Операциялық жүйелер, түрлері, қызметі жайлы



Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті СӨЖ
Тақырыбы:Операциялық жүйелер, түрлері, қызметі.
Орындаған: Керменбай Н. Қ
Тексерген: Жаксыгулова Д. Д
Тобы:ТЖ-505
Семей 2015

Операциялық жүйе (Операционная система; operating system) - компьютердің барлық басты әрекеттерін (пернелер тақтасын, экранды, диск- жетектерді пайдалануды), сондай-ақ қатар операциялық жүйенің басқаруымен іске қосылатын басқа программалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылған программа. Алғашқы компьютерлердің операциялық жүйесі болған жоқ, себебі басқару программалары тек компьютердің нақты бір типіне арналып жазылды, бірақ шалғайлық жабдықтарға стандарттардың пайда болуымен, сан алуан компьютерлер үшін осындай жабдықпен әрекеттестіктің бірыңғай программаларын жазуға мүмкіндік туғызды. Операциялық жүйені жазудың екі жүйесі бар - тұрақты сақтауыш құрылғыға барлық жүйені жазу және қатқыл дискіден операциялық жүйенің калған бөлігінің тек жүктеу программаларын ғана жазу. Мекемеде пайдаланылатын шағын компьютерлер, әдеттегідей, MS-DOS немесе ең соңғы OS/2операциялық жүйесін пайдаланады. Ықшам машиналарда, дискжетектердің қажеттілігінен аулақ болу үшін, тұрақты сақтауыш құрылғыда жазылған операциялық жүйені пайдаланады. Миникомпьютерлерде UNIX немесе өте танымал емес жүйелер PICKнемесе BOS (Ұлыбритания) сияқты операциялық жүйе пайдаланылады; сондай-ақ компьютердің нақты бір типіне арналып әзірленген операциялық жүйелер де кездеседі.


ОЖ тарихы жарты ғасырдай уақытты қамтиды. Ол көбінесе есептеуіш аппаратураның және элементтік базасының дамуымен байланысты анықталады. Бірінші сандық есептеуіш машиналар 40ж. басында пайда болып, операциялық жүйелерсіз жұмыс істеді, ұйымдардың есептеу процессіндегі барлық есептері бағдарламалаушымен басқару пультінен қолмен істелінді. .


50ж. ортасынан мониторлық жүйелер пайда болды, олар тапсырмалар пакетін орындауда операторлар жұмысын автоматтандырды. 1965-1975ж. интегральным микросхемаларға өту компьютерлердің келесі ұрпағына жол ашты, олардың өкілі IBM/360. Осы кезеңде қазіргі ОЖ - лерге қатысты барлық коцепциялар: мультипрограммалау, мультипроцесстеу, көптерминалды іс-тәртіп, виртуальды жад, файлдық жүйелер, қол жетуді шектеу және желілік жұмыстар жасалды. 60-ж. аяғында ARPANET глобальды желісін жасау жұмыстары басталды, ол Интернет желісінің аттану нүктесі болды.


70-ж. ортасына қарай мини-компьютерлер кең тарала басталды. Мини-компьютерлердің архитектурасы мэйнфреймдармен салыстырғанда қарапайым болды, бұл олардың Операциялық жүйелерінде де кескінделді. 70-ж. ортасынан бастап UNIX ОЖ-ні қолдану компьютерлердің әртүрлі типтеріне жеңіл түрде көше бастады. ОЖ Unix алдымен мини-компьютерлерге жасалған болса да, оның икемділігі, элеганттылығы, қуатты функционалдық мүмкіндіктері және ашықтығы компьютерлердің барлық класстарында орнықты позицияда болуына жағдай туғызды. 80ж. басы операциялық жүйе тарихында дербес компьютерлердің пайда болуымен айрықша мәнді болды.

80 жылдарда коммуникациялық технологияларға локальдық желілер үшін негізгі стандарттар: 1980 жылы - Ethernet, 1985 - Token Ring, 80ж. аяғында - FDDI қабылданды. Бұл төменгі деңгейдегі желілік ОЖ үйлесімділігін, сондай-ақ желілік адаптер драйверлерімен ОЖ интерфейсін стандарттауды қамтамасыз етті

. 90ж. басында барлық ОЖ-лар әртекті клиенттер және серверлермен жұмысты қолдай алатын қабілеті бар желілік ОЖ айналды. Тек қана коммуникациялық есептерді (Cisco Systems компаниясының IOS жүйесі) орындауға арналған мамандандырылған желілік ОЖ-лер пайда болды. . Соңғы онжылдықтар ішінде корпоративтік желілік ОЖ-лерге ерекше көңіл бөлінді, олар үшін масштабтаудың жоғарғы дәрежесі, желілік жұмысты қолдау, қауіпсіздіктің дамыған құралдары, гетерогендік орталықта жұмыс істеу мүмкіндігі, орталықтан әкімшілік ету және басқару құралдарының болуы сипатты


Операциялық жүйе, қыс. ОЖ - компьютерді басқаруға арналған және қолданбалы программалармен байланысы бар нақты программа. Операциялық жүйе - компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырушы және түрлі командаларды орындауы арқылы пайдаланышының машина жұмысын басқаруына жеңілдік келтіруші жүйелік программалар. Оның негізгі қызметі - программалардың бір - бірімен және сыртқы құрылғылармен өзара әрекетін ұйымдастыру, оперативті жадты бөлу, компьютердің жұмыс істеу кезіндеқате жіберілу сияқты түрлі оқиғаларды анықтау, дискіні жұмыс істеуге дайындау, монитор мен принтердің жұмыс істеу режимдерін орнату, пайдаланушының программасын іске қосып, оны орындау т. б. . Яғни ОЖ - машина жұмысын басқаруға толық жеңілдік беретін жүйе. Ол осы үшін арналған иілгіш не қатты магниттік дискіге жазылып қойылады. Сондықтан ОЖ - ны дискілік операциялық жүйе ( ДОЖ, не DOS ) деп те атайды. Дербес компьютерлер үшін кең тараган оиерациялық жүйелерге МS (РС) DOS, Windows 95, Windows NT, OS/2, UNIX жатады, Дербес компьютерлерлерге арналған операциялық жүйелердің барлығы да тек бір адамдық болып табылады. WINDOWS 95, WINDOWS NT, OS/2, UNIX көп мақсатты жүйелер болып саналады


Компьютерлік желілерді қолдану мыналарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді:
ақпаратты өңдеу процесінің нақты бір компьютерден тәуелсіздігі;
желінің бір ДК-сында сақталу есебінен бір ақпаратты қосарлау мүмкіндігінің жойылуы;
ақпарат сақталуы сенімділігінің жоғарылуы;
ақпаратты рұқсат етілмеген енуден қорғауды жақсарту;
ұйымның бөлімшелер және қызметкерлері мен арасында жылдам, қағазсыз ақпарат алмасу мүмкіндігі.


Операциялық жүйенің функциясына кіреді: Қолданушымен сұқбатты жүзеге асыру; Еңгізу-шығару және деректермен басқару; Бағдарламалардың өндеу процесін жоспарлау және ұйымдастыру; Ресурстарды орналастыру (оперативтік жадпен кэш жадты, процессорді, сыртқы құрылымды) ; Бағдарламаларды орындалуға еңгізу; Бірнеше көмекші операцияларды қамтамасыз ету; Әр түрлі сыртқы құрылымдар арасында ақпараттарды беру; Перифериялық құрылымдарды бағдарламалық қолдау жұмыстары (дисплей, пернетақта, диск жинақтауыш, принтержәне т. б. ) .


Операциялық жүйені компьютердің құрылымдарың басқару бағдарламасының жалғасы дейміз. ОЖ төрт негізгі түрі бар:
Бір пайдаланушылық бір есептік, олар бір пернетақтаны қолдайды және тек бір есеппен жұмыс істей алады; Бір пайдаланушылық бір есептік фондық мөрімен, негізгі есеппен бірге қосымша есепті еңгізе алады және ақпаратты мөрге бағыттайды. Бұл көп көлемді ақпараттарды мөрге жіберу жұмысың тездетеді. ; Бір пайдаланушылық көп есептік, бір қолданушыға көп есептермен жұмыс жасап, өндей алады. Мысалы, бір компьютерге бірнеше принтерлер қосуға болады және әр қайсысы өз жұмысын атқарады; Көп пайдаланушылық көп есептік, бір компьютерде бірнеше қолданушылармен бірнеше есептер еңгізе алады. Осы ОЖ өте күрделі және бірталай машиналық ресурстарды керек етеді.


ОЖ -гі файлдық жүйе дегеніміз не? Файл (file - бума, десте) белгілі бір атпен магниттік дискіде жазылған біртектес ақпараттар жиыны. ОЖ жұмысы үшін керекті мәліметтер рөлін әртүрлі типтегі файлдар атқарады. Файл бағдарламадан, не оларға қажеті берілген сандар тобынан, мәтінен тұруы мүмкін. Әрбір файлдың файлдар каталогында тіркелген өзіндік аты болуы керек. Файлдың толық атауы екі бөліктен тұрады: аты және типі. Файлдың аты - 8 таңбаға дейінгі әріптен басталатын сандар мен әріптер жиыны, ал оның 3 таңбадан аспайтын екінші бөлігі оның типі не атының кеңейтілуі деп те айтылады. Бір каталогта аттары бірдей файлдар болмауы тиіс. Файлдың типі кейде болмауы мүмкін. Файлдың аты мен типі нүктемен бөлінеді. Файлдың толық аты латынның бас не кіші әріптерімен беріледі (сандар да кіреді) . Мысалы:
COMMAND. COM
NORTON. EXE
GAME. BAS
AIGUL. TXT.
MARAT. DOC


MS DOS ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ MS DOS (Microsoft Disk Operating System) операциялық жүйесі -16-разрядты персональдық компьютерлерде өте кең таралған ОЖ. Ол келесі негізгі модульдерден тұрады (2 сурет) : Енгізу/шығару базалық жүйе (BIOS) ;
Алғашқы қосылу блогі (Boot Record) ;
Енгізу/шығару базалық жүйенің кенейту модулі (IO. SYS) ; өндеуді тоқтату модулі (MSDOS. SYS) ;
командалық процессор (COMMAND. COM) ;
MS DOS утилиттары.


- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz