Кәсіпкерліктің даму тарихы: Қазақстанның оңтүстік аймағындағы қалыптасуы мен дамуы (1861-1917 жж.)


Slide 1

Кәсіпкерліктің даму тарихы

Орындаған: Керім Б. С.

Тексерген: Алимжанова А. М.

Slide 2

Жоспар:

Кәсіпкерлік жайлы жалпы түсініктеме.

Кәсіпкерліктің даму тарихы.

Кәсіпкерліктің дамуы үшін қажетті негізгі экономикалық, әлеуметтік құқықтық жағдайлары.

Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихы.

Slide 3

1. Кәсіпкерлік жайлы жалпы түсініктеме.

Кәсіпкерлік - бұл шаруашылық жүргізудің әдісі және өз бетімен жұмыс істеуге негізделген экономикалық ойлаудың ерекше типі. Кәсіпкерлікті дамытудың басты сәті нарық экономикасында бәсекелестік отанын құру үшін ғана емес, сонымен қатар еркін кәсіпкерлік үшін жол ашатын мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендіру болып табылады. Әр бір заттың немесе құбылыстың өзіне тән даму және қалыптасу тарихы бар. Сол тәрізді кәсіпкерліктің даму тарихы талай ғасырларды қамтиды. Дегенмен қазіргі түсініктің орын алуы капитализмнің қалыптасу және даму кезеңіне сай келеді. Буржуазиялық саяси экономияда кәсіпкерлік түсінігі XVIII ғасырда пайда болды, сонымен қатар «меншік иесі» деген түсінік алды.

Slide 4

Кәсіпкерлік - адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер мән берген. Ол былай деп айтқан «Кәсіпкер болу - басқаның істегенін істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер - алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй былай деген: «Кәсіпкер - адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам». Кәсіпкерлік терминін алғаш рет айналымға енгізген ағылшын ғалымы Ричард Кантильон болды. Бұл ағымға, ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызды. Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі.

Slide 5

2. Кәсіпкерліктің даму тарихы.

Кәсіпкерлік терминін алғашқы рет ағылшын экономисі - Ричард Контильон (1650-1758жж) енгізді. Бұл ұғымға ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызады.

Кәсіпкерлік адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономистісі, Гарворд профессоры Иозиф Шумпетер (1883-1950жж) мән берді. Оның айтқан мынадай сөзі эпиграф болып саналады «Кәсіпкер болу - басқаның істегенін істемеу».

Екінші жағынан алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сей (1767-1832жж) былай деген «Кәсіпкер - адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».

Буржуазиялық саяси экономияда кәсіпкерлік түсінігі XVIII ғасырда пайда болды, сонымен қатар «меншік иесі» деген түсінік алды.

Slide 6

Кәсіпкерліктің даму тарихы 4 бағытта дамыды:

1 - бағыт.

Кәсіпкерлікті тәуекел-дікпен байланыстырды. Бұл бағыттың негізін салушысы болып фран-цуз экономисі - Ричард Контильон болып сана-лады. Ол мынадай ше-шімге келеді: «Кәсіпкер болашақтағы мүмкін-діктерді болжап, өзіне табыс табу мақсатында мүмкіндіктерді жүзеге асырады. Сұраныс пен ұсыныс қатынасын ескере отырып, кәсіп-кер тауарды арзан баға-ға сатып алып, қымбат бағаға сатады».

2 - бағыт.

Ж. Сей мен А. Маршал-дың көзқарастарымен байланысты. Олардың ойынша өндірістік факторлардың бірі рационалдық комбинацияны жүзеге асыру және қалыпты кәсіпкерлік табыс табу.

3 - бағыт.

Кәсіпкерлік теориясын құрудағы негізгісі мен перспективалық бағыт. Бұл бағыттың негізін салушы Шумпеттер. Егер шаруашылық субъектілері жаңа комбинацияны жүзеге асырмаса, ол кәсіпкер болып саналмайды. Кәсіпкерлік функцияларын мынадай адам ғана жүзеге асыра алады. Егер ол сезімтал, иновациялық өзгерістерге икемді адам болса, жаңалықты таба білетін, оның нәтижесін тиімді қолдана білетін тұлға.

4 - бағыт.

Бұл бағыттың негізін салған адамдар П. Дюркер, В. Санто олар кәсіпкерлікті менеджментпен тығыз байланыстырады. Кәсіпкерлік пен менеджмент бірін-бірі толықтырып тұрады және құрамдас бөлігі болып табылады. Менеджмент көбінесе кәсіпорынның қызмет көрсету саласына көп көңіл бөледі және кәсіпкерліктің басқару стилін нығайтады.

Slide 7

3. Кәсіпкерліктің дамуы үшін қажетті негізгі экономикалық, әлеуметтік құқықтық жағдайлары.

Экономикалық жағдай - бұл бірінші кезекте тауарға ұсыныс және оларға сұраныс; сатып алушылардың сатып алатын тауар түрлері; сатып алуға жұмсалатын ақша құралдарының көлемі; еңбек ақы деңгейіне әсер ететін жұмыс орындары, жұмысшы күшінің артықшылығы немесе жетіспеушілігі және олардың тауарды сатып алу мүмкіндігі.

Жалпы экономикалық жағдайға ақша ресурстарының болуы, оларды алудың ыңғайлы жолы, инвестицияланған капиталдың кіріс деңгейі, қарызға алынған құралдардың шамасы елеулі әсерлерін тигізеді.

Кәсіпкерлік істі қалыптастыруда экономикалық жағдайларға әлеуметтік жағдайлардың жақын болуы қисынды болып табылады. Ең алдымен сатып алушылар әр уақытта өздеріне сай, көңілге қонымды тауарларды сатып алуға тырысатынын естен шығармау керек. Уақыт аралығы өткен сайын сұраныстың өзгеруі мүмкін. Оған әлеуметтік-мәдениеттік ортаға қатысты әртүрлі факторлар әсер етеді. Мұндай жағдай тұтынушылардың өмір салтына да ықпал жасай алады. Өз кезегінде өмір салты тұтынуға, тауарға деген сұранысқа қатысы бар екендігін білдіреді. Әлеуметтік жағдай жеке адамның жұмысқа деген ықыласына да әсерін тигізбей қоймайды. Ол өз кезегінде еңбекақы шамасына, еңбек жағдайына әсерін тигізеді.

Slide 8

4. Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихы.


Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның нарықтық экономикасының қалыптасуы: жекешелендіру және кәсіпкерліктің даму кезеңдері
1861-1917 жж. қазақ жерлерін орыс қоныстандыруы: жер тартып алу, қоныстандыру саясаты және әлеуметтік-экономикалық салдары
Кәсіпкерліктің мәні, тарихи қалыптасуы, даму шарттары және мемлекеттік реттеу
Тәуелсіз Қазақстанның жоғары білім жүйесінің қалыптасуы мен даму тенденциялары
Музей ісінің қалыптасуы мен дамуы: әлемдік контекст пен Қазақстанның тәжірибесі
Саяси ғылымның қалыптасуы мен Қазақстанның құқықтық-әлеуметтік мемлекеттің дамуы
Оңтүстік Корея: тарихы, демографиясы және экономикалық дамуы
Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуы: болашағы мен негізгі мәселелері
Кәсіпкерліктің тарихи дамуы мен теориялық бағыттары: Қазақстан және әлем тәжірибесі
Қазақстанның геологиялық даму тарихы мен тектоникалық құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz