Былғары шикізатының тағайындалуы


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Инженерлік технологиялық факультеті

«Тамақ өндірісі және жеңілөнеркәсіп бұйымдарының технологиясы» кафедрасы

Тақырыбы:

Былғары шикізатының

тағайындалуы

Орындаған: Омарбекова Е. Е.

Топ: ТК-421

Тексерген: Бауыржанова А. З.

Семей, 2015 жыл

Slide 2

ЖОСПАР

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Былғары шикізатының тағайындалуы

2. Жасанды былғары

3. Таза былғары

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Былғары - мал терілерін химимялық және механикалық әдістермен өңдеу арқылы алынатын материал. Одан аяқ-киім, сырт киім, айыл- тұрман, галантерея, техникалық бұйымдар т. б. жасалынады. Мал терісі 33 қабаттан - шелден, өзеңнен, қыртыстан тұрады. Былғары жасау үшін терінің жүні жидітіледі, шелі сылынып, қырптысы жазылады. Терінің өзеңін ( ортаңғы қабатын ) өңдей отырып былғары алынады. Өзең айқыш- ұйқыштанып тығыз байланысқан коллогенді талшықтардан құралады. Теріні жүннен арылту үшін сілті, яғни күл мен әк ерітіндісі және фермент жағылады, күкіртті натрий, әк ерітіндісі бүркіледі.

Бірнеше сағаттан кейін қылшық пен босаң қыртыс арнаулы машина арқылы оңай ажыратылады. Мұнан соң шелдеу машинасымен терінің шелі сылынады. Осыдан шыққан шикізат көн деп аталады. Көндегі сілті мен басқа қосылыстар кетіріліп, әк сумен жуылып шайылады. Шикізат талқымен жұмсартылады. Арнаулы машинамен ылғалдан арылтылған соң, қалыңдығы біртегіс болу үшін былғары сүртіледі де, қандай мақсатқа пайдаланатындығына және жағылатын бояу түсіне қарай сұрыпталады. Тікелей бояу, қышқылды бояу т. б. иәсілдермен боялған былғарының қатпарлары жазылып, керу машинасына жіберіледі. Керіліп кептірілген былғарының пұшпақтары кесіледі, сығылады және оған жылтыр өң беріледі. Пайдалану мақсатына қарай былғары 4 топқа бөлінеді: аяқ - киімдік былғары, қайыс немесе айыл- тұрмандық былғары, сырт киімдік және галантериялық былғары, техникалық былғары

Slide 4

Аяқ- киімдік былғары қасаң және жұмсақ былғары түрінде болады . Аяқ - киімнің үстіңгі бөлігіне жұмсақ былғары, ал табан бөлігіне ( ұлтан, өкше, сірі өкше, т. б. ) қасаң былғары жұмсалады. Қасаң былғары ірі мал терісінен жасалады, өңделмеген терінің орташа салмағы 23-26 кг-нан кем болмайды. Жұмсақ былғары қой, ешкі және бұзау, тана, құнажын, шошқа, жылқы терілерінен жасалады.

Қайыс немесе айыл -тұрмандық былғарыдан белдік т. б. бұйымдар (қалыңдығы 2, 5 - 3, 0 мм ) , сондай-ақ, айыл- тұрмандар (қалыңдығы 2, 2-4, 0 мм) жасалады. Сырт киімдік және галантериялық былғары ұсақ мал терісінен жасалады, қалыңдығы 0, 5 - 1, 2 мм-ден аспайды. Галантериялық бұйымдар жасау үшін ірі балықтың, жылан мен кесірткенің де терілері пайдаланылады.

Техникалық былғары ірі малдың жон терісінен жасалады, ол әрі қалың, әрі төзімді болады. Оны өндірістік машиналардың кейбір бөлшектерін жасауға пайдаланады.

Slide 5

Жасанды былғары және таза былғарылар

Жасанды былғарыны матаға, тоқыма емес немесе трикотаж негізге және жасанды мехқа полимерді немесе сол полимерлердің композициясын отырғызу арқылы алады. Алудың үш әдісі бар : тіке, тасымал және каландрлық. Тікелей әдісте дисперсия немесе полимер ерітіндісі негізге тікелей отырғызылады. Бұл ең қарапайым әдіс, сондықтан да кең қолданылады . Тасымал әдісте полимерді арнаулы жылжитын төсетекке жағады да, сонан соң негізбен біріктіреді ( қосарланады ) . Тегіс, бедерлі немесе басылған төсетектерді пайдалану арқылы өң беті әртүрлі былғарылар алуға болады. Каландрлық әдісте полимерді негізге жағу үшін арнаулы каландрлар қолданылады. Жасанды былғарылардың ассортименті неше түрлі және ылғи молаюда. Жұмсақ жасанды былғарылардың аттарын оңайлату үшін төмендегідей қысқартпалар алынған. «Жабыл» (жасанды былғары ) сөзінің алдында мыналар көрсетіледі :

1) жұмсалар мақсаты (киімдік, галантереялық және т. б. ) ;

2) негізгі жамылғысының түрі ( уақ тесікті, уақ тесікті тұтас және т. б. ) ; 3) отырғызылған жамылғының қысқартылған аты (поливинилхлоридті - винил, полиамидты - амид, полиуретанды - уретан, каучукты - эласто, нитроцеллюлозное - нитро жәцне т. б. ) .

Slide 6

Таза былғары Таза былғарыны қойдың, ешкінің, шошқаның, бұзаудың, бұғының, бұланның және басқа да жануарлардың терілерін өңдеу арқылы аламыз. Өңдеуге кіретін неше түрлі физикалық және физико- химиялық процестерінің арқасында былғары жұмсарады, иілгіштік, серпімділік қасиет алады, ылғал әсеріне төзімді болады . Былғарыны өңдеудің негізгі процесі илеу . Иін келтіретін заттардың түрлеріне байланысты илеудің мынандай негізгі тәсілдері болады : хромдық (хром тұздарының судағы ерітінділерімен ) ; алюминийлік (алюминий тұздарының ерітінділерімен ) ; қызыл, яғни таниндік ( емен қабығының экстрактатымен ) ; майлық ( қышқылдары бар майлармен ) . Синтетикалық иінкелтіргіштер (синтандар ) немесе бірнеше иінкелтіргіш заттардың қоспасы да пайдаланылады. Хромдық әдіспен иленген былғарының кесіндісі көк- жасыл болады, қызылмен иленгендер қоңыр- қызыл түсті болады . Маймен илегенде созылғыш, жұмсақ былғары шығады. Ең жұқа, жұмсақ, созылғыш қолғаптық лайка былғарысын майлық илеумен алады.

Slide 7

Мех және былғары шикізаттарын сумен өңдеуді - жібіту деп атайды. Жібітудің мақсаты - шикізатты сулану дәрежесін және микроқұрылымы жағынан мал денесінен жаңа сыпырылған күйіне мейлінше жақындату, яғни «жас тері» қалпына жеткізу. Жібіту дұрыс жүргізілген кезде шикізаттардан ақуыздық заттарды аз шығындай отырып, толық және бірқалыпты суландыру қамтамасыз етіледі, сонымен қатар шикізаттардан мүмкіндігінше барлық натрий хлоридін және басқа да консервіленген заттарды кетіріп, шикізаттарды бактериалдық әсер етуден қорғауды қамтамасыз ету керек (әсіресе мех терілері үшін) .

Жібіту үрдісі

Slide 8
Ұқсас жұмыстар
Былғары шикізаты. Жібіту үрдісі
ЖАСАНДЫ БЫЛҒАРЫ
Тері шикізатының тауарлық қасиеттері
БЫЛҒАРЫ ШИКІЗАТЫ
Жылытқ ыш материалдар
Былғары шикізатының ақаулары
Германия мемлекетіндегі былғары шикізатын өңдеу технологиясы
Жүннің стандарты. Жүннің классификациясы. Жүн талшықтары, түрлеріне мінездемелер. Қойдың, ешкі жүндерінің түрлері
Былғары шикізатының негізгі түрлері
Былғары-тері шикізаттар микробиологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz