Саңырауқұлақтардың көбеюі, морфологиясы, қоректенуі туралы ақпарат


Slide 1

Тақырыбы: Саңырауқұлақтардың көбеюі,

морфологиясы, қоректенуі.

Орындаған: Қайратова Ә. Қ.

БТ-407

Тексерген: Мирашева Г. О.

Slide 2

Жоспар:

Саңырауқұлақтардың морфологиясы;

Көбеюі ;

Қоректенуі;

Улы және жеуге жарамды саңырауқұлақтар;

Қорытынды.

Slide 3

Саңырауқұлақтар морфологиясы

Саңырауқұлақтар - төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең көп тарағаны, олардың 1-дай түрі кездеседі.

Басқа өсімдіктер типтерінен басты айырмашылықтары пластидтері, хлорофилі болмайды. Бұлар дайын органикалық заттармен қоректенуге бейімделген гетеретрофты өсімдіктер. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың кейбіреулерінде мицелий болмайды, вегетативтік денесі жалаңаш не қабықшасы бар протоплазмадан тұрады. Мұндай саңырауқұлақтардың жасушаларынан тарамдалған, өте жіңішке, ядросы жоқ қысқа жіпшелер өседі, оны ризомицелий деп атайды. Ол мицелийдің алғашқы нышаны болып есептелінеді. Жоғары сатыдағы саңырауқұлақтардың мицелийлері - көлденең перделерге бөлінбеген, көп жасушалы. Олардың перделерінде жасушаларды бір-бірімен байланыстырып тұратын өте ұсақ поралары болады. Саңырауқұлақтардың жасуша қабығы құрамында насекомдар қабықтарының хитиніне ұқсас, хитин заты және полисахаридтер болады. Олардың жасушасы протоплазмадан, бір, екі, кейде одан да көп ядродан және вакуолядан тұрады. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың мицелийлері көп ядролы, ал жоғары сатыдағылардікі бірнеше ядродан тұрады.

Slide 4

Саңырауқұлақтар де вегетативтік, жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді. Бұлардың көбею органдарының құрылысы алуан түрлі, осыған негіздей отырып, оларды классификациялайды. Саңырауқұлақтар мицелийлерінің жеке бөліктерге және жасушаларға бөлінуі арқылы вегетативтік жолмен көбейеді. Ашытқы саңырауқұлақтары жасушаның бүршіктенуі, ал басқа саңырауқұлақтар артроспоралар (оидия) және хламидоспоралар арқылы да вегетативтік көбейеді. Артроспора арқылы көбейгенде мицелийлер жұқа қабығы бар жасушаларға ыдыраса, хламидоспора арқылы көбейгенде, қалың қоңыр түсті қабығы бар жасушаларға ыдырайды. Қаракүйе саңырауқұлағының белгілі даму сатысында хламидоспора шартты түрде болып отырады. Бұлар - қолайсыз жағдайларға жақсы бейімделген, қор заттармен қамтамасыз етілген споралар.

Көбеюі

Slide 5

Жыныссызға қарағанда, жынысты көбею әр түрлі болып келеді. Қарапайым саңырауқұлақтар хологамия, изогамия және гетерогамия жолдарымен көбейсе құрылысы күрделілерді оогамия және тіркеспелі балдырлардың коньюгациясы сияқты, зигогамиялы жолмен де көбейеді. Барлық төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарда зигота біраз уақыт тыныштық күйде болады. Ол өсер алдында редукциялы бөлінеді. Зиготадан не зооспорангииі, не спорангиі, не конидиялары бар қысқа гифалар түзіледі, олардың әрқайсысынан өздеріне тән споралар піседі. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың барлық тіршілік жағдайы гаплоидты, ал диплоидты болып тек зигота есептеледі

Slide 6

Саңырауқұлақтардың түрлері

Slide 7

Қоректенуі

Саңырауқұлақтар хлорофилі болмағандықтан сапрофитті, не паразитті жолмен тіршілік етеді. Сапрофитті саңырауқұлақтар өлі субстраттар мен органикалық қалдықтарға шоғырланады. Паразитті саңырауқұлақтар кейбір пішімдері де табиғатта кең таралған. Олар көбінесе шірінтінділерде көп кездеседі және тірі ағзалардың өмірімен байланыста болып, ол қашан иесі тіршілігін жойып, қурап біткенге дейін онымен бірге тіршілік ете береді.

Slide 8

Улы саңырауқұлақтар

Жеуге жарамайтын жалған түлкіжем кәдімгі түлкіжемге өте ұқсас. Жалған түлкіжемнің қалпақшасының үстіңгі беті тегіс, қызғылт-сары түсті. Кәдімгі түлкіжем қалпақшасының шеті желбіреген, үстіңгі беті ақшыл-сарғылт түсті. Қалпақшасын бөліп қарағанда, ақ шырын бөлінеді. Улы саңырауқұлақтар боз арамқұлақ, сырттай қарағанда, қозықұйрыққа ұқсас. Бірақ оның қозықұйрықтан айырмашылық боз арамқұлақ қалпақшасының астыңғы жағы ақшыл-жасыл түсті. Қозықұйрықтың қалпақшасының астыңғы жағы алқызыл түсті болады. Қозықұйрықтың Қазақстанның сазды, тақыр жерлерінде өсетін де түрі бар.

Сұр және қызыл шыбынжұты, көңілкеш (веселка), жалдан түбіртек саңырауқұлақтары - улы. Сұр шыбынжұты саңырауқұлағының қалпақшасының үсті сұр түсті және ақ лақты. Қызыл үсті қызыл түсті және ақ лақты болып келеді. Жалдан түбіртек саңырауқұлағының қалпақшаң сының астыңғы жағы қою сарғылт-жасыл. Қалпақшасының үсті мен түбіртегі ашық сарғылт-жасыл түсті болады. Түбіртегінде белдеуше сақинасы жоқ.

Slide 9

Жеуге жарамды саңырауқұлақтар


Ұқсас жұмыстар
Саңырауқұлақтардың көбеюі, морфологиясы, қоректенуі
Саңырауқұлақтардың көбеюі, морфоло­ гиясы, қоректенуі
Саңырауқұлақтарың морфологиясы
САҢЫРАУҚҰЛАҚТАР
Жоғары сатыдағы саңырауқұлақтар
БАКТЕРИЯ МОРФОЛОГИЯСЫ, ӨСУІ, КӨБЕЮІ, ҚОРЕКТЕНУІ
Бактерия морфологиясы
Жапырақ пішінді қына
Ашытқы саңырауқұлақтары
БАКТЕРИЯ МОРФОЛОГИЯСЫ, ӨСУІ, КӨБЕЮІ, ҚОРЕКТЕНУІ ТУРАЛЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz