Бірлестіктер экологиясы



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия. Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану. 2. Әлемдегі және Қазақстандағы демографиялық жағдай, және азық-түлік мәселесі. (2014-20015 ж) 3. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында қалдықты технологиялар енгізу.
Орындаған: Манасова А. Т.
Тобы: ВС-403
Тексерген :Мурзалимова А. К.
Семей, 2015

Бірлестіктер экологиясы.
Синэкология (грекше syn - бірге және экология) - популяцияның, табиғи бірлестіктердің және экожүйенің бір-бірімен өзара және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін экология бөлімі. Синэкология Брюссельде өткен ІІІ Халықаралық ботаникалық конгресте (1910) экологияның жеке бөлімі ретінде танылды. Синэкология қазіргі фитоценология ғылымының баламасы ретінде қолданылады. Кейіннен синэкологияның зерттейтін нысандарының құрамына микроорганизмдер, саңырауқұлақтар және жануарлар жатқызылды. Қазіргі кезде синэкология биоэкологияның бір саласы деп қарастырылады. Бұл терминді алғаш рет ұсынған швейцариялық ботаник К. Шретер болды. Синэкологияның қалыптасуына даниялық гидробиолог К. Мебиустың (1825 - 1908) Солтүстік теңіздің таяз жағалауын мекендейтінустрица ұлуларының тіршілігін жан-жақты зерттеуі үлкен әсер етті. Ол устрица ұлуларының тіршілік әрекетіне судың тұздылығы, температурасы, мекен ететін ортасы, сондай-ақ ұлулармен бірге тіршілік ететін басқа да организмдердің бір-біріне әсері туралы қорытынды жасай отырып, ондай табиғи бірлестікті “bіocenosіs” деп атауды ұсынды. Қазіргі уақытта синэкология табиғи бірлестіктердегі энергия алмасу, қоректік тізбек, кеңістік пен уақытқа тікелей қатысы бар биологиялық сан алуан тіршілік, биогенді элементтердің айналымы, эволюциясы, организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасы, табиғи бірлестіктерді басқару, т. б. көптеген мәселелерді

Экожүйедегі энергия.
Энергия- материяның барлық түрлерінің өзара әсері мен қозғалысының жалпы сандық өлшемі. Ол табиғат құбылыстарын біріктіреді. Жүйедегі энергияның өзгеруі жұмыс орындалған кезде жүреді.
Термодинамиканың бірінші заңы- энергияның сақталу заңы- табиғаттағы энергия жоқтан пайда болмайды, жоғалып кетпейді. Ол тек бір түрден екінші түрге айналады. Ал энергия тұрақты болып қалады.
Термодинамиканың екінші заңы-энергияның өзгерісімен байланысты процестер тек энергия концентрленген түрден таралған күйге өткенде ғана жүре алады. 1935 жылы атақты биолог Э. Бауэр былай деді : “ Тірі жүйелер еш уақытта тепе-теңдікте болмайды, және өзінің бос энергиясы есебінен үнемі сыртқы орта жағдайларына сай физика мен химия заңдары талап ететін тепе-теңдікке қарсы жұмыс жасайды . . . ”деген.

Табиғи қорлар, тиімді пайдалану.
Табиғи қорларға адам пайдаланатын және материалдық игіліктерді жасау үшін қолданылатын табиғат ресурстары объектілері жатады. Табиғи қорлар жіктелуі:атмосфералық су, өсімдіктер, жануарлар, топырақ, қазба байлықтар, энергетикалық және т. б

Қазақстандағы табиғи қорларды тиімді пайдалану республиканың даму болашағы үшін маңызы зор. Алайда аумақты игеруге қатаң табиғат жағдайлары кедергі келтіреді. Табиғи қорларды игеру мәселесі табиғатты қорғаудың түйінді мәселелерін де туғызады. Табиғи қорларды игерудегі жіберілген қателіктер табиғаттың қай қоры болмасын таусылмайды деген жаңсақ үғымның үстем болуына байланысты болды. Осының салдарынан табиғаттағы тепе-теңдік бұзылды. Мұны су қорын пайдалану мысалынан айқын көруге болады.
Республика үшін су қорын тиімді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені дамып келе жатқан өнеркәсіп пен суармалы егіншілік алқаптарының ұлғаюы суды көп қажет етеді. Еліміздегі қазір қалыптасқан экологиялық жағдайда өзен суының ластанып немесе құмға сіңіп, ысырап болып жатқаны белгілі. Су қорларының дұрыс пайдаланылмауы, адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде су режимінің өзгеруі өз кезегінде табиғаттың басқа компоненттерінің өзгеруіне әкеп соқты. Оңтүстік Қазақстанның күріш егістіктерінде осындай қателіктер әсерінен топырақ құнарлы қабатынан айырылып, сортаңданды. Топырақтағы өзгерістер өсімдік жамылғысының түрлік құрамына, таралуына кері әсерін тигізді. Бұл тізбектегі өзгерістер тұтас бір аймақты экологиялық апат аймағына айналдырды. Сонымен табиғат ерекшеліктерін ескермегендіктен, су қорларын халық шаруашылығына пайдалану мәселелері әзірше дұрыс шешілмей отыр. Тың және тыңайған жерлерді игеру барысында мыңдаған гектар жер топырақ, су және жел эрозияларына ұшырады. Алғашқы жылдары өнім біршама мол болғанымен, кейінгі жылдары бұл керсеткіш төмендеп кетті. Жыртылған жердің борпылдақ топырағы желдің әрекетінен құнарлы қабатын ұшырып әкетіп, сол жердің топырағы жел эрозиясына ұшырады. Өйткені топырақтардың құрылымдық ерекшеліктері ескерілмеді.
Республикадағы шөлейттер мен шөлдер 167 млн га жерді алып жатыр. Суарылған жағдайда бұл алқапты тек мал жайылымы ретінде ғана пайдалануға болады. Кейінгі жылдары көлдетіп суландыру жолымен тиісті нәтижеге жету мүмкіншілігі белгілі болып отыр. Жайылымдарды суландыруға артезиан суын пайдаланудың болашағы зор.

Әлемдегі және Қазақстандағы Демографиялық жағдай.
Демография (грекше demos- халық) халықтың құрылымын, құрамын, динамикасын мен көбеюін қоғамдық- тарихи тұрғыдан зерттейтін ғылым, Қазіргі таңда адамзаттың саны 6 млрд. адамға жақын. Табиғаттағы жануарлар түрлерінің саны ортаның сыйымдылығымен шектеледі. 1 млн. Жыл юұрын адам популяциясының жалпы саны 100 мың болған, қазір 500 мыңға жуық болуы мүмкін. Көптеген мыңжылдықтар бойында дүние жүзінің халық саны өте баяу өсті. Кейін жепрдегі адамдар саны артты ол яғни 1600-1990 жылдар аралығында. ХХ ғасырда адамзат санынң артуын Демографиялық жарылыс дейді. Адам санының 1 млрд, -тан 2 млрд-қа өсуі үшін шамамен 107 жыл қажет болса, 1820-1927 ж. Ол 3 млрд-қа дейін 32 жыл 1959ж, 4 млрд-қа 15 жыл, 1974 ж. 5 млрд-қа 13 жыл 1987 ж 6 млрд-қа 12 ж, 1999ж, халық санынң соңғы рет екі еселенуіне небәрі 38 жыл қажет болды. Адамзат тарихы мен эволюциясындағы ерекше факторынан басқа халық санының шектен тыс артуын эпидемиялар мен аштықтан болатын өлім санының кмуімен түсіндіруге болады, 1990-1995 ж дүние жүзіндегі жалпы туу коэффициенті 24, 6 %-ға кеміді. Әр минут сайын южепрде 270 бала өмірге келсе, әр жастағы 110 адам дүниеден өтуде. Халық саны 160-қа өсіп отырады.

Ең үлкен өсімді елдер, болжам. ?!
Халқымыздың саны 2000 жылы 15. 000. 000 млн. адамға жетті, ал енді 1-ші кестеде көргендей, халқымыздың саны осындай қарқынмен көбейсе 2030 жылы 20. 000. 000 млн. жетеміз деген үміт бар.
Бірақ еліміздің президенті Н. Назарбаевтың жоспары бойынша 2015 жылы халық саны 20 млн. болуы қажет. Сондықтан халықтың санының азайып кетпей, одан әрі көбеюіне барлығымыз бірдей атсалысайық.

Азық-түлік мәселесі
Елбасы Н. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған 2010 жылғы Жолдауында «Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету - маңызды мәселе. 2014 жылға қарай азық-түлік өнімдерінің ішкі нарығының 80 пайызын отандық азық-түлік өнімдері құрауы тиіс. Бізде бұған толық мүмкіндік бар», - деп бүгінгі таңда ғаламдық мәселенің біріне айналып отырған азық-түлік қауіпсіздігі төңірегінде отандық өнімдердің орнын ерекше атап көрсетіп, бұл саланы ойдағыдай дамытуға қол жеткізуіміз керектігін қатаң тапсырды.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz