М. Әуезовтің алғашқы мақалаларындағы қазақ халқының қоғамдық әлеуметтік өсу жолы


Slide 1

М. Әуезовтің алғашқы мақалаларындағы қазақ халқының қоғамдық әлеуметтік өсу жолы

Slide 2

Мұхтар Әуезов- қайта жаңару мен өрлеу ауқымындағы тұлға. Мұндай алып тұлғалар қоғамның рухани өмірінің көптеген салаларында жарқырап жарық жұлдыз кейпінде көрінеді. Олар, тұтас алғанда, бүкіләлемдік мәдениетке күшті ықпал жасайды. Қайта өрлеу дәуірінің биік міндеттері оларды әрі қоғам қайраткері, әрі жазушысы, әрі ғалымы, әрі ұстазы болуға ұмтылдырады. М. Әуезов - тұңғыш режисері әрі ұйымдастырушысы, ол-тұңғыш журналисттер мен прозашылар санында, тұңғыш әдебиеттанушы, абайтанушы, республика Ғылым академиясының толық мүшесі болған тұңғыш жазушы.

Қазан төңкерісі тұсында М. О. Әуезов 20-жаста болатын. Оның қоғамдық қызметімен мәдени шығармашылығы, ғылымға ден қоюы патша өкіметі құлап, еліміздегі сан алуан өзгерістер қолдау мен қарсылыққа бірдей ұшырап, теориялық та, практикалық та істер жедел ұғылып кете қоймаған аласапыран заманғи, қиын-қыстау кезеңге тап келді. Жазушының саяси әлеуметтік көзқарасының, дүниетанымының қалыптасуына еліміздегі жаңа қоғам құру барысыныдағы идеологиялық күрес, қолдан жасалған тап тартысы, мәдениет пен өнер, философия мен әдебиет және тағы басқа салалардағы дау-айтыстар, сыңаржақ түсініктер әсер етпей қойған жоқ.

Slide 3

Академик Әлкей Марғұланның деректеріне қарағанда, Мұхтар Әуезовтің қауым алдында, әдебиет жүзінде көріне бастауы 1917 жылдан басталады. Әсіресе оның атын көпшілікке әйгілі еткен сол кездегі «Абай» журналы болған. Журнал үйымдастырушысының бірі де, оның негізгі мақалаларын жазған да Әуезовтің өзі.

Журналдың әр санында шыққан М. Әуезов мақалаларының «Ғылым», Ғылым тілі», «Қазақ ішіндегі партия неден?», «Мәдениетке қай кәсіп жуық?», «Мәдениет һәм үлт», «Оқу ісі», «Философия жайынан», «Япония» т. б. болып аталуының өзі-ақ осы тұстағы жас Мұхтардың терең таным-талғамынан біраз мағлұмат беріп тұрғандай.

Slide 4

Айталық, «Қазақтың өзгеше мінездері» атты мақаласында автор халық тұрмысының өсу, даму жағдайларын қозғап, соған кесір келтіріп отырғанқазақ арасындағы «ұйымсыздық, күндестік, парақорлық, партия, әділетсіз билік, әйелдің халі» деген сияқты түрлі кемшіліктерді сынап, сол кемшіліктерден құтылудың жолын іздестіреді, жұртшылықты соған шақырады. Мінез түзеу дегенді М. уезов нағыз прогрессивті жолмен түсінген. Алғашқы мақаласында оған арнайы түсінік бермегенмен, келесілерінде: «Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, оны өскен орта, көрген үлгі, өнеге билейді», -деп ашып айтады. «Адамдық негізі-әйел» атты мақаласында да Әуезов осы мәселені әрі қарай жалғастырып, халық тұрмысының, яғни мінез құлқының өзгермей, өспей отыруының негізгі бір себебі-қазақ арасындағы әйел деген көзқарасқа тікелей байланысты деп біледі. Автор бұл мақалада әйелдің қоғам өмірінде атқарар рөлін ғылым жолыменпсихологиялық, педагогикалық, философиялық дәйектермен дәлелдей келіп: «Адам болып қалғың келсе, тағылымыңды, бесігіңді түзе! Оны түзеймін десең, әйелдің халін түзе», -қорытынды ойын айтады.

Ал, «Қайсысын қолданамыз?» және тақырыбы жағынан соның тікелей жалғасы болып саналатын «Ғылым тілі» сияқты мақалаларында М. Әуезов ғылыми терминология мәселесін сөз етеді. Халықты ағарту жолында, ғылымды тарату, дамыту үшін ғылыми терминнің бір қалыпқа, бір жүйеге түсуінің маңызы өте зор. Сол кездегі қазақ зиялыларының бір тобы Ресейдегі, не Қазақстанның өзіндегі орысша оқу орындарынан шықса, екінші бөлігі Қазан, Уфа қалаларындағы медреселерді бітірген. Міне, осы жайларды оқығандар арасындағы екі ұдайы алалықтан туар зиянды салдарды аңғарған М. Әуезов ғылыми термин мәселесін дер кезінде көтеріп, көпшілік талқысына ұсынады, бұл бағыттағы өз ізденістері мен мен ғылыми негіздегі шешімдерін баяндайды.

Slide 5

М. Әуезовтің «Қазақ ішіндегі партия неден?» (бұл жерде партия деген сөз жік мағынасында -Ә. Н. ) деген мақаласында ел ішіндегі алауыздылық, жікшілдік сияқты теріс әлеуметтік құбылыстың шығу төркініне жауап іздеу бар: «Әрбір халықтың өзгеден өзгеше халықтығында екі түрлі шарт бар. Оның бірі- сол халықтың кәсібі, екіншісі- жұрт тәртібі», - дей келіп, олардың қазақ даласындағы өзгеру, шығу тегінен хабардар етеді, осы жайлардың адам болмысы мен санасына, психологиялық қалпына, сол арқылы бүкіл көзқарасы мен салт-санасына қалай әсер ететіндіктеріне нақтырақ тоқталады, қоғамдық-әлеуметтік мәні бар тұжырымдар жасайды. Сондықтан жоғарыдағы екі шарттың екеуі де басынан аяғына дейін әлеуметтікәділеттілік тұрғысынан шешілуі керек. Өйткені, «Әділеттілік жоқ жерде ұрлық, жала, зорлық көбейеді, көптің азға күштінің әлсізге көз алартуы туады, бұлар ел ішіне жік салып, жұртты қоздырады. Бұған басшылардың жуандық құмар мінездері қосылады, оларды қоршаған жағымпаздар пайда болады, осыдан барып екінші партия (жік) шықпасына ешкім кепілдік бере алмайды. »

Slide 6

М. Әуезовтың ойынша, осы жікшілдікке қарсы қоятын үш түрлі құрал бар

Slide 7

«Мәдениетке қай кәсіп жуық?» атты мақаласында ол «осы күнгі адам баласы тұтынып жүрген кәсіптерді», оның ішінде, «ертеден адам баласының ұзын-ырға тарихымен қол ұстасып келе жатқандарын» саралап өтеді. Мұнда М. Әуезов халықтың мінез-құлқына, сана-сезіміне, жалпы тұрмыс-халіне «сыртқы өмірдің ыңғайы, отырған жерінің табиғат жағдайы және тұтынған кәсібі әсер етеді. », - деген зор дүниетанымдық мәні бар пікір ұсынады.

М. Әуезовтің «Абай » журналында жарияланған, көлемі жағынан шағын, бірақ оқырманға қоғам өміріндегі ғылымның алатын орны туралы терең мағлұмат беретін «Ғылым» атты мақаласының да орны ерекше. Бұл еңбегінде ғылымның дамуын адамзаттық даму жолдарымен диелектикалық байланыста алып қарап, ол жүйелі пікірлер айтады. Ол жалпы өмірджегі әлеуметтік, саяси және рухани процестерді, соның ішінде ғылымды да материалдық өмірдің өндіріс әдістері туғызатынын нақтылы ескерткен. Мақалада ағартушылық бағыт ұстанған жас Мұхтардың кейбір сыртқы тілегінен туған тұстары да бар. Бұл жердегі ескертетін бір жәй- адамның тілек-талабынсыз, бағдар-мақсатынсыз ғылым жолында өрге басу мүмкін емес екендігі.

Slide 8

М. Әуезовтің «Абай» журналының екі санында (№4, 5) жарияланған, жұртшылыққа Жапонияның екі ғасырлық даму жолынан нақтылы тарихи мәліметтер беретін келесі бір мақаласы «Япония» кең көлемде жазылған әлеуметтік бағыттағы очерк десе де болғандай. Мақалада сол кездегі Азиялық мемлекеттердің ішінде нарықтық дамудың біркелкі жоғары сатысынан орын алған Жапонияның саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани өсу жолдары тарихи тұрғыдан талданады. Оның кемшіліктерін ашық сынап, жетістігін үлгі етіп ұсынады. Мәселен, ол бұрынғы Жапон патшалықтарының батыл саяси өзгеріс жасаудағы жасқаншақтығын, жаңалықты тез қабылдауға деген енжарлық сияқты осал жақтарын сынай келіп, олардың жеме-жемге келгенде «өз халқының жетілуіне зияндары тигенін, оны тежегенін» тілге тиек етеді. Айлалы, азулы жауға өзінің ұстап келген қаруларындай қару ұстап, өзінің сүйенген тәртібіндей тәртіпке сүйенбесе басқа ылаж болмайтынында ескертеді.

Slide 9
Ұқсас жұмыстар
М. Әуезовтің алғашқы мақалаларындағы қазақ халқының қоғамдық-әлеуметтік өсу жолы туралы ақпарат
Мұхтар Әуезов - қазақ әдебиетінің классигі
Абай журналындағы еңбегі, 1924 жылғы
Шығарманың соңында
Абайды Абай еткен Мұхтар ғана, Мұхтарды Мұхтар еткен Абай дана, Қазақтың қос арысы, қос данасы. Қалайша бас имессің оған, сірә
Мұхтар Әуезов повестері
Мұхтар Әуезов
МУЗЫКА АСПАПТАР МУЗЕЙІ
Мұхтар Әуезов (1897-1961) шығармашылығы
БІЗ ҮШІН ӘУЕЗОВ – ЕКІНШІ АБАЙ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz