Тері топографиясы, құрылымы және химиялық құрамы


Slide 1

Тері топографиясы құрылысы және химиялық құрамы.

Slide 2

Тері.

Тері топографиясы.

Терінің химиялық құрамы.

Жоспар:

Slide 3

Тері - жануарлар денесінің сыртқы қабаты. Ол ағзаны сыртқы орта әсерінен қорғайды және сонымен қатар зат алмасу, сыртқа шығару, жылу реттеу процесіне қатысады.

Slide 4

Тері түкті, жүнді жабыннан, эпидермистен (қыртыс), дерма (өзең) мен теріасты жасушадан (шел) тұрады. Былғары шығару үшін тері өзеңі, ал үлбір және тон үшін өзеңге қоса қыртыс пен түкті жабын пайдаланылады.

Slide 5 Slide 6 Slide 7

Өзең коллаген, эластин және ретикул талшықтарының өрілуінен пайда болады.

Slide 8 Slide 9

Өзең екі негізгі қабаттарға бөлінеді: емізікше және торлы.

Емізікше қабат өзеңнің жоғарғы бөлігінде орналасқан. Көбінесе, малдардың осы жерінде жүн тамыры бекиді. Осыған тер мен май бездері кіреді. Бұнда коллаген талшықтары жұқалау. Олар түк қалташығына қарсы бағытталған.

Торлы қабат - өзеңнің төменгі қабаты. Ол былғары мен теріден өнделген барлық терінің беріктігін анықтайды. Ол біркелкі коллаген талшықтарының өрілімдерінен тұрады. Біз осы қабаттың иілгіш, жұқа болуын қадағалаймыз. Қабат жұқалығы малдың жай-күйін анықтайды, күту жағдайына, сою уақытына, малдың түріне байланысты құбылады. Талшықтардың өрілу топтары терінің қай жерінде орналасуына байланысты сипатталады.

Slide 10

Терінің топографиялық бөліктері:

а -мүйізді ірі малдын терісі;

б-жылқы терісі, штрихпен белгіленген ең қалың тығыз жері жая -"шпигель";

в -тиін терісі.

Slide 11

Терінің топографиялық құрылысы негізінде мех өндірісіндегі қалдықтарды болдырмау үшін, көбінесе ірі емес мамықтық мал терілерін қолданады. Ал тері өндірісінде шошқа, жылқы, ірі қара мал терілерімен байланысты. Олардың топографиясы біршама өзгеше.

Ірі қара мал және жылқы терісінің топографиясы.

Slide 12

Шошқа терісінің топографиясы

Slide 13

Ірі қара мал терісі келесі бөліктерде талданады.

Slide 14

Жылқы терісін екіге бөлуге болады: алдыңғы және сауыр терісі. Орны бойынша ірі қара мал терісіндей жонарқаның орнына алдыңғы бөлігі орналасқан. Бірақ ол борпылдақ құрылысымен ерекшеленеді.

Жылқының сауыр терісі - жылқы терісінің артқы бөлігі, артқы аяқтарымен бірге кесіліп алынған жылқының сауырын жауып тұратын тері.

Шошқа терісінің топографиясы өзгеше. Теріні ортаңғы бөлігінде жонарқа және мойын терісі бар. Оны бөксе деп атайды. Қалған бөліктері бөксенің бүйірінде орналасқан, оны қол терісі деп атайды. Оларды аяқ киімнің жоғарға жағына және қайыс белдіктер дайындауда қолданады.

Slide 15

Терінің химиялық құрамы

Slide 16

Ақуыз. Былғары өндірісі үшін маңызды роль атқаратын терінің негізгі элементі. Тері жанғанда ақуызда жанады. Өзіне тән иіс бөледі. Терінің құрамында әртүрлі ақуыздың көптеген мөлшері бар. Олардың ішіндегі маңыздысы: коллаген, эластин, кератин.

Slide 17

Су. Су терінің көп бөлігін құрайды. Мал денесінен сыпырылған жас тері яғни консервленбеген тері салмағының 65-70 % су құрайды. Терідегі судың мөлшері жынысына, жасына және түріне байланысты әр түрлі болады. Мысалы, сиыр терісіне қарағанда өгіз терісінде су көбірек, ал бұзау терісіне қарағанда сиыр терісінде су көбірек.

Минералды тұздар. Малдың денесінен жаңа сыпырылған теріде минералды тұздың мөлшері шамамен -1-1, 5%. Эпидермисте минералды тұздар көбірек шамамен 2%. Тері асты клетчаткасында аз шамамен 0, 5%.

Май. Терідегі майдың мөлшері малдың түріне, жасына, жынысына және қоректік заттардың жиналу деңгейіне байланысты. Әсіресе шошқа және қой терілерінде май мөлшері көп 30%.

Slide 18

Мехтік теріден өнделген тері тіні төмендегідей негізгі талаптарға сай келуі керек:

Slide 19

Қолданылған әдебиеттер:

Әсенова Б. Қ. Былғары және мех технологиясы: оқу құралы / А. Н. Нұрымхан, А. Н. Нұрғазезова. - Семей, 2008.

Мәдиев Ө. Қ. Былғары және тері технологиясы: оқулық / Айтөленова Қ. Т. - Алматы, 2010.

Slide 20

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Тері топографиясы, құрылысы және химиялық құрамы
Мал терісінің топографиясы, құрылымы және химиялық құрамы
Жануар терісінің топографиясы, құрылысы және химиялық құрамы
Былғары шикізаты: терінің топографиясы, химиялық құрамы, консервілеу және ақаулар
Мал терісінің топографиясы, құрылысы және химиялық құрамы: әсер ететін факторлар мен теріні консервілеу және сақтау әдістері
Мал терісінің топографиясы, құрылысы және химиялық құрамы: әсер ететін факторлар, консервілеу және сақтау әдістері
Аң шаруашылығы өнімдері: тері мен еттің морфологиясы, химиялық құрамы және өңдеу технологиясы
Атмосфера: химиялық құрамы, құрылымы және қабаттары
Консервіленген мал терілерін жібіту: физико-химиялық негіздері, топографиясы және технологиялық параметрлері
Рибосома: құрылымы, химиялық құрамы және ақуыз синтезіндегі қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz