Қабыну және оның түрлері




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТІРЛІГІ
Семей қ. Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
Ветеринарлық медицина кафедрасы

БӨЖ
Тақырыбы: Қабыну және оның түрлері

Орындаған: Көшербаев Б.С.
ВМ-305
Тексерген: Нуркенова М.К.
ЖОСПАР:
Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1Қабыну
2.2Этиологиясы
2.3 Патогенезі
Қорытынды.
Қабыну (лат.— inflammatio, грек.— phlogosis) көптеген аурулардың даму
негізінде жатады.
Қабыну деп жануарлардың даму сатыларында пайда бол ған, жергілікті
бүлінуге жауап ретінде дамитын, микроциркуляциялық арналарды ң, қан
жүйесінің, дәнекер тіннің бүліндіргіш әсерді шектеп аластау ға, бүлінген тінді
қалпына келтіруге бағытталған сатылы өзгерістерімен к өрінетін біртектес дерттік
үрдісті түсінеді.
Қабыну өзіне тән ішкі заңдылықпен дамиды және алдыңғы сатысы
кейінгілерінің пайда болуына әкеледі. Қабынудың дамуында жергілікті
механизмдер нервтік-эндокриндік реттеу жүйелеріні ң әсерлерінен басымыра қ
байқалады. Бірақ қабыну басқа біртектес дерттік үрдістермен (дене қызуымен,
аллергиямен, стреспен, иммундық серпілістермен) ты ғыз байланысты
болғандықтан организмнің, жергілікті ғана емес, жалпы серпілістерін к өрсетеді.
Қабыну үрдісі кез келген жағдайларда үш құбылыстан (компоненттен):
алтерациядан, микроциркуляцияның бұзылыстары мен экссудациядан ж әне
пролиферациядан тұрады. Қабынудың бұл құбылыстары жиі бір мезгілде пайда
болады. Бірақ, қабынудың алғашқы құбылысы болып әрқашан бірінші әлтерация
есептеледі, ал пролиферация қабынудың соңғы сатысына т ән.
Қабынудың сыртқы белгілері өте ертеден белгілі. Оларды Цельс пен Гален
бұдан 2000 жылдай бұрын жазып қалдырған. Олар ға домбы ғу (tumor), қызару
(rubor), қызу (color), ауыру (dolor) және қызметіні ң бұзылуы (function laesa)
жатады.
Этиологиясы.
Қабыну туындатқан себебіне қарай инфекциялық және   
бейинфекциялық   болып бөлінеді. Қабыну туындататын барлы қ
ықпалдар экзогендік  (сыртқы)  және эндогендік (ішкі)болып екі топқа
бөлінеді. Сыртқы ықпалдарға микроорганизмдер (бактериялар,
вирустар); жануарлар организмдері (қарапайымдар, құрттар, ж әндіктер);
химиялық заттар (қышқылдар, сілтілер); механикалы қ (б өгде денелер,
жарақат, қысым) және температуралық әсерлер (суық, ысты қ); сәуле
қуаттары (радийбелсенді, ультракүлгін және рентген с әулелері) жатады.
Қабынуды туындататын организмнің ішкі ы қпалдарына: тромбоз, қан
құйылу, тас құрылу, микроциркуляцияның, зат алмасуыны ң
бұзылыстары ж.б. жатады. Әлеуметтік орта құбылыстарыны ң
әсерлерінен дамитын жандүниелік к үйзелістер, эмоциялы қ зорлануларда
қабынудың себебі болуы ықтимал. Олар қан айналым б ұзылыстарына,
зат алмасудың өзгерістеріне (май қышқылдарыны ң ас қын тоты ғуына)
әкеліп, жергілікті ағзаның (асқазанны ң, жүректің ж. б.) кейбір, кейде
тіпті әдеттегі, қоздырғыштарға төзімділігі әлсіретуі м үмкін.
 
 
Патогенезі.
Қабынудың патогенезін мына тізбек бойынша қарауға
болады:
1. Алтерация: бірінші және екінші.
2. Экссудация (микроциркуляция бұзылыстары,
лейкоцидтердің эмиграциясы).
а) қан тамырларының реакциялары (ишемия,
артериялы және веналық гиперемия, стаз).
ә) экссудацияның өзі
б) лейкоциттердің тамыр жиегіне кемерленіп т ұруы
(маргинациясы) мен эмиграциясы.
в) қан тамырлары сыртындағы үрдістер (хемотаксис,
фагоцитоз).
3. Пролиферация.
Алтерация (лат. alterare — бүліну) — жасушалардың, жасуша
аралық заттардың, нерв аяқшаларының, қан тамырларыны ң
дистрофиялық, некробиоздық немесе некроздық бүлінулерімен
сипатталады. Бірінші әлтерация зақымдаушы қоздырғыштың тікелей
әсерінен дамиды. Бұл кезде жасушаның сыртқы қабығы бүлінуімен
қатар митохондрийлардың мембраналары зақымданады.
Мембраналардың иондық насостарының қызметтері нашарлайды;
жасуша мембраналарының өткізгіштігі жоғарлайды.
Алғашқы алтерацияның нәтижесінде қан жасушалары
(тромбоциттер, эозинофилдер, нейтрофилдер, базофилдер,
моноциттер, лимфоциттер) және тін базофилдері (мес жасушалары)
іштеріндегі белсенді заттарын, түйіршіктерін сыртқа шығарады.
Осыдан жасуша аралық кеңістіктерде биологиялық белсенді заттар
көбейеді. Бұл заттарды қабынудың дәнекерлері (медиаторлары) деп
атайды. Олар айналасындағы сау жасушалардың бүлінуіне әкеледі.
Сонымен, бірінші алтерация қабыну шақыратын қоздырғыштың
тікелей әсерінен пайда болады. Ал, екінші алтерация тіндерге
лизосомалық ферменттердің және биологиялық белсенді заттардың
(қабыну медиаторларының немесе дәнекерлерінің) әсерлерінен
дамиды.
Гистамин мес жасушаларда немесе лаброциттерде гепаринмен ж әне химазамен
байланысқан әсерсіз түрде болады. Бос күйінде ол ұса қ тамырлар ға (капиллярлар,
венулалар), олардың кемерлерінің өткізгіштігін көтеріп, ке ңітетін әсер етеді.
Гистамин аз мөлшерде артериолаларды кеңітеді, ал көп мөлшерде - венулаларды
жиырады.
Серотонин қабынудың келесі жасушалық медиаторы болып саналады. Ол
адамда тромбоциттерде, ішектің шырышты қабы ғының хромафиндік
жасушаларында, сонымен қатар мидың кейбір нервтік құрылымдарында болады.
Жасушалардың бүлінуі кезінде серотонин сыртқы ортаға шы ғып, тамырларды ң
өткізгішгігін жоғарылатады.
Мес жасушалары мен базофильдерден гепарин босайды. Ол капиллярлардың ішкі
қабатында фибриннің құрылуына бөгет жасайды, қан ұю үрдісін тежеп, гистаминді
байланыстырып, комплементті тежеп, қабыну ға қарсы ы қпал етеді.
Фагоциттердің катиондық нәруыздары тамыр кемерлерінің өткізгіштігін
көтереді, зат алмасуды күшейтеді және бактерицидтік әсер етеді.
Лимфокиндер - лимфоциттерде болатын пептидтері қабыну медиаторларына
жатады. 10-нан астам лимфокиндердің түрлері белгілі.
Простагландиндер. Олар қан тамырларын кеңітеді, экссудацияға, хемотаксиске
әкеледі, қан ұю үрдістерін кейде қарма-қарсы бағыттарда өзгертеді.
Арахидон қышқылы гиперергиялық (аллергиялық) қабынудың қуатты
дәнекерлері және экссудацияға, хемотаксиске, тамыр кемерлеріні ң ке ңуіне әкеледі;
бронхиолардың тегіс еттерін жиырылтады.
Қанайналым бұзылыстары. Қабыну жергілікті қан және лимфа
айналымдарының, әсіресе микроциркуляциялардың бұзылыстарымен
сипатталады. Оларды 1887 жылы Конгейм ажыратып жазды.
Микроциркуляция деп қанның майда тамырлар (артериолалар,
метаартериолалар, қылтамырлар және венулалар) ар қылы қоз ғалуын,
сонымен қатар осы тамырлар мен тіндер арасында әртүрлі заттармен (О 2,
СО2,қоректік зат алмасу өнімдері) алмасуды айтады.
Микроциркуляцияны Конгейм тәжірибесі көмегімен зерттеу ыңғайлы.
Бүл кезде бақаны ішектерін сыртқа шығарып, тақтайдың тесігі үстіне
кереді де, шажырқайды микроскоппен қарайды. Сол кезде қоздырғышты
әсерінен (ішектерін шығарғандағы зақымдану) бірден пайда болатын
артериолалардың тарылуын (спазмын) микроскоппен көруге болады. Ол
рефлекстік түрде (аксон рефлексі бойынш тамыр жиырылт қыш нервті ң
тонусы артуынан) болады және тез өтеді. Бұнын артынан артериялық
гиперемия пайда болады Ол қабыну ошағында артериолалар мен
капиллярлар қабырғаларының тегіс еттерінің босаңсып кетуінен болады.
Бұл артериялық қанның қабынған тінге ағып келуін ұлғайтады; бұрын
қызмет атқармаған капиллярларды ашып, оларда қан қысымының
көбеюіне әкеледі. Осының нәтижесінде қабыну ошағында қызару
болады және зат алмасу үрдістері көтерілуіне байланысты температурасы
жоғарылауы байқалады.
Веналық гиперемия мен стаз қабыну медиаторларын
қабыну ошағында жинап, жалпы қан айналымға
түсірмейді. Егер олар қан айналымға тарап кетсе, онда
организмде көптеген патологиялық бұзылыстарға әкелуі
мүмкін.
Веналық гиперемия мен стаз экссудацияға және
лейкоциттердің эмиграциясына қолайлы жағдай
жасайды.
Экссудация (лат. exsudare - терлеу) деп қанның
сұйық бөлшектерінің, онда еріген электролиттердің, қан
нәруыздары мен жасушаларының тамыр сыртындағы
тінге шығуын айтады.
Экссудацияның негізгі себебі тамырлар
қабырғаларының өткізгіштігінің көтерілуі.
Веналық гиперемия көптеген жайттардың әсерлерімен
түсіндіріледі. Оларды үш топқа бөлуге болады. Біріншісін қан,
екіншісін тамыр кемерлері, үшіншісін - сыртқы тіндер жайттары
құрайды.Қанмен байланысты жайттарға: лейкоциттердің тамыр
қабырғаларына шет жағалап орналасуы, эритроциттердің ісінуі және
агрегациясы, қанның сұйық бөлшегінің қабынған тінге шығуы және
қан қоюлануы, тромб құрылуы жатады. Тамыр 
кемерлері факторларының веналық гиперемияға әкелуі эндотелий
жасушалары ісінуінің нәтижесінде ұсақ тамырлардың саңылаулары
тарылуынан болады.Тіндік жайттар: ісінген тіндердің, жасушааралық
сұйықтар веналар мен лимфалық тамырларды қысып қалуынан
веналық гиперемия дамиды. Ары қарай стазалды жағдай және стаз
дамиды.
Стазалды жағдай дамуымен қан қозғалысы тербелмелі түр
қабылдайды - жүрек систоласы кезінде ол артериялардан венаға қарай
қозғалса, диастоласы кезінде - кері бағытта қозғалады. Соңында қан
қозғалысы толық тоқтайды, стаз дамиды. Стаз (грек, stasis - тоқтау) -
микроциркуляциялық арнада, қылтамырларда жергілікті қан жүрудің
жиі тоқтауы.
Пролиферация (лат. proles - ұрпақ, fero - әкелу)
қабынуға қатысатын әсіресе макрофагтар мен
лимфоциттердің, жергілікті тін жасушаларының өсіп-
өнуі. пролиферацияны дамытатын бірнеше медиаторлар
белгілі, пролиферация үрдісі белгілі бір мөлшерде
болуы қажет. Оның тым артық болуы ағзаның сыртқы
пішінін өзгертетін және қызметін бүзатын артық
тыртық тіннің өсіп-өніп кетуіне әкеледі. Бұл әсіресе
жүрек қақпақшаларының, ми қабықтарының қабынуы
кезінде өте қауіпті. Сондықтан қабыну ошағында
дәнекер тіні же.сушаларының өсіп-өнуі белгілі
мөлшерде шектеліп тұруы қажет. Сайын келгенде,
тіннің кішігірім бүлінулерінде, жарақаттануында
асқынбай бітетін қабыну үрдісі толық қалпына келумен
аяқталады. Тым көп жасушалар тіршілігін жоғалтқанда
ақау дәнекер тінге ауысып артынан тыртық пайда
болады.
Қабынуды емдеудің жалпы патологофизиологиялы қ негіздері.
1.Қабыну туындатқан себепкер ықпалдарымен күресу, оны аластау ға
тырысу. Жұқпаларға қарсы бактерецидтік дәрі д әрімектер қолдану керек.
2.Қабыну ошағындағы микроциркуляциялық бұзылыстарды қалпына
келтіру бұл үшін ар түрлі кыздыру физиотерапия т әсілдері қолданылады.
Микроциркуляцияның жасқаруына байланысты зат алмасу процестері т үзіледі.
Қабынудың жазылуы жылдамдайды.
3.Қабыну медиаторларының әсерлерін шектеу. Ол үшін медиаторларының
түзілуіне қажетті ферменттерді тежеп , Қабыну д әнекерлерін ыдырататын
ферменттерді сергіту қажет. Простаглиндердің т үзілүін шектеу.
4.Жасушалардың, әсіресе лизосомалардың мембраналарын тура қтандыру
қажет. Ол үшін әртүрлі антиоксидаттар, витаминдер, стероидты қ гормондар ж.б.
пайдаланылады.
5.Қан ұю жүйесін реттеу фибронолизді арттыру. Гепарин қан құю ұюына
тежеп тромб құрылуын азайтады гистаминді байланыстырып қабыну ға қарсы
әсер етеді.
6.Имундық жүйе қызметін ретке келтіру, ол үшін имунды қ модуляторлар
қолданылады.
7.Іріңді қабыну болса хирургиялық тәсілмен ірі ңді сырт қа шы ғару қажет.
8.Организімнің уыттануымен күресу бауырдыы ң ішектердің қабыну
кездерінде үлкен орын алады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР
7.1.1 Кожабеков З.К., Отенов А.М. Малды ң патологиялық
физилогиясы.
Оқулық, Алматы. «Ана тілі», 1992ж. 285б.
7.1.2 Қожабеков З.К. Мал аурулары. Алматы, Қайнар,1989ж. 384 б.
7.1.3 Патологическая физиология сельско-хозяйственных животных.
С.И.Лютинский . М., 2002.-496с
7.1.4 Практикум по патологической физиологии с/х животных.
С.И.Лютинский и В.С.Степин
7.1.5 Жаров А.В., Налетов Н.А., Стрельников А.П. и др. Вскрытие и
патологоанатомическая диагностика болезней с/х животных.
М., Колос,1982.
 
з ғ а
ң ы
а р ы
р л т ! ! !
а з а м е
Н р а х

Ұқсас жұмыстар
ҚАБЫНУ ТҮРЛЕРІ
Балалардығы қабыну процесінің ерекшеліктері
Лимфаденит және лимфангит
ҚАБЫНУ ЭТИОЛОГИЯСЫ
Борпылдақ талшықты дәнекер тіннің және қанның қабыну процесіне қатысуы
Стресс
Клизманың түрлері
Аппендикулярлы инфильтрат анықтамасы
ҚАБЫНУ ОШАҒЫНДА ЗАТ АЛМАСУ БҰЗЫЛЫСТАРЫ
Жарықпен емдеу
Пәндер