Балалар бақшасын ашу


Slide 1

Балалар бақшасын ашу

Орындаған: Әміржан Т

Сакенова А ТО-411

Тексерген: Есенбекова З. Ж.

Slide 2

Мазмұны

Резюме

Кіріспе

Жобаның тұжырымдамасы

Өнімнің сипаттамасы

Өндірістік бағдарламалар

Маркетинтік жоспар

Техникалық жоспарлау

Жобаны іске асыру

Жалпы және әкімшілік шығыстар

Slide 3

Шығыстар, мың теңге

2 015

Негізгі капиталға инвестициялар

12 711

Айналым капиталы

3 861

Барлығы

16 572

Резюме

Жобаның тұжырымдамасы балалар бақшасы қызметтерін көрсету кәсіпорындарын құруды қарастырады.

Кәсіпорын қызметінің мәні болашақ ұрпақты тәрбиелеу саласында сапалы және кәсіби қызмет көрсету болып табылады. Жоспарланып отырған кәсіпорынның нысаналы тобы орташа табысы бар отбасылары болып табылады.

Балалар бақшасында балалардың жалпы саны 100-ға дейінгі 5 топ ұйымдастыру жоспарлануда. Осындай балалар санын ескере келе балалар бақшасының түсімі жылына 50 800 мың теңгені құрайды (2015-2018 жж. ) .

Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындар мыналарды қамтиды:

Slide 4

Қаржыландыру көзі, мың теңге

Сомасы

Кезең

Үлесі

Өз қаражаты

4 972

01-06. 2015

30%

Қарыз қаражаты

11 601

01-06. 2015

70%

Барлығы

16 572

100%

Кредит валютасы

теңге

Пайыздық ставка, жылдық

12%

Пайыздар мен негізгі борышты төлеу

ай сайын

Пайыздарды өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай

6

Негізгі борышты өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай

6

Өтеу түрлері

тең үлестермен

Жобаны қаржыландыруды жоба бастамашысының өз қаражаты есебінен сияқты қарыз капиталы есебінен де жүзеге асыру жоспарлдануда.

Кредиттеудің мынадай шарттары қабылданды:

Slide 5

Кіріспе

Қазіргі уақытта балалар бақшасын ашудың болашағы бар, оның себептері мынадай:

біріншіден, жалпы оң үрдіс адамдардың мемлекеттік балалар бақшасы мекемелерінің тәрбиешілері бір топтағы балалар санының көптігі және бюджеттің шектеулі болуы сияқты объективті себептерге байланысты көрсете алмайтын тиісті назарды балаларына көрсетсе болды өз балаларының тәрбиесі мен бос уақыты үшін ата-аналардың мүмкіндіктерінің бар екенін және ақы төлей алатынын болжайды;

екіншіден, сапалы және стандарты емес (массаж кабинеті, тіс емдеу кабинеті, бассейн, хореография студиясы және т. б. ) қызметтерді ұсынатын жеке меншік балалар бақшасының қазірдің өзінде барынша кең тараған құбылыс екенінің растығы;

үшіншіден, жаңа бақшаны ашу инновациялық қызметтерді пайдалануды қалайтындарды көптеп тартатын болады;

төртіншіден, балалар бақшасы қызметінің бағдарламасына тілдерді оқытудың инновациялық технологияларын қолданудың енгізілгендігі. .

Қалада бизнестің осы түрін ашу үшін барлық мүмкіндіктер бар. Осы уақыт кезеңінде мемлекеттік сияқты жеке де балалар бақшасының жетіспеушілігі қатты сезілуде, алайда адамдар өз балаларына барынша қымбат назарды сатып алуға қазірдің өзінде дайын. Орын босайды деп күту өзекті болмай қалды, халық өз қаражатын өз балалары үшін «сүйіспеншілік пен адалдыққа» орынды жұмсауға әзір, тек өкінішке орай осындай өтініш білдіретін орын жеткіліксіз болып отыр.

Slide 6

1. Жобаның тұжырымдамасы

Жобаның тұжырымдамасы бала бақша қызметтерін көрсететін кәсіпорын құруды көздейді.

Балалар бақшасында балалардың жалпы саны 100-ға дейінгі 5 топ ұйымдастыру жоспарлануда. Осындай балалар санын ескере келе балалар бақшасының түсімі жылына 72 000 мың теңгені құрайды (2015жылдан бастап) .

Кәсіпорын қызметтердің толық кешенін көрсететін болады - күту, тәрбиелеу, білім беру. Ұсынылатын қызметтердің түрлері мен нысандары:

Икемді жұмыс кестесі бар жыл бойғы режим;

Көптеген үйірмелер мен сабақтар: Оқыту - тілдер, математика, қисын, т. б. . ;

Эстетикалық даму- ырғақ, музыка, би, живопись, ән айту;

Педиатр, массаж кабинеті, спорт залы;

Күніне әр түрі режимді қолдану;

Балалар мерекелері мен таңертеңгіліктерін өткізу;

Қуыршақ театрына, драма театрына және балалар қойылымдарына саяхат ұйымдастыру;

Жануарлар мен құстар көрмелеріне саяхат ұйымдастыру.

Осы қызметтер аясы балалардың ата-аналарына ұсынылатын болады және олар өз тілектері бойынша балалары үшін қажеттісін таңдай алады.

Қызметтерді осы саладағы тәжірибесі мол, өз ісін жетік білетін білікті мамандар көрсететін болады.

Балалар бақшасы аумағы 200 м2 алаңдағы жалға алынған үй-жайда орналасатын болады, ауласы бар, онда балалар алаңын, спорт кешенін және басқа да жабдықтарды орналастыру жоспарлануда.

Идея сәтті іске асырылған жағдайда қаланың басқа аудандарынан да осындай балалар бақшаларын ашу жоспарлануда.

Slide 7

2. Өнімнің (тауардың) сипаттамасы

Балалар бақшасы қала тұрғындары балаларының бос уақыттарын өткізуді қамтамасыз етуге деген қажеттілікітерін қанағаттандыру үшін жасалады. Жаңадан құрылған балалар бақшасының икемді жұмыс кестесі, білікті қызметкерлері, әрбір баламен жеке жұмыс жасау мүмкіндігі болады. Топта 20 баладан болған кезде әрбір балаға жеткілікті назар аударылатын болады.

Болашақ жас клиентерге компания ауқымды қызметтер аясын ұсынады. Бос уақытты өткізу қызметі жұмыс басталған 8. 00 сағаттан бастап «соңғы клиент» келгенге дейін белгілі стандарт бойынша жүргізіледі, оған сәбилерді 4 рет тамақтандыру, ойындар мен сабақтар өткізу, серуендеу, күндізгі ұйқы, балалардың бос уақытын ұйымдастыру кіреді.

Тамақтандыру таңертеңгі асты, түскі асты, түстен кейінгі тамақ және кешкі асты қамтиды. Барлық тамақ өнімі жоғары сапалы, белгілі дәрумендер құрамы бар және балалардың ерекшеліктері (аллергиялық әсер ету және т. б. ) ескеріледі, ас мәзірі әр кезеңге арналып жасалады.

Балалардың күндізгі ұйқысы (15. 00-ден 16. 00-ге дейін) балалар бақшасының күнделікті міндетті шарты болып табылады, ол балалардың мықты денсаулығы мен жақсы дамуын қамтамасыз етеді.

Slide 8

Олардың ой-өрісін дамытатын ойындар, ұйірмелер, дене шынықтырулар (жаттығу, спорттық ойындар) өткізу үшін арнайы әдістеме әзірленген. Жарыстар ұйымдастыру, театрларға, жануаралар, құстар көрмелеріне саяхаттар және т. б. қарастырылған. Балалар мерекелерін (Жаңа жыл, балалардың туған күндері және т. б. ) мен таңертеңгіліктер (ата-аналардың келісімімен) өткізіледі. Сондай-ақ ата-аналармен және олардың балаларымен бірге пикниктерге шығуға болады (қалаулары бойынша) .

Балалар бақшасының бірінші оқу жылындағы мақсаты ағылшын тілін оқыту әдітемесін енгізу болып тбылады.

Кіші топтар - балалардың қарым-қатынасы, әңгімелер, ертегілер оқу.

Орта топтар - қарым-қатынас тілін дамыту деңгейін көтеру, еңбекке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Дайындық тобы - мақсаты - дене тәрбиесі және сана-сезімін тәрбиелеу, қарым-қатынас тілін дамыту.

Slide 9

Көрсеткіш\Жыл

2 015

2 016

2017 - 2018

Топтардың орташа толықтырылуы

70%

98%

100%

Көрсентілген қызметтен түсім, мың теңге

34 020

43 450

50 800

3. Өндірістер бағдарламалары

Балалар бақшасында балалардың жалпы саны 100-ға дейінгі 5 топ (әр топтан 2-ден: кіші, орта және дайындық) ұйымдастыру жоспарлануда. Жұмыс уақыты - аптасына 6 күн, дүйсен, біден сенбіге днйін, 8-ден 20. 00-ге дейін. Осындай балалар санын ескере келе балалар бақшасының түсімі жылына 50 800 мың теңгені құрайды (2015-2018 жж. ) .

Топтарды біртіндеп толықтыру ескерілген.

1-кесте - Топтардың жоспарлы толықтырылуы және жобаны жылдар бойынша сату бағдарламасы

Slide 10

Жобаның бірінші жылында топтар бірінші айда 55%-дан басталып 75% толықтырылатын болады деп болжануда. Жобаның содан кейінгі жылдарында топтарды 100% дейін толықтыруға жеткізу жоспарлануда.

1 балаға төленетін ақы айына 40 мың теңгені құрайды. Қызметтердің құны кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін және топтардың жеткілікті толықтырылуын қамтамасыз ету үшін орташа нарықтан төмен деңгейде қабылданды.

Сату бағдарламасын есептеген кезде инфляция назарға алынған жоқ, өйткені инфляцияға байланысты бағаның көтерілуі кәсіпорын қызметтері бағасының ұлғаюына әсер ететін болады.

Slide 11

4. Маркетингтік жоспар

4. 1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы

Көптеген дамыған елдер мектепке дейінгі білім беруге тең қол жеткізу мүмкіндіктерін жасайды. Бұл қаржыландыру деңгейінде ғана емес (елдің жалпы білім беру бюджетінің 9, 5), сонымен бірге балалардың толық бір күн болуына немесе қысқа уақыт болуына негізделген мектепке дейінгі тәрбиенің әр түрлі үлгілерін құрудан көрінеді: міндетті аналар мектебі, сәбилерге, 3-тен 5-ке дейінгі балаларға арналған мектептер, ойын топтары, балаларды қарау және күту топтары.

Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың жай-күйі

Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ететін «Балапан» бағдарламасы қолданылуда.

«Балапан» бағдарламасын іске асыру мақсатында өңірлерде 35 бала бақша салынды, 1 534 мектепке дейінгі шағын-орталықтар құрылды, 137 жеке меншік балалар бақшасы ашылды.

Бұдан басқа, бұдан бұрын жекешелендірілген мектепке дейінгі ұйымдарды қайтару, тұрғын үйлердің 1-ші қабаттарынан ашу, жалға алынған бөлек тұрған коммуналлдық меншік ғимараттарын босату, өзге де ғимараттар мен орын-жайларды беру есебінен 172 балалар бақшасы ашылды.

Slide 12

4. 1 Нарықты дамытудың болжамды бағалары, күтілетін өзгерістер

Астана қаласы әкімдігінің мәліметтері бойынша астанадағы мектепке дейінгі біліммен қамтылған балалардың жалпы контингенті - шамамен 16 мың адам. Алайда, 6 жасқа дейінгі 35 мың бала қаладағы балабақшаларға кезекке тіркелген.

Әкімдікте бұл жағдайды сұраныстың ұсыныстан неғұрлым жоғары екендігімен түсіндіреді. Атап айтқанда, Астанада жаңа туған сәбилердің саны жылдан жылға ұлғаюда.

Мәселен, 2010 жылы 16 482 бала дүниеге келген, бұл өткен жылғыдан 369 сәбиге көп

1-сурет - Астана қаласында туған балалардың саны, адам

Slide 13

4. 2Маркетинг стратегиясы

Жобаланып отырған балалар бақшасының басты мақсаты нарыққа өту және онда одан әрі тұрақтау болып табылады. Балалар бақшасының негізгі қызметтері тәрбиелеу қызметтері болып табылады, одан кейінгі қызметтер аясы соның айналасында өрбиді. Сондықтан да маркетингтік стратегияда негізгі күш білікті кадрлар іріктеуге және бос уақыттың жан-жақты болуына бағытталуда. Бұл кәсіпорынның бәсекелестік басымдықтарының бірі болып табылады.

Бақшаны ұйымдастыру үшін басшылық бірнеше стратегияны қолданды:

сегменттеу стратегиясы, ол қызметтерді іске асырған кезде қанша нарық сегменттерін анықтау қажеттігіне мүмкіндік береді;

даму стратегиясы мен қызметтерді жылжыту, ол өсу міндеттерін қазірдің өзінде игерілген нарықта іске асырылатын жаңа қызметтер өндірісі есебінен шешуді болжайды;

жаңа қызметтер құруды болжайтын инновациялар стратегиясы.

Slide 14

5. Техникалық жоспарлау

5. 1 Технологиялық процесс

Жобаны іске асыру процесінде:

ой-сананы дамыту сабақтары мен еркін ойындар (ойыншықтар, кеңсе, әдістеме құралдары, балалар жиһазы мен жабдықтар) ; сондай-ақ музыка аспабы бар жұмыс орындары, дене шынықтыру сабақтары мен қозғалыс ойындары үшін;

ұйықтау үшін (кереуеттер, бір балаға кемінде 2 төсек-орын жиынтығы ),

сыртқы және ауыстыру киімдері үшін (жеке шкафтар, балалар дивандары),

тамақ ішу үшін (ыдыс-аяқ, құралдар, жиһаз) ;

санитарлық-гигиеналық рәсімдер үшін (горшоктар мен унитаздар, орамалдар, шаруашылық жабдықтары) .

Оқыту және тәрбиелеу бағдарламасы жас топтары бойынша жасалған. Ол балалардың дене және психикалық дамуының төрт түрлі өсу кезеңін қамтиды:

Slide 15

бөбектік жас - туғанынан 2 жасқа дейін (бірінші және екінші бөбектік жас тобы) ;

мектепке дейінгі сәбилер жасы - 2-ден 4 жасқа дейін (бірінші және екінші сәбилер тобы) ;

орта жас - 4-тен 5 жасқа дейін (орта топ) ;

ересек мектепке дейінгі жас - 5-тен 7 жасқа дейін (ересектер және мектепке дайындық топтары) .

Бағдарламаның әрбір бөлімінде балалардың дене және психикалық жас ерекшеліктеріне сипаттама беріледі, тәрбиелеу мен оқытудың жалпы және арнайы міндеттері, балалардың өмір жолын ұйымдастыру ерекшеліктері айқындалды, қажетті ұсынымдарды, оқыту процесінде өмірлік маңызды білім мен дағдыны қалыптастыру және оны күнделікті өмірде дамыту қарастырылды.

Бағдарламада балалар мерекелерін, ойын-сауықтары мен бос-уақыттарын ұйымдастыру жолдары жасалды. Дамудың үлгі деңгейлері айқындалды, онда сәбидің мектепке дейінгі мекемеде болған әрбір жылының соңына қол жеткен жетістігі көрсетіледі.

Бағдарлама педагогикалық процесте пайдалану ұсынылған әдеби және музыкалық шығармалар, дидактикалық және еркін ойындар тізбелерімен сүйемелденіп отырады.

Slide 16

5. 2 Ғимараттар мен құрылыстар

Жоспарланған кәсіпорынды аумағы 240 м2. астам жалдамалы орын-жайда орналастыру жоспарлануда. Жанынан балалар алаңы орналасатын болады, онда қажетті ойын жабдықтарын орналастыру жоспарлануда.

Жалпы үлгідегі БОО ойын алаңының мөлшері: ясли жасындағы балалар үшін бір орынға 7, 5 м2, мектепке дейінгі жастағы балалар үшін - 7, 2 м2 қабылдау қажет.

Топтық ұяшықтар орын-жайларының алаңы:

шешінетін орын (қабылдау) - алаңы 18 м2 кем емес;

топтық (ойнау) - алаңы 50 м2 кем емес (ясли топтары үшін 1 балаға 2, 5 м2 кем емес, мектепке дейінгі топтарда 2, 0 м2 кем емес есебімен) ;

буфет - алаңы 3, 8 м2 кем емес;

ұйықтайтын бөлме - алаңы 50 м2 кем емес (ясли топтары үшін 1 балаға 1, 8 м2 кем емес, мектепке дейінгі топтарда 2, 0 м2 кем емес есебімен) ;

әжетхана - алаңы 16 м2 кем емес (ясли топтары үшін 1 балаға 0, 8 м2 кем емес) .


Ұқсас жұмыстар
«Айгөлек» балабақшасының бизнес жоспары
Бизнес жоспарБалалар бала Бақшасын ашу
Ландшафт дизайн саласы бойынша монохронды гүлзарлар
Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар аурулар
Балаларды табиғатпен таныстырудағы әдіс - тәсілдер
Балалар футбол клубын ашу Бизнес-жоспар
Балаларға арналған ақуызды сүт өнімдері
Сауат ашу сабағына қойылатын талаптар
ӘЛІППЕ ОҚУЛЫҒЫ
Ы. Алтынсарин. «Қыпшақ Сейітқұл»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz