Бәсеке туралы



Семей Қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Кәсіпкерліктегі Бәсеке
Орындаған:Турсынхан Г
Тобы: П - 309у
Тексерген:Алимжанова А. М.

мазмұны
Бәсеке туралы
Бәсекенің негізгі сипаттары
Бәсеке және оның нарықтық экономикадағы рөлі
Бәсекенің түрлері және әдістері
Жетілген бәсекеде нарықтық механизмі
Жетілмеген бәсекеде нарықтық құрылымның негізгі механизмі

Бәсеке туралы
Бәсеке (Состязание; contention) - ортақ ресурсты пайдаланудағы жүйелердің немесе программалардың өзара таласушылығы; қандай жұмыс бекетінің арнаға қатынас құра алатынын анықтауға мүмкіндік беретін үстаным.
Бәсеке дегеніміз, бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі. Екінші жағынан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бәсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерінің, мемлекеттік және жеке құрылымдардың директивалары мен іс-қимыл әдістерінің жүйесі.

Бәсекенің
негізгі сипаттары
Бәсекенің негізгі сипаттары
Бәсекенің негізгі сипаттары
Тауар өндірушілердің саны
Өнім сипаты
Бір-бірімен жолығатын экономика сапасы

Президент Н. Назарбаев 2004 жылы «Бәсекеге қабілетті қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» деген Жолдауында: «Біздің келешегі бар барлық қазақстандық, ауқымды өңірлік және аймақтық кластерлерді айқындап алуымыз керек» деп атап көрсеткен болатын.
Қазақстанның мақсаты мен болашағы, әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қатарына кіруі, оның экономикасының инновациялық даму жолына сапалы көшуіне тікелей байланысты.
Бизнес жүйесіндегі нарықтық бәсекеде кәсіпкерліктің дамуы үшін оның құқықтық базасы, әлеуметтік-экономикалық мәнін тереннен түсінуге «Қазақстан Республикасының шаруашылық қызмет еркіндігімен кәсіпкерліктің дамуы » туралы заңның қабылдануы жол ашты. Бұл заң азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінің еркіндігін қамтамасыз ететін негізгі құқықтық, экономикалық, әлеуметтік шаралар мен кепілдіктерді анықтап берді.
Бәсеке және оның нарықтық экономикадағы рөлі

Бәсекелстік - экономиканың тиімді дамуымен жұмыс істеуінің басты тетігі. Тиімді бәсекелестік үшін жағдай жасау, адал бәсекелестікті қолдаумен қорғау мемлекеттің индустриялық және инновациялық саясатының негізгі міндеті - экономиканың әртараптануы мен өнеркәсіпті жаңғыртуды іске асыруға ықпал еті тиіс.
Бәсекелестік саласындағы мемлекеттік саясат жосықсыз бәсекелестікке жол бермеу, шектеу практикасның шектен тыс шоғырлануы мен өсуі проблемаларын шешуге бағытталған. Бәсекелестік саясатының негізгі бағыттары:

1. монополиялық бағаларды белгілеу, өндірісті негізсіз қысқарту мен монополиялық тауарлар мен қызмет көрсетулерді жеткізу, шарттарға кем қою шарттарын енгізу, басқа кәсіпорындардың тауар және қаржы нарықтарына кіруіне кедергі жасау, нарық субъектілері және олардың бірлестіктерін құру, қайта ұйымдастыру, тарату нарық субъектілерінің жарғылық капиталындағы акцияларды (үлестерді, пайларды) сатып алу жөніндегі монополистер әрекеттерінің жолын кесу арқылы басым жағдайға ие нарық субъектілерініне асыра сілтеуіне жол бермеу;

2. бірыңғай бағалар мен тарифтерді белгілеуге, нарықты аумақтық принципі бойынша бөлуге, ықтимал бәсекелестердің нарыққа қол жеткізуін шектеуге немесе нарықтағы бәсекелестік субъектілер арасында сөз байласуға бағытталған, бәсекелестер арасындағы келісілген әрекеттердің жолын кесу арқылы бәсекелестікті жоюға немесе шектеуге бағытталған жосықсыз бәсекелестік пен бәсекелестікке қарсы келісімдерге тимы салу;

3. мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік қызметке негізсіз араласуына жол бермеу. Мемлекеттік органдардың жекеленген кәсіпорындарға жеңілдіктер беруі, сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің белгілі бір тобына тауар мен қызмет көрсетудің бірінші кезектегі жеткізілімі туралы шаруашылық субъектілеріне нұсқау беруі арқылы бәсекелестікті шектеуге бағытталған әрекетінің жолын кесу.

Бәсекеннің түрлері мен әдістері
Бәсекеге қабілеттілік - бұл нысанның белгілі бір нарыққа ұсынылған ұқсас нысандармен салыстырғанда нақты қажеттілікті шынайы немесе әлеуетті қанағаттандырудың дәрежесін сипаттайтын қасиет. Бәсекеге қабілеттілік осы нарықтағы ұқсас объектілермен салыстырғанда бәсекеге төтеп беру қабілетін айқындайды. «Басқару проблемалары жөніндегі Еуропалық форум» бәсекеге қабілеттікке мынандай анықтама береді: өздеріне жасалып отырған жағдайларда олардың бәсекелестіктерінің тауардарымен салыстырғанда бағасы және бағадан тыс сипаттамалары бойынша тұтынушылар үшін тартымдырақ болатын тауарлар әзірлеу мен өткізудің нақты және әлеуетті мүмкіндігі. Нарық жағдайында бәсеке күресінің бірнеше түрлері болады:
таза бәсеке;
монополиялық бәсеке;
олигополиялық бәсеке ;
таза монополия.

;
Жетілген бәсекеде нарықтық механизмі
Жетілген бәсеке нарығы - кез келген ұқсас тауарл
арды сатушылар мен сатып алушылардың көптеген құрамынан тұрады. Бірде бір сатып алушы мен сатушы жеке дара сұранымды, нарыққа тауардың түсуін немесе оның бағасын бақылай алмайды. Сатушы бағаны нарықтық бағадан жоғары қоюға дәрмені жетпейді, себебі сатып алушы өзіне қажетті мөлшерде тауарды нарықтық бағамен еркін ала алады. Әрбір сатушы бір ғана тауар өнімін сатады. Бұл нарыққа тез келуге болады және тез кетуге болады. Осындай нарықтың моделіне, мысалы, ауыл шаруашылығы өнімдер нарығы өте жақын - бидай, көкөніс, жеміс - жидек және т. б.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz