Компьютерлік вирустар.Антивирустық программалар


Slide 1

Семей қаласындағы

Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Тексерген: Мейрамбек А. М

Орындаған: Ежебекова Н. Қ

Тобы: ТЖ-505

ОӨЖ

Тақырыбы:Компьютерлік вирустар. Антивирустық программалар.

Slide 2

Жоспары:

Вирустар

Вирустің түрлері

Антивирустік программалар туралы түсінік

Антивирус түрлері

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Компьютерлік вирус - кішкентай көлемді, мақсаты өзін өзі көбейту болып табылатын және өзінің көшірмелерін компьютерлік программаларға ендіре алатын, арнайы құрылған программа. Вирустардың негізгі мақсаты компьютерді басқаруды өзіне алу және компьютерді қалыпты жұмыс істеу қабілетінен айыру.

Slide 4

Вирус әртүрлі деструктивті әрекеттер: өте қарапайым әсерлерден (мысалы, музыка ойнату) қолданушы үшін өте зардапты әсерлерге (дисктегі деректерді өшіру және компьютердің жұмыс істеу қабілеттілігін бүлдіруге дейінгі) - жүргізе алады.

Вирустың өзінің көшірмесін басқа программаларға ендіру процессін жұқтыру деп атаса, вирусы бар объектіні - жұқтырған немесе вирусталған деп айтады.

Slide 5

Вирустардың байқалуы бірнеше түрлі болады. Олар

компьютер жұмыс істеу жылдамдығының күрт азайуы;

экран бетінде бөтен ақпараттардың пайда болуы;

әртүрлі видеоэффектілердің пайда болуы;

дисктегі барлық файлдық жүйелердің бұзылуы;

операциялық жүйенің қатты дискті таба алмауы (көрмеуі) ;

кейбір файлдардың ұзындықтарының (көлемінің) өз бетімен өзгеруі;

компьютер жұмысқа жүктелмейді.

Slide 6

Вирустардың көптеген түрлері вирусталған бағдарламаларды жұмысқа қосқан соң компьютер жадысында резидентті түрде сақталады. Бұл жағдайда вирус, компьютерді қайта өшіргенге дейін басқа программаларға ене береді де, компьютерде әрүрлі зыянды әрекеттер жүргізеді.

Өзінің активтілігін компьютерді қайта қосқан соң сақтауға тырысатын вирустар бар. Кейінгі кезде компьютер өшірілген соң да жойылып кетпей, компьютерді қайта қосқанда активтенетін вирустар құрылып таратылған.

Slide 7 Slide 8

Антивирустік программалар-

Жұмысы файлдағы деректерге арналған әр түрлі бақылаулы қосындыларды есте сақтауға негізделген программалар;

Резиденттік программалар, олар вирусты программаны немесе операциялық жүйені (ОЖ) зақымдау кезінде табады;

Файлдарда вирустардың барын олар зақымдағаннан кейін анықтайтын программалар

Slide 9

Компьютерлік вирустарды айқындау, жою және олардан қорғану үшін антивирустық бағдарламалар деп аталатын арнайы бағдарламалардың бірнеше түрлері жасалған.

Антивирустық бағдарламаларждың мынандай түрлерін айырады:

детектор;

доктор немесе фаг;

ревизор;

сүзгі немесе күзетші;

вакцина немесе имимунизатор.

Slide 10

Бағдарлама детекторлар жедел жады мен файлдарда белгілі вирусқа сай келетін байттар тізбегін (вирус сигнатурасын) іздесіреді, тапқан жағдайда мәлімет береді. Мұндай бағдарламалардың кемшілігі олардың құрушыларға белгілі вирустарды ғана таба алуы.

2. Бағдарлама докторлар немесе фагтар және бағдарлама вакциналар вирусталған файлдарды тауып қана қоймайды, солнымен бірге оларды “емдейді”, яғни файл құрамынан вирустың денесін жояды, сөйтіп файлды бастапқы қалпына келтіреді. Олар өз жұмысын вирусты жедел жадыда іздеуден бастап, оларды жойған соң, файлдарды емдеуге кіріседі. Фагтардың ішінде полифагтар бар. Олар вирустардың көптеген түрлерін іздестіруге және жоюға арналған.

Үнемі вирустардың жаңа түрлері пайда болатындықтан, бағдарлама детекторлар мен бағдарлама докторлар жылдам ескіріп қалады, сондықтан олардың болжамаларын үнемі жаңартып отыру керек.

Slide 11

Бағдарлама ревизорлар вирустардан қорғанудың ең сенімді құралы болып табылады. Ревизорлар бағдарламалардың, тізімшелердің және дисктің жүйелік аумағының вирусталмаған кезіндегі бастапқы жағдайларын есте сақтап, онымен периодты түрде немесе қолданушының талабы бойынша ағымды жағдайды салыстырып отырады. Табылған өзгерістер жөнінде мәлімет экран бетіне шығарылады. Жағдайларды салыстыру амалдық жүйе ( жүргізіледі. Салыстыру кезінде файл ұзындығы, оралымдық бақылау коды (файлдың бақылаулық қосындысы), түрлендіру (құрылған) күні мен уақыты және басқа сипаттамалары. Бағдарлама ревизорлар жеткілікті дамыған алгоритмді, сондықтан олар стелс вирустарды таба алады және бағдарламаны түрлендіру кезіндегі өзгерістерін вирустан болған өзгерістен айыра алады.

Ревизор бағдарламалар өте пайдалы, себебі олар вирустың пайда болуын ерте және әлі көбеймей тұрған кезеңдерінде анықтайды. Бірақ олар вирустан файлдар мен дисктерді “емдей” алмайды. Вирустарды жою үшін басқа бағдарламаларды, мысалы фагтарды, қолдану керек.

4. Бағдарлама сүзгілер (фильтр) немесе “күзетші” кішірек резидентті бағдарламалар. Олар компьютердің жұмысында вирустарға тән күдікті әрекеттердің пайда болуын анықтау үшін қолданылады.

Slide 12

Вакциналар немесе иммунизаторлар - файлды вирустанудан сақтандаратын резидентті бағдарлама. Олар вирустардан “емдеуші” бағдарлама-докторлар жоқ болғанда қолданылады. Вакцинацияны тек қана белгілі вирусқа қарсы қолдануға болады. Вакцинация бағдарламаны немесе дискті көрінісін жұмысқа әсер етпейтіндей етіп өзгертеді, ал вирустар оны вирусталған деп ұйғарып оған енбейді. Кәзіргі кезеңде бағдарлама-вакциналар өте сирек қолданылады

Slide 13

Антивирус Dr. Web Доктор Веб - белгілі және әйгілі антивирустық бағдарламалардың бірі болып табылады. Белгісіз вирустарды анықтау ықтималдылығын жоғары дәрежеге жеткізетін эвристический талдағышы (анализатор) бар. Бағдарлама Интернеттен автоматты түрде вирустар деректері қорын жүктеуге және бағдарламаның өзін автоматты түрде жаңартуға мүмкіндік береді. Осылардың нәтижесінде жаңа вирустардың пайда болуын жедел сезінеді.

Slide 14

Антивирус NOD32 Өте жылдам жұмыс істейтін антивирустық бағдарлама. Вирустық және “шпиондық” бағдарламаларджың барлық тнрлерінен қорғай алады. NOD32 компьютерді қорғау құралдарының кәзіргі кезеңге сай мүмкіндіктерінің барлығымен жабдықталған, тіпті көптеген белгілі антивирустық бағдарламалардан маңызды сипаттамалар бойынша артып түседі. Полиморфты вирустарды табу үшін виртуальді эмуляторы бар.

Slide 15
Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік вирустар - антивирустық программалар туралы ақпарат
Компьютерлік және биологиялық вирустар
Компьютерлік вирустар туралы ақпарат
Компьютерлік вирустардан қорғау туралы
Компьютерлік вирустар жайлы ақпарат
Компьютерлік вирустар және антивирустар
Вирустар және антивирустар
Архиваторлар және антивирустық бағдарламалар
Компьютерлік вирустар. Антивирустық программалар жайлы
Компьютерлік вирустар және олардың түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz