ДЭЕМ - нің программалық жабдықтары. Программалау


Slide 1

ДЭЕМ - нің программалық жабдықтары.

Программалар.

Slide 2

Программалық жабдықтар ЭЕМ-нің жұмысын қамтамасыз ететін барлық программалар жиынынан тұрады, оларды программалық жүйе деп те атайды. Программаларсыз ЭЕМ-нің жұмыс атқаруы мүмкін емес.

Программалық жабдықтар - ЭЕМ-ді толық пайдалануға арналған программалар мен олардың қолдану ережелерін сақтайтын құжаттар жиыны.

Slide 3

Қолданбалы Тестілік Жүйелік Текстік

Операциялық Утилиттер Драйверлер Программалау

жүйе

Slide 4

Қолданбалы немесе кәделі программалар - белгілі бір мамандық саласындағы арнаулы есептерді шығаруға арналған программалар тобы. Текстік программалар - текс түрінде дайындалып, операциялық жүйенің басқаруымен бірден орындалатын программалар жиыны.

Кростық немесе тестілік программалар деп компьютердің жұмыс істеу мүмкіндіктерін тексеріп, оны жасап шығару кезеңінде аппараттық құрылғыларының қызметін толық бақылауға арналған программаларды айтады.

Slide 5

Жүйелік программалар компьютерді толық басқаруды қамтамасыз етіп, оның мүмкіндіктерін жетік пайдалану жұмысын атқарады. Олар операциялық жүйелерден, шеткері құрылғыларды басқару программалары - утилиттерден, драйверлерден (сервистік программалар) және программалау тілдерінен тұрады.

Драйверлер - белгілі бір сыртқы құрылғыны басқаруды ұйымдастыратын айрықша арнайы программа. Олар процессорды принтермен, пернелер тақтасымен, дискілермен байланыстырады.

Утилиттер - жұмысты жеңілдететін программалар тобы. Олар программалардың мазмұнын көруді, оларды көшіруді, көбейтуді қамтамасыз етеді.

Slide 6

Дербес компьютердің негізгі құрылғылары

1946 жылы американ математигі Джон Фон Нейман ЭЕМ-нің жұмыс атқару принципі мен құрылғыларын толық көрсеткен ғалым.

ДК -дің құрамына кіретін жабдықтарды қажетіне қарай өзгертіп отырады. Оның құрамына кіретін құрылғыларды компьютердің конфигурациясы деп атайды. Негізгі конфигурация ретінде төрт құрылғы кіреді.

1. Жүйелік блок

2. Монитор

3. Перне тақтасы

4. Тышқан

Slide 7

Жүйелік блок

Компьютердің негізгі құрылғысы - жүйелік блок. Ол тік қораптың ішіне салынған. Оның ішінде дербес компьютердің негізгі түйіндері орналасқан. Жүйелік блоктың құрамына кіретіндер:

-процессор;

-жедел жад (RAM) ;

-тұрақты есте сақтау жады (ROM) ;

-қоректендіру блогы;

-енгізу-шығару порттары;

-ақпарат тасушылар.

Бұлар жүйелік блоктың ішінде жатқан құрылғылар болғандықтан ішкі құрылғылар деп аталады. Ал сыртына қосылатын құрылғылар сыртқы құрылғылар деп аталады.

Slide 8

Аналық тақша

Компьютерде жұмыс істеу кезінде барлық мәлімет аналық немесе жүйелік тақша арқылы өңделеді. Аналық тақша - жүйенің ядросы. Бұл шынында да ДК-дің басты бөлшегі- қалғандарының барлығы онымен жалғастырылған және жүйедегі құрылғылардың бәрін нақты сол басқарады.

Микропроцессор

Процессор немесе микропроцессор компьютердегі орталық мәліметтер өңдеу құрылғысы болып табылады. Ол компьютерді басқарады және программадағы командаларды орындайды.

Процессор микросхема ретінде ұсынылған және оперативтік жадымен қатар аналық тақшада орналасады. Процессор неғұрлым шапшаң болса, компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы соғұрлым жоғары болады. Процессордың жылдамдығы мегагерцпен (МГц) өлшенетін оның тактілік жиілігімен анықталады

Slide 9

Дербес компьютердің қосымша құрылғылары:

-Шығару құрылғысы

-Мәліметтерді алмасу құрылғысы

-Енгізу құрылғылары

Slide 10

Шығару құрылғылары

Принтерлер мен плоттерлер:

Принтер (баспа құрылғысы) мәтіндік және графикалық мәліметтерді компьютердің жедел жадынан қағазға басып шығаруға арналған.

Қазіргі кезде принтерлердің матрицалық, лазерлік, сия бүріккіш және термографиялық түрлері бар.

Матрицалық принтерлер олардың қағазға таңба салатын баспа тиегі тік орналасқан металл инелерден тұрады.

Сия бүріккіш принтерлерде бүрку арқылы шығарылады. Бірақ олар қалыңырақ қағазды және тұрақты түрде қадағалап қарап тұруды керек етеді.

Лазерлік принтерлер - ксерография принципін қолданатын құрал­дарға жатады, бұларда әріп бейнелері электрлік тәсілмен бояу жұқты­рылған доңғалақ арқылы қағазға түседі. Доңғалаққа әріптер бейнесіндегі бояу жұқтыру компьютер командалары арқылы лазерлік сәулелермен жүргізіледі. Лазерлік принтерлер өте сапалы басылым бере алады және жылдамдықтары да жоғары - орташа есеппен алғанда, секундына 330 символ (бір бетті 5 - 15 секундта) басып бере алады.

Slide 11

Мәліметтерді алмасу құрылғысы

Желілік адаптер - компьютерді жергілікті желіге қосуға мүмкіндік тудырады. Мұнда пайдаланушы басқа компьютердегі мәліметтерге қол жеткізе алады.

Модемдер (модулятор - демодулятор) компьютерлер арасында мәлімет алмасу үшін керек, олар негізінен мәліметті жеткізу жылдамдығына қарай бөлінеді. Қазіргі кезде олардың жылдамдығы 2400 бит/сек - 2500 бит/сек аралығында. Олар мәлімет алмасу процедурасының белгілі бір стандарттары (протоколы) бойынша жұмыс атқарады. Компьютер желісіне (Іnternet, Relcom, FіdoNet, т. б. ) немесе электрондық почтаға байла­нысты ең керекті құрылғы осы модем болып саналады

Slide 12

Енгізу құрылғылары

Сканер (ізкескіш) - қағазға бетіндегі мәліметтерді (мәтін, сурет, график) оптикалық негізге сүйене отырып компь­ютерге жылдам енгізе алатын құрылғы.

Сканердің түрлері: планшетті, қолмен істейтін, барабанды, парақтық, форма сканерлері, штирх сканерлер.

Сканер көріністі машина кодына айыстырып, компьютер жадына жазады. Сканердің жұмыс атқару принципі былай: жарық сәуле жол-жолы бойынша жазық суретті сканерлейді. Бұл электрондық сәуленің дисплей экранын сканерленгені сияқты. Сканерлеу нәтижесінде қағаз құжаттың сызба бейнесі жасалады


Ұқсас жұмыстар
ДЭЕМ - нің жабдықтары туралы ақпарат
ЭЕМ-ң қызметі, құрамы және жіктелуі. IBM PC және басқа осы тәріздес дербес компьютерлер жұмысы жайында мәліметтер. Алгоритмдік тілдер туралы мәліметтер
ДЭЕМ­нің программалық жабдықтары
Дербес электронды есептеуіш машинаныі программалық жабдықтары.Программалар
ДЭЕМ - нің программалық жабдықтары. Программалар жайлы ақпарат
ДЭЕМ - нің программалық жабдықтары.Программалар
ДЭЕМ-нің программалық жабдықтары жайлы ақпарат
ДЭЕМ – нің программалық жабдықтары туралы
ЭЕМ -нің программалық жабдықтары
IBM дербес компьютерінің негізгі блоктары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz