Қабылдаудың жалпы ұғымы
Презентация қосу
Қабылдау туралы жалпы ұғым
Орындаған: Рахимова А,Д.
Тексерген : Оспанова Қ.Ш.
Жоспар:
1) Қабылдау туралы жалпы ұғым
2) Қабылдаудыың негізгі
ерешіліктері
3) Қабылдаудың тұтастығы
4) Қабылдаудың мағыналылығы
5) Қабылдаудың таңдамалылығы
6) Қабылдаудың тұрақтылығы
(константтылығы)
7) Қабылдаудағы иллюзия
8) Апперцепция
9)Байқау және байқағыштық
10)Кеңістік пен уақытты бақылау
Егер түйсік сыртқы дүние заттары мен
құбы-лыстарының жеке қасиеттері мен
сапаларының миымызда бейнеленуі
болса, қабылдау заттар мен
құбылыстардың мида тұтастай
бейнеленуі болып табылады.
Қабылдауда заттар мен
құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі,
иісі, формасы т. б. қасиеттері түтас
күйінде бейнеленеді. Мысалы, қауынды
қабылдауды алайық. Мұнда біздің
анализаторларымызға оның жасыл
түсі, хош иісі, тәтті дәмі т. б. осындай
қасиеттері бір мезгілде эсер етеді де,
миымызда тұтас зат бейнесі пайда
болады.
Қабылдау процесінде
адамның өткендегі тәжірибесі
ерекше маңыз алады. Сыртқы
ортадан дамылсыз ақпарат
келіп отырады. Кісі бұлардың
бәрін бірдей дұрыс қабылдай
алмайды, немесе үлгермейді.
Егер бала өмір бойы ұшақты
көрмесе, оны бірден жақсы
тани алмайды. Адамның
сыртқы дүниенің заттары мен
құбылыстарын қабылдауы
селқос үңілу емес, белсенді
қабылдау. Белсенді қабылдау
дүниені тереңірек тануға
мүмкіндік береді.
Қабылдау — ми қабығының күрделі анализдік және
синтездік қызметінің нәтижесі. Қабылдаудың физиологиялық
негізіне бірнеше тітіркендіргіштердің жиынтығы мен олардың
қарым-қатынасында пайда болатын уақытша жүйке
байланыстары жатады. Мүны И. П. Павлов қатынас рефлексі
деп атаған. Мәселен, анализаторында осындай қатынас
рефлексінің жасалуы (яғни тітіркендіргіштердін бір-бірімен
байланысы) заттың түрі түсі, мөлшеріне қарамай-ақ оның
тұлғасын тануға мүмкіндік береді.
Сөйтіп, қабылдау — түйсіктегідей бір анализатордың
қызметі емес, бірнеше анализаторлардың бірлесіп қызмет
істеуінің нәтижесі. Мәселен, киноны екі анализатордың (көру,
есту) өзара байланысып жүмыс істеуінен болады.
Қабылдаудың тұтастығы
Қабылдаудың объектісі кейбір жеке қасиеттерден, жеке
бөліктерден тұрғанымен, біз оларды бүтіндей, тұтастай қабылдаймыз.
Кей кезде бұрынғы тәжірибемізде ұшыраған кейбір объектілердің
жеке бөліктері, шет жағасы, үзінділері қабылданса да, біз б ұларды
тұтас зат формасында қабылдаймыз. Егер "Дударай" операсында ғы
Мариям әнінің басталуын қүлағымыз шалса, осы әннің мазм ұнын
тұтастай қабылдайтын боламыз. Адам алдындағы үш нүктені жеке
ноқат ретінде кабылдамайды. Мүны үш бұрыштың тұтас бейнесі деп
түсінеді. Өйткені, қабылдаудағы жеке бөліктер жиналып келіп, тұтас
нәрсенің бейнесін қүрайды.
Қабылдаудың мағыналылыгы
Бүл ерекшелікте қабылдаудың түйсіктерден негізгі
айырмашылығын жақсы көрсетеді. Ол объектілердің мазмұнын
жақсылап түсінбейінше, белгілі түжырымдар мен сөз арқылы
аталмайынша, ол толық қабылданбайды.
Қабылдауда объектінің аты сөзбен (екінші сигнал жүйесі)
берілсе, қандай нәрсе болса да оңай және тез қабылданады.
Мәселен, өзіміз түсінбейтін тілде сөйлеген сөздерді м үлде
ұқпайтын болсақ азын-аулақ хабарымыз бар тілді шала-шарпы
қабылдаймыз. Адам ана тіліндегі сөздерге жақсы, толық
түсінетіндіктен оларды толық қабылдай алады.
Заттар мен қүбылыстардың мағынасын түсінудің қарапайым т үрі
— тану. Нәрсені танымайынша, оны аңғарып, қабылдау қиын.
Тану жалпылай және даралап тану болып екіге бөлінеді.
Жалпылай тану дегеніміз талғаусыз қалай болса, солай тану.
Жалпылай тануда адам нәрселердің өздеріне тән қасиеттерін біле
бермейді. Объектілерді даралап тану арқылы оларды анық, толық
қабылдауға мүмкіндік туады. Мәселен, көпшілік арасынан таныс
адамды бірден тану, көп киімнің ішінен өз пальтоңды бірден тану
оп-оңай.
Қабылдаудың таңдамалылығы
Толып жатқан объектілердің ішінен біреуін іріктеуіміз (оның
қасиетін, сапасын) қабылдаудың таңдамалылыгы делінеді.
Мәселен, кітап оқығанда ондағы бірер сөз қате жазылған болса
да байқамай оқып кете береміз. Егер кітапта “информатика" деген
соз “инфроматика " деп қате жазылса да, біз оны “информатика"
деп дұрыс оқимыз. Кітап оқығанда оның мазмұнына ерекше
көңіл бөлінетіндіктен, мұндай қателер көзге түспей қалады.
Қабылдаудың таңдамалылыгы әр түрлі объективтік
(объктілердің ерекшеліктеріне — күші, қозгалысы, қарым-
қатынасы т.б.) және субъективтік (адамның қабылданатын затқа
қызығуы, оны қажетсінуі, сол кездегі психикалық коңіл-күйі т.б.)
себептерге де байланысты болып келеді.
Мұғалім бірнеше оқушыдан үй
тапсырмасын сұраған кезде оған бір
баланың жауабы ерекше ұнайды. Бүған ол
аса зейін қояды. Сонда мүғалімнің
объектісі сол бала болады да,
қалғандарының жауабы жөнді еленбейді.
Қабылдауда ерекше айқын корініп түрған
нәрсе (жогарыдагы мысалда баланың
сабақты жақсы айтуы) фигура делінеді де,
қалғандары (осы сүрақка жондеп жауап
бере алмаган оқушылар) соның фоны
болады. Сөйтіп, аса зейін қойған зат осы
кезде фигура болады да, оның
айналасындағы қоршау фон болып
есептелінеді. Осылайша түрлі жағдайда
әркімнің өзінше қабылдауы көбінесе
адамның мамандығына да байланысты.
Мәселен, суретші алдымен екі профильге
назар аударса, мұражай қызметкері бірден
вазаны көреді.
Қабылдаудың тұрақтылығы (константтылыгы)
Қабылдаудың константтылыгы деп сыртқы жағдайдың
өзгеруіне қарамастан, заттардың кейбір қасиеттерінің бір қалыпты
болып қабылдануын айтады. Мәселен, ақ қағаз жасыл
лампочканың жарығы түссе де, қызыл лампочканың жарығы түссе
де бәрібір ақ болып қабылдана береді. Осы заңдылық түрмыста,
еңбек процесінде түрлі заттарды тез, оңай тануға мүмкіндік береді.
Қабылдаудың константтылығы балаларда 2 мен 4 жастың арасында
қалыптасып болады. Қабылдаудың константтылығы адамның
өткен төжірибесіне де байланысты. Бейнені тұрақты түрге
келтіруге, оны сол қалпында сақтауға мүмкіндік туғызатын ең
жоғары психикалық функция — сөз. Әрбір заттың түсінігі сөзбен
байланысты, сөз ғана затты бір түрақты түрге енгізеді.
Қабылдаудағы иллюзия
Әрқашан да қабылданатын затқа,
не құбылысқа қабылдау сәйкес келе
бермейді. Түрлі себептерге
байланысты шындықты бүрмалап,
теріс қабылдайтын кездер де болады.
Түрлі себептерге байланысты
шындықтағы объектілерді қате
қабылдауды иллюзия деп атайды.
Иллюзиялар сан алуан себептерге
байланысты пайда болады. Мысалы,
шай құйылған стақанға салынған
қасықтың "сынған" құсап тұруы
физикалық қасиеттерімен
түсіндіріледі.
Иллюзияның табиғаты ғылымда әлі
де толық зерттелмеген. Обман
зрения.
Апперцепция
Қабылдаудың адамның жалпы психикалық
тұрмысы мен өткен тәжірибесінің мазмұнына
байланыстылығын апперцепция дейді. Апперцепция
тұрақты және уақытша болып екіге бөлінеді.
Түрақты апперцепция адамның қызығуы мен
мамандығы, білімі мен дүниетанымына байланысты
болып отырады
Кеңістік пен уақытты қабылдау
Кеңістікті қабылдау – заттар мен құбылыстардың
көлемін, тұрқын, түрін, аумағын, алыс – жақындығын,
тайыз – тереңдігін, бағыт – бағдарын қабылдау деген
сөз.
Кеңістікте орналасқан заттардың көлемін қабылдауду екі
көзбен көрудің (бинокулярлық көру) маңызы зор. Ал бір
көзбен көру (монокулярлық көру) тереңдік жөнінде дәл
мағлұмат бере алмайды.
Бинокулярлық қарауда екі көзге түсетін кескін қосылып
кетеді де, нәрсенің бедері айқын сезіліп, бір ғана кескінге
айналады.
Уақытты қабылдау да сыртқы дүниедегі
заттар мен құбылыстарда болатын
өзгерістердің санаға «сер етіп
қалдыратын бейнесі. Уақыт – дүниедегі
заттардың өзгеріп, бір қалыптан екінші
қалыпқа көшіп, ескі заттардың жоғалып,
олардың орнына жаңа заттардың пайда
болып отыру көрсеткіші.
Уақытты қабылдау бірнеше
компоненттерден тұрады. Соның бірі -
уақыттың ритімі. Уақыттың ритімі –
құбылыстардың белгілі ырғақпен өтіп
жататын бір ізділігі. Уақыт темп арқылы
өлшенеді.Темп – құбылыстардың бір
ізжілігінің, тездігінің не бояулығының
көрсеткіші.
Бақылауға арналған сұрақтар:
1) Заттар мен құбылыстардың мағынасын түсінудің қарапайым
түрі қалай аталады ?
2) Ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің
нәтижесі қалай аталады?
3) Белгілі мақсат пен объектіні әдейілеп қабылдау қалай
аталады?
4) Қабылдаудың константтылыгы дегегніміз не ?
5) Жалпылай тану дегеніміз не ?
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
Жарықбаев Қ. Психология (оқулық). Алматы, «Білім», 1993 115-
127бб.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz