Динамикалық қатарлар туралы түсінік және оның түрлері


Slide 1

Өсіңкілік (динамикалық) қатарлар

Орындағандар: Мұхатбек Аида ГУ-409 Байдаулетов Жандос ФН-407

Slide 2

Динамикалық қатарлар туралы түсінік және оның түрлері

Өсіңкілік қатарлар дегеніміз статистикалық көрсеткіштердің, құбылыстар мен процестердің уақытқа қарай өзгерісін анықтайтын сандық мәндер тізбегі

Slide 3

Қатар деңгейінің қандай шама арқылы өрнектелгеніне байланысты динамикалық қатарларды былай жіктейді:

Абсолютті шамалардың динамикалық қатарлары;

Қатысты шамалардың динамикалық қатарлары;

Орташа шамалардың динамикалық қатарлары.

Динамикалық қатарлар туралы түсінік және оның түрлері

Slide 4

Абсолютті шамалардың динамикалық қатарлары

Құбылыстың дамуын мейлінше толық сипаттайды. Мысалы, жалпы шығарылған өнімнің, бөлшек тауар айналымының динамикасын абсолютті шамалар арқылы өрнектейді.

ҚР жалпы ұлттық табысы

Көрсеткіш

2005

2006

2007

2008

2009

ЖҰТ, млрд теңге

6877, 5

9021, 8

11261,

9

13728, 0

15115, 7

Slide 5

Қатысты шамалардың динамикалық қатарлары

Белгілі бір көрсеткіштің өсу қарқынын, көрсеткіш үлесінің өзгерісін, құрылымдық өзгерістерді сипаттауға болады. Мысалы, жан басына шаққандағы жалпы шығарылған өнім динамикасын, тауар айналымы құрылымындағы динамикалық өзгерістерді талдау үшін қатысты шамалардың динамикалық қатарлары қарастырылады.

Көрсеткіш

2005

2006

2007

2008

2009

Ақырғы тұтыну шығындары

Жалпы қорланым

Таза экспорт

61, 1

30, 1

8, 8

55, 9

33, 4

10, 7

56, 1

37, 2

6, 7

53, 7

26, 2

20, 1

59, 0

32, 8

8, 2

барлығы

100, 0

100, 0

100, 0

100, 0

100, 0

ҚР жалпы ішкі өнімнің құрылымы, %

Slide 6

Орташа шамалардың динамикалық қатарлары

Құбылыс деңгейінің өзгерісін көрсету үшін қолданылады. Мұндай қатарлардың мысалы ртінде халықтың жылдық орташа санының, экономика салаларындағы орташа жалақының динамикасын келтіруге болады.

Жылдар

2006

2007

2008

2009

2010

Орташа айлық атаулы жалақы, теңге

40790

52479

60734

67333

77482

Қазақстандағы орташа айлық атаулы жалақы динамикасы

Slide 7

Өсіңкілік қатарларды негізгі көрсеткіштері бойынша есептеу тәсілдері.

Өсіңкілік қатарлар көрсеткіштерін есептеуде келесідей негізгі түрлері қолданылады:

нақты өсім

өсу қарқыны

өсім қарқыны

бір % өсімнің нақты мәні

Slide 8

Нақты өсім

Бұл өсіңкілік қатардың жай түрі. Мұнда өсіңкілік қатарда көрсетілген көрсеткіш дәрежелерінің белгілі бір уақыт аралығындағы нақты өсу немесе кему жылдамдығының мөлшерін анықтау үшін есептеледі.

Егер әр уақыттың дәрежесінен белгілі бір тұрақты базалық уақыттың дәрежесін шегерсек онда нақты өсім тұрақты тәсілмен есептелінеді. Ол келесі формула бойынша есептеледі:

∆н= Yi-Yo, мұндағы,

∆н - нақты өсім;

Yo - тұрақты базалық уақыттың дәрежесі;

Yi - ағымдағы уақыттың дәріжесі;

i - қатардың рет нөмірі.

Егер уақыттың дәрежесінен өзінің алдында тұрған уақыт дәрежесін шегеретін болсақ, онда тізбектелген тәсілмен есептелген нақты өсім анықталады және келесі формуланы қолданамыз:

∆н= Yi-Yi-1, мұндағы,

Yi-1 - ағымдағы уақыттың алдында тұрған дәрежесі.

Slide 9

Өсу қарқыны

Әрбір ағымдағы уақыт дәрежесінің алдыңғы уақыт дәрежесімен салыстырғанда қаншаға артық не кем екенін сипаттайды, яғни осы екі уақыт көрсеткіштерінің бір-біріне қатысты екі шамасы арқылы есептелінеді. Өсу қарқыны коэффициентін немесе %-өлшенеді. Өсу қарқынын да екі тәсілмен есептейміз. Егер өсіңкілік қатардағы әрбір уақыт дәрежесін тұрақты бір базалық уақыт дәрежесіне бөлсек, онда оны тұрақты өсу қарқынының коэффициенті деп атайды және ол мына формуламен есептеледі:

Кө= Yi/Yo, мұндағы,

Кө - өсу қарқының коэффициенті

Егер өсіңкілік қатардың әрбір уақыттағы дәрежесін өзінің алдында тұрған уақыт дәрежесіне бөлетін болсақ, онда өсу қарқыны коэффициенті тізбектелген тәсілмен есептелген болып саналады және мына формуламен есептелінеді:

Кө= Yi/Yi-1

Өсу қарқынының коэффициентін 100-ге көбейтіп, оның %-ін есептеуге (Өқ) болады:

Өқ=Кө*100=(Yi/Yo) /100 - тұрақты тәсіл

Өқ= (Yi/Yi-1) /100 - тізбектелеген тәсіл

Slide 10

Өсім қарқыны

Нақты өсімнің салыстырмалы шамасын көрсетеді. Оны анықтау үшін нақты өсімнің шамасын базалық ретінде алынған уақыт дәрежесіне бөлу керек. Егер өсім қарқыны тұрақты базалық уақыт дәрежесі арқылы есептелсе, ол тұрақты өсім қарқыны, ал егер базалық уақыт дәрежесі өзгермелі болса, оны тізбектелген өсім қарқыны деп атайды және келесі формулалармен есептейміз:

∆ө = (∆н/ Yo) *100 - тұрақты тәсіл;

∆ө = (∆н/ Yi-1) *100 - тізбектелген тәсіл, мұндағы,

∆ө - өсім қарқыны.

Егер өсу қарқынынң көрсеткіштері есептелініп берілген болса, өсім қарқынын анықтау үшін өсу қарқынан 1-ді немесе 100-ді шегеру арқылы табуға болады.

∆ө = Кө-1 немесе ∆ө = Өқ-100

Slide 11

Бір % өсімнің нақты мәнін

Бір % өсімнің нақты мәнін есептеу үшін әр уақыттағы өсімнің шамасы, сол кездегі өсім қарқынына бөледі және оның мәні тізбектелген тәсілмен келесі формула бойынша есептейді:

А%=∆н/∆ө немесе А%= Yi-1/100,

мұндағы А% - 1 процент өсімнің нақты мәні.

Slide 12

Өсіңкілік қатарларды талдау және аналитикалық тегістеу тәсілдері.

Қоғамдық құбылыстар мен процестердің сандық көрсеткіштерінің өзгеруін зерттеуде және өндеуде, талдауда келесідей есептеу тәсілдері қолданылады:

біртектес өсіңкілік қатарларды салыстырмалы тәсілмен талдау;

өсіңкілік қатарларды бір негізге келтіру;

уақыт аралығын үлкейту;

жылжымалы орташа тегістеу тәсілі.

Slide 13

Біртектес өсіңкілік қатарларды салыстырмалы тәсілмен талдауды қолдану кезінде біртектес қоғамдық құбылыстар мен процестердің белгілі-бір уақыт кезеңіндегі көрсеткіштердің өзгергендігін көрсетеді. Ол көрсеткіштер өз мағынасы және уақыт мерзімі бойынша әртүрлі аумақтардағы құбылыстардың қаншалықты өзгергендігін салыстыру арқылы сипаттайды және қорытынды жасауға көмектеседі.

Өсіңкілік қатарларды бір негізге келтіру тәсілі негізінде бір-бірімен әртүрлі өлшем бірліктері, әртектес құбылыстар мен процестерден тұратын көрсеткіштерді салыстыруға келмейтіндерді салыстырмалы түрге келтіреді. Мұнда базалық кезең үшін бір жылдық көрсеткіш 100% есебімен алынады, ал қалған жыл көрсеткіштері осы жылғы өсу қарқыны арқылы есептеледі.

Уақыт аралығын үлкейтуде өсіңкілік қатарлар дәрежесі уақытына қарай бір-бірімен жақын болса, олардың даму, кему бағытын анықтау үшін, уақыт аралығының шамасы үлкейтіледі және жаңа қатарлар құрылады. М-ы, ай-сайынғы берілген өндірілген өнім саны көрсеткішіне талдау жасау үшін, уақыт аралығының шамасын тоқсандарға бөліп үлкейтіп аламыз, одан кейін орташа айлық дәрежесін есептеп, салыстырып, қорытынды жасауға болады.

Жылжымалы орташа тегістеу тәсілін қолданғанда есептеуге алынған өсіңкілік қатарлардың сандық мәндері уақыт аралықтарына қарай бірдей мөлшерде болады және көп жағдайда тақ сандық мүшелері бойынша есептеледі. Оны есептеу үшін жылжымалы түрде қатардың алғашқы мүшесін қосып отырады. Оны былай жазып көрсетуге болады:бірінші қатардың аралығы Y1+Y2+…Ym. Екінші қатардың аралығы Y1+Y2+…Ym+1 және т. с. с. жылжымалы түрде жалғаса береді. Осыдан шыққан қосындыны сол мүшенің санына бөлу арқылы жылжымалы орташаның тегістелген мәні анықталады және сол қатардың ортасына жазылады.

Slide 14

Интерполяция және экстраполяция. Маусымдық ауытқу


Ұқсас жұмыстар
Динамикалық қатарлар туралы ақпарат
Абсолютті шамалар
ДИНАМИКАЛЫҚ ҚАТАРЛАР
Өсіңкілік (динамикалық) қатарлар
Динамикалық шама түрлері
СТАТИсКАЛЫҚ мәліметтерді топтау, жинақтау
Өсіңкілік қатардың түрлері
Тұқым қуалайтын өзгергіштіктегі ұқсас қатарлар заңы
Статистикалық кестелер
Жалпы ұлпа туралы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz