Операциялық жүйелер, оның даму және түрлері (MSDOC, NC, OS/2,UNIX, Windows, оның түрлері)
Презентация қосу
Тақырыбы:
Операциялық жүйелер, оның даму және
түрлері (MS-DOC, NC, OS/2,UNIX, Windows,
оның түрлері)
Дайындаған : Жүніс Нұргүл.
Тобы: ВС-505
Операциялық жүйе.
Операциялық жүйе, қыс. ОЖ - компьютерді басқаруға
арналған және қолданбалы программалармен байланысы
бар нақты программа. Операциялық жүйе – компьютер
құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырушы
және түрлі командаларды орындауы арқылы
пайдаланышының машина жұмысын басқаруына жеңілдік
келтіруші жүйелік программалар. Оның негізгі қызметі –
программалардың бір – бірімен және сыртқы
құрылғылармен өзара әрекетін ұйымдастыру, оперативті
жадты бөлу, компьютердің жұмыс істеу кезіндеқате
жіберілу сияқты түрлі оқиғаларды анықтау, дискіні жұмыс
істеуге дайындау, монитор мен принтердің жұмыс істеу
режимдерін орнату, пайдаланушының программасын іске
қосып, оны орындау т.б.. Яғни ОЖ – машина жұмысын
басқаруға толық жеңілдік беретін жүйе
Ол осы үшін арналған иілгіш не қатты магниттік дискіге жазылып қойылады. Сондықтан
ОЖ – ны дискілік операциялық жүйе ( ДОЖ, не DOS ) деп те атайды. Дербес компьютерлер
үшін кең тараган оиерациялық жүйелерге МS (РС) DOS, Windows 95, Windows NT,OS/2, UNIX
жатады,Дербес компьютерлерлерге арналған операциялық жүйелердің барлығы да тек
бір адамдық болып табылады. Расында да екі адамның бір мезетге бір компьютерде жұмыс
істеуін елестету қиын ғой. WINDOWS 95, WINDOWS NT, OS/2, UNIX көп мақсатты жүйелер
болып саналады. Көп мақсаттылық — бір компьютерде бір уақытта қатарласа бірнеше
есепті шығару мүмкіндігі немесе бірнеше әрекеттің қатар атқарылып жатуы. Мысалы, Сіз
мәтін көшіріліп жатқан шақта ойнап та отыруыңызға боладь, өйткені бұл жұмыстарды
әртүрлі қүрылғылар атқарады немесе ол қүрылғылардың жұмыс жылдамдығы адамның
жылдамдығынан өте жоғары болып келеді. Көптеген ІВМ - үйлесімді компьютерлер
дискілік МS DОS операциялық жүйесі мен көп терезелі WINDOWS графикалық операциялық
жүйесін пайдаланады.Операциялық жүкелер көптеген функцияларды орыңдайды:
информацияны дискіге жазу-оқуды жүзеге асырады, мәліметтер сақтауды
ұйымдастырады, компьютер құрылғыларының өзара байланыста жұмыс істеуін, барлық
қолданбалы программалар жұмысының орындалуын қамтамасыз етеді. Бұл жүйе ЭЕМ іске
қосылғаннан кейін иілгіш не қатты дискіден алғашқы жүктелетін кещенді программа
болып табылады. Белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті программалар тобы
утилиттер болып табылады. Оларға мысал ретінде антивирустік (вирустерге қарсы)
программаларды, мәліметтерді архивтеу (кысу) программаларын, компыотердің: жұмыс
істеу қабілетін (диагностика) тексеретін программаларды (тест ирограммалары) айтуға
болады.
Даму тарихы
ОЖ тарихы жарты ғасырдай уақытты қамтиды. Ол көбінесе есептеуіш аппаратураның
және элементтік базасының дамуымен байланысты анықталады. Бірінші сандық есептеуіш
машиналар 40ж. басында пайда болып, операциялық жүйелерсіз жұмыс істеді,
ұйымдардың есептеу процессіндегі барлық есептері бағдарламалаушымен басқару
пультінен қолмен істелінді. 50ж. ортасынан мониторлық жүйелер пайда болды, олар
тапсырмалар пакетін орындауда операторлар жұмысын автоматтандырды. 1965-1975ж.
интегральным микросхемаларға өту компьютерлердің келесі ұрпағына жол ашты,
олардың өкілі IBM/360. Осы кезеңде қазіргі ОЖ – лерге қатысты барлық коцепциялар:
мультипрограммалау, мультипроцесстеу, көптерминалды іс-тәртіп, виртуальды жад,
файлдық жүйелер, қол жетуді шектеу және желілік жұмыстар жасалды.60-ж. аяғында
ARPANET глобальды желісін жасау жұмыстары басталды, ол Интернет желісінің аттану
нүктесі болды. 70-ж. ортасына қарай мини-компьютерлер кең тарала басталды. Мини-
компьютерлердің архитектурасы мэйнфреймдармен салыстырғанда қарапайым болды, бұл
олардың Операциялық жүйелерінде де кескінделді. 70-ж. ортасынан бастап UNIX ОЖ-ні
қолдану компьютерлердің әртүрлі типтеріне жеңіл түрде көше бастады. ОЖ Unix алдымен
мини-компьютерлерге жасалған болса да, оның икемділігі, элеганттылығы, қуатты
функционалдық мүмкіндіктері және ашықтығы компьютерлердің барлық класстарында
орнықты позицияда болуына жағдай туғызды. 80ж. басы операциялық жүйе тарихында
дербес компьютерлердің пайда болуымен айрықша мәнді болды. 80 жылдарда
коммуникациялық технологияларға локальдық желілер үшін негізгі стандарттар: 1980
жылы — Ethernet, 1985 — Token Ring, 80ж. аяғында — FDDI қабылданды.
Windows операциялық жүйелері
IBM PС үшін Windows операциялық жүйесі бірінші графикалық
операциялық жүйе болып табылады. Windows жүйесінің
ерекшеленетін белгілері:
· 32-разрядтілі архитехтурасы;
· Көп есептілігі және көп қолданушылығы;
· Графикалық қолданушы интерфейсі;
· Plag and Play технологиясы бойынша жаңа периферийлі
құрылғыларды қосу;
· Виртуальды жадты қолдану;
· Бұрын құрылған программалық қамтамасыз етумен
сәйкестілігі;
· Коммуникациялық программалық жабдықтардың бар болуы;
· Мультимедиа жабдықтарының бар болуы;
· Интернет глобальды желімен интеграциясы
Қорытынды:
ОЖ тарихы жарты ғасырдай уақытты
қамтиды. Ол көбінесе есептеуіш
аппаратураның және элементтік
базасының дамуымен байланысты
анықталады. Операциялық жүйе, қыс. ОЖ -
компьютерді басқаруға арналған және
қолданбалы программалармен байланысы
бар нақты программа.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
Қазақстан Республикасында ақпараттық
теңсіздікті төмендету бағдарламасы
бойынша халықты компьютерлік
сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу-
әдістемелік құрал 2007ж.
Назарларынызға
рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz