Тәрбиесі қиын балалармен жүргізілетін психопрафилактикалық жұмыстар




Презентация қосу
Тәрбиесі қиын балалармен
жүргізілетін
психопрафилактикалық
жұмыстар
Психопрофилактикалық жұмыс – практик
психологтың қызметінің ішінде аз зерттелген түрі, алайда
білім берудің психологиялық қызметіне қатысы бар
барлық ғалымдар мен психологтар бұл жұмыстың
маңыздылығын мойындап отыр.
Психологиялық профилактиканың міндеттері
Психологиялық профилактикаға байланысты әр түрлі мәселелер америкалық
әдебиеттерде көрініс тапқан. Психипрофилактикалық қызмет 3 деңгей
арқылы жүзеге асырылады:
 
І деңгей – алғашқы профилактика деп аталады. Психолог мектептегі барлық
балалармен бірдей жұмыс істейді және олардың психикалық денсаулықтарын
қамқорлыққа алады. Мысалы, 10 оқушының 10-ымен де бірдей жұмыс атқарады.
Көптеген ғалымдардың айтуы бойынша мектеп психикалық денсаулықтың
профилактикасы үшін ең оптималды жүйе болып табылады және мектеп
психологтары өмірге осындай алғашқы прфилактиканы әкелген негізгі мамандар
болып есептелінеді.
 
ІІ деңгей – екінші профилактика. Бұл « тәуекелшіл » деп аталатын топқа, яғни
мәселелері жаңадан басталған балаларға бағытталаған. Екінші профилактика
балалардың оқу мен мінез-құлқында ерте пайда болған қиындықтарды зерттейді.
Бұның басты міндеті – балалар әлеуметтік немесе эмоционалды басқаруға
көнбейтін жағдайларға жетпей бұл қиындықтарды жеңу. Мұнда психолог
шамамен 10 баланың 3-уімен жұмыс істейді және көп жағдайда ата-аналарға,
мұғалімдерге кеңес беру формасында жүргізіледі.
 
ІІІ деңгей – үшінші профилактика. Психолог нақты оқуда немесе мінез-құлқында
мәселесі бар баламен жұмыс істейді. Оның негізгі міндеті – түзету немесе күрделі
психологиялық қиындықтарды жеңу. Психолог 10 баланың 1-уімен жұмыс істейді.
Психологиялық профилактика мыналарды талап етеді:
1. Білім беру ұйымдарында бала тұлғасының біртұтас психикасыны ң дамуы мен
қалыптасуы үшін қажет психологиялық жағдайлардың сақталуына жауапкершілікті;
2. Қарым-қатынасында, мінез-құлқында, интеллектуалдық және эмоционалды
дамуында белгілі бір қиындықтарға әкеп соқтыратын балалардың ерекшеліктерін
дәл уақытында анықтауды;
3. Балалардың келесі жастық кезеңге өтуімен байланысты мүмкін болатын әр
түрлі қиындықтарды ескеруді;
Психопрофилактикалық жұмыс жеке балалармен, балалар тобымен, сыныппен,
сол сияқты тәрбиешілермен, мұғалімдермен, ата-аналармен және баланы дамуына,
дүниетанымына әсер ететін басқа да адамдармен де жүргізіле береді. Б ұл
жұмыстағы қиындық мынада – психолог педагогикалық ұжымның
психопрофилактиканың маңызын түсінбейтін жағдайларға көп тап болады.
Психопрофилактиканың нәтижелі болуы тұтастай психологқа байланысты.
Психолог өзінің біліміне сүйене отырып, баланың білім алуы мен т әрбиесінің
дамуына жағымды жағдай туғызу үшін нені өзгерту керек, нені ескеру қажет ж әне
қалай кеңес беру керектігін қамтамасыз етеді.
Психологиялық профилактикалы қ жұмысты ң мазм ұны
Психолог әр жастық кезеңді есепке ала отырып, әр т үрлі жаста ғы балалар ға
арналған дамытушы бағдарламаларды жасап, ж үзеге асырады. Ба ғдарламалар білім
беру мен тәрбие жұмыстарында барлық жастағы топтың балаларымен, сол сия қты
тәрбиешілер, мұғалімдер, ата-аналармен де ж үргізіледі. Е ң бастысы – о қушыларды ң
барлығына практикалық іс-әрекетті өздеріні ң қызығушылығын, қабілеттерін
анықтауға, дамытуға және өзін білімнің барлық саласында бай қап к өруге м үмкіндік
беру. Сондықтан да әрбір баланың танымдық сферасы мен іс- әрекетіні ң ке ңейіп,
өзіне «осы уақыттағы мәдіниеттің әсерін» сезінуге м үмкіндік ту ғызу керек.
Дамытушы бағдарламалардың да негізгі мәне осында.
Психолог жасайтын дамытушы ба ғдарламалардың қамту айма ғы өте ке ң, к үрделі.
Мұнда психолог баланың қоршаған ортасын, о ған әсер ететін барлы қ жа ғдайларды;
ойынды, оқу процесін, тәрбиелік іс-шараларды, қарым- қатынасты, театр ға, таби ғат қа
баруды, спорттық секцияларды талдайды. М ұнда б ұны ң б әрі баланы психикалы қ,
тұлғалық дамуына қаншалықты әсер ететіндігін аны қтайды.
Психолог баланың болашақтағы интеллектуалды ж әне т ұл ғалы қ дамуында белгілі
бір пайда болатын қиындықтарды ескеріп отыра алатын психологиялы қ
ерекшеліктерін анықтайды.
Қиын балаларды
тәрбиелеудегі ұстанымдар.
Оқушының жан-жақты тәлім-
тәрбие алуға ,олардың ішкі
қасиеттерін анықтап, дарынын
шыңдап,сол арқылы өздері
көздеген тәрбие бұлағына
жағдай жасауымыз қажет.
Оқу-санқырлы рухани өмірдің
тек бір ғана құрамды
бөлігі.Егер ұжым ішінде
идеялық,азаматтық,
интеллектуалдық,
еңбектік,эстетикалық қарым-
қатынастар болған жағдайда
оқушылартолық мәнді рухани
өмір сүре алады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Қазақстан мектебі 2002 ж.№1
2.Мектептегі сыныптан тыс жұмыстары .2007 ж. №5
3. М.Жұмабаев «Педагогика»
Назарларыңызға рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
қиын балаларға жүргізілетін психопрофилактикалық жұмыс
Қиын оқушылармен жүргізілетін жұмыстар
Сынып жетекшісінің бала тәрбиесінде ата - аналармен ынтымақтастығы
Девиантты мінезқұлықты балалармен педагогикалық жұмыс
СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕРДІҢ ҚИЫН БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ
Тәрбиесі
Қиын бала деген кім
Тәрбиесі қиын оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері
Ата - аналарға арналған психологиялық кеңес беру пункті жұмысын ұйымдастыру
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ БОЙЫНША АЛУ
Пәндер