Халық саны және еңбек статистикасы


Slide 1

Халық және еңбек статистикасы

Slide 2

Жоспар

1. Халық саны және құрамының статистикасы

2. Жұмысбастылық және жұмыссыздық статистикасы

3. Халық қозғалысының статистикасы

4. Халық санын болжаудың статистикалық әдістері

5. Жұмыс істейтін халықтың қозғалысы және жұмыс күші құнының статистикасы

Slide 3

1. Халық саны және құрамының статистикасы

Халық берілген аумақта тұратын адамдар. Халық статистикасының бақылау объектісіне тұтас халық және оның жеке белгілі топтары жатады. Бақылау бірлігі - адам, отбасы, үй шаруашылығы.

Еңбекке жарамдылығына қарай халықтардың келесідей категориялары бар: еңбек жасындағы халық саны, еңбек жасындағы еңбекке қабілетті халық саны, еңбек ресурстары.

Еңбекке жарамды жастағы еңбекке қабілетті халық саны = Еңбекке жарамды жастағы тұрақты халық саны - Әлеуметтік қорғау орнынан зейнетақы алатын, еңбекке қабілетті жастағы, 1-2 топтағы мүгедектер саны, еңбек жасына байланысты қосымша шартпен зейнетақы алатын, еңбекке жарамды жастағы жұмыс істемейтін зейнеткерлер саны.

Slide 4

Халық және еңбек статистикасының міндеттері:

- халықтың табиғи қозғалысы зерттеу;

- халықтың миграциялық қозғалысын зерттеу;

- еңбек нарығын, халықтың жұмысбастылғын және жұмыссыздығын зерттеу;

- халық санын болжау.

Slide 5

Халық санағы келесі категориялармен тіркеледі: тұрақты, нақты халық және олармен тығыз байланыстағы уақытша келгендер және уақытша кеткендер.

Статистика халықтың құрамын басқа белгілері (жыныс, жас, әлеуметтік жағдайы, отбасы жағдайы, ұлты, білім деңгейі, күн көру көздері, аймақ, қызметінің түрі, т. б. ) бойынша топтастырумен сипаттайды.

Slide 6

2. Жұмысбастылық және жұмыссыздық статистикасы

Еңбек ресурстары - экономикалық белсенділік мәртебесі бойынша экономикалық белсенді және экономикалық белсенді емес халық болып бөлінеді. Экономикалық белсенді халық - өндірістік тауарлар мен қызметті өндіруді жұмыс күшімен қамтамасыз ететін халықтың бір бөлігі. Халықаралық стандарттарға сәйкес белсенді халыққа 15 және одан жоғары жастағы адамдар жатады.

Экономикалық белсенді халық саны = жұмыспен қамтылған халық саны + жұмыссыздар саны

Экономикалық белсенді жастарға 15-24 жас аралығындағы жұмыспен қамтылған және жұмыссыздар жатады.

Slide 7

Жұмыспен қамтылған халық (жұмысбасты) - жасына қарамастан экономика саласында нақты жұмыс істеп жүрген халық. Жұмысбастылық мәртебесі бойынша жұмыспен қамтылған халық екіге бөлінеді: жалдамалы жұмысшылар және өз бетімен жұмыспен айналысушылар.

Жұмыссыздар - экономикалық белсенді жастағы халық, жұмыс орны жоқ, бірақ белсенді жұмыс іздеп жүрген және жұмысқа дайын адамдар.

Экономикалық белсенді емес халық - үй шаруашылығымен айналысатын, экономикалық белсенді жастағы халық және күндізгі оқу бөлімінде оқитындар.

Slide 8

Экономикалық қызмет жасамайтын, еңбекке жарамды жастағы, еңбек етуге қабілетті халыққа жататындар - мүгедектер, асыраушы адамды жоғалтқандар, жеңілдік шарты бойынша зейнетақы алатындар; жұмысты іздемейтіндер, бірақ жұмыс істеуге мүмкіншілігі бар және жұмыс істеуге дайындар, табыс көзіне қарамай, жұмыс істеуге қажеттіліктері жоқ адамдар.

Экономикадағы жұмыспен қамтылмағын халықтың саны = халықтың жалпы саны - экономикадағы жұмыспен қамтылған халықтың саны.

Slide 9

Еңбек нарығына қатысты көрсеткіштер

Халықтың экономикалық экономикалық белсенді халық саны

белсенділік үлесі = х 100

жалпы халық саны

Халықтың экономикалық экономикалық белсенді халық саны

белсенділік коэффициенті = х 100

15 және одан жоғары жастағы жалпы халық саны

Slide 10

Экономикадағы жұмыс жұмыспен қамтылмаған халық саны

істейтін бір адамға есебімен = х 100

Жүктеме коэффициенті жұмыспен қамтылған халық саны

Жұмыспен қамтылу жұмыспен қамтылған халық саны

(жұмысбастылық) = х 100

коэффициенті экономикалық белсенді халық саны

Жастардың 15-25 жастағы жұмыс істейтін жастар саны

жұмысбастылық = х 100

коэффициенті 15-25 жастағы экономикалық белсенді жастар саны

Slide 11

Жалпы жұмыссыздар саны

жұмыссыздық = х 100

коэффициенті экономикалық белсенді халық саны

Жастардың 15-25 жастағы жастардың жұмыссыздар саны

жұмыссыздық = х 100

коэффициенті 15-25 жастағы экономикалық белсенді халық саны

Ұзақ мерзімдегі 1 және одан көп жыл жұмыс таба алмағандар саны

жұмыссыздық = х 100

коэффициенті экономикалық белсенді халық саны

Slide 12

Халықтың экономикалық белсенді емес халық саны

экономикалық белсенді = х 100

емес коэффициенті 15 жастағы және одан жоғары белсенді халық саны

Еңбекке жарамды еңбекке жарамды жасқа дейінгі халық саны

жастағы халықтың орнын = х 100

басу коэффициенті еңбекке жарамды жастағы халық саны

Зейнеткерлік еңбекке жарамды жастан кейінгі халық саны

жүктеме = х 100

коэффициенті еңбекке жарамды жастағы халық саны

Жалпы еңбекке жарамды жасқа дейінгі және кейінгі халық саны

жүктеме = х 100

коэффициенті еңбекке жарамды жастағы халық саны

Slide 13

3. Халық қозғалысының статистикасы

Туу және өлу процестерінің әсер етуі есебінен халық санының өзгеруі табиғи қозғалыс деп аталады. Қазақстан Республикасына, Қазақстан Республикасынан және аймақтар ішінде тұратын мекендеуге келгендер және шетелге тұрақты мекендеуге кеткендер халықтың миграциялық қозғалысы деп аталады. Халықтың жалпы қозғалысы табиғи миграциялық қозғалыста туындайды.

Халық қозғалысының абсолютті көрсеткіштері:

1. N - туылған балалар саны.

2. М - өлгендер саны.

3. m - ағымдағы жылда 1 жасқа толмай шетінеп кеткен сәбилердің саны.

4. таб. =N-M - халықтың табиғи өсімі.

5. Н - некеге тұру саны.

Slide 14

6. А - ажырасу саны.

7. В - Қазақстан Республикасынан, аймақтарынан кеткендер саны.

8. П- Қазақстан Республикасына, аймақтарына келгендер саны.

9. миг. - П-В - халықтың миграциялық өсімі.

10. П+В - халықтың миграциялық айналымы.

11. жалпы = таб. + миг. = N- N+П-В= Sс - Sб - халықтың жалпы өсімі.

12. Sб - жыл басындағы халықтың саны.

13. Sс - жыл соңындағы халықтың саны.

14. Sс = Sб + N -М +П-В - жыл соңындағы халықты есептеу үшін осы баланстық әдіс пайдаланылады.

Slide 15

Жастық туу коэффициенттері - әйелдердің белгілі жас тобынан туылған балалар санының осы жас аралығындағы әйелдердің орташа санына қатынасына тең болады.

Жалпы өлу коэффициенті: Көлу =

Нәрестелердің шетінеу коэффициенті деп 1 жасқа толмаған сәбилердің шетінеп кеткен дәрежесін көрсететін шаманы айтады. Бұл коэффициент екі тәсілмен табылады:

Slide 16

4. Халық санын болжаудың статистикалық әдістері

Халықтың алдағы санын есептеу келесі әдістермен жүргізіледі:

1. жас бойынша жылжыту әдісі - тұлғаның «х» жасынан келесі «х+1» жасына ауысу.

Халықтың әрбір жас аралық тобынан белгілі бір жастағы өмір сүру коэффициентін есепке алып, келесі жылға жылжу.


Ұқсас жұмыстар
еңбек статистикасы және халық
Халық және еңбек статистика сы
Халық және еңбек статистикасы
Халық пен еңбек статистикасы
Еңбекке жарамды
Әлеуметтік - экономикалық статистика пәні
Статистикалық агенттігінің ұйымдастырылуы және оның міндеттері
БІЛІМ БЕРУ СТАТИСТИКАСЫ
Статистика теориясы
Медициналық факторлар - медициналық көмектің факторлары, медицина көмектің жеткілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz