Жер геосфералары, олардың негізгі қасиеттері. Глобальдық экологиялық өзгерістердің бағытын анықтаушы әлеументтік- экономикалық процестер. Адам әрекетінің атмосфераға әсері, атмосфера күйінің өзгерістері және олардың салдарлары


Slide 1

Жер геосфералары, олардың негізгі қасиеттері. Глобальдық экологиялық өзгерістердің бағытын анықтаушы әлеументтік- экономикалық процестер. Адам әрекетінің атмосфераға әсері, атмосфера күйінің өзгерістері және олардың салдарлары.

Орындаған: Кусайнова Б. О

Тобы: БЖ 315

Slide 2

Жер геосфералары, олардың негізгі қасиеттері.

ГЕОСФЕРАЛАР (гео. . . және spїaіre - шар) - Жерді құрайтын, құрамы мен тығыздығы әр түрлі, концентрлік (шамамен сфералық) қабаттар. [1ар сыртқы және ішкі геосфералар болып бөлінеді. Сыртқы Геосфераға атмосфера, гидросфера, биосфера жатады.

Атмосфера - газ массасынан және ылғалдан тұратын жердің ауа қабаты.

Атмосфера массасының 90%-і төм., 16 км дейінгі қабатта шоғырланған.

Гидросфера - су қабаты, оның жоғ. шекарасы су алаптарының ашық беті арқылы өтеді. Төм. шекарасы тұрақсыз.

Гидросфераға әлем мұхитының, құрлық пен мұздардың суы және жерасты сулары кіреді.

Биосфера - жердің органик. өмір бар жоғарғы жағын құрайды. Ол гидросфераны, атмосфераның озон қабатынан төм. жағын және литосфераның жоғ. бөлігін қамтиды. Ішкі Геосфераға ядро, мантия және жер қыртысы жатады. Ядро - жердің орталық өзегін құрайтын өте тығыз қабат. Ол сыртқы сұйық және ішкі (орталық) субядродан тұрады. Жердің бетінен субядроға қарай қысым мен тығыздық өседі де, ауырлық күші кеми береді (субядро ішінде ауырлық күші 0-ге жуық) . Мантия - жер қыртысы мен ядро аралығында орналасқан ең үлкен аралық қабат. Оның массасы жер массасының 2/3-ін құрайды. Мантияның жоғарғы бөлігінде (мұхиттар астында 50 км, ол құрлықтарда 80-120 км тереңдікте) сейсмикалық толқындардың күрт баяулайтын астеносфера қабаты басталады. Оның тереңд. 250-400 км.

Жер қыртысы - жердің ең жоғ. қатты қабаты. Ол шөгінді, магмалық және метаморфтік тау жыныстарынан тұрады. Оның қалыңд. мұхиттар астында 5-10 км, құрлықтағы биік таулар астында 70-80 км, орташа қалыңд. 33 км. Жер қыртысы мен астеносфераға дейінгі қатты жоғ. мантия қабаты бірігіп, литосфера қабатын түзейді.

Геосфералар - өзара химиялық құрамы, агрегаттық жай-күйі және физикалық қасиеттері бойынша ерекшеленетін Жердің концентрлік, тұтас немесе үзілмелі қабығы. Жерді бетінен орталығына қарай: магнитосфера, атмосфера, гидросфера, литосфера, мантия және орталық бөлігі - ядросыдеп бөледі. Кейбір Геосфералар (мысалы, атмосфера) 2-қатардағы сфераларға бөлінеді.

Slide 3

Глобальдық экологиялық өзгерістердің бағытын анықтаушы әлеументтік- экономикалық процестер.

Экологиялық проблемаларды олардың көлеміне қарай классификациялау. Ғаламдық экологиялық проблемалар: климаттың өзгеруі, озон қабатының ыдырауы, қышқыл жаңбырлар, шөлейттену, биологиялық әралуандылықтың кемуі. Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің жұмыс қарқынының артуына байланысты пайда болған экологиялық проблемалар. Ауыл шаруашылығы зиянкестерінің улы химикаттарға төзімді формаларының пайда болуы. Атмосфераның, топырақтың, Әлемдік мұхиттың ғаламдық деңгейдегі ластануы. Кейбір қоршаған ортаны ластаушы заттардың тірі организмдерге әсері.

Өндірілетін ресурстардың тек 2-3% ғана пайдалы өнім ретінде қолданылады, ал қалғаны қалдықтар (бос жыныс, шлактар және т. б) . Адам қызметінің көңіл аударарлық нәтижесінде қоршаған ортаға оған тән емес, тірі ағзалар үшін бөтен (ксенобиотиктер) заттардың шығарылуы жатады. Табиғатта 2 мыңдай бейорганикалық және шамамен 2 млн. Органикалық қосылыстар бар. Адам қазір 8млн. - нан астам қосылыстарды синтездей алады. Жыл сайын олардың саны бірнеше мыңға артып отырады. Жер бетіндегі адам мекен етпейтін кеңістіктің болуы (құрлықтың жалпы ауданы 149 млн. км2 болса мұндай жерлердің үлесіне шамамен 48 млн. км2 тиеді)

Slide 4

Адам әрекетінің атмосфераға әсері, атмосфера күйінің өзгерістері және олардың салдарлары.

Адам баласы өзі пайда болған алғашқы кезде табиғатқа тәуелді болды. Табиғатқа табыну алғашқы қауымдық қоғамда басты орын алды. Бірте-бірте халық санының артуы, шаруашылық салаларының дамуы, өнеркәсіптің өркендеуі адамның табиғатқа ықпалын арттыра түсті. Орманды жерлердің өртелуі, кәсіптік мәні бар жануарлар санының азаюы (тіпті жойылуы) адамның ойланбай жасалған іс-әрекетінің нәтижесі. Бір кезде "табиғатты таусылмайтын қазына" деп есептеп, "табиғаттың бермесін тартып алу" деген теріс көзқарастардың әсерінен табиғат талан-таражға түсті. Табиғат заңдылықтарын ескермей жүргізген іс-әрекетімізден, табиғат тепе-теңдігі бұзылды. Бұл казіргі кезде адамның өз тіршілігіне де зор қауіп төндіріп отыр.

Әрбір халықтың табиғатқа деген қарым-қатынасы, жанашырлық сезімі тарихи дәуірлерде қалыптасады. Қазақ халқы ұлан байтақ даланы ғасырлар бойы мал шаруашылығына дұрыс пайдалана білді. Әрбір түліктің өзіне тән өрісін де тандай біліп, жазда жайлауға, қыста қыстауға, т. б. орын ауыстырып тұруы табиғатқа деген қамқорлығының құнды көрінісі. Халқымыз кең байтақ жайылымдарды жыл мезгілдеріне сай дұрыс әрі тиімді пайдалана білген. Халқымыздың асыл азаматы Міржақып Дулатұлы 1910 жылы жазған мақаласында төрт түлік малдың халық өміріндегі алатын орнын ерекше атап көрсеткен.

"Мал оның күнкөріс көзі. Оның барлық мүддесі мал төңірегінде, игілікті өмірге қолын жеткізетін иен дәулеті де осы мал байлығы. . . Табиғаттың кейбір заңдылығын бақыламай, білмей отыра алмайды", - деген ойлары өте орынды айтылған. Бір кезде халқымыздың көзінің карашығындай корғап келген жайылымдарының казіргі тағдыры мүлде сын көтермейді. 1954 жылы басталған тың және тыңайған жерлерді игеру деген жаңсақ ұранмен миллиондаған гектар жайылымдар босқа жыртылды. Ондай жерлерде алдын ала ғылыми зерттеулер жүргізілмеді және әрбір аймақтың жергілікті табиғи жағдайлары ескерілмеді.

Ғалымдардың деректері бойынша Қазакстанда 180 млн га мал жайылымының 30 млн га алқабы мал тұяғынан тозаңы шықты, 50 млн га жер су тапшылығынан жарамсыз күйге ұшырады. Бірнеше жылдың ішінде еліміздің солтүстік аймақтарындағы шұрайлы жерлер эрозияға (желдің әсерінен) ұшырап, не егін егуге, не мал жайылымына жарамай қалды. Мұндай мысалдарды Жер шарының басқа аймақтарынан да келтіруге болады. БҰҰ сарапшыларының мәліметі бойынша, Жер шарындағы құрлықтың 30% алқабы қазіргі кезде техногендік әсерден шөлді аймаққа айналған. Бұл көрсеткіш жыл сайын 6 млн г-ға өсіп отырғаны да белгілі.

Slide 5

Адам әрекетінің атмосфераға әсері, атмосфера күйінің өзгерістері және олардың салдарлары.

Өнеркәсіптің өркендеуіне байланысты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде жылына 100 млрд т-дан астам тау жыныстары қопарылады. Осы жер қойнауынан алынатын шикізаттың бар болғаны 10%-ы дайын заттар жасауға жұмсалады да, қалған 90%-ы жарамсыз қалдықтарға айналады.

Адамның ойланбай жасалған іс-әрекеттерінің әсерінен жануарлардың көптеген түрі жойылған. 1600 жылдан бастап қазіргі кезге дейін құстардың 162, сүтқоректілердің 100-ге жуық түрі біржола жойылып кеткен. Олардың көпшілігінің жойылуына тікелей адамдардың шектен тыс аулауы әсер еткен.


Ұқсас жұмыстар
Орман мониторингі
Жоғарғы атмосфераның антропогендік ластануы
Жер геосфералары
Табиғи ресурстар мониторингі
Геоэкологияжоғарғы иерархиялық деңгейлердің Экожүйесін зерттейтін экологияның бір саласы
Геоэкология - экология және геграфия түйісіндегі кешенді ғылым
Антропогендік іс әрекет және гидросфера
Атмосфера жердің ауа қабаты
ҚТҚ қоршаған ортаның ластануы
Атмосфера ластануы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz