Балалар психологиясының даму тарихы,теориялар туралы негізгі түсініктер



Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ №1
Тақырыбы: Балалар психологиясының даму тарихы, теориялар туралы негізгі түсініктер
Орындаған: Төлеуханова Айдана П-407
Тексерген:Кулмышева Н. А.

Балалар психологиясының даму тарихы, теориялар туралы негізгі түсініктер.

Балалар психологиясының пәні мен міндеттері
Жас ерекшеліктері психологиясы адамның бүкіл өмірі бойындағы психикалық қасиеттері мен тұлғасының даму үдерісін зерттейді. Бізді қызықтыратыны - бүкіл өмірлік жол емес, өте жылдам есейіп келе жатқан баланың мектепті тәмамдап, ересек өмірге қадам басқанша жүріп өткен, туғаннан 17 жасқа дейінгі өмірінің бастапқы кезі. Жас ерекшеліктері психологиясының бұл бөлімінде бала дамуының заңдылықтары мен фактілері анықталады.
Жантану ғылымының негізгі салаларының бірі - жасерекшелік психологиясы. Оның бөлімдерінің бірі -балалар психологиясы, яғни мектеп жасына дейінгі балалар психологиясын зерттейді.
Балалар психологиясы- баланың психологиялық даму факторлары мен заңдылықтарын, оның іс-әрекетінің дамуын, психикалық үдерістер мен сапаларының ерекшеліктерін және жеке басының психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуын зерттейді.
Балалар психологиясы мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық және анатомиялық, физиологиялық даму ерекшеліктерін де жан-жақты зерттеп, қарастырады.

Бала психологиясының негізгі зерттеу объектісі
Адамның дүниеге келген күнінен бастап қартайғанға дейінгі әр түрлі жас кезеңдеріндегі психологиялық ерекшеліктері. Мұның өзі бірнеше тармақтарға бөлінеді. Олар мектепке дейінгілер, бастауыш сыныптағылар, жасөспірімдер, балан жастағылар, кәмелетке келген және ересек, кәрілік, қарттық жастағылардың психологиясы. Бұлар да жан қуаттардың дамуының жас ерекшелігіне қарай дамып, қалыптасып отыратындығы ілім - білімді меңгеруге лайықты мүмкіндіктер қарастырады. Балалар психологиясы балдырғандарды зерттейді. Балдырғандардың басқа адамдармен қарым-қатынас жасай алатын, еңбектенетін, жаңалық ашатын, өнер туындыларынан қалай ләззат ала білетінін, ересек адамдарға қалай айналатынын анықтап береді. Жас балдырған үлкен адамдарға ұқсамайды. Тек біліммен ғана емес баланың сезінуі ойлауы үлкен кісілермен емес екендігін білеміз. Сәбилердің сезімдері күшті, бірақ көбінесе тұрақсыз болуы мүмкін. Құштар болған нәрсесін ертең ұмытып кетуі ғажап емес. Астарлап сөйлегенді балалар түсіне бермейді. Өзін қызықтырмаған істі зорлап орындай алмайды. Баланың қолынан келмейтіні көп.

Балалар психологиясының маңызды міндеті - әр жас кезеңіндегі баланың даму заңдылықтарын анықтау, оған әсер ететін себептерді іздестіру.
Психикалық зандылықтардың шығу тегін зерттемей тұрып түсіну мүмкін емес, ал анатомия, физиология мен байланысты дейтін себебіміз баланың жүйке жүйесі мен жоғарғы жүйке жүйесі психологиясының негізгі міндеті - оқу, ойын, еңбек әрекеттерінің бала психикасының дамуына тигізетін әсерін зерттеп, баланың психикалық дамуына дұрыс бағыт бағдар беріп, осы тұрғыда тәрбие жұмысының қалай болу керектігін ата-аналар мен тәрбиешілерге жете түсіндіру.
Баланың дамуын сипаттайтын факторлар: баланың үнемі алға қарай ілгері ұмтылуы, оның мінез-құлқында іс-әрекетінде жаңалықтың пайда болуы. Қарапайымдылықтан неғұрлым күрделі. Ойланып атқарылатын қимылға ауысуы. Сөйлеуді игеру дербестілігінің алғашқы көріністерінің пайда болуы.
Балалар психологиясының негізгі зерттеу компоненттері - балдырғанның психикалық дамуын, психикалық дамудың әрбір сатысының ерекшеліктерін, психикалық дамудың маңызды жағын, баланың бойындағы психикалық процесстер мен сапалардың, қабылдаудың, зейіннің, қиялдың, есте сақтаудың, ойлаудың, сөйлеудің, сезімдердің, мінез-құлықтың, еріктің, басқарудың бастапқы формаларының пайда болуы және жетілуі қарастырылады.

Балалар психологиясының даму тарихы
Бала психологиясы - жас ерекшелігі психологиясының негізгі бөлімі. Ол адам өміріндегі тұтас бір кезең болып табылатын балалық шақтың психикалық даму заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелігі психологиясының іргетасы болған бала психологиясы XIX ғасырдың аяғында дербес пән ретінде өмірге келді. Бала психологиясының негізін қалаған - неміс ғалымы В. Прейер. Ол Бала психологиясын зерттеуде тұңғыш рет интроспекция әдісінен объективті бақылауға өтуді жүзеге асырды. В. Прейердің «Бала жаны» атты кітабы (1882) бала психологиясын жүйелі зерттеуді бастап берген психологиялық еңбек болды. Бала психологиясының пәні - балалық шақтағы психикалық дамудың жалпы заңдылықтарын онтогенезде ашу, осы дамудың жас кезеңдері мен оған өту себептерін анықтау. Бала психологиясы үшін басты мәселе - баланың психикалық дамуының факторларын, психикалық даму шарттарын түсіндіру.

Л. С. Выготскийдің психология ғылымында ерекше орын алатын теориясы - бала дамуының жақын арадағы аймағы деп аталады.
Бұл теорияның түпкі мәні - баланы тәрбиелел оқыту, оған білім беріл, дүниетанымын қалыптастыру үнемі онын табиғи даму деңгейінен оздырып отыруды талап етеді. Мұндай талап біріншіден, баланың психикасын, оның жан дүниесінің дамуын, ақыл-ой деңгейін өрістетіп, оны жетілдіруде шама-шарқы жетерлік оқу-білім алуға, оны ездігінен ойлантып-толғантуға, әрбір зат пен құбылыстың мазмұн-мағынасын пайымдап білуіне жетектеп отырады. Бала оқу-тәрбие үстінде өз санасын неғұрлым күрделендіріп, заттар мен құбылыстар арасындағы себепті байланыстарды зерделсп танитын міндеттерге машықтанулары керек.

Егер баланың табиғи дамуында оның психикасы күрделеніп, сана-сезімі жетілетін болса, ал оқу-тәрбие жұмыстары арқылы оның дүниетанымы мен білімінің шеңбері кеңейеді. Оның дамып жетілуі, сыртқы ортадан түйсініп, қабылдаған, көріп білгендерін ой елегінен өткізіп санасының өрістеуіне әсер етуін сыртқы факторлардың (экстериоризация) ішкі факторларга (интерноризация) айналуымен белгіленеді. Осы жайт Выготскийдің адамның мәдени-тармхи дамуы жайындағы теориясының мәнісінен туындайды.
Л. С. Выготский теориясының енді бір ерекшелігі баланың айналасындары адамдармен қарым-қатынас жасауда тарихи тәжі-рибелерді, тыныс-тіршілік шындығын өзгелердің сөзінен, тәлім-тербие өнегесінен жанамалай үйренуі. Осылайша бала өзінін. дер-бестігін, жеке басының психикалық қасиеттерін өрістетеді, әлеу-меттік ортадан меңгерген білімі мен әр алуан мағлұматтары оның ішкі дүниесінің, психикасының дамуындағы ең жоғары қызмст, яғни, болмыстың бала санасындағы бейнелеуі деп аталады.
Даму процесіндегі мұндай психикалық заңдылық алдымен адамдардың өз-ара қарым-қатынасы арқылы өріс алса, кейіннен оның нәтижелері адамның ішкі көңіл-күйінен жақсы байқалады. «Жоғары психикалық қызметтің даму тарихы» дейтін еңбегінде (1931) Выготскмй осы пікірін одан әрі жалғастыра түсіп, баланың жоғары психикалық қызметі әлеуметтік ортада ересектермен қарым-қатынас жасау арқылы туындан отырады осы жардайда ғана оның сана-сезімі өсіп жетіледі. Выготскийдің бұл тұжырымы баланың «жақын арадағы даму аймағы» жайындағы қағидасын негідеуге тірек болды.

Ян Амос Коменский «Ұлы дидактика»
XVII ғасырдың аралығында жаңа педагогиканың негізін қалаушы көрнекті чехтың ұлы славян педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670ж) балаларды сезім ерекшеліктеріне байланысты оқыту жүйесін құру керектігі туралы ең алғаш өз пікірін ұсынып, мектепке дейінгі тәрбиенің алғашқы жүйесін жасады. Осы негізде «Ұлы дидактика», «Суретті көрнекі әлем» еңбектері шықты.
«Ұлы дидактика» Коменскийдің педагогикалық жүйесін толық және дәлелді түрде баяндаған шығарма болды. Бұл еңбекте ақыл-ой адамгершілік тәрбиесінің мәселелері сондай-ақ ұлы педагог ұсынған жаңа мектепті ұйымдастыру мәселелері зерттелді. өмірінің соңғы жылдарын ұлы педагог Амстердамда өткізді, оның «Ұлы дидактикасы» 1957 жылы Лешко қаласында баспаға бастырылды. Коменский 1670 жылы Амстердамда таяу жердегі каарденде қайтыс болды. Орта ғасыр мен жаңа дәуірдің, феодалдық және капиталистік формацияларының аралығында өмір сүрген Коменскийдің көз қарасы сол дәуірдің ерекшеліктеріне мен қайшылықтарына байланысты қалыптасты.

Тәрбие мен білім берудің маңызын Коменский өз заманындағы білім беру жүйесіне, мектеп құрлысына мектептің жаңа түрі жөніндегі идеяны қарсы қойды. «Ұлы дидактиканың» негізгі тарауларында Коменский реалистік позицияда екендігін, педагогиканың маңызды мәселелерін шешуді өмір тілегіне, өз қоғамының демократиялық топтардың мұқтажына бағындыратының көрсетті. Коменский - жас жеткіншектерге тәрбие және білім беру. Оның ойынша адам тек тәрбие арқылы ғана адам болады. «Адам болу үшін ол білім алуы тиіс . . . » «Білімділер нағыз адам . . . » - деді.
Бүкіл тәрбие ісі Коменскийге табиғатқа тән, жалпы заңдылықтарға сәйкес болуы тиіс. Ол адамды табиғаттың бір бөлігі ретінде алып қарап, тәрбие ісін адамның табиғатына сәйкес, оның табиғи қабілеті мен қасиеттерін дамытуға бағыттап жүргізу керек деп кеңес берді.

Ал Лев Семенович Выготскийдің «жоғарғы психикалық функцияның тарихи мәдени даму теориясы», «Психикалық дамудың жас дағдарыстары» атты зерттеу жұмыстары балалар психологиясы ғылымы үшін теңдесіз құнды материалдар болып есептелуде.
Баланың ақыл-ойының дамуының негізгі күші мен себептері жөнінде де түрлі педагогикалық ой-пікірлер айтылды. Мұндай негізгі себепші күшке баланың үлкендерге еліктеуі, үлкендерден оқып үйренуі жатады. Сонымен қатар баланың адамгершілік сезімі мен ақыл-ойының дамуы үшін тілінің шығуы сөздік қорының дамуының рөлі ерекше екенін атап көрсетті.
Балалар психологиясының отандық ғалым болып бөлініп шығуына И. М. Сеченов пен К. Д. Ушинский еңбектерінің де өзіндік үлесі бар. Мысалы, И. М. Сеченовтың 1829-1905 «Бас миының рефлекстері» деген еңбегінде кішкентай балалардың рефлекторлық әрекетінің алғашқы даму барысын бақылай жүріп, сезгіштігінің даму бағытын, қимыл-қозғалысын, олардың ойлауының алғашқы формасын, ес, ерік, зейіннің сөйлеген сөзінің және өзін-өзі танып білу өзгешеліктерін көрс етіп берді.
Әр ғалым өз зерттеу мақсатарына қарай түрлі бағытта зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Баланың бойының өсуін, салмағының артуын, дене пропорциясының өзгеруін, нерв жүйесінің құрылымы мен жұмысының жетілуін, ішкі секреция бездерінің жұмыс атқару өзгерістерін - жас ерекшелігі анатомиясы мен физиологиясы зерттейді.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz