Педагогтың кәсіби өзін–өзі тану және өзіндік дамуы


Slide 1

Педагогтың кәсіби өзін-өзі тану және өзіндік дамуы.

Slide 2 Slide 3

Педагог тұлғасының құрылымындағы маңызды компоненттер:

Кәсіби-педагогикалық бағыттылық;

Кәсіби белсенділік;

Кәсіби білімдері мен іскерліктері;

Кәсіби педагогикалық қабілеттері, есі, ойлауы және қиялы;

Өзін-өзі кәсіби ұғынуы.

Slide 4

Егер педагог өзінің жалпы педа-гогикалық біліміндегі, өзі оқытатын ғылым негізі бойынша біліміндегі кемшілік тұстарын байқамаса, өз педагогикалық құралының жеткіліксіздігін көрмесе, оның кәсіби өзін-өзі жетілдіруі мен өзін-өзі тәрбиелеуі тіптен мүмкін емес деп айтуға болады. Өзін-өзі кәсіби жетілдіру мен дамытуға кіріспес бұрын, педагог өз іс-әрекетінің қандай да бір өткен кезеңіне талдау қорытындыларын жасап отыруы керек. Сонымен қатар өз іс-әрекетін жақсартуға байланысты жасалған қызметтес адамдардың нұсқауларын ескеруі қажет. Кәсіби іс-әрекетінде нақты жетістіктерге жете білген педагогтардың тәжірибесіне сүйенсек, кәсіби өзін-өзі жетілдіруді өзінің педагогикалық іс-әрекетіндегі жетістіктер мен кемшіліктердің себеп-салдарларын терең талдаудан бастау қажет екендігіне көзіміз жетеді. Өз әрекетінің үрдісі мен нәтижелерін талдай отырып, оқытушы рефлексия жасайды. Рефлексия (лат. сөзінен аударғанда reflexio - өткенге сүйену) - толғану, өз-өзін байқау, өзін-өзі тану. Кәсіби сана-сезім өзін-өзі тану негізінде қалыптасады. Осының нәтижесінде педагог білім беру үрдісінің заңдылықтарын түсініп, педагогикалық шеберлікке бір адым болса да жақындай түседі.

Slide 5

Өзін-өзі білімдендіру кәсіби өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі тәрбиелеудің жетекші компоненті болып табылады. Өзін-өзі білімдендіру дегеніміз педагогтың педагогикалық үрдісті жетілдіру үшін қажетті жалпы адамзаттық тәжірибені, әдістемелік және арнайы білімді, кәсіби біліктілік пен дағдыны меңгеруге байланысты мақсатты жүзеге асырылатын танымдық әрекеті. Өзін-өзі білімдендіру - оқытушының маман ретінде өсуінің негізі.

Slide 6 Slide 7

Өзін- өзі жетілдіру - әр мамандықтың шығармашылық және жауапкершілігі жоғары тұлғаны талап етеді:

Жаңа технологияларды, әдістерді, оқыту тәсілдерін үйрену және еңгізу;

Тәжірибе алмасу барысында мамандардың сабақтарына қатысу

Кәсіби жұмыстың бағытына талдау жасау

Психология және педагогика аумақтарында өз білімін жетілдіру

Материалдық жағдай жақсарту. Оқытушының санаты, аттестациялық комиссияның пікірі, үстеме төлем, сонымен қатар үкіметтік мақтау қағаздар- мұның бәрі оқытушының шеберлігімен біліктілігіне байланысты.

Slide 8

Психологтер де, педагогтер де адамның рухани интеллектуалдық, кәсіби шығармашылықпен өзін-өзі дамытуы өмірінің әр кезеңінде әр қалай деп көрсетеді. Мысалы, ұлы педагогтер А. Дистерверг, К. Ушинский А. Макаренко, В. Сухомлинский, т. б мұғалімдік еңбекті адамтану ғылымы, адамның жан дүниесі, рухани әлеміне бойлай алу өнері дей отырып, педагогикалық шеберліктің дамуына зор үлес қосқан. Осы тұрғыдан алып қарағанда педагогикалық шеберлік- кәсіби әрекетті жоғары деңгейге көтеретін мұғалімнің жеке қасиеттерінің, оның білімі мен білігінің жүйесі. Осы мәселені терең зерттеген А. Маркова мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің төмендегідей психологиялық критерийлерін анықтаған.

Slide 9

Ең бірінші кезекте мұғалімнің « өзіндік жаңалығы» болуы қажет. Ғылым жаңалығын түрлендіруде өз үлесін қосу арқылы жасаған нәтижелі жұмысы өзгелердің тәжірибесін толық көшірмей, жаңа ортаға икемдеп, өзіндік іс- әрекет жиынтығы арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу керек. Қазіргі кәсіптік- педагогикалық қызмет қандай мұғалімді талап етеді. Мұғалім - оқушылардың жеке тұлғасын дамытуға басымдық беретін, күрделі әлеуметтік-мәдени жағдайларда еркін бағдарлай алатын, шығармашылық процестерді басқара алатын, адам туралы ғылымның жетістіктерін, оның даму заңдылықтарын, компьютерлік оқыту өнерін терең меңгерген жан- жақты дамыған шығармашыл тұлғаны талап етеді.

Slide 10

Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады. К. Д . Ушинский

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
«Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы мен өзіндік дамуы»
Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы мен өзіндік дамуы жайында
Педагогтың кәсіби өзін-өзі дамытуы
Педагогтың кәсіби өзін-өзі тану және өзіндік дамуы туралы ақпарат
Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы мен өзіндік дамуы жайлы
Педагогтың кәсіби өзін- өзі тануы және өзіндік дамуы
Кәсіби белсенділік
ПЕДАГОГТЫҢ ӨЗІН - ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН КӘСІБИ ДАМУЫ
Педагогтың кәсіби өзін өзі тануы мен дамуы
Педагогикалық қолдаудың жалпы түсінігі мен шеберлігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz