҚШ Қазақстанға мәдениет пен білімді дамыту саласында үлкен қолдау көрсетуде “Болашақ” бағдарламасы шеңберінде қазақстандық студенттер АҚШ, Франция, Германия оқу орындарында оқиды.
Бұндай қатынастар біздің ел үшін маңызды болып саналады.
Себебі қазіргі АҚШ Еуразияның жаңа ұлы державасы атануға ашық түрде талас жүргізіп отыр. АҚШ-тың жетекші саясаттанушыларының бірі, стратегиялық және халықаралық мәселелерді зерттеу орталығының кеңесшісі З. Бжензинскийдің пікірінше, «Американың әлемдік деңгейде жалғыз ұлы державалық рөлі Еуразияға қатысты толыққанды және ашық стратегия жасаудың қажеттілігін нық бекітіп отыр. Бжезинский алдымен АҚШ-тың Еуразияда саяси плюрализмді бекіту қажеттігін айтады. Ол үшін басымдық АҚШ-қа қарсы коалиция құрылудың мүмкіндігін жоққа шығаратын саяси әдістер мен дипломатиялық басқаруға берілуі тиіс.

Қазіргі күні ағылшын тілі Ұлыбританияда, Америка Құрама Штаттарында, Канадада, Австралияда, Жаңа Зеландияда және Кариб теңізі бассейні мен Оңтүстік Африка Республикасында, Ирландияда қолданылады және орыс, араб, португал, испан, қытай тілдерімен қатар Біріккен Ұлттар Ұйымының жұмыс тілдерінің бірі болып табылады. Бұрынғы Ұлыбритания мен Америка Құрама Штаттарының барлық отарларында да өз әлеуетін сақтап тұр. Жалпы Әлемдік рейтингте ағылшын тілі бірінші орын алады, мәселен Интернетте ана тілінде сөйлеушілерінің саны қытай тілінен кем болғанына қарамастан ағылшын тілі қолданушыларының саны бойынша бірінші орында тұр. Осы арада орыс тілі мен ағылшын тілінің басқа мемлекеттерге әсері бойынша Қазақстан мен Ирландияның жағдайы өте ұқсас екенін атап өткен жөн. Мәселен, жарты мың жыл Ұлыбританияның отары болған Ирландияда әлі күнге дейін өз ана тілінде тек халықтың 25 проценті сөйлейді (Еуропада басқа тілде сөйлейтін бірден бір мемлекет) . Ал Азияда халқының көпшілігі басқа тілде сөйлейтін бірден бір мемлекет - ол Қазақстан (Беларусьті есепке алмаймыз, өйткені оның жағдайы өзгеше әрі беларус тілі шығыс славян тілдері семьясына жатады) . Қазақстан Ресей империясының құрамында ширек ғасыр, яғни 260 жыл болғанын атап өткен жөн.


Президент «Жаңа Әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында былай деп атап көрсетті: «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды қолға алуды ұсынамын»*. Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі». Осыған орай мұны мемлекеттік тіл саясатының негізгі басымдықтары ретінде қарауымыз қажет. Бұл ретте, Сиэтл университетінің (АҚШ) Кіндік Азияны және Қазақстанды зерттеу орталығының директоры Уильям Фиерманның пікірі өте қызық. Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдердің үштұғырлығын» енгізу жөніндегі бастамашылығына оның қалай қарайтындығы туралы «ҚазАқпарат» ұлттық ақпарат агенттігі журналисінің сұрағына ол былай деп жауап береді: «Менің ойымша, бұл идея дұрыс және мемлекетті дамытуға жәрдемдесетін болады. Бірақ, әзірге Қазақстанда «Тілдердің үштұғырлығы» туралы айтуға әлі ерте. Қазақ тілі Конституция бойынша мемлекеттік тіл болғанына қарамастан, қазіргі уақытта сіздің елдеріңізде бір тілдің - орыс тілінің басымдығы білініп тұр. Менің ойымша, Қазақстанда, әсіресе қалаларда қазақ тілі неғұрлым елеулі рөл атқаруы тиіс, ал ауылдарда оның басымдығы әрқашан болған және солай бола береді. Мәселен, қазақ тілі елдің оңтүстігі мен батысына қарағанда шығысы мен солтүстігінде жиі қолданылмайды. Ал, ағылшын тілі Қазақстанда елеулі орын ала бастады және бұл өте жақсы үрдіс».

Неғұрлым «Тілдердің үштұғыр-лығы» жобасы Қазақстан Республика-сы азаматтарының ағылшын тілін оқып-үйренуі үшін жағдай жасауды болжайды: барлық жалпы білім беретін мектептерде, оның ішінде шет тілдерін тереңдетіп оқытатын мамандандырыл-ған мектептерде, орта арнаулы, жоғары оқу орындарында ағылшын тілін оқытудың сапасын арттыру; кадрлар-ды даярлаудың, оқу процесін әдістеме-лік және оқу құралдарымен қамтама-сыз етудің икемді жүйесін жасау қажет. Осы мақсат үшін:
1) жалпы білім беретін мектептерге ағылшын тілінің шетелдік оқытушыла-рын тартуды қамтамасыз ету; 2) мемлекеттік қызметшілерге қазақ және ағылшын тілдерін жеделдетіп оқытуға арналған жалпы пайдаланыла-тын қағидалық сөздіктер, оқулықтар әзірлеу және шығару болжануда.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz