Өнеркәсіпте қолданылатын ашытқы саңырауқұлақтары және олар тудыратын аурулар


Slide 1

СӨЖ Тақырыбы: 1. Өнеркәсіпте қолданылатын дрожжилар. 2. Дрожжилар тудыратын аурулар.

Орындаған: Дәулет Г.

Тобы: БТ-407

Тексерген: Мирашева Г.

Slide 2

Дрожжылар базийдиомициттерге және жетілмеген саңырауқұлқтарға (Ascomycetes, Basidiomycetes және Deuteromycetes) жатады.

Slide 3

Ascomycetes класына Endomycetales - дрожжыларға ұқсасб қалталы саңырауқұлақтар жатады. Эндоспоралар түзбейді. Бұл қатарға Saccharomycetaceae жатады. Бұл бір клеткалы, сопақша пішінді организмдер. Олардың клеткаларының сыртқы қабығы, цитоплазмасы, айқын көрінетін ядросы бар. Дрожжыларда негізінен көп мөлшерде фосфор және калий қосылыстары кездеседі. Фосфаттар, яғни фосфор қышқылы тұздары ашу процесінде үлкен рөл атқарады. Дрожжылар негізінен бүршіктену арқылы көбейеді.

Slide 4

Сүтте ашытқы саңырауқұлақтары болады. Олар сүт қантынн аз ғана мөлшерде спирт түзеді. Қымыз бен кефир дайындағанда спирт едәуір көп мөлшерде жиналады. Өйткені бұл тағамдарда ашытқы саңырауқұлақтары мен сүт қышқылды бактериялардың бірлесіп тіршілік етуіне қолайлы жағдай туады. Қымызды қазіргі уақытта сиыр сүтінен де даярлап жүр. Бұл үшін сүт қышқылды бактериялары мен ашытқы саңырауқұлақтарының таза түрлері қолданылады. Оның технологиясы мынадай: майы алынғын сүтке 20% су құйып, сұйылтады да, 5 г шамасында қызылща қантын қосады. Бұл қоспаны 15 минуттай 90 градуста пастерлейді. Мұндағы мақсат - сүтте кездесетін микроорганизмдерді қыру. Одан кейін таза микробтардан алынған ашытқы қосады. Ашу процесі +35-37 градуста жүреді. Ұйыған сүтті жақсылап араластырып, ашытқы сағһңырауқұлақтарын қосады. Ашу процесі аяқталғаннан кейін қымызды арнаулы ыдыстарға құйып +10-12 градус температурада арнаулы бөлмелерде одан әрі ашытады. Қымыз шамамен 12-16 сағат ішінде дайын болады.

Slide 5

Шұбат дайындау кезінде де ашытқы саңырауқұлаұтары қолданылады.

Ашытқыларды құрамында целлюлозалық шикізаты бар қалдықтардың гидролизаттарында өсіреді. Гидролиз барысында шикізат көзі ретінде ағаш өңдейтін өндірістің қалдықтары, сабан, арпа, мақта қауыздары, жүгері собықтары, қызылша мелассасы, жүзім сығындысы, кондитерлік және сүт өнеркәсібінің қалдықтары қолданылады.

Slide 6

Микроорганизмдерді қолдануға негізделген қазіргі биотехнологиялық процестерде ақуыз продуценттері ретінде ашытқылар, басқа саңырауқұлақтар, бактериялар және микроскопиялық саңырауқұлақтар қолданылады. Олардың арасында технолгиялық көзқарас бойынша ең тиімдісі - ашытқылар болып табылады. Ашытқылардың артықшылығына ең алдымен олардың «технологиялығы»: ашытқыларды өндіріс жағдайында өсіру оңай. Олар жоғары өсу жылдамдығымен, бөтен микрофлораға төзімділігімен сипатталады және кез келген қорек көздерін сіңіруге қабілетті, ауаны спораларымен ластамайды. Ашытқы жасушаларында 25% құрғақ заттар болады. Ашытқы биомассасының ең бағалы компоненті - аминқышқылдық құрамы бойынша астық культураларының, бидайдың ақуызынан асып түсетін және аз мөлшерде ғана сүт пен балық ақуызына жол беретін ақуыз болып табылады. Целлюлазалар кейбір түлерде табылған, мысалы Trichosporon pullulans, бірақ бұл ферменттердің белсенділігі төмен, сондықтан бұл түрлер өндірісте әзірше қолданылмайды. Kluyveromyces түріне жататын ашытқылар инсулинде жақсы өседі - топинамбур түйнегінің негізгі қор заты, негізгі азықтық культура, ол сонымен қатар ашытқы ақуызын алуда қолданылуы мүмкін.

Slide 7

2. Дрожжылардың организмде ауру тударатын түрлері бар. Ауру қоздырғыш дрожжылар: C. albicans, C. tropicalis, C. stellatoidea, C. glabrata, C. krusei, C. parapsilosis, C. guilliermondii, C. viswanathii, C. lusitaniae және Rhodotorula mucilaginosa. Көп тараған дрожжылардың ауру тудырушы процесі - кандидоз. Ол ауыз қуысында аурулар тудырады. Бұл аурудың қоздырушысы - Candida albicans саңырауқұлағы.

Slide 8

Дрожжылардың құрамында обыр(рак) ауруын тудыратын құрылымдар бар. Кельн университетінің профессоры Герман Вольф пробиркада ашытқы саңырауқұлағымен бірге асқынған ісікті өсірген. Ісік көлемі бір апта ішінде тез өскен, ал ашытқыны алып тастағанда ісік жасушасы өліп қалған.

Slide 9

Криптококкоз - ашытқы саңырауқұлағы тудыратын

аурулар. Оның қоздырушысы - Cryptococcus neoformans.

Бұлар өкпе ауруларын, ері ауруларын тудырады.

Криптококкалық менингит ақырын дамиды. Бас ауруы,

бастың айналуы, көздің көрінуінің нашарлауы сияқты

аурулар туғызады. Криптококкалық менингит СПИД-тің

ВИЧ инфекциясының негізі болып табылады. Сондай-ақ

лейкоциттердің жоғалуына әсере етеді.

Slide 10

Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Қ. Х. Әлмағанбетов, «Микроорганизмдер биотехнологиясы». 2. Б. А. Рамазанова, А. Л. Котова «Микроорганизмдер морфологиясы».


Ұқсас жұмыстар
Өнеркәсіпте қолданылатын ашытқы саңырауқұлақтардың қасиеттері мен қолданылуы
Тағам өнеркәсібінде қолданылатын микроорганизмдер: ашытқылар, зең саңырауқұлақтары және бактериялар
Өнеркәсіпте қолданылатын ашытқылар: жүйелеу, көбейуі және өндірістік маңызы
Ашытқы саңырауқұлақтарының морфологиясы, көбеюі, классификациясы және өнеркәсіптік қолданылуы
Стафилококк тудыратын аурулар: жіктелуі, патогенезі, лабораториялық диагностика және ветеринариялық алдын алу мен ем
Ашытқы жасушалары: цитология, құрылымы, жіктелуі және химиялық құрамы
Ашытқы өндірісі мен нан пісіру технологиясы: құрғақ ашытқы, ұн сапасы және патогенді түрлері
Ашытқылар мен микромицеттер: морфологиясы, көбеюі және биотехнологиялық өнеркәсіпте қолданылуы
Мелассаның химиялық құрамы және өнеркәсіпте қолданылуы
Спирт өндірісінде қолданылатын микроорганизмдердің түрлері мен технологиялық рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz