Қызба




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ Қ. ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ
ВЕТЕРИНАРЛЫҚ МЕДИЦИНА КАФЕДРАСЫ

БӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ: ҚЫЗБА

ОРЫНДАҒАН: МҮБАРАК Д.Д.
ТЕКСЕРГЕН:НУРЕКЕНОВА М.К
Жоспар:
Қызба
Қызба патогенезі және қызба сатылары.
Қызбаны жіктеу.
Организм үшін қызбаның маңызы.
ҚЫЗБА

Қызба (лихорадка – латынша febris) – инфекциялық факторларға және
өз тканьдегі ыдыраған тканьдерге жануар организмінің қорғану-бейімделу
реакциясы. Мұндайда дене температурасы бірден көтеріледі. Б ұл әр т үрлі
ауруда, әсіресе инфекциялық ауруларға шалдыққанда өте жиі байқалатын
белгі. Қызба этиологиясы инфекциялық (экзогендік) және инфекциялық
емес (эндогендік) деп бөлінеді.
Инфекциялық қызба
Мал организміне бактериялар мен вирустардың енуіне
байланысты пайда болады. Қызбаның пайда болуының
тікелей себебі – пирогендік (ыстық жеткізуші) заттардан.
Олар бактерияларда болады немесе организмдегі
клеткалар мен тканьдердегі биологиялық, механикалық,
физикалық, химиялық және сыртқы ортаның басқа да
факторлары әсер етіп, зақымдағанда бөлінеді. Эндогендік
пирогендер құрылымы жағынан полисахаридтер немесе
липополисахаридтер болып саналады, әрі бактериалдық
клеткалардың эндотоксиндеріне (ішкі уларына) жатады.
Инфекциялық емес қызба
Мал өздігінен жарақаттанғанда, іш құрылысына қан құйылғанда,
жүрек бұлшық еті (миокард), өкпе, басқа да органдар инфарктқа
шалдыққанда, некротикалық процестер, ісіну пайда болғанда,
операция жасағаннан кейін тканьдердің асептикалық (микроб
жұқпай) зақымдануынан болады.Бактериалдық клеткаларға
қарағанда организм клеткалары мен тканьдерінде дайын пирогенді
факторлар болады. Эндогенді пирогендер тиісті патологиялық жағдай
тиғанда ғана пайда болады.Инфекциялық емес қызбаға белоктік,
тұздық, фармакологиялық заттар әсері, нейрогендік және
гормоналдық қызбалар жатады.
Қызба патогенезі және қызба сатылары
Қызба патогенезінде ең алдымен жылу балансын – жылу
шығаруды және жылу бөлуді реттейтін орталық нерв жүйесінің
функциясы бұзылады. Қызба гипоталамусты, жылуды реттейтін
аймақ орналасқан артқы үшінші сұр төмпешікті тікелей
тітіркендіруден пайда болады. Қызба патогенезіне ми
қыртысының да елеулі ықпалы бар. Қызба патогенезіне ішкі
секреция бездері де қатысады.

Қызба сатылары.
Температураның көтерілу сатысы
Температураның жоғары деңгейде сақталу сатысы

Температураның төмендеу сатысы.
ҚЫЗБАНЫ ЖІКТЕУ.

Температураның көтерілу дәрежесіне қарай қызбаның мынадай түрлері
болады:
Субфебрильді – дене температурасының 1°С көтерілуі; баяу өтетін
созылмалы бактериалдық инфекцияларда байқалады;
Біркелкі – дене температурасы 1,5-2°С көтеріледі; жіті өтетін
инфекцияларда байқалады;
Жоғары – дене температурасы 2-2,5°С көтеріледі; жіті өтетін
инфекцияларда байқалады;
Шектен тыс, немесе гиперпирексиялы – дене температурасы 2,5°С
астам көтеріледі. Сепсисте (жұқпалы микробтың денеге жайылуы),
дереу басталатын аллергиялық реакцияларда, асқынған созылмалы
инфекциялық ауруларда байқалуы мүмкін.
Қызба кезіндегі ішкі органдар мен жүйелер функциясының өзгеруі.
Қызбаның елеулі белгілерінің бірі – дене температурасының көтерілуі.
Сонымен қоса, қызба ауруында бірқатар органдар мен жүйелердің
фукциясы өзгереді.Орталық нерв жүйесі тұсында бұзылу байқалып,
жылу реттеуі ауытқиды. Дене қызуының шамадан тыс көтерілуі
орталық нерв жүйесін қоздыруы және кейіннен тежеуі мүмкін.
Вегетативтік нерв жүйесі жағындағы симпатикалық бөлімінің
функциясы едәуір қозады.Қызба кезінде симпатикалық нерв жүйесі
қозғандықтан жүрек ырғағы жиілейді. Жүрек қызметінің күшеюі және
вазомоторлық орталықтың қозуы әсерінен қан қысымы біршама
көтеріледі.
Қызба кезінде тыныс алуы жиілейді. Тыныс алудың жиілеуі тамыр
соғудың жиілуімен және дене температурасының көтерілуімен қатар
жүреді. Тыныс алу тамыр жүйесі мен тер безі функциясымен қоса
жылуды физикалық реттеуге қатысады. Сондықтан қызба кезінде тыныс
алудың өзгеруі – жылуды физикалық реттеуге бейімдеудің бір түрі болып
саналады. Қызба кезінде лейкоцитарлық формула өзгереді. Қызбаның
бірінші және екінші сатыларында қандағы лейкоциттер, көбінесе
нейтрофилдер мен эозинофильдер азаяды. Лейкоциттер саны ірі қарада,
уақ малдарда, шошқада бастапқы санынан 60-70 процентке дейін,
жылқыда – 35 процентке дейін кемуі мүмкін.Лейкоциттердің бастапқы
азаюымен іле-шала лейкоциттер 3 тәуліктей көбейеді.
Жұп тұяқты жануарларда қызыл қан түйіршіктерінде өзгеріс
байқалмайды. Ал жылқыда барлық қызба түрінде эритроциттердің
көбейгендігі байқалады. Сиырда, шошқа, қойда қызба кезінде СОЭ
көбейеді, ал жылқыда кемиді. Ас қорыту аппаратының функциясы
өзгереді: ас қорыту безінің және өт секрециясының секрет бөлуі
кемиді, ауыз бен тіл кілегей қабығы кеберсиді, қарын қақпақшасының
түйілуі байқалып, ішектің жиырылып-созылуы бұзылады. Іші қатып,
шіру процесі күшейеді, ішіне газ жиналып кебеді. Ас қорытуы
төмендегендіктен және азықтың сіңуі нашарлығандықтан малдың
тәбеті болмайды, қоректік заттарды сіңіруі кеміп, улану байқалады.
Қызба кезінде зат алмасудың бұзылуына әр түрлі факторлар
себепші болады: Этиологиялық факторлардың, әсіресе инфекция
әсерінің ерекшеліктері;
Дене температурасының көтерілуі;
Белгілі бір дәрежеде қызба кезінде байқалатын ашығу, өйткені тәбетінің
болмауынан және ас қорытудың бұзылуынан ауру организм әдеттегіден
азықты аз жеп, шамалы сіңіреді.Мұндайда көпшілік жағдайда негізгі
алмасудың 5-10 проценттік артқандығы байқалады.Углевод алмасуы
артады, әрі өзгереді. Кейде гипер-гликемия (қан құрамында қант
мөлшерінің артуы) өршиді, алиментарлық глюкозурия (қанттың
несеппен бөлінуі) пайда болады
• Май алмасуы едәуір көбейеді, әсіресе инфекциялық қызбада айқын байқалады.
Углеводтың жетіспеуінен және майдың тотығуынан кемуінен кетонемия ж әне
кетонурия байқалады. Тотығу процесі 20-30 процентке (80 проценті майлар мен
углеводтар арқылы), газ алмасу 20-40 процентке артады.Қызба кезінде белок
алмасуы да бұзылады. Несеп пен азот бөлінуі көбейеді.Жоғары температуралы
қызба кезінде белоктың қатысуы 30 процентке және одан астам болуы мүмкін.
Мұндайда несепте мочевина, аммиак және креатинин көбейеді.Су-тұз алмасуы
да өзгереді. Зат алмасудың артуы және тотықпаған өнімнің жиналуы
нәтижесінде тканьдерде су іркіледі. Алайда қызбаның үшінші сатысында жылу
шығару күрт артып, тер бөліну күшейеді де, бүйректен судың бөлінуі көбейе
түседі.
ОРГАНИЗМ ҮШІН ҚЫЗБАНЫҢ МАҢЫЗЫ.

Қызбаның ең көрнекті белгісі – дене температурасының көтерілуі.
Сондықтан да инфекциямен күресуде қызба организмнің бейімделу
және қорғаныш реакциясы болып саналады, әрі емдік мәні бар. Қызба
кезінде организмде жоғары жылудың болуы патогенді микрофлоралар ға,
әсіресе вирустарға қырып-жоятындай әсер етеді. Қызба иммунитеттің
өзгеше емес факторы ретінде әрекет етеді. Сонымен қоса, жо ғары
температура алмасу процесстерін тездетеді, кейбір бейімделі
реакциялары күшейеді: симпатикалық нерв жүйесінің функциясы,
фагоцитоз және иммундық денешік өндіру, гемопоэз (қан
элементтерінің жасалуы), бауырдың тосқауылдық және уытқа қарсы
функциясы. Қызба болған сиырдың, қойдың, жылқының
пропердиналық жүйесінің активтілігі, сондай-ақ инфекцияға төзімділігі
артады.
• Микроорганизмдер жоғары температура ортасында антибиотиктерге,
басқа да емдік препараттарға төзімділігінен айырылады, мұны ң өзі емдеу
тиімділігін жақсарта түседі. Сондықтанда қызба реакциясын дереу басу
инфекция барысын күрделендіріп, аурудың қайталануына мүмкіндік
туғызады, тіпті ауру малға өлім қаупін тудыруы мүмкін.Қызба қорғаныш
реакциясы бола тұрса да, организмнің тіршілік әрекетін біршама бұзады.
Оның үстіне температураның шамадан тыс көтерілуі де, күрт төмендеуі
де организмге зиянды әсер етуі мүмкін.Алайда, қызба реакциясының кейбір
қолайсыз жақтары, жалпы биологиялық және эволюциялық тұрғыдан
қарастырғанда оның бейімделу-қорғаныш сипатына күмән келтірмейді

Ұқсас жұмыстар
Қызба патогенезі және қызба сатылары
Инфекциялық қызба
Қызба (лихорадка – латынша febris)
Қызба және оның сатылары
Қызбаның сатылары
Жылу реттеу патологиясы
Жылу алмасу және Қызба
Жылу алмасу.Қызба
Жылу алмасуды реттеу
Малдың кілегейлі қабықтарын, лимфа бездерін зерттеу және дене қызуын өлшеу
Пәндер