Педагогика, жеке тұлға




Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік
университеті

Пән: Педагогика
Тақырыбы: Жеке тұлға.

Орындаған:Закуова Балжан П-415
Тексерген:Тұрғанбаева Бейбітгүл
Шәкәрімқызы
«Бақытқа жету жолында барлық
халық бір-біріне көмектесетін
болса,жер беті түгелімен берекеге
толады»

(Әл-Фараби.Философиялық
трактаттар)
Жеке тұлга туралы тусінік. Тәрбиенің негізгі
мақсаты -қалыптасып келе жатқан жеке
тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның
жан жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның
дамуы мен қалыптасуы мәселесінің көп ғасырлық
тарихы бар. Ол көп аспектілі және әр түрлі
ғылымдардың тоғысында қарастырылады.
Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаның
дамуына табиғи тума қабілет, қоршаған орта да
әсер етеді деп есептеген. Жеке тұлғаның
қалыптасуының факторлары туралы идеялар
келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық
және психологиялық-педагогикалық пікірлерінде
өз жалғасын тапқан (Э.Роттердамский, Я.А
Коменский, К.А.Гельвеций, Д.Дидро, А.Дистервег,
К.Д.Ушинский, К.Маркс, Ф.Энгельс, З.Фрейд,
Д.Дьюи, Э. Торндайк, Н. К.Крупская, П. П.
Блонский, А. С. Макаренко, Л. С. Вьгготский, Э. И.
Моносзон. Л. И. Божович, С. Л. Рубинштейн, В. В.
«Жеке тұлға» деген ұғымның әр түрлі
түсіндірмелері бар, бірақ олардың көбісі
мына түсінікке келіп тіреледі: жеке тұлға
дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы
іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид.
Жеке тұлғаның ең басты белгісі — оның
әлеуметтік мәнінің болуы және оның
әлеуметтік функцияларды (қызметтерді)
(болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбекке,
жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке
тұлға, сондай-ақ, психологиялық дамудың
белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінез-
құлық, қабілеттілік, ақыл-ой дамуының
денгейі, қажеттіліктер, мақсат-мүдделер).
Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым — «индивид». Бұл сөз латын
тілінен алынған және оның қазақша баламасы -«жекелік». Ұғым ретінде
бұл сөз адамзат тұқымының еш қасиеттері ескерілмеген бір өкілін
білдіреді. Бұл орайда әрбір адам индивид болып табылады. «Жеке
тұлға» ұғымы мен онымен байланысты бір тектес ғылыми
категориялардың мәні осында.
Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасқандықтан
жеке тұлғаның «дамуы» мен «қалыптасуы» ұғымдарының мәнін ашу
педагогика үшін маңызды мәселе болып табылады.
Даму табиғатқа, қоғамға және әрбір жеке тұлғаға тән жалпы қасиет
болып табылады. Даму дегеніміз — төменнен жо ғарыға, қарапайымнан
күрделіге қарай қозғалыс; сатылай эволюциялық ауысу немесе
революциялық секіріс түрінде жүзеге асатын жоғары сапалы күйге
қарай спиральды өрлеу процесі. Даму барысында барлық
философиялық заңдар жүзеге асады: өзгеру, санның сапаға ауысуы, бір
сапаның басқа бір сапаға ауысуы (бұлардың кейбіреуі, теріске
шығарылуы мүмкін). Жеке тұлғаның қозғалыс күшіне, яғни қарама-
қайшылық күресінің арқасында бұл қозғалыста өзгеріс жүріп жатыр.
Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен
сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеге келгеннен
соң дене жағьшан үлкейеді, яғни оның кейбір дене мүшелері мен
нерв жүйесі оседі. Оның тілі шығып, сөздік қоры молаяды. Бала
көптеген әлеуметтік-тұрмыстық және моральдық біліктерге, еңбек
дағдылары мен әдеттерге ие болады. Алайда, адамның жеке тұлға
ретінде дамуындағы ең бастысы — оның
бойында болып жатқан сапалық өзгерістер (танымдық, сезім,
моральдық-жігерлілік т.б.). Мінез-құлықтың реактивті формалары
белсенді түрде қалыптасып келе жатқан іс-әрекеттілікке айналады,
дербестік пен өз мінез-құлкын билей алу қабілеттілігі артады. Осы
және басқа да өзгерістер адамның жеке тұлға ретінде даму
процесін сипатгайды.
Сондықтан, даму дегенімізді адамның анатомиялық-физиологиялық
жетілуіндегі, оның жүйке жүйесі мен психикасының дамуындағы,
содай-ақ танымдық және шығармашылық іс-әрекетіндегі
дүниетанымы, өнегелілігі, қоғамдық-саяси көзқарастары мен
сенімдерінің кеңеюіндегі орын алатын сандық және сапалық
өзгерістердің өзара тығыз байланысты процесі деп түсінген дұрыс.
Адамның дамуына ішкі және сыртқы, меңгерілетін және
меңгерілмейтін факторлар әсер етеді, олардың арасында мақсатты
тәрбие мен білім беру жетекші рөл атқарады.
Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына, белгілі бір мөлшерде, табиғи немесе
географиялық орта (климат), табиғат жағдайлары әсер етеді.
Орта компоненттері және олардың бала дамуына әсері
Орта компоненттері Олардың бала дамуына әсері.
1. Табиғи және географиялық орта (климат, табиғат жағдайлары) Бала
организмінің мүмкін болатын күштерін оятады.
2. Әлеуметтік орта (макро-орта)
а) өндіріс күштерінің деңгейі;
б) өндіріс қарым-қатынастарының деңгейі;
в) өмір сүрудің материалдық жағдайы;
г) мәдени даму дәрежесі;
д) көпшілік ақпарат құралдары;
е) техникалық құралдар. Адамға талап қояды, мінез-құлық үлгісін береді, санаға
әсер етеді, бежілі көзұарас енгізеді. Даму жағдайын қамтамасыз етеді.
3. Микро -орта (үй-іші ортасы, баланы қоршаған жақындарының ортасы, аула,
көше әсерлері. Талап-тілектерді анықтайды, құндылыктырды қалыптастырады,
қарым-қатынас негізін қалайды.
Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлардың арасында тәрбие ең
маңызды орын алады. Кең мағынада тәрбиені белгілі бір әлеуметтік қызметтер
атқаратын қоғамдық құбылыс ретінде қарастыру қажет (ұрпақтан ұрпаққа
берілетін әлеуметтік тәжірибе, жалпы адамзаттық мәдениет, т.б.), ал шағын
педагогикалық мағынада тәрбие дегеніміз — өсіп келе жатқан ұрпаққа жалпы
адамзаттық құндылықтарды игерту үшін мұғалім мен оқушылар, балалар мен
ата-аналар арасындағы бірлескен іс-әрекеттердің педагогикалық процесін
ұйымдастыру.
Жеке тұлғаның қалыптасуында тәрбиеге шешуші мән бере отырып,
өзара күрделі байланыста болып отырған мақсатты тәрбие мен
баланың дамуының ара қатынасының мәнін дұрыс түсіне білу керек.
Психологиялық-педагогикалық теорияда бұл мәселеге қатысты әр
түрлі көзқарастар бар. Олардың бірі баланың дамуы, тәрбие мен
оқытудың тәуелсіз, яғни тез түрде жүзеге асады дейді (Э.Мейман.
А.Ф.Лазурский, Ж.Пиаже). Бұл орайда тәрбие мен оқыту дамуға
бейімделеді, «баланың дамуының соңында бірге жүреді»
(Л.С.Выготский). Келесі бір көзқарас бойынша даму іс-әрекетгің
тарихи қалыптасқан формаларын меңгеруі арқылы жүзеге
асырылады (яғни, оқыту мен тәрбие көмегімен), бұл орайда оқыту
мен тәрбие баланың дамуының қол жеткізген деңгейінде ғана
тоқтап қоймай, сонымен қатар алдағы міндетін шешу
(К.ДУшинский, П.П.Блонский, Л.С.Выготский). Л.С.Выготский окыту
мен дамудың ара қатынасын зерттей отырып, оқытуды
ұйымдастыруда баланың «дамудың ең жақын аймағына» сүйену
керектігін айтқан. Ол былай деп жазған: «Дамудың алдында болған
окыту ғана жақсы болып табылады». Сондықтан, тәрбиенің ең
маңызды құралы — табиғи нышандар жиынтығын мұқият айқындау,
сол арқылы оларға және қоршаған орта жағдайларына сүйене
отырып, баланың соған сай іс-әрекетін арнайы ұйымдастыру.
• «Еліміздің ертеңі бүгінгі
ұрпақтың қолында, ал
ұрпақтың тағдыры ұстаздың
қолында»

Н.Ә.Назарбаев.
Пайдаланған әдебиеттер:
Ж.Әбиев,С.Бабаев,А.Құдиярова
«Педагогика»
3. Жарықбаев Қ. «Жалпы
психология» Алматы 1980 ж.
Назарларыңызғ
а рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Педагогика факультеті
Жеке тұлға және оның дамуы
Педагогика ғылымның әдіснамасы
Тұлғаның қалыптасуы
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ТӘРБИЕСІ, ҚАЛЫПТАСУЫ
Жеке тұлға туралы жалпы түсінік
Жеке тұлғалар және азаматтық субъектілері
ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ҰЖЫМНЫҢ РӨЛІ
Педагогиканың теориялық және әдіснамалық негіздері
Педагогика адам туралы ғылым жүйесінде
Пәндер