Педагогикалық (кәсіби) құзіреттілік
Презентация қосу
“Педагогикалық құзіреттілік”
Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі –
нәтижеге бағытталған білім беру негізі
Орындаған: Сағитова А.А.
Топ:П-227
Тексерген: Оралбекова Б.С.
“Құзыр”- ұғымы тұлғаның даму деңгейі немесе білім беру нәтижесі ретінде
қаратырылады. Ал құзыреттілік - құзыр ұғымының туындысы. Сондықтан
құзырды, құзыреттілікті білім сапасын бағалаудың негізгі критерийлерінің бірі деп
қарастыруымызға болады. Бұл жағдайда білімдер, іскерліктер, дағдылар сырт
қалмайды. Керісінше, олар жаңа сапалық мәнде, жаңа жағдайда бақыланады.
Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті
өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу
қабілеттілігін айтады.
Сонымен, оқытудағы құзыреттілік тәсіл білім беру нәтижесі ретіндегі оқыту
сапасын қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде кешенді әдіс-тәсілдерді ж үзеге
асыруды, оқыту сапасын бағалаудың біртұтас жүйесін құруды талап етеді.
Демек «құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдарын педагогикалық үдеріске
енгізу білім берудің мазмұны мен әдістерін өзгертуді, іс-әрекет түрлерін нақтылауды
талап етеді.
Құзіреттілік- ұғымы екі тұрғвыдан сипатталады: 1) нақты білімдері мен дағдылары
арқылы кейбір міндеттерді шешуге атсалыса алатын немесе мәселені өз бетінше шеше
алатын жеке тұлға мүмкіншіліктері; 2) танымдық және тәжірбиелік іс-әрекеттердің
теориялық тәсілдерін меңгеру дәрежесімен анықталған жеке тұлғаның білімділік
деңгейі.
Құзыреттілік мәселесі бойынша- А.Дорофеев, В.С.Кульневич, Г.Селевко,
Л.А.Петровская, Т.Е.Исаева, А.В.Хуторской, Н.В.Кузьмина, А.К.Маркова, В.Д.Шадриков,
Г.Ж.Менлибекова, Б.Т.Кенжебеков, Дж.Равен, С.И.Ферхо, Ю.Г.Татур, И.А.Зимняя,
В.Байденко, С.Е.Шишов, Ш.Таубаева, М.Ж.Жадринаның, Д.П.Мучкиннің,
А.Арғымбаеваның, К.Л.Кабдолова мен Г.У.Кунакованың, Р.Дәулетованың, В.Е.Гаибова
мен А.П.Чернявская, А.Б.Изделеуова еңбектерін талдау құзыреттілік ұғымының мәнін
нақтылауға мүмкіндік береді.
Өмірдің өзгермелі жағдайында құзыретті тұрғы білім берудің практикасы мен
теориясының дәстүрлі мақсаты ретінде алға шығады. Құзыретті болу мен
құзыретсіз болудың себептері бірдей, ол адамның жек тұлға ретіндегі жай-к үйі.
Мұның мағынасы педагог мамандар өз әрекеті мен орындаған жұмысы кәсіби іс-
әрекеттің белгіленген талаптарына жауап беретін және орындай алатын болса,
кәсіби құзыретті болып саналады.
Н.Г. Милорадованың айтуынша білім беру жүйесінде құзыреттілікті тудыратын
төрт негіз бар:
1. кәсіби-әдістемелік құзыреттілік,
2. іс-әрекет негізіндегі құзыреттілік,
3. әлеуметтік қарым-қатынас құзыреттілігі
4. жеке тұлға негізіндегі құзыреттіліктер.
Бұлар сыншыл ойлауды, рефлексияны, өз позициясын анықтау қабілеттілігін,
өздігінен бағалайтын ойдың дамуын және өмір бойы үйрену қабілеттілігін талап
ететіні анық.
Педагогикалық-психологиялық әдебиеттердегі ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда,
кәсіби шеберліктің қалыптасуы мен даму үрдісінде екі ұғым: құзыреттілік
(компетенттілік) және құзырет (компетенция) ұғымдары пайдаланып келеді. Яғни,
құзыреттілік ұғымына «Қазақ Совет Энциклопедиясының» орысша қазақша
сөздігінде «хабардар, жетік, терең білетін» деп, ал екіншісіне «хабардарлы қ, міндет,
қызмет бабы» деп анықтама берілген. Құзыреттілік түсінігі көп аспектілі жан-жақты
ұғымды білдіреді.
Ғалымдар құзыреттіліктің табиғатын түсіндіру мақсатында оны білім, білік ұғымдары
арқылы анықталатын тұлғаның жеке қасиеті (Н.Кузьмина, А.Маркова, К.Махмурян және
т.б.) немесе ерекше қабілеті (Д.Ж.Равен, Р.Уайт, Х.Хершген және т.б) деп түсіндіреді.
А.Ф.Присяжная педагогика ғылымында құзыреттілік - тұлғаның белгілі бір
сферадағы функциялары мен уәкілеттігін анықтайтын, оның интегративті қасиеті
ретінде қарастылатындығын айтады .
Жалпы алғанда, «құзыреттілік» ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова
«Құзыреттілік» ұғымы - соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның
субьектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым.
Құзыреттіліктің латын тілінен аудармасы «competens» белгілі сала
бойынша жан – жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да
бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» деп
көрсетеді.
Б.Тұрғынбаева: «…өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз
өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын – құзырлылықтар деп атаймыз» деп
анықтаса, Ресей ғалымы Н. Кузьминаның көзқарасы бойынша, «Құзырлылық
дегеніміз – педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен
абыройлылығы».
Ш.Таубаева: «Құзыреттілік–ол тұлғаның оқыту мен әлеуметтену процестері
барысында меңгерген білім мен тәжірибеге негізделген, оның жалпы қабілеті мен іс-
әрекетке даярлығы ретінде айқындалатын, тұлғаның кіріктірілген қасиеті» -деп
қарастырылады.
А.В.Баранниковтің айтуынша: «Құзыреттілік дегеніміз өз бетінше іске асырылатын
қабілеттілік, ол оқушының алған білімдеріне, өмірдегі тәжірибелеріне,
құндылықтарына негізделеді».
Дж. Равен: «құзыреттілік» терминіне жеке тұлғаның көп қасиеттерін топтайтын ұғым
деген анықтама береді.
Ғалымдардың пікірлерін басшылыққа ала отырып, «құзыреттілік» ұғымы–
студенттердің жеке тұлғалық психологиялық ерекшеліктеріне байланысты меңгерген
білімдерін, дағдылары мен біліктерін, танымдық және тәжірибелік іскерлігін өмірде
дұрыс қолдануы деген анықтама береді.
Аталған «құзыреттілік», «құзыр» ұғымдарының қолданыстағы білім, білік,
дағдыдан айырмасы бар. Олар:
білімнен айырмасы – қызмет жөніндегі ақпараттық сипатта емес, өнімді қызмет
формасы түрінде байқалады;
дағдыдан айырмасы – оқыған материалды топтастыра, құбылыстарды,
заңдылықтарды шығармашылықпен пайдалана отырып өзгерте алатын саналы
қызмет;
біліктіліктен айырмасы – бірнеше пән дағдыларын кіріктіру, жалпы қызмет
негіздерін сезіну.
Негізгі құзыреттіліктер түріндегі күтілетін нәтижелер:
студенттерді өз бетінше талдауға;
өз қызметіне мақсат қоюға;
жоспарлауға, жинақтауға;
қорытындылауға, салыстыра дәлелдеуге;
өзін-өзі бағалауға;
өз әрекетінің әлсіз және күшті жақтарын көрсете білуге;
нені меңгергенін, нені меңгермегенін анықтауға.
«Құзыреттілік» ұғымы - бүгінгі күні оқыту үрдісінде білімді
қолданудың ақырғы нәтижесі ретінде қарастырылуда.
Оқыту үрдісінде «құзыреттілік» ұғымы - студенттердің білімі мен
тәжірибесін, дағдылары мен біліктерін белгілі бір мәселені шешуде қолдануы
болып табылады.
«Құзыреттілік» терминін ХХ ғасырдың ортасында американдық
ғалым Н.Хомский енгізген болатын, бастапқыда ол ана тілінде нақты тілдік
қызметті орындау үшін қажет қабілеттіктер деген түсінік берді.
Құзыреттілік – студенттердің іс-әрекетін меңгеруден көрінетін білім
нәтижесі. Білім мазмұнын жаңалау – негізгі мақсат болып табылады.
Басты мақсаттың бірі – білім игеру кезінде күтілетін нәтижеге қол
жеткізу.
Негізгі бағыт оқытушы жеке тұлғаға ауысады, яғни, жеке тұлға бұрын
білімді қабылдаушы рөлін атқарса, ал жаңа талап бойынша өздігінен білім
алушы, үйренуші ретінде танылады. Сондықтан жеке тұлғаның бейнесін
бүгінгі заман талабына сай дайындау.
Кәсіби құзырлылық- мұғалімнің біліктілігін арттыру, қоғам алдындағы жауапкершілікті
сезіну, жоғарғы деңгейге үнемі ұмтылу мен үнемі ізденіс, жаңашылдығы мен жаңалықты
қабылдай білуі мен қолдана білу, адами құндылықтарға сай бола отырып, сол
құндылықтарды балаға сіңіре білу.
Әрбір мұғалімнің кәсіби дайындық сапасына қойылатын талап немесе кәсіби теориялық
білімі мен практикалық біліктілігі –құзыреттілік пен кәсіби шеберлігінің сапасы ретінде
қаралады.
Құзыреттілікті нәтижеге бағытталған білім беру жүйесінің сапалық критериі ретінде қарау,
зерттеу, бүгінгі күн талабы.
Әр ұстаз оқытудың жаңа технологиясындағы тиімді пайдаланылған әдістердің бәрі бала
дамуына қарай бағытталатындығын ескеруі керек. Әлемдік тәжірибеде бар электронды оқу
құралдарын пайдалану шеңберін ұлғайту.
Мектептің тәжірибесін зерттеп қорыту, тарату.
Мектепішілік бақылау – басшылық жұмыстарын жандандыру, себебі бұл оқушының білім
сапасының деңгейін анықтап, ұстаздың жеке жауапкершілігін көтереді.
Мектептің материалдық базасын нығайту.
Мемлекеттік тілде жазылған әдістемелік құралдарды шығару.
Ұсынылған әдебиеттер:
1. Махмутов И.М. «Проблемное обучение», М.Педагогика. – 1975.
2.Б.А.Тұрғынбаева. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру
жағдайында дамыту: теория және тәжірибе. Aлматы. – 2005.
3. К.Құдайбергенова. Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерийі. 2008.
4. Ж.А.Жүсіпова. Педагогикалық шеберлік. Алматы, 2011
5. Байжуманова Н. С. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі // Білім әлемінде. - 2008. - № 5.
- С. 33-36.
6.Нұрғазиева Н. М. Шығармашылық әрекеттегі мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің
аспектілері // Бастауыш мектеп. - 2010. - №11. - С. 58-60
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz