Қысқа мерзімді активтердің есебі: Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттерінің есебі




Презентация қосу
Қысқа мерзімді
активтердің есебі:
Ақша қаражаттары
және олардың
эквиваленттерінің
есебі
ОРЫНДАҒАН: МҰХАТБЕК АИДА
ГУ-409 ТОБЫНЫҢ СТУДЕНТІ
Ақшалай қаражаттары және олардың элементтері
Активтер- бұл субъектінің құндық бағасы бар мүліктік және жеке
мүліктік емес игіліктер және құқықтар.
Бухгалтерлік есеп стандарттарының №2 «Бухгалтерлік баланс және
қаржылық есептегі негізгі ашулар стандартына сәйкес ағымдағы
активтерге келесілер жатады:
- оларды қайта өңдеу және сату мерзімінен тәуелсіз тауарлық-
материалдық қорлар;
- есеп беру күнінен бір жыл ағымында қажетсіздендірілуі тиіс
алдағы кезең шығындары;
- ақшалай қаржылар;
- ағымдағы құнымен көрсетілген қысқа мерзімді қаржылық
инвестициялар;
- бір жыл ішінде алынатын алашақ қарыздар: ағымдағы
активтерді сатып алуға аванстық төлемдер, алынуға тиісті шоттар,
алынған векселдер, негізгі шаруашылық серіктестік пен оның
еншілес серіктестігі арасындағы ішкі топтық операциялар
нәтижесінде пайда болатын дебиторлық қарыздар, акционерлік
қоғамның қызметкер тұлғаларының алашақ қарыздары, басқа да
дебиторлық қарыздар.
Ақшалай қаржылар – кассадағы және банк
шотындағы ақшалар. Ақшалай қаржыларға нақты
ақшалар мен қалпына келтіруге дейінгі жарналар
жатады.
Ақшалай қаржылардың ағымы- ақшалай
қаржылар мен олардың эквиваленттерінің келуі мен
кетуі.
Ақшалай қаржылардың эквиваленттері- қысқа
мерзімді, жоғары өтімді салулар, олар ақшалай
қаржылардың анықталған сомасына және
бағалықтардың өзгеруіне тәуекелге душар ететін
салулар.
Ақша баламалары (эквиваленті) – бұл ақшаларға
ұқсас, бірақ басқаша жіктелетін активтер болып
табылады. Оларға қазыналық вексельдер,
коммерциялық қағаздар және депозиттік
сертификаттар жатады. Түрлі ұсталымдар мен
айыппұлдар ұйымның ақшалары қатарына
жатқызылмайды. Сондықтан да оларды кассадағы
ақшалар шотында есептемейді. Ақша баламаларын
кәсіпорынның есеп айырысу құралдары ретінде
қарастырудың қажеттілігі де жоқ. Көп жағдайларда
оларды қысқа мерзімді инвестициялар шотында
есептейді.
Кассадағы ақшалардың есебі

Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір ұйымның
кассасы болады.
Кассир – материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу
тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық
толық жеке дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады
Касса операцияларының есебін кассир Касса
кітабында (ф. №КО-4) жүргізеді, ол
номерленуге, төленуге және оған сұрау
салынуға тиіс; ондағы парақтар санын басшы
мен бас бухгалтер қол қойып куәландырады.
Ағымдағы банктік шоттағы ақшалардың есебі

Банк шоттары – бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім-шарттық
қатынастарды көрсетеді. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де
жүргізіледі және ол ағымдағы, жинақтық және корреспонденттік болып
бөлінеді.
Корреспонденттік шоттар – шаруашылық операцияларының әсерінен
өзара байланысқа ұшырайтын шоттар.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары – бұл да банктік
шоттар, брокерлер, жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның
оңашаланған белгілеулері үшін де ашылады.
Чек - шот иесінің банкке көрсетілген соманы нақты ақшамен жалақыға, іс-
сапар, шаруашылық операциялары және басқа да шығындарға беру жөніндегі
бұйрығы. Кәсіпорын алатын ақшаның мақсаты чектің сыртқы жағында
көрсетіледі, оны бір дана етіп сиямен жазады. Чекпен бір мезгілде чек
кітапшасында сақталатын түбірі толтырылады.
Нақты ақша жарнасына берілетін хабарлама - шот иесінің банктегі оның
шотына қосып есептеу үшін түсім қаражаттарын және нақты ақшамен
Жолдағы және арнаулы шоттардағы ақшалардың есебі
Жолдағы ақша аударымдарына сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден
кассаға алынған, банк бөлімшелеріне енгізілген, почта бөліміне енгізілген, ұйымның
ағымдағы банктік шотына енгізу үшін инкассаторға өткізілген табыс жатады.
Жолдағы ақшалардың қозғалысы жөніндегі ақпараттарды жалпылау және есептеу
үшін 1020 «Жолдағы ақшалай қаражаттар» шоты арналған.
1020 «Жолдағы ақшалай қаражаттар» шоты бойынша сомаларды есепке алу үшін
банк мекемелерінің, почта бөлімдерінің квитанциялары; банк инкассаторы
түсімдерді өткізгеніне жолсерік тізімдемелерінің көшірмелері негіз болып табылады.
Аккредитив – сатып алушыға қызмет ететін банк мекемесінің осы кәсіпорынды
жабдықтайтын шаруашылық субъектісіне қызмет көрсететін банк мекемесіне
тауарлардың жіберілгендігін немесе қызметтердің көрсетілгенін дәлелдейтін
құжататр бойынша төлем төлеу жайлы тапсырмасы. Аккредитив бір ғана
жабдықтаушымен есеп айырысуға арналады.
Ақшалай қаржылардың түгендеуі

Ақшалай қаржыларды түгендеу олардың
сақтығын қамтамасыз ету, ақшалай
операциялар бойынша операциялардың
жүргізілуінің дұрыстығын тексеру мақсатында
кәсіпорынның басшысымен бекітілген
комиссиямен жүзеге асырылады. Түгендеу
кезінде кассадағы ақшалардың және басқа да
құндылықтардың нақты бары қаралады.
Түгендеуде барлық ақшалай қаражаттар
бойынша жүргізілген операциялардың
толықтығы, дұрыстығы, нақты іс жүзінде бары
және толтырылған құжаттардың дұрыстығы
қаралады. Бағалықтардың нақты бары
анықталып, құжаттардағы мәліметтермен
салыстырылады. Түгендеу тізіміне барлық
тексерілген құндылықтар жазылады. Түгендеу
нәтижелерін шығарғанда ауытқулар, яғни
артықшылықтар немесе жетіспеушіліктер
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА

РАХМЕТ !

Ұқсас жұмыстар
Қысқа мерзімді активтердің есебі. Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттерінің есебі туралы ақпарат
Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттерінің есебі
Ақша қаражаттары. Ақша қаражаттарының эквиваленттерінің есебі
Дебиторлық берешек аудиті
Дебиторлық берешек есебі
Табыс салығы
Есептеу принципі
Бухгалтерлік есептің пәні мен әдісі
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік
Негізгі құралдардың аналатикалық есебін тіркеу
Пәндер