Мұхтар Әуезов, оның қазақ әдебиетіндегі орны және фольклортану мәселелері


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Филология факультеті

Семей қаласы, 2015 жыл

Тақырыбы:

Мұхтар Әуезов және фольклортану

мәселелері

Slide 2 Slide 3

Жоспар:

Мұхтар Әуезов және оның қазақ әдебиетіндегі орны .

М. Әуезов және фольклортану мәселелері.

Жазушының фольклорлық мұралары .

Қорытынды.

Slide 4

Қазақ әдебиетінің классигі, атақты шығыс зерттеушісі, академик М. О. Әуезовтің - біздің заманымыздың шоқтығы биік, ең білікті деген түрколгтар қатарынан орын алатын, қазақ халқының тілі мен әдебиетінің өсіп-өркендеуіне арналған энциклопедиялық еңбектері - зор жетістігіміз. М. Әуезовтің қазақ әдебиеті мен тарихындағы алар орнын оның әдебиеттану ғылымына сіңірген еңбектерінсіз, атап айтқанда талант қыры жан-жақты ғалымның әдеби сын, теориялық тұжырымдарға толы ғылыми зерттеу еңбектерінсіз толық күйде сипаттап, талдап шығу мүмкін емес. Ол - қазақ әдебиеттану, фольклортану ғылымының негізін салушы ғалымдардың бірі. Әдебиетші ғалымның фольклор, әдебиет тарихы, әдебиеттер байланысы, абайтану мәселелері бойынша жазған еңбектері бір ғана қазақ әдебиеттану ғылымында емес, кешегі кеңес одағы көлемінде де аса жоғары бағаланып отырғаны тарихтан мәлім.

Slide 5

М. Әуезовтің әдебиеттану саласындағы еңбектері де сан алуан. Соның бір шоғыры ауыз әдебиеті мұраларына қатысты жазған ғылыми-зерттеу еңбектері. Ең алдымен фольклор ғылымының қыр-сырына жетік М. Әуезов қазақ халқының аса бай ауыз әдебиеті мұраларын ыждағаттылықпен жинап, баспасөз беттерінде жариялап, ғылыми тұрғыдан зерттеу саласында өлшеусіз еңбек етті. Осындай тұрғыдағы ұдайы ізденістер, ғұмыр бойғы жоғары оқу орындарының филология факультеттеріндегі ұзтаздық қызметтер, сабақ жүргізулер ғалымға ауыз әдебиетінің көптеген жанрлары туралы іргелі ғылыми жұмыстар жазуына, жүргізуіне мол мүмкіндер беріп отырды.

Slide 6

Қазақ әдебиетінде фольклор ұғымын А. Байтұрсынов «ауызша шығарған сөз», С. Сейфуллин «ауыз әдебиеті», «ел әдебиеті» деп атаса, М. Әуезов «ауызша әдебиет», «ел ақындығы» деп қолданды. Аталған қазақ халқының көрнектілері өз тұстарында осы ұғымдарды қолдану арқылы талай еңбектерді келешек ұрпаққа өшпес мұра қылып қалдырды.

Slide 7

Ауыз әдебиетін зерттеуді М. Әуезов шығармашылық өмірінің барлық кезеңінде жазушылық жұмысымен қатар алып жүрді десе де болғандай. Ғалымның 20-30 жылдардағы көптеген зерттеу мақалалары газет, журнал беттерінде үнемі жарияланып отырды. 1939 жылы Л. Соболевпен бірлесе отырып жазған «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры» деген көлемді еңбегі - ғалымның есімін Одақ көлеміне кеңінен мәшһүр етті. Бұл аталған еңбекте қазақ фольклорының барша жанрына ғылыми тұрғыдан сипаттама берілді.

Slide 8

Мұхтар Әуезов фольклортану мәселелерін өз шығармаларында қолдануын өзінің негізгі ерекшелігі деп түсіндіреді. Сол бағытта профессор Ә. Молдахановтың «М. Әуезов көркем шығармаларындағы фольклорлық дәстүрлер» атты зерттеген ғылыми еңбегі жарық көрді.

Slide 9

Мұхтар Әуезов басқаларға фольклорлық мұраларды жинаудың жолын көрсетіп қана қоймай, өзі де осы бағытта зор еңбек етті. М. Әуезовтің ел ішінен жинап бастырған фольклорлық мұралары жайлы еңбектерін тізіп атасақ, олар мыналар:

1924-25 жылдары өзі редактор болған Семей губерниялық атқару комитетінің тілі «Таң» журналында бастырған «Абайдың кейбір өсиет сөздері», «Бұқар жыраудың Керейге айтқан сөзі» Көкбай ақсақалдан, «Бұқар жырау сөздері» Көкбай ақсақал айтуынша, «Сыбан Сабырбай ақынның төреге айтқан сөзі», «Айтаңсықтың қоштасқаны», ақын айтуындағы «Қозы Көрпеш-Баяннан», «Жаман бақсының сарыны», Көкбай, Тұраш ақсақалдардың айтуынша, «Жаман сарт сарыны», «Сыбан Ақтайлақ би» Көкбай ақсақал айтуынша, «Абылай орыспен соғысамын дегенде Бұ­қар жыраудың айтқан бір толғауы», «Күдері қожаның Қарқаралы тауымен қоштасқаны», «Мәлике қатын мен Тоқтамыс би» нұсқалары.

Slide 10

1924 жылы жазда Жетісу губерния­сының Алматы, Жаркент өлкелерін аралап, сол экспедиция кезінде «Сары қыз бен Омарбектің айтысын» жазып алған.

1924 жылы Семейде керей Уәйіс ақыннан «Қозы Көрпеш - Баян сұлудың» Жанақ пен Бейсенбай ақындар жырлаған нұсқасын жазып алып, 1936 жылы кітап етіп бастырған.

1933 жылы Шымкент драма теа­трының артисі Отызбай Жұмабаевқа Кентау қаласындағы Дәнібек деген қариядан «Үміт қыздың өлімі» атты поэманы жаздырып алған.

1934 жылы маусымда Алматы облысы Іле ауданында тұратын Нұралин деген азамат «Бай мен кедей» айтысын Өмірзақ ақыннан жазып алып, М. Әуезовке жіберген.

Slide 11

1941 жылы маусымда Семейлік Садық Қасиманов ел арасынан «Байжұман» деген поэманы жазып алып, М. Әуезовке жіберген.

Осылайша М. Әуезов өзі және оның ұйымдастыруымен жиналған фоль­клор­лық мұраларды баспасөзде жариялату жұмысымен қатар айналысты. Мәселен, 1940 жылы С. Аманжолов құрастырған «Жұмбақтар» жинағына редак­торлық етті.

Қазақстан Ұлттық Ғылым акаде­миясының фольклор бөлімінде жиналған мұраларды сұрыптап, баспаға даярлау негізінде 1959 жылы «Қамбар батыр», 1961 жылы «Алпамыс батыр», «Қыз Жібекті» кітап етіп бастырды.

Қазақтың фольклорлық мұраларын орыс тіліне аударып, бастыруға еңбек сіңірді. 1940 жылы Москвада «Песни степей» атты қазақ әдебиеті антологиясы жинағының фольклорлық бөлімін М. Әуезов құрастырды.

Slide 12

1953 жылы Москвада Сидельников құ­растырған «Казахские народные сказки» жина­ғының редакциясын басқарды.

1958 жылы Фрунзеде қырғыз ғалымда­рымен бірге редакциялық ұжым мүшесі ретінде «Манас» эпосының ғылыми басылымын шығаруға қатысты.

1940 жылы қалмақ халқының эпосы «Жәңгірді» жеке кітап етіп шығарды.

Т. Ізтілеуовтің айтуымен жазып алынған «Рүстем батыр» эпосын 1961 жылы жеке кітап етіп шығарды.

Slide 13

М. Әуезовтің фольклор мұраларын ел ішінен жинау мәселесіне арналған «Халық әдебиеті туралы» деген мақаласы 1924 жылы Ташкентте шығатын саясат, шаруашылық, мәдениет, ғылым һәм техника саласындағы жетістіктер жазылып, жастарды өнер-білімге шақыратын «Жас қайрат» журналында жарияланды. Онда ол көмескiленiп, ұмытылып бара жатқан халықтың ауыз әдебиетi үлгiлерiн, халықтық мұраларды тез арада жинап, баспа орындарына беру жөнiнде өтiнiп, үлкен мәселе көтередi: «халық әдебиетi жиналып, жазылып қағаз бетiне түспесе, бiрден-бiрге ауызға тапсырылып жүргенде қайта жоғалып, өшпесе, өнбейдi» - дей келіп, - «менiңше, халық әдебиетiн жинауға қолайы бар адамдар оқыған шәкiрттер болуы керек. Шәкiрттер жаз елiне барған жақ­тарында халық әдебиетiн жинап, керектiсін тауып пайдаланатын, басылып, жарыққа шығарылатын, баспасөз майданына түсетiн жерге жеткiзуi керек. Әсiлi, ескi әдебиетiмiздi жинауға жас оқығандарымыз күш көрсетпесе, халық әдебиетiмен аз жылда ашық қоштасармыз» -деп тиiмдi жағын қа­растырып, дұрыс бағыт та көрсетедi.


Ұқсас жұмыстар
Мұхтар Әуезов
Мұхтар әуезов және фольклортану мәселелері
М. Әуезов өмірі мен шығармашылағының зерттелу тарихы Қазіргі әуезовтану ғылымының бағытбағдары, соңғы зерттеулер
Мұхтар Әуезов повестері
Абайтану ғылымында атқарған еңбектерімен таныстыру
Шығарманың соңында
Ілияс Жансүгіров лирикасының көркемдігі, сөз жасамы
Қайым және Шәкәрім
Қайым зерттеулеріндегі әдебиет және тарих мәселелері
Әуезов хаттарының тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz