Толымбек Әлімбекұлы және қазақ сатирасы
Презентация қосу
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік
университеті
Филология факультеті
Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы
Толымбек Әлімбекұлы және
қазақ сатирасы
Орындаған: Мухтарова Айгерім
Тобы: Қ-211
Пән мұғалімі: Құрмамбаева Қ.С
Толымбек Әлімбекұлы
1954 жылы 18 наурызда Жамбыл облысы,
Жуалы ауданының Амансай ауылында
дүниеге келген. 1971 жылы орта мектепті
бітірді. 1974 жылы әскери борышын өтеп
келген соң, Қазақ мемлекеттік
университетінің журналистика факультетіне
оқуға түсіп, оны 1979 жылы аяқтады.
Жамбыл ауданының «Шұғыла-Радуга»,
Жамбыл облыстық «Еңбек туы» газеттерінде
қызмет етті. Сол облыстың Красногор
аудандық «Коммунизм жолы-Путь к
коммунизму» газетінің редакторы болды.
Содан кейін республикалық « Ара-Шмель»
сатиралық газетінде жауапты хатшы,
Қазақстан Жазушылар одағында
Әдебиетшілер үйінің директоры болды.
2000 жылдан бері Ж.Елебеков атындағы
колледжде дәріс береді
Сықақ өлеңдері «Күлеміз бе, қайтеміз?»
«Кімге күлкі, кімге түрпі?» «Тамаша», «О,
несі ей?» жинақтарында жарық көрді.
«Когда солнце смеется» жинағына
әңгімелері орыс тіліне аударылып басылды.
«Күйеуіңізді сатыңызшы» «Отыз ұлың
болғанша» «Желіккен жастар»
комедияларын аударып, М.Әуезов атындағы
академиялық қазақ драма театрында және
«Темір қуыршақ» драмасы Қостанай
облыстық драма театрында сахналанған.
«Тамаша» «Бауыржан шоу» сатиралық
театрлардың репертуарларына арнап,
сценарийлер жазды. «Хабар» телеарнасынан
ұсынылған «Әзілкештер ауылы» «Әзілің
жарасса» бағдарламаларының авторы
"Әйелдерге төрт ақыл" атты сатирасы
Әлем жайлы, әлемнің әдемісі әйелдер жайлы әңгіме
таусылған емес, таусылмайды да. Ақындар да, ақын
еместер де әйел тақырыбына келгенде көмекті өлеңнен
іздейді, аузының суы құрып жырлайды. «Әйел
құлағымен сүйеді» деген қағида бар емес пе?!
Сондықтан әйелдің құлағына лапшаны салақұлаш қып
іле бер, іле бер. Лайықты теңеу таппай тентіреп кете
жаздайды. Күнге теңейді – күндіз күйдіргі екенін, Айға
теңейді – түндегі түнерген салқын екенін айтқысы
келетін болуы керек. Мен де әйел дегеніміз жайқалып
өскен гүл дер ем, жұлып аласың да құшырлана
иіскейсің, иіскейсің, әбден мейірің қанады, сенің
мейірің қанғанша ол да біртіндеп солады, сосын
амалсыз тастай салуға тура келеді, тастайсың.
Немесе, әйел дегеніңіз әдемі, әуезді әуен - құмарлана
тыңдайсың, тыңдайсың...тыңдай бересің... Оу, бір
әуенді қашанғы тыңдай бересің, жалықпайсың ба,
зарықпайсың ба, ол әуеннің күндердің күнінде масаның
ызыңына ұласып кетуі мүмкін ғой, күйтабақтың да
аракідік екінші бетін ауыстырып тұрмай ма екен, лажсыз
ауыстыруға мәжбүрлісің.
Сұлулық туралы, әдемілік жайлы айтылса соның
барлығын әуелі әйелден іздейміз. Еркектер тек
жамандықтың көрінісі. Бұрын керісінше еді.
Нанбасаңыз қараңыз: мыстан кемпір, жалмауыз кемпір
бар да мыстан еркек, жалмауыз еркек атымен жо қ,
жезтырнақ әйел бар да жезтырнақ еркек түп-
тұқиянымен жоқ. Сол тарихи шындық бұрмаланып
келеді. Қазір еркек жеті жасқа келгенше жерден таяқ
жейді, есейгенше елден таяқ жейді, есейген соң әйелден
таяқ жейді. Соңғы кезде «дүниедегі ең сұлу әйел
екіқабат әйел» деп жүрміз. Демек, дүниедегі ең сұлу
еркек сол әйелді екіқабат қылған еркек.
Ертеректе көнекөз кемеңгерлер айтқан: «Хандарда да бір мін бар,
қарашасын тең көрмейді, Билерде де бір мін бар, әйелде де бір мін
бар, ажары сұлу болғанмен, ақылы сай келмейді» деп. Расында да
солай. Негізі Әйел еркектің қабырғасынан жаралған ғой. Ал енді
осыған байланысты сүйектердің жаратылысын талдап көрейікші.
Бас сүйекте мый бар ма, бар. Омыртқада мый бар ма, бар. То қпан
жілікте, асықты жілікте, тіпті кәрі жілік пен сирақта да мый бар. Ал
қабырғада ше? ...
Сондықтан да әйелдерге ақыл-кеңес беретін бюро бар ма, бар!
Газет-журналдарда «Әйелдерге ақыл-кеңес» деген бұрыш бар ма,
бар! Соның барлығы жетімсіздіктен. Махаббатта да олар к өзсіз
көбелек секілді. Ұрынып қалады. Ол ұрынып қалғаны ұрылып
қалған алма сияқты тез бұзылады. Сол себепті бұл мәселеде олар ға
мен де азын-аулақ ақыл айтуды жөн көрдім.
Сонымен назар аударатын 4 ақыл
Ал, әйелдер, еңсе көтер, түрегел!
Сендер үшін мәңгі керек болатын
Төрт ақылға құлағыңды түре бер!
Ғашық болып көрінетін бір демнен,
Сөздері де шар секілді үрленген
Құлағыңа салақұлаш кеспе ілер
Сүйе көрме бойдақтарды сүрленген.
Үйленбеген әлі күнге соры қайнап,
Саған да енді үйленбейді ол бойдақ.
Тұрмыс құрар сәт туғанда көр де тұр,
Қырық сылтау тауып қашар «ойбайлап».
Ән салыңдар, ойнап-күліп, билеңдер,
Бастарыңды көрінгенге имеңдер.
Ынтызар боп жүрек құлап тұрса да
Ажырасқан Еркектерді сүймеңдер!
Сезімдерін алаулатып от-арай,
Ол Еркектің боздап келіп ботадай
Үйреншікті әдетімен бір күні
Ажырасып кетуі де оп-оңай.
Тыңдай-тыңдай аңыздар мен ертекті,
Талай әйел өкінішпен жер тепті.
Сүймеңдерші «сүй» десе де елжіреп,
Әйелдері тастап кеткен Еркекті!
Қыздырмайтын махаббаттың шекесін,
Оны сүйсең өкінішпен өтесің.
Ерисің де,
жерисің де бір күні
Ол Еркекті өзің тастап кетесің.
Қонбас бақыт құнын төмен түсірсең,
Ұғына біл махаббаттың күшін сен!
Ажырасқан, бойдақтарды қайтесің,
Әйелі бар Еркекті сүй, түсінсең!
Нағыз солар тағдырыңның тиегі,
Махаббатқа алтын басын иеді.
Қос тізгінді қатар ұстап, тепе-тең
Әйелін де, Сені де адал сүйеді,
Қалғандардың қышымасын иегі!
Қыз-қырқыннан жамау-жасқау жүрегі
Оны білсе, бір Толымбек біледі.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz