Сыныптан және мектептен тыс музыкалық тәрбие жұмысының мақсаттары, түрлері және ұйымдастырылуы


Slide 1

Білім және ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті СРО Пән:Музыкалық білім беру әдістемесі Тақырып:Сыныптан, мектептен тыс музыкалық тәрбие жұмысы Топ:П-301 Орындаған:Бейсенгазыев Медет Тексерген: Султанова Н. К Семей қаласы. 2015 жыл

Slide 2

Сыныптан, мектептен тыс музыкалық тәрбие жұмысы

Сыныптан, мектептен тыс музыкалық тәрбие жұмысы оқушыларды қоғамдық мәні бар музыкалық іс-әрекеттерге белсенділікпен қатыстыру, бастамашылдық пен өз беттілікке ынталандыру, жеке тұлғалық музыкалық қызығушылығын арттыру негізінде музыкалық бейімділіктері мен қабілеттерін дамыту міндеттерін жүзеге асыруды көздейді.

Сыныптан, мектептен тыс музыкалық тәрбие жұмысы, мектептегі оқу-тәрбие іс-әрекетінің табиғи жалғасы әрі маңызды элементтерінің бірі ретінде, музыка сабақтарында алған білім, іскерлік, дағдыларын әрі қарай тереңдетіп жалғастырушы болып табылады. Бұндай тәрбие жұмысы оқушыларға білім мен тәрбие берудің жалпы принциптеріне бағынады. Оған бірнеше ерекшеліктер тән.

Slide 3

Біріншіден, сыныптан, мектептен тыс түрлі музыкалық әрекет баланың музыка сабағына ашыла бермейтін жеке-дара музыкалық қабілетін ашуға ықпал етеді. Екіншіден, балалардың ұжым болып әрекет етуге деген талпыныстарын қанағаттандырып, ұжымдық-орындаушылыққа, ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға үйретеді.

Slide 4

Үшіншіден, сыныптан, мектептен тыс музыкалық тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде уақытқа қатаң шектеу болмайды. Бұл баланың өз ынта-жігеріне қалауына, еркіне сәйкес ұйымдастырылатын әрекеті. Төртіншіден, сыныптан, мектептен тыс музыкалық тәрбие жұмысының түрімен айналысу баланың әлеуметтік-музыкалық тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оны музыка өнерінің таңдаулы үлгілерімен кеңірек таныстырып, қажетті музыкалық практикалық іскерлігі мен дағдыларын қалыптастырады. Бесіншіден, балалардың сыныптан, мектептен тыс музыкалық тәрбие жұмыстарымен шұғылдануы олардың өз беттілігін, бастамашылдығын белсендіреді, тұрақты қызығушылығы қалыптасып, өз бетінше шығармашылықты тапсырмаларды нәтижелі орындауын қамтамасыз ете алады.

Slide 5

Сыныптан, мектептен тыс музыкалық тәрбие жұмыстарын негізгі үш топқа бөліп топтастыруға болады: - оқушылармен жеке жұмыс; - түрлі үйірмелердегі, клубтар мен қоғамдардағы, шығармашылық бірлестіктердегі топпен жұмыс; - балалардың үлкен ұжымдарға қатыстыратын көпшілік іс-шаралары.

Slide 6

Оқушылармен жеке жұмыс жеке дауыста ән салу немесе музыкалық аспаптарда: домбыра, қобыз, сырнай, фортепиано, скрипка, гитара және т. б. ойнап үйрену және т. б. әуесқойлық қызығушылығын қанағаттандыру мақсатында музыкант-педагогтердің, музыка мамандарының жетекшілігімен ұйымдастырылады. Осындай жеке жұмыс балалардың болашақта топтық жұмысқа таратылуының алғашқы сатысы болып табылады.

Slide 7

Топтық музыкалық тәрбие жұмысының түрлері көп: хор үйірмесі, музыкалық аспаптық ансамбльдер, оркестрлер, балалардың музыка театры, балалардың музыкалық филармониясы және т. б. Оларды музыкалық іс-әрекеттің, балалардың жас мөлшерінің, музыканың жанрлық ерекшеліктеріне қарай топтастыруға болады. Мәселен, хор үйірмесін балалардың жас және жыныс ерекшеліктеріне қарай балдырғандар хоры (1-4 сыныптар), жеткіншектер хоры (5-8 сыныптар) ; аралас хор, ер балалар хоры деп бөлуге болады. Осы ретте жалпы мектеп хорын ұйымдастырудың да маңызы зор.

Slide 8

Ансамбльдер - балалар ансамблі, халық аспаптар ансамблі, фольклорлық ансамбльдер, вокаллды-аспаптық ансамбльдер, музыкалық аспаптардың түріне қарай сырнайшылар, ішекті аспаптар, үрмелі аспаптар және т. б. болып бөлінеді. Музыкалық көпшілік іс-шаралар түрлеріне: музыкалық-тақырыптық ертеңгіліктер, кештер, кездесулер, музыкалық мейрамдар, апталықтар, конкурстар, байқаулар, концерттер, дискотекалар және т. б. жатады.

Slide 9

Сыныптан, мектептен тыс музыкалық тәрбие жұмысы музыка пәні мұғалімінің жетекшілігімен ұйымдастырылады. Оны жоспарлап ұйымдастыруда мұғалім балалардың жас және жеке-дара ерекшеліктерін, музыкалық қабілет, нышандарының даму деңгейлерін есепке алып, жергілікті жердегі балалардың шығармашылық орталықтарымен, филармониямен, театрлармен, музыкалық қоғамдармен және басқа да музыкалық тәрбие беретін қоғамдық инфроқұрылымдармен, ата-аналармен біріккен жұмыстарды ұйымдастырады. Сонымен бірге музыка пәні мұғалімі оқушылардың сыныптан, мектептен тыс тәрбие жұмысының нәтижелерін қорытындылап отырғаны дұрыс. Ол үшін балалардың музыкалық іс-әрекеттері түсірілген бейнежазбаларды, үздіксіз басылым беттеріндегі материалдарды, мақтау қағаздары мен дипломдарының көшірмесін жинастырып, фотоальбом, қабырға газетін, көрме ұйымдастыруына болады.


Ұқсас жұмыстар
Сыныптан және мектептен тыс музыкалық тәрбие жұмысының әдістемесі: хордағы ән айту мен көпшілік іс-шараларын ұйымдастыру
Сыныптан және мектептен тыс музыкалық тәрбие жұмыстары: ұйымдастыру мен өткізу әдістемесі
Сыныптан тыс және мектептен тыс экологиялық тәрбие: ұйымдастыру ерекшеліктері мен міндеттері
Оқушылардың сыныптан тыс музыкалық тәрбие жұмысын ұйымдастыру және өткізу әдістемесі
Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының ұйымдастырылуы және тәрбиелік маңыздылығы
Мектептегі сыныптан тыс музыкалық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі
Мектептен тыс тәрбие жұмыстары: мазмұны, міндеттері және ұйымдастыру формалары
Дүниетану мен жаратылыстану пәнінде сыныптан тыс және сабақтан тыс жұмыстар: мақсаттары, түрлері, әдістері
Әдебиеттен сыныптан тыс оқытуды ұйымдастыру: мақсаттары, түрлері және әдіс-тәсілдері
Мектептен тыс мекемелер: ұйымдастыру, мазмұны және қызмет бағыттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz