Қ.Мұхамедханұлының Абайтануға қосқан үлесі



Қ. Мұхамедханұлының Абайтануға қосқан үлесі

Қайым Мұхамедханұлы
Белгілі жазушы, драматург, ақын, аудармашы, қоғам қайраткері Қайым Мұхамедханұлы 1916 жылдың 5 қаңтарында Семей өңірінің Заречная Слабодка ауылында дүниеге келген. 1924 жылы Жаңасемейдегі бастауыш мектепке оқуға түсіп, 1932 жылдан еңбекке араласты. 1935-1937 жылдары пән мұғалімдерін дайындайтын екі жылдық курста, 1938-1941 жылдары Семей педагогика институтының филология факулътетінде окыған. 1942-1947жылдары Қазақстан Жазушылар Одағының Семей бөлімшесінің өкілі, 1947-1951 жылдары Семейдегі Абай мұражайыньң директоры, 1951 жылдан бастап Семей педагогикалық институтында окытушы болып қызмет атқарды.
1937 жылдан бастап өлеңдері, әдеби-сын мақалалары баспасөзде жариялана бастады. Жазушының драмалық шығармалары бір төбе. Драматургтың «Толқын» (1944), «Майданнан майданға» (1947), «Ер Білісай» (1947), «Комиссар Ғаббасов» (1960), пьесалары театр сахналарында қойылды. Әзірбайжан драматургі У. Гаджибековтың «Аршин мал алан» (1941), татар жазушысы Ш. Камалдың «Қажы әпенді үйленеді» (1967) пьесаларын казақ тіліне аударды. Қазақ ССР Мемлекеттік гимнінің авторы.

Абайтанушы Қ. Мұхамедханұлы
Қ. Мұхамедханов саналы өмірін қазақ әдебиеттану ғылымының абайтану саласына арнады. 1939 жылдан Абайдың ақындық мектебі мәселесін зерттеп, «Абайдың әдебиет мектебі» деген еңбегін жариялады, осы тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғады (1951) .
Талқылау кезінде ғылыми жетекші М. Әуезов пен диссертантқа жала жабылып, саяси айыптар тағылған. Жас ғалымға Абай мектебі шәкірттерінің қатарында «ұлтшыл ақындарды» зерттегені үшін «панисламшыл, пантүркшіл» деген айып тағылып, 25 жылға сотталды.
Төрт жылдан кейін ақталып, 1958 жылы «Абай төңірегіндегі ақындар» деген тақырыпта екінші рет кандидаттық диссертация қорғады. Қ. Мұхамедханов Абай мектебінің ақындары мәселесін зерттеуді шығармашылық ізденіспен дамыта білді. Ақын шығармаларын зерттеу нәтижесінде Мұқамедханов Абайдың бұрын белгілі болып келген 7 өлеңін тауып, ақынның 1945 жылы шықан жинағына енгізді. .
«Абайдың ақын шәкірттері» атты төрт кітаптан тұратын жинақ ҚМұхамедхановтың қарастыруымен 1993-97 ж. жарық көрді. Оған Абай шәкірттері Ақылбай, Мағауия, Тұрағұл, Кәкітай, Көкбай, Уәйіс, Әріп, Әсет, Мұқа, Әубәкір, Иманбазар шығармалары мен олар туралы зерттеулер енді. Мұқамедхан Абайдың екі томдық академиялық шығармалары жинағының жаңа басылымын шығаруға (1995) үлес қосты.

Суретте: (Мағауия Абайұлы,
Кәкiтай Ысқақұлы және
Ғабидолла Ғабитханұлы)
1959 жылы «Мағауия Абайұлы Құнанбаев», «Абай шығармаларының текстологиясы» монографиялық зерттеулері жеке кітап болып шықты

1988-89 ж. мерзімді баспасөзде «Ә. Бөкейханов», «М. Жұмабаев», «А. Байтұрсынов», «Ж. Аймауытов», «М. Дулатов», «Шәкәрім» атты ғылыми мәні ерекше мақалалар жариялап, кейін осы зерттеулер негізінде «Абай мұрагерлері» жинағын (1995) жарыққа шығарды. Мұхамедхан қазақ әдебиеттану ғылымының текстология саласының қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Оның Махамбет, Шәкәрім поэзиялары текстологиясына арналған мақалалары, Бұқар жырау, Абай шығармаларының текстологиясын қарастырған мақалаларымен монографиясы жарық көрді.

«
Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап, Әуре етеді ішіне қулық сақтап. Өзіңне сен өзінді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап», - деген Абай сөздері өміріне серт болды. Мыңмен жалғыз алысқан сөз патшасына кінә қоюшыларға қасқая қарсы шығып, Абайдың әдебиет мектебін ашып беру жолына бар ғұмырын арнаған, осы жолда іштегі дерті қозғалып, жылап көзден жас ағып, омырауы қанға боялған, түрменің де дәмін татқан Қайым ағамыздың өмірі келешекке үлгі.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz