Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы туралы ақпарат
Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министирлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
БӨЖ
Тақырыбы:
Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы.
Инфекция түрлері және оларға сипаттама.
Иммунитеттің механизмдері.
Иммунитеттің гуморальдық,клеткалық,жалпы
физиологиялық факторлары (температура, гормондар, ингибиторлар,
интерферондар)
Орындаған: Көкен.Б
Тексерген: Омарбеков.Е.О
Жоспар:
• Вирустардың организмге
енуі,таралуы,орналасуы.
• Инфекция түрлері және оларға
сипаттама.
• Иммунитеттің механизмдері.
• Пайдаланылған әдебиеттер
Вирус
• Вирус(лат. vīrus - «у») – тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз
тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе
дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған
нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған
қабықшадан – кабсидтерден тұрады. Бұл қабықша вирустың
құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз
жағдайларынан корғайды. Кейбір вирустардың құрамында
нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар, май текті заттар,
биотин (Н витамині) және мыс молекулалары кездеседі. Вирустар
тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген. Электрондық
микроскоппен 300 мың есе үлкейтіп қарағанда, оның пішіні
таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді
болатыны дәлелденді. Вирустар тірі организмдердің барлығын
уландырады. Қазіргі кезде вирустардың жылы қанды
омыртқалыларды уландыратын 500-дей, ал өсімдіктерді
уландыратын 300-ден астам түрі белгілі болып отыр.Вирустардың
табиғаты ерекше. Оларда әрі тірі жануар дүниесінің қасиеттері
бар, яғни көбейеді, нәсілдік және өзгеру ерекшеліктері тағы бар.
Вирустың жасушаға енуі.
• Бұл процесс вирус жабысуынан кейін келесі
жағдайлардың нәтижесінде бірден басталады:
• 1) ЦПМ арқылы вирустың жасуша ішіне қарай
ауысуы;
• 2) вирустық бөлшектің эндоцитозы (пиноцитозы),
нәтижесінде олар цитоплазмалық вакуольдерде
жинақталады;
• 3) цитоплазматикалық мембрананың вирус
қабыршағымен бірігуі. Қабыршақсыз вирустар
жасушаға алғашқы екі механизм көмегімен енеді.
Қабықшалы вирустар жасушаға цитоплазмалық
мембранамен бірігу жолымен енеді.
• Вирустардың жасушаға осындай жолмен енуінің
ешқандай ерекшелігі жоқ. Жасуша өзінің тіршілік
етуіне қажетті көптеген басқа заттектерді де
тасымалдау үшін пайдаланады. Пиноцитоз механизмі
бірнеше кезеңдерден тұрады. Вирус жасушаның
беткейлік ақуыздарындағы «қоршалған рецепторлық
ойшықтар» деп аталатын, ерекше учаскеде орналасқан
рецепторлармен байланысады. Бұл ойшықтардың түбі
ерекше ақуыз-клатринмен жамылған, ол – қылшықша
тәріздес және көпқырлы торша құрылым. Клатрин
жасуша ішінде мембрананың фрагменттерін
тасымалдауда шешуші рөл атқарады деп есептеледі.
Жасуша беткейіндегі рецепторлық учаскемен беріктеу
байланысуы жасушалық мембрананың вирус бөлшегінің
айналасына «оралуын» қамтамасыз етеді, яғни
инвагинациялану басталады. Осындай үрдістің
нәтижесінде ішінде вирус бөлшектері бар вакуольдер
пайда болады да, олар жасушаның плазматикалық
мембранасынан бөлініп шығады. Осындай вакуольдер
цитоплазмалық ірі вакуольдермен – эндсомалармен,
содан кейін – лизосомалармен қосылып бірігеді.
• Жасушаға вирус енгеннен кейін эндосомаларда
ортаның рН- ы күрт төмендейді де вирион қабықшасы
эндосомальды мембранамен қосылады және вирустық
нуклеокапсид босанып, цитоплазмаға шығу
аяқталады.Іс жүзінде барлық қабықшалы вирустар үшін
олардың беткейлік гликопротеиндеріндегі
конформациялық өзгерістер нәтижесінде эндосомалар
ішінде рН қышқыл болуы керек.
• олар вирион беткейінде шамамен 100-150 нм көтеріңкі
орналасады;
• олигомерлер түзеді және олардың пайда болуы
вириондардың жасуша ішінде тасымалдануына елеулі
әсер етеді;
• құрылымында біріктіруші пептид болады. Қабықшасыз
вирустарда да жасушаға ену процесі олардың
ақуыздарындағы конформациялық өзгерістермен
байланысты.Вирустар тиісті жолмен жасуша ішіне
енгеннен кейін шешіну сатысы басталады
Вирустардың шешінуі..
• Қабықшалы вирустардың шешінуі екі кезеңмен(этап)
жүреді – жасушалық мембранамен қосылған беткейлік
ақуыздардың жойылуы және мембраналық
ақуыздармен байланысқан ДНП немесе РНП-ің босанып
шығуы. Қабықшасыз вирустардың да шешінуі бірнеше
кезеңдерден тұрады. Бұл процестердің механизмі
толық зерттелмеген. Дегенмен, қазіргі кезде келесі
фжағдайлар белгілі болып отыр. Эндосомалардағы
қышқыл орта вирион капсидіне конформациялық
өзгерістер тудырады, нәтижесінде вирион беткейінде
жетілген вирус бөлшегінде болмайтын гидрофобты
домендер бөлініп шығады. Осындай домендердің
эндоплазмалық мембранамен өзара әсерлесуі қуыстар
пайда болуға әкелуі мүмкін. Осы қуыстар арқылы вирус
геномы цитоплазмаға түседі, яғни қабықшасыз
вирустарда шешіну процесі жасушалық мезосомалық
ферменттердің және вирустық ақуыздардың
• Шешінудің осындай механизмінің вирустардың
табысты репродукциялануын қамтамасыз ету
үшін бірқатар артықшылығы бар.
• Біріншіден, беткейлік гликопротеиндердің
эндосомалар мембранасымен бірігу процесі,
жасуша беткейінде қабықшалық вирустық
гликопротеиндердің экспонирленуінен және
оларды иммундық жүйе танып алудан
құтылуға мүмкіндік береді.
• Екіншіден, эндосомалық мембрананың
лизистенуі, плазматикалық мембрананың
лизистенуіне қарағанда, жасушаға әлдеқайда
аз зақымдаушы әсер етеді.Нуклеин қышқылы
босанып шыққаннан кейін ол
репликацияланатын және трансляцияланатын
орынға, яғни ядро немесе цитоплазмаға
жеткізілуі керек. Нуклеин қышқылының
тасымалдануы көбінесе вирион жүрекшесінің
• Вирустардың қалыптасуы.
• Вириондар өздігінен жиналу жолымен
қалыптасады: вирионның құрама бөліктері
вирусты жинақтайтын жасуша цитоплазмасына
немесе ядро саласының орнына тасымалданады.
Вирион компоненттерінің қосылуы гидрофобтық,
иондық, сутектік, және стерикалық сәйкестіктегі
бар қосындыларының болуына негізделген.
Вирустардың жасушадан шығуы.
• Вирустардың толық репликациясының айналымы 5-6 сағаттан
вирусы. бірнеше тәуліктен соң аяқталады. Вирустардың
репродукциялануы жарылу немесе бүршіктену, Экзоцитоз
жолдарымен жасушадан шығуымен аяқталады.
• 1. Жарылу жолы: жойылушы жасушадан бір уақытта көп мөлшерде
вириондар шығады. Жасушадан жарылу жолымен липопротеинді
қабықшасы жоқ, жай құрастырылған вирустар шығады.
• 2. Бүршіктену, экзоцитоз жасуша мембранасынан туындаған
липопротеинді қабықшасы бар күрделі құрастырылған вирустарға
тән. Алдымен құралған нуклекапсид немесе вирионның өзегі вирусты
спецификалық ақуыздар қалаған жасуша мембранасына
тасымалдайды. Сонан соң жасуша мембранасымен нуклеокапсид
немесе вирион өзегі жанасқан жерде осы аумақтардың томпайғаны
байқалады. Құрастырылған бүршік жасушадан күрделі құралған
вирус ретінде ажырап шығады. Соған қарамастан жасуша тіршілікке
қабілеттілігін сақтай отырып, вирустардың ұрпағын шығарып отыра
алады.Цитоплазмалық мембранада қалыптасатын вирустардың
бүршіктенуі плазматикалық мембрана немесе эндоплазматикалық
тордың мембраналары арқылы жүріп, соңынан жасуша бетіне шығуы
мүмкін. Жасуша ядросында құрастырылатын вирустар
перинуклеарлық кеңістікке модификацияланатын ядроның
мембранасы арқылы бүршіктеніп, липопротеинді қабықшаға ие
болады. Сонан соң цитоплазмалық везикулалардың құрамында
жасуша беткейіне тасымалданады
Инфекция
• Инфекция — микро және
макроорганизмдердің қарым-қатынасының бір
түрі. Оның негізіне инфекциялық агенттің
организмге кіруі мен онда өсіп-өнуі жатады.
Инфекция көп түрлі болады. Оған ауру белгісі
білінбей-ақ қоздырғышты тасымалдаудан
бастап ауру белгілері толық көрінетін
ауруларға дейін жатады. Инфекция барлық
органикалық материяға тән. Ол бөлек торшаға
да, тұтас организмге де тән. «Инфекция» деп
жайшылықта жұқпалы аурулар тобын немесе
олардың белгілі бір түрін атайды
• Егер болып өткен инфекция мен мал организмінің
оның қоздырушысынан тазарғаннан кейін сол
патогендік микробтық себебімен қайтадан ауру
болса, оны реинфекция дейді. Оның даму шарты
сол қыздырушыға бейімділігінің сақталуы. Сол
патогендік микробпен қозып, бұрынырақ дамыған
инфекциялық процестің фонында басталған жаңа
(қайтадан) қанығудың салдары – суперинфекция
деп аталады. Аурудың қайтадан оралуы, басталған
клиникалық жазылудан кейін оның нышандарының
қайта көрініс беруі редцидив деп аталады. Ол
малдың ауруға қарсы тұрушылығының төмендеуімен
болып өткен аурудың организмде сақталған
қоздырушылардың активтенуінен пайда болады.
Рецидивтер тұрақты иммнитетті жеткіліксіз
құрылуынан болатын ауруларға тән
Иммунитет
• Иммунитет (латынша іm-munіtas – босап
шығу, арылу, құтылу) немесе Төтемелілік —
организмнің антигендік қасиеттері бар
жұқпалы және жұқпалы емес бөгде заттарды,
жұқпалы аурулар қоздырғышын немесе олар
бөліп шығаратын кейбір улы заттарды
қабылдамаушылық қасиеті және оларға қарсы
тұру қабілеті. Иммунитет – көрінісі мен
механизмі бойынша әрқилы болып келетін
жалпы жоғары сатыдағы организмдерге
ортақ биологиялық қасиет. Организмнің бұл
қасиеті оның жеке басының тіршілік ортасына
бейімделу ерекшеліктерімен тікелей
байланысты.
• Иммунитет кезінде организмде аса күрделі
биологиялық процестер жүріп, организмнің
қорғаныштық қасиеті арта түседі. Соның
нәтижесінде түрлі зиянды микроорганизмдерді,
олардың уларын, т.б. бөгде заттарды ыдыратып,
бейтараптап жойып жіберетін қабілеті күшейеді.
• Иммунитет - организмнің ауру тудыратын
агенттерді олардың тіршілік ету өнімдерін,
сондай-ақ генетикалық табиғаты басқа заттарды
қабылдамаушылығы. Иммунитеттің
қалыптасуына тұтас жүйе ретінде бүкіл организм
қатысады, өйткені оның қорғану механизмі бір-
біріне байланысты, әрі нейрогуморалды реттеу
жағдайында әрекет етеді.
Гуморальды иммунитет.
• Гуморальды иммунитет. В-лимфоциттер – арнайы
қарсы денелер түзу арқылы гуморалдық иммундық
жауапты іске асыруға бейімделген иммундық жүйенің
торша элементі.
• Антитела – қарсы денелер. Қарсы денелер көбінесе
белокты заттар. Індет процесі кезінде олар тиісті
антигендерге В- лимфоциттер арқылы синтезделеді.
Қарсы денелер жиынтығы иммуноглобулиндер деп
аталады. Олар қан белоктарының негізгі класстарын
құрайды. Қан сары суының 20 %-ын құрайды. Қарсы
денелер вирустар мен бактериялар туғызатын
токсиндерді бейтараптайды, комплементті,
фагоциттерді, киллер торшаларын іске қосады. Осындай
әрекеттер арқылы организмді індеттен қорғайды
• Иммуноглобулиннің молекуласы Y пішінді, екі бірыңғай
ауыр (Н) және екі жеңіл (L) шынжырлы тізбектерден
тұрады. Олардың бөліктері тиісті антиген
детерминаттарымен байланысып, антиген-байланыс
бөлімін құрады.Әртүрлі Н тізбектері бар
иммуноглобулиндердің 5 түрін ажыратады: LgG, LgM,
LgA,LgE, LgD. Н-тізбектің бөліктері Fc-бөлімін құрайды.
Осы бөлік арқылы иммуноглобулиндердің әрбір
классының биологиялық қасиеттері анықталады.
• Вирусты індеттің бірінші кезеңінде иммундық жауап
торшалы түрде болады. Оған дәлел, вирустық індетте
қарсы денелердің көп мөлшерде қанның сары суында
анықталуы. Кейде сол қарсы денелер организмді
вирустан тазалауға жеткіліксіз болғанымен, олар
вирустың ары қарай тарамауында шешуші рөль
атқарады. Көптеген персистенттік індеттерде жасырын
сатысының басымырақ болуын қамтамасыз ететін
бірден-бір негізгі элемент болып табылады
Торшалық иммунитет.
• Негізгі элементі Т- лимфоциттер. Олар тимуста
түзіледі. Әртүрлі вирустық, бактериалдық,
саңырауқұлақтық және т.б. індеттердің әсерлеріне
қарсы иммундық жауаптың эффекторы. Бұл процеске
торшалардың 3 субпопуляциялары қатысады:
• Т-торшалар-хелперлер. Олар гуморалдық және
торшалық жауаптарды, макрофагтардың
белсенділігін қамтамасыз етеді;
• Цитотоксикалық Т-торшалар. Олар бөтен және
індеттелген торшаларды жоюға қатынасады;
• Т-торшалар-супрессорлар. Олар иммундық жауапты
тежейді және микроорганизмдермен пайда болатын
иммундық супрессияға жауап береді.
• Организмнің иммундық жауабын негізгі реттеушілер –
Т-хелперлер мен Т-супрессорлар. Адам мен малдарға
бірдей патогенді вирустармен жүргізілген көптеген
эксперименттер организмнің жазылуында Т-
торшалардың маңызды рөлін дәлелдеп берді. Т- және В-
лимфоциттер өздерінің мембраналарында құрылысы
жағынан В-торшалардың иммунды глобулиндерінен
аумайтын арнайы антиген рецепторларын
тасымалдайды. Т-торшалардың антигендік
рецепторлары - құрамында екі негізгі гликопептидтер
бар гетеродимер.
• Торша-супрессорлар талқандау процесін шектеп,
организмнің біртұтастығын қамтамасыз етеді.Бөгде
антигендер торша мембранасының
гликопротеиндерімен жинақталғанда ғана Т-
торшалардың әсеріне ұшырайды. Торшалық иммундық
жауаптың индукциясында макрофагтар зор рөл
атқарады.
• Интерлейкиндер. Лейкоциттердің өзара қатынастарын
жақсартатын ерігіш зат. Әсіресе Т-торшалық стимуляцияда
интерлейкиндердің синтезі жоғарғы деңгейде болады. Олар
көбінесе макрофагтармен немесе басқа да торшалармен
бөлінеді және Т-лимфоциттерді белсендендіреді. Т-
торшалардың өсуін қамтамасыз ететін интерлейкин-2 бар.
Олда вирустарға және ісіктерге қарсы иммунитетке қатысады.
• Интерферондар. Интерферондар вирусқа қарсы әсерлі зат
ретінде бірінші рет 1957 жылы (Isaacs and Lindenmann)
сипатталған. Олар вирустық індетке жауап ретінде көптеген
торшалармен бөлінеді. Оның әсері тікелей вирустың
репликациясына (репликация - өзіне ұқсас құрылыс түзу)
бағытталған.
• Интерферондардың 3 классы белгілі:
• Лейкоциттік, вирустар мен бактерия агенттеріне жауап ретінде
бөлінеді;
• Фибробластық, басқа типті торшалық вирустық індет
процесінде бөлінеді;
• Иммундық, антигенді немесе миогенді стимуляцияға жауап
ретінде Т- лимфоциттермен бөлінеді.
• Ингибиторлар (латынша іnhіbeo – тоқтату, тежеу) –
зиянды химиялық реакцияларды (металдардың
коррозияға ұшырауын, жағар май, тамақ өнімдерінің
тотығуын), тірі организмдегі ферменттер активтігін,
өсімдіктердің өсуін тежейтін табиғи және
синтетикалық заттар.
• Тежелу – активті орталықтары (центрлері) немесе
активті бөлшектері бар катализдік және тізбекті
реакцияларға тән ингибиторлардың қатысуымен
жүргізілген реакция кинетикасы катализдік және
тізбекті реакциялар үшін принциптік тұрғыдан әр түрлі
болады. Ингибиторлардың тежеу әсері олардың
катализатордың активті орталықтарын оқшаулауы
арқылы немесе активті бөлшектермен әрекеттесуі
нәтижесінде тізбекті жалғастыруға шамасы жетпейтін
активтігі төмен радикалдар түзуі салдарынан болады.
Ингибиторлар жүйеге өте аз мөлшерде қосылады (10–2
– 10–5 моль%). Әр реакция үшін өзіндік ингибиторлар
болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
• Ветеринариялық вирусология-
Ш.Б. Мырзабекова Алматы Білім
2004.
• Толысбаев, Б.Т. Микробиология
және иммунология.- Алматы.
• Интернет желісі
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz