Сілеусін




Презентация қосу
Сілеусін
Мысықтар туысының басқа өкілдеріне қарағанда дене
мөлшері ірі. Дене тұрқы 87-104см , салма ғы 13,2-23,2кг.
Құйрығы қысқа , жүндес әрі жуан , ұшы үшкір азда ған
шашғы болады . Самай сақалы жақсы жетілген. Тері
жамылғысы қалың , қою әрі жұмсақ. Таулы , орманды
жерлерде жатақ жасап мекендейді жата қтары к өбінесе
ағаш түбінде орналасқан. Негізінен отыры қшы. Қорегі –
қоян , елңк , суырлар мен тышқандар тәрізді кеміргіштер
және түрлі құстар. Өлексеулері де жеуден қашпайды .
Жылына екі рет түлейді.
Ақпан-наурызда ұйығып , мамыр айларында аналы қтары
3-4 жас мысықтар дүниеге келеді. Терісі ба ғалы а ң.
Статус
III-ші санат. Сілеусіннің
саны азайған түршесі. 
Қырғызстан, Өзбекстан
, Тәжікстан, 
Түрікменстан 
Қызыл кітаптарына
 енгізілген. Сілeусін, түр
есебінде, халықаралық
табиғат қорғау
Одағының қызыл
тізіміне кірген (NT –
санаты).
Саны

• ХІХ ғасырда бұрынғы Жетісу облысында кейбір
жылдары 200-дей оңды аулаған. XX ғасыр
басында сілеусін саны азайып кетті және 40-50-
ші жылдары жыл сайын тек 20-30-дай аң терісі
дайындау мекемелеріне түсті. Қазірде Іле
Алатау анда 60-70-тей сілеусін бар, оның 10-12-
сі Алматы қорығында, ал жалпы Солтүстік
Тянь-Шаньда оның қоры 100-130-дай. 
Жоңғар Алатауында 90-шы жылдардың
басында 250-300-дей аң тіршілік етті. 
Батыс Тянь-Шаньда сілеусін аз, Ақсу-Жабағылы
 қорығында 4-5 сілеусін өмір сүреді.
Биологиялық ерекшеліктері

• Бір жерде тұрақты тіршілік етеді, бірақ қар қалың
түсіп, азық қоры жетіспегенде маусымдық қоныс
аударады. Тіршілігі Қараңғы түсе түнде өтеді.
Күйлеуі – ақпан-наурыз айларында. 67-74 күндей
буаз болады, 2-3 өсім береді. Жыныстық жағынан
өмірінің екінші жылының аяғында жетіледі.
Негізгі қоректері – қояндар, ұсақ кеміргіштер,
суырлар, еліктер, жабайы шошқалар мен 
таутекелердің талалары, сирек құстар мен үй
жануарлары. Негізгі жаулары мен бәсекелестері – 
қасқыр мен барыс. Қолда өсіру. Хайуанаттар
парктерінде ұсталады және көбейеді.
Көбеюі мен дамуы
• Жүктілік ұзақтылығы 55-270 күнге, одан да
көпке созылады. Күшіктері соқыр,
дәрменсіз болып туады. Еркектері мауығу
кезінде қатты таласып, ұрысып,
шулайды.Кейбір түрлері жылына 2 рет
тұқым береді. Күшіктері 3-4 ұялас балалары
болады.Қаңтар мен сәуір айларының
ортасында мауығады. 60 күннен кейін
сәуір-мамыр айларында 3-5 жас мысықтар
дүниеге келеді. Жаңа туғандардың денесі
түбіт тәрізді түкпен жабылған 10-12 күнде
көздері ашылады. Жаздық аяғында жас
мысықтар өз бетінше өмір сүре бастайды.
Мекендейтін жерлері

• Африка, Азия, Жерорта теңізі маңы, Кавказ тауы
елдерінің көбінде таралған. Қазақстанның шөлді-
шөлейтті аймақтарын мекендейді. Қызылорда,
Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы
облыстарында жиірек ұшырасады
• Антарктика ,Австралия құрлықтарында Мадагаскар
мен кейбір мұхиттар аралдарында кездеспейді
• Орман , тау , шөл аймақтары мен өзен бойларында
кездеседі . Негізінен жатақта , қуыстарда , өте
сирек інде тіршілік етеді
Қабылданған қорғау шаралары
және Қызыл кітапқа енгізілген түрлері

• CИТЕС-тің 2-ші қосымшасына енгізілген. 
Ақсу-Жабағылы, Алматы қорықтарында, 
Іле-Алатауы, Көлсай көлдері, Сайрам-Өгем
 ұлттық парктерінде және бірқатар
қорықшаларда қорғалады
• Сілеусін -1976 жылдан бастап саны аз болғандықтан
Қазақстанның оңтүстігімен-шығысында мекендейтін
Түркістан сілеусінін аулауға тыйым салып, Қазақстанның
Қызыл Кітабына енгізілген
ЖАНАТТАР ТУЫСТЫЛАР
(Procyon lotor Linnaeus)
• Жалпы сипаттамасы
• Жанат тұқымдасы (Procyonidae) – сүтқоректілер класына жататын 
жыртқыш аңдар. Бұлар негізінен Солтүстік, Орталық жәнеОңтүстік Америкада, 
Оңтүстік-Шығыс Азияда тараған. 8 туысы, 15 түрі бар. Көпшілігінің дене тұрқы
ұзынша келген (30 – 120 см, ал алып панда – 180 см-дей). Салмағы 1 – 160 кг-ға
дейін. Құйрығының ұзындығы 20 – 70 см. Аяқтары қысқа, бес башайлы,
тырнақтары жиырылғыш, табанын толық не жартылай басып жүреді. Қылшықты
түктері қалың, құйрығы ұзын (алып пандадан басқасы), көпшілігінің қара
жолақтары болады. Кейбір түрі ағашқа жақсы өрмелейді. Ал кинкажу
құйрығымен жармасып, бар тіршілігін ағаш басында өткізсе, алып панда тек
жерде ғана жүреді. Бұлар жәндіктер, бақа, шаян, түрлі кемірушілермен, сондай-
ақ жеміс-жидек, шошқа жаңғақ, т.б. өсімдіктермен қоректенеді. Қар түсісімен
қысқы ұйқыға кетеді. Жылына бір рет 1 – 8-ден (көбіне 2 – 4) күшік табады. Бір
жасында жыныстық жағынан жетіледі. Жанат тұқымдасының терісі бағалы бір
түрі – жанат (Procyon lotor) –Қазақстанға 1930 жылдардың аяғында әкелініп,
Оңтүстік Қазақстан облысында Піскем өзенінің бойындағы жаңғақты-жидекті
орманда жерсіндірілген. Оның дене тұрқы 41 – 60 см, құйрығының ұзындығы 20 –
40 см-дей, салмағы 7 – 8 кг. Басы, көзі үлкен, тұмсығы қысқа. Жүні қалың,
сарғылт сұр, қара қошқыл. Күндіз ініне не ағаш қуыстарына паналап, түнде
қорегін аулайды. Қысқы ұйқыға жатады. Қорек талғамайды. Түрлі жәндік,
өсімдікпен де қоректене береді. Ақпан – наурыз айларында ұйығып, жылына бір
рет 2 – 8-ден (көбіне 3 – 6) күшік табады. Түрлі ұсақ кеміргіштермен қоректеніп,
ауыл шаруашылығы және орман шаруашылықтарына пайда келтіреді. Жанат
бағалы терісі үшін ауланады. Оның терісі өте берік және жылы, одан әйелдерге
тон, ұшқыштардың сырт киімі (комбинезон) тігіледі
•  
• Жанаттылар жерүсті, ағашты жануарлар, түрлі ормандарды мекендейді.
Олар әдетте жұбымен немесе ұя тобымен отырықшы тұрады. Түрлері сусар
мен аю арасындағы орташа топ болып келеді. Әр түрлі көлемді жануарлар
салмағы 0,8-ден 160 кг-ға дейін. Жанат тұқымдас ұзын тұмсықты, сүтқоректі
жыртқыш – носуханың жоғарғы ерні, танауы кішкене қозғалмалы тұмсығы
созылыңқы келеді. Ең ірі тұқымдас өкілі аса ірі панданың дене құрылысы
орташа мөлшерлі аюға өте ұқсас. Басы әр түрлі формалы, кейбір түрлерінің
бет бөлімі созылыңқы, кейбіреуінде қысқа, мұқалған. Құлақтары қысқа сәл
домалақ келген. Аяқтары 5 бармақты, табаны – жартылай табанмен жүруші,
саусақтарының төменгі беті, табаны көбінесе жалаңаш. Үшінші бармағы ең
ұзыны. Тырнақтары қысқа, бүктелген, жанынан қысылған, көптеген
түрлерінде тартылмаған, кейбіреуінде жартылай тартылған. Түк жамылғысы
жақсы дамыған қалың және биік. Түсі әр өкілдерде өте әралуанды,
бірқалыпты сары немесе бурыл ашық жирен және қара түс аралас болып
келеді. Бас сүйегі әр түрлі формалы, ми қорабы және бет бөлімі жақсы
жетілген қысқадан ұзынға дейін. Жыртқыш тістері кішкентайдан іріге дейін,
алдыңғы азу тісі кішкентай, өткір. Азу тістері моқал кедір-бұдырлы немесе
етқоректілерде, аралас қоректілерде өткір қырлы. Көп түрлері (аса ірі
пандадан басқалары) ағашқа жақсы өрмелейді, ал кинкожу өзінің өмір сүру
кезенің ағашта өткізеді. Тұқымдастың таралу аймағы 2 бөлімшеден тұрады.
Біріншісі Солтүстік Американың көп бөлігін, Орталық және Оңтүстік
Американы, ал екіншісі Азияның Оңтүстік-Шығысын Гималай-Непал және
Сикким, Жоғарғы Бирма, Юньань, Сычуань таулы аудандарын, солтүстігінде
Гань-Су шекарасына дейінгі аумақты қамтиды. Тұқымдас 7 туыс, 18 түрді
қосып, олардың 2 туысы Азияның оңтүстік-шығысын мекендейді.
Полоскун- жанаты (Procyon lotor)
• Орташа көлемді, үлпілдек жүнді, қысқа аяқты жануар. Ол көлемі мен түсінің
ерекшеліктеріне қарай жанат итіне ұқсайды. Құлақтары үлкен, үлбірінен шығып, үстіге
қарай оралып тұрады. Қысқы үлбірінің түсі күнгірт, қоңыр-сұр жирен-қызылдау реңді
келеді. Қылшық түктері ұштары қара болғандықтан тері ұсақ бұлдырлармен жабылған.
Денесінің төменгі жағы қылшық сандары аз болғандықтан ақшылдау, сұрлау-қоңыр реңі
бүршіктерінде жақсы байқалады. Алақаны мен табандары ақ түсті, тіпті ақ қысқа
түктермен жабылған, сондықтан жануар ақшыл қолқап, носки киіп алғандай көрінеді.
Аяқтарындағы саусақтары жақсы бөлінген, заттарды ұстауға бейімделген. Құйрығында
5-тен 7-ге дейін қара немесе қара-қоңыр реңді сақиналары, құйрығының ұшы қара
болады. Басы сұр түсті. Маңдайын бет бөлігінен жолағының ақшыл реңімен, ал көз
шарасынан оған паралель созылған кең қара (қара немесе қара-қоңыр) жолақпен бөлуге
болады. Ол «бет перде-маска» құрады да, ол құлақтың астынан мойынына дейін
созылады. Ұрты, еріні, иегі және төменгі жағының астыңғы беті – ақшыл-сұр болады.
Құлақтарының артында қара дақтары болады. Жанаттар ішінде қара түстілер
(меланистер) де кездеседі. Оның бассүйегі ми қорабшасының біршама үлкендігімен, бет
сүйегінің кеңдігімен, әрі қысқалығымен ерекшеленеді. Танау сүйектері қысқа, жалпақ.
Есту дабылдары домалақ пішінді, үрленген. Ит тістері ұзын емес, жоғарғысы тік,
төменгілері едәуір иілген. Төртінші ит тісімен бірінші азу тісінің көлемдері бірдей, екінші
азу тісі бірінші азу тісінен 2 есе кіші. Аталықтарының дене ұзындығы 435-545,
аналықтары 410-570 мм, аталықтарының құйрықғының ұзындығы 200-405, аналығында
192-340 мм. Бұл жануарлардың салмағы әр маусым сайын өзгеріп отырады - 5,4-тен
15,75 кг-ға дейін, тіпті 22,2 кг-ға да жетуі мүмкін. Оның таралу аймағы Солтүстік
Америка мен Бейтарап Американың Панам каналына дейін таралған. Олардың сан
мөлшеріне ауа-райының қаталдығы әсер етеді, оның ішінде орман аңғарындағы қалың
қар жамылғысы, онда аңдар қысқы ұйқыдан енді оянғандықтан азықтарын таба
алмайды. Мүмкін, осы себепшарт (фактор) жанаттардың тірі қалу мүмкіндігін
анықтайды.
Кәдімгі носуха
(Nasua nasua) жанат
тұқымдасы ұзын
тұмсықты, кішкентай
сүтқоректі жыртқыш.
Ол Аргентина, Боливи
я, Бразилия, Колумбия,
Гайана, Парагвай, Перу
, Суринмада, Уругвай
және Венесуэланы
мекендейді. Кәдімгі
носуха 13 түршеге
бөлінеді.
• Олинго (Bassaricyon) жанат тұқымдасы
ішіндегі ең кішкентай түр. Оның 4 түрі бар
(Bassaricyon alleni, Bassaricyon gabbii,
Bassaricyon medius, Bassaricyon neblina).
Дене ұзындығы 35-47 см, құйрығы 40-48
см, салмағы 0,7-2 кг. Тұлғасы созылыңқы,
аяқтары біршама қысқа, алдыңғы аяқтары
артқысынан қысқарақ болады. Басы
жалпақ, біршама қысыңқы. Тұмсығы
қысқа, үшкір. Құлақтары орташа көлемді,
домалақ, көздері үлкен. Сирақ табаны
түкпен жабылған, саусақтарында қисық
тырнақтары болады. Түк жамылғысы
төмен, өте тығыз, жұмсақ. Арқасы сарғыш
қоңыр немесе қара және сұр реңі
араласқан. Құрсағы бозғылт сары түсті.
Құйрығында кейде қара сақиналары
байқалады. Орталық, Оңтүстік
Американың солтүстігінде Никарагуадан
Перуге дейінгі ылғалды тропикалық және
субтропикалық ормандарды мекендейді.
Кинкажу (Potos) мысықтың
көлеміндей, басы домалақ,
құлақтары дөңгелек жалпақ
орналасқан, құйрықтары өте
ұстағыш, бір ағаштың бұтағынан
екіншісіне секіруге бейімделген
(осымен олар аздап маймылдар
тәрізді). Тұмсығы қысқа, көздері
үлкен, аюға ұқсас келеді. Қалың
барқыт тәрізді үлбірінің арқа
жағында жирен-қоңыр,
құрсағында жирен-сары түсті.
Тұмсығы қара-қоңыр немесе
қаралау. Басқа түрлерінен
кинжакудың негізгі
айырмашылығы құйрығының бір
түстілігінен, басқа үлбірі реңінің
қоюлығынан байқалады. Кинкажу
өзінің барлық өмірін ағаш басында
өткізеді. Күндіз ағаш қуыстарына
• Какомицли (Bassariscu) сыртқы
кейпі біраз сусарға ұқсас, бірақ дене
құрылымы мысықтай. Дене ұзындығы
30-47 см, құйрығыа 31-53 см, иықтық
биіктігі- 16 см дейін, салмағы 0,8-1,3
кг. Денесі созылыңқы, аяқтары
біршама қысқа, құйрығы өте ұзын.
Басы қысқа бет бөлімімен жалпақ.
Құлақтары ірі, домалақ немесе
өткірлеу. Арқасының жоғарғы беті
қоңыр-сарғыш қара немесе қара-
қоңыр реңді. Құрсағы ақ, ақшыл
немесе сарғыш. Ол көз
айналасындағы сақиналар қара
немесе қара-құба. АҚШ оңтүстігінде
және оңтүстік-батысында, Мексика
мен Орталық Американың
жартастарында, тасты жерлерінде,
арналарында, таулы қылша
ормандарда, шөлейтте, әдетте судың
жанында мекендейді. Тіршілік ету
ұзақтығы 7 жылға жуық, еріксіздікте
16 жасқа дейін.
Таулы носуха (Nasuella)
солтүстік Перу, батыс
Венесуэла, Колумбия мен
Эквадорда мекендейтін
сирек кездесетін жануар.
Олардың ұзындығы 36-40 см
жетеді, орташа салмағы 7,5
кг жуық. Ауызында төменгі
тіс қаптамасы мен өткір
жалы бар қырық кішкентай
тістері болады. Денесі қалың
қылшық үлбірмен жабылған.
Түгінің түсі жасыл қоңырдан
жиренге дейін құбылады.
Буаздық мерзімі 74-77
тәулік, 2-5-ке дейін ұрпақ
әкеледі.
Багам жанаты (P. lotor maynardi)
сыртқы кейпімен полоскун-жанатқа
ұқсас, бірақ көлемі кішірек, ол
мүмкін аралдық ергежейлігінен
болар. Денесін қосқандағы
басының ұзындығы 41,5-60 см,
құйрығы 20-40,5 см. Аталықтары
аналықтарынан ірі. Үлбірінің түсі
сұр жеңіл сары я қызыл қошқыл
реңді. Бірақ қара даралары да
кездесуі мүмкін. Құйрығында 5-10
түрлі түсті сақиналары болады.
Көбінесе, түнде, жыл бойы
белсенді тіршілік етеді. Буаздық
мерзімі 9-10 апта, одан соң
аналығы 4-6 ұрпақтан әкеледі.
Жыныстық жетілуі: аталығында 2
жас, аналығында - 1 жас.
Шаян қоректі жанат (P.
Cancrivorus) кәдімгі жанаттан
біраз кіші көрінеді, денесі тіпті
сүйір болады. Өйткені,
алғашқының денесі біршама
бірдей түкпен жабылғанмен, түгі
қысқа келеді. Басы мен дене
ұзындығы 41-ден 60 см дейін,
құйрығы 20-дан 42 см дейін,
шоқтық биіктігі 23 см жуық, ал
дене салмағы 2-12 кг аралығында.
Аталығы аналығына қарағанда
әдетте ірі. Ол жеке түнде тіршілік
ететін жануар. Олар әр уақытта
бұлақ, көл, өзен жандарында жиі
кездеседі.
Шағыл мысығы (лат.
Felis margarita) —
мысықтәрізділерге
жататын түр; мысық
туысына жататын ең
кішкентай түрі дене
ұзындығы 43-57 см,
құйрығы 28-35 см,
үшбұрышты құлағы
төмен орналасқан;
табандарын қалың түк
басқан.
Дене тұрқы 40 — 52 см, салм. 1,3 — 3,4 кг. Арқасы
мен бүйірі құм түстес сарғыш, денесінде айқын
емес қара жолақтары болады. Құйрығының ұшы
қара қоңыр. Құлағы үшбұрышты, самай сақалы
жақсы көрініп тұрады. Табандарындағы тарақ
тәрізді қалың қылшықтары олардың құмда еркін
жүруіне мүмкіндік береді. Қоныс тепкен жерлерінде
ін қазады, кейде фтүлкі, қарсақтың ескі індерін де
пайдалана береді. Ұсақ кеміргіштермен (қосаяқтар,
құмтышқандар), кейде бауырымен
жорғалаушылармен, ұсақ құстармен және
жәндіктермен қоректенеді. Қорегін аулауға түнде
шығады.
Таралуы
• Шағыл мысығы негізінен Арабия, Синай
түбегінде, Сахараның солтүстік мен
Пәкістанның құмды жерлерінде кездеседі.
Ал Қазақстанда Маңғыстау түбегінің
бұйратты құмдары мен шағылдарында
және Қызылқұмды мекендейді.
Мекендейтін жерлері

• Қазақстанда шағыл мысығының
таралу аймағы оңтүстік типті
құмды шөлдерді алып жатыр.
Жоталы әрі адырлы, негізінен
бекінген, әртүрлі типті құмдарда
мекендеуші; барлық учаскелердің
осындай биотоптарында
кездеседі. Оны үстірттің тік
жарларынан, сазды, әктасты әрі
құмды, тілімделген терең
Саны

• XX-шы ғасырдың 30-шы жылдарында бұл
мысық Қызылқұмның солтүстігінде
кәдімгідей болды, ол жерлерден 
Қызылорда облысының дайындау
мекемесіне жылма-жыл 100-ге дейін терісі
тапсырылған. 1952-1955 жылдары
солтүстік типті құмды шөлден (Жаңадария
 өзенінен оңтүстікке қарай) бір және
оңтүстік типті құмдардан 6 шағыл мысығы
есепке алынған. Қазір Қазақстанның құмды
шөлдерінде шағыл мысығы өте сирек.
Негізгі шектеуші факторлар

• Қатал әрі қары қалың қыстар;
қоректің жетіспеуі, қардың қалың
болуы және тайғақтан
кеміргіштерді аулау қиынға
соққанда бұл мысықтар жаппай
өлім-жітімге ұшырайды. Осындай
жаппай қырылу Қызылқұмда 1953-
54 және 1968-69 жылдары
байқалған.
Көбеюі
• Шағыл мысығытар ақпан-наурыз
айларында шағылысып, аналығы сәуір-
мамырда 2-5 (көбінесе 3) жас мысық
туады. Құмды, шөлді аймақтарда тіршілік
ететін болғандықтан аз зерттелген.
Биологиялық ерекшеліктері

• Отырықшы және түнде белсенді тіршілік
етеді. Майда ке кеміргіштермен (
құмтышқандары, қосаяқтар, тараққұйрық
) қоректенеді, сирек рептилияларды,
құстар менбуынаяқтыларды жейді. Құм
адырларының етектерінен өздері қазған
індерде, кейде түлкі, қарсақ және
жайраның ескіндерінде қоныстанады.
Мауығуы – ақпан-наурызда. Буаздық
мерзімі 60 күн. 2-5, жиі 3 мырсын туады.
Шағыл мысығының саны қай
жерде де аз, Қазақстанда 1952-55
жылы оның 6 дарабасы ұсталғаны
туралы деректен басқа мәлімет
жоқ. Республикада Үстірт және
Ақтау-Бозащы қорықшаларында
қорғауға алынып, Қазақстанның
“Қызыл кітабына” енгізілген
• Пайдаланылған әдебиеттер:
• Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология /
Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е.
Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. 
•  «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә.
Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас
редакциясы, 1998 , IX том 18 бөлім
•  Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ
БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том
ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959,
Редакциясын басқарған: Биология ғылымының
докторы профессор Т. Дарқанбаев.
•  Красная книга Казахстана, т. 1, 3 изд., ауылы , 1996.
•  Слудский, 1982; 2. Гептнер, Слудский, 1972.

Ұқсас жұмыстар
Қорықтың аты
Тайга
Қызыл кітабына енген өсімдіктер мен жануарлар
Посио - өлшенген және экологиялық таза саяхатты бағалайтын туристер үшін тамаша орын
Кішкентай Отанымының символы - Марқакөл қорығының пайдалы өсімдіктері мен ерекше жануарлар дүниесі
Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесі
Қызыл қасқыр тобы
Ерекше қорғалатын аймақтар негізі қорықтар болып табылады
Популяция түсінігі
МЫСЫҚ ТӘРІЗДІЛЕР ТҰҚЫМДАСЫ
Пәндер