Мұхтар әуезов және фольклортану мәселелері



Дәріс № 5
Тақырыбы:
Мұхтар әуезов және фольклортану мәселелері

Дәріс мақсаты:
Халық ауыз әдебиеті үлгілерін
жинауда, сараптаудағы Әуезовтың
еңбегімен таныстыру.
Дәріс міндеті:
Қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі
фольклор үлгілерінің ерекшеліктерін анықтау.

«Әуезов - үлкен гуманист адам еді. Ол өз халқын, оның биік мәдениетін шексіз сүйетін. Өзге халықтың әдебиетін өз халқының әдебиетіндей, терең түсініп, оны құрмет тұтып, үнемі қошеметтеп отыратын».
Александр Корнейчук

Әлем мәдениеті тарихына туған халқының парасат болмысын танытқан М. Әуезов даналығы ең алдымен туған елінің рухани бұлағынан нәр алды. Өйткені, даналық өз жұртының ғасырлар қойнауынан жеткен ұлттық рухани қазыналарының інжу-маржандарын өз бойына сіңіріп барып, оны заман талаптарына сай еліне жаңғыртып, түлетіп жеткізуден тумақ. Оған М. Әуезовтің Ж. Аймауытовпен бірге Ташкентте шыққан «Алаш» газетінің 1917 жылғы 30 наурыздағы 16-санында жарияланған ең алғашқы баспа бетін көрген еңбегі «Қазақтың өзгеше мінездері» атты мақаласындағы ой сілемдерінен бастап, «Әдебиет тарихы», «Қазақтың ауыз әдебиеті» кітаптары мен «Әр жылдар ойлары» жинағына топтастырылған зерттеу еңбектері мен «Абай жолы» роман-эпопеясындағы фольклорлық, этнографиялық, этнопедагогикалық мол суреттемелері айқын дәлел. М. Әуезов өзінің алғашқы публицистикалық еңбектерінен бастап-ақ, халық мұрасының тағлымдық мәнін ашып айтумен ғана шектелмей, осы бағытта өзі ұстанған өзгеше қайсар өлшем, таймас берік танымынан айнымайды.

Сонымен, осы мақалада ол ел ішінен қандай мұраларды жинау керектігін саралап жазды. Сөйтіп, басқаларға фольклорлық мұраларды жинаудың жолын көрсетіп қана қоймай, өзі де осы бағытта зор еңбек етті. М. Әуезовтің ел ішінен жинап бастырған фольклорлық мұралары жайлы еңбектерін тізіп атасақ, олар мыналар:
1. 1924-25 жылдары өзі редактор болған Семей губерниялық атқару комитетінің тілі «Таң» журналында бастырған «Абайдың кейбір өсиет сөздері», «Бұхар жыраудың Керейге айтқан сөзі. Көкбай ақсақалдан», «Бұхар жырау сөздері. Көкбай ақсақал айтуынша», «Сыбан Сабырбай ақынның төреге айтқан сөзі», «Айтаңсықтың қоштасқаны». Ақын айтуындағы «Қозы Көрпеш-Баяннан», «Жаман бақсының сарыны. Көкбай, Тұраш ақсақалдардың айтуынша», «Жаман сарт сарыны», «Сыбан Ақтайлақ би. Көкбай ақсақал айтуынша», «Абылай орыспен соғысамын дегенде Бұхар жыраудың айтқан бір толғауы», «Күдері қожаның Қарқаралы тауымен қоштасқаны», «Мәлике қатын мен Тоқтамыс би» нұсқалары.

2. 1924 жылы жазда Жетісу губерниясының Алматы, Жаркент өлкелерін аралап, сол экспедиция кезінде «Сары қыз бен Омарбектің айтысын» жазып алған. 3. 1924 жылы Семейде керей Уәйіс ақыннан «Қозы Көрпеш - Баян сұлудың» Жанақ пен Бейсенбай ақындар жырлаған нұсқасын жазып алып, 1936 жылы кітап етіп бастырған. 4. 1933 жылы Шымкент драма театрының артисі Отызбай Жұмабаевқа Кентау қаласындағы Дәнібек деген қариядан «Үміт қыздың өлімі» атты поэманы жаздырып алған. 5. 1934 жылы маусымда Алматы облысы Іле ауданында тұратын Нұралин деген азамат «Бай мен кедей» айтысын Өмірзақ ақыннан жазып алып, М. Әуезовке жіберген. 6. 1941 жылы маусымда Семейлік Садық Қасиманов ел арасынан «Байжұман» деген поэманы жазып алып, М. Әуезовке жіберген. 7. Осылайша М. Әуезов өзі және оның ұйымдастыруымен жиналған фольклорлық мұраларды баспасөзде жариялату жұмысымен қатар айналысты. Мәселен, 1940 жылы С. Аманжолов құрастырған «Жұмбақтар» жинағына редакторлық етті.

8. Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының фольклор бөлімінде жиналған мұраларды сұрыптап, баспаға даярлау негізінде 1959 жылы «Қамбар батыр», 1961 жылы «Алпамыс батыр», «Қыз Жібекті» кітап етіп бастырды. 9. Қазақтың фольклорлық мұраларын орыс тіліне аударып, бастыруға еңбек сіңірді. 1940 жылы Москвада «Песни степей» атты қазақ әдебиеті антологиясы жинағының фольклорлық бөлімін М. Әуезов құрастырды. 10. 1953 жылы Москвада Сидельников құрастырған «Казахские народные сказки» жинағының редакциясын басқарды. 11. 1958 жылы Фрунзеде қырғыз ғалымдарымен бірге редакциялық ұжым мүшесі ретінде «Манас» эпосының ғылыми басылымын шығаруға қатысты. 12. 1940 жылы қалмақ халқының эпосы «Жәңгірді» жеке кітап етіп шығарды. 13. Т. Ізтілеуовтің айтуымен жазып алынған «Рүстем батыр» эпосын 1961 жылы жеке кітап етіп шығарды

«Халық әдебиетi жиналып, жазылып қағаз бетiне түспесе, бiрден-бiрге ауызға тапсырылып жүргенде қайта жоғалып, өшпесе, өнбейдi менiңше, халық әдебиетiн жинауға қолайы бар адамдар оқыған шәкiрттер болуы керек. Шәкiрттер өз елiне барған жақтарында халық әдебиетiн жинап, керектiсін тауыппайдаланатын, басылып,
жарыққа шығарылатын, баспасөз майданына түсетiн жерге жеткiзуi керек. Әсiлi, ескi әдебиетiмiздi жинауға жас оқығандарымыз күш көрсетпесе, халық әдебиетiмен аз жылда ашық қоштасармыз».
Мұхтар Әуезов

Бұл орайда, оның Семей облыстық «Қазақ тілі» газетінде «Әдебиет ескілігін жинаушыларға»[2] атты мақала жазып, онда: «Шаң басып жатқан ескілікті жинап, басын құрап, көпшіліктің мүлкі қылып беру жалғыз ғана әдебиетті сүюшіліктен тумайды. Жақын жердегі алдыңғы керегі әдебиетті сүйетін қазақ оқушысына ой, сезім азығын беру болса, одан кейінгі зор пайдасы қазақ тілінің қалыптасып, нығайып, өзіне біткен көрігі мен күшін жинау үшін керек. Көрік пен күш жинау елдің ішкі байлығын сыртқа шығарып, бетін ашады. Өткен заманның қадірлілері талайдан келе жатқан қазақтың бұл күнге дейінгі көмескі болып келген ақыл, сезім жолындағы бітімін айқын көрсетеді. Талайдан қалыптанған ой тұлғасын көзге елестетеді. Қазақтың өткен күндегі тұлғасы айқындалмай, келешегінің беті ашылмайды. Өткен күннің ұғымы мен нанымы, әдеті мен салты анықталып, екшелмесе, алдыңғы бет түзелмейді» [2], - деп фольклорлық мұралардың ел өмірі мен келешек мәдени тағдырындағы маңызын көрсете келе, нақты әдебиет пен тарихқа қатысты қандай түрлерді жинау керектігін атап-атап көрсетуі куә. Сол көрсеткендерін жинауға өзі де ат салысады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz