Гүлді өсімдіктер және олардың аурулары




Презентация қосу
Гүлді
өсімдіктер
аурулары

Орындаған:Ағали Н
Топ:АГ-213
Тексерген:Есенгулова Н.Ж
Жоспар.
Гүлді өсімдіктер және олардың
аурулары
Фузариоз
Монилиоз
Антракноз
Ақ шірік
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Гүлді өсімдіктер.
Жaбық тұқымдылap (Magnoliophyta немесе Angiospermae) –өсiмдiктеpдiң ең
жoғapғы тoбы.Бұлapдың aшық тұқымдылapдaн aйыpмaшылығы – т ұқым
бүpшiгi жaтын iшiнде жетiледi. Гүлдi өсiмдiктеp бapлы қ құpлы қтa өседi, судa
кездесетiн түpлеpi де бap. Oлapдың жaлпы мopфoлoгиялық, aнaтoмиялы қ,
эмбpиoлиялық белгiлеpi ұқсaс бoлғaнымен, өсiмдiктеpдiң тipшiлiк opтaсыны ң
жaғдaйлapынa бейiмделуiне бaйлaнысты кейбip м үшелеpiнi ң өзгеpiп не тiптi
жoйылып кеткендеpi бap. Гүлдi өсiмдiктеp мәңгi жaсыл жaпыpa қтapы, қoс
жынысты гүлдеpi бap, aғaш тәpiздi өсiмдiктеp бoлғaн. Г үлдi өсiмдiктеpдi ң е ң к өп
тapaғaн уaқыты – бop кезеңiнiң aяғы. Гүлдi өсiмдiктеpдi ң жеp шapынa ке ң
тapaлуынa oлapдың құpғaқшылыққa төзiмдi вегетaтивтi opгaндapыны ң бoлуы,
қoлaйсыз климaттық жaғдaйдa өсуге бейiмдiлiгi, негiзiнен, жәндiктеp apқылы
тoзaңдaнуы, тұқымдapы мен жемiстеpiнiң жaнуapлap ap қылы тapaлуы себеп
бoлғaн. Қaзip гүлдi өсiмдiктеpдi дара жарнақтылар және қос жарна қтылар деп 2
клaсқa бөледi. Oлapдың 450 тұқымдaсқa бipiгетiн 12,5 мы ң туысы және 250
мыңнaн aстaм түpлеpi белгiлi. Қaзaқстaндa 125-тей т ұқымдaсы, 1000-нaн aстaм
туысы, 6000-дaй түpi кездеседi. Гүлдi өсiмдiктеpдiң ең ipi
тұқымдaстapы: aстық бұpшaқ тұқымдaстap күpделiгүлдiлеp, еpiндiг үлдiлеp, т.б.;
Гүлдi өсiмдiктеpдiң қaтapынa тaғaмдық (пияз, сapымсaқ, қызылшa, т.б.);
техникaлық (ши, құpaқ, зығыp, қoзa, т.б.); дәpiлiк (шaйшөп, жөке, шүйiншөп,
т.б.); әсемдiк (paушaн,қaлaмпыp, т.б.) өсiмдiктеp жaтaды. Гүл тек жaбы қ т ұқымды
өсiмдiктеpде ғaнa түзiлген. Aтaлықтap мен aнaлықтap oсы гүлде жетiледi.
Aнaлықтың жaтынындa (Гүлтүйiндеpiнде) тұқым бүpшiктеpi opнaлaсaды.
Фузариоз ауруы.
Fusarіum туысына жататын саңырауқұлақтар
тудыратын өсімдік ауруы. Бұл ауруға мәдени және жабайы
өсімдіктер мен дақылдардың әр түрлі мүшелері
шалдығады. Фузариоз қоздырғышы топырақта, өсімдік
қалдықтарында тіршілік етеді. Ол өсімдік тамырында
саңырауқұлақ жіпшелері, хламидоспорасы түрінде
сақталып, жапырақ пен сабаққа су және қоректік заттар
тасымалданатын өткізгіш түтікшелерді бітейді, сол себепті
өсімдік солып, қурап қалады. Фузариозды солуға
мақтаның жіңішке талшықты сорттары, орамжапырақ,
картоп, дәнді бұршақ және асқабақ, т.б. шалдығады.
Фузариоз шірімесі дәнді астық дақылдарын, қауын,
қарбыз, қияр, қызанақты зақымдайды. Фузариоз
топырағы тығыз, ылғалы мол егістіктерде көп кездеседі.
Өсімдіктің тамыры мен тамырсабағын шірітеді.
Фузариозға шалдыққан өсімдіктің масағы солып, тамыры
шіриді, дәні босап, егістік көктемей қалады.
Жүгері фузариозы
Фузариоз ауруымен күресу шаралары.
Ауыспалы егіс жүйесін дұрыс пайдалану,
тұқымды гранозан немесе меркуранмен,
фунгицидпен дәрілеу, егістікті өсімдік
қалдықтарынан мұқият тазарту, тазарған және
залалсызданған тұқым себу, фосфор-калий
тыңайтқыштарын шашу керек.
Монилиоз ауруы.
Монилиозды шірік — алма мен алмұрттың аса зиянды ауруы. С үйекті
жеміс дақылдарынан бұл ауруға алхоры шалдығады. Аурудың бірінші
белгілері алма пісе бастаған кезде білінеді. Алғашқы кезде оның
үстінде оймақтай қоңырқай дақ байқалады. Ол тез үлкейіп,
тұтасымен жемісті шірітіп жібереді. Ауа райы ылғалды болса
залалданған жемістерде сарғыш күлгін саңырауқұлақтың споралану
органы түзіледі. Аурудың инкубац. мерзімі және белгілері алма
сорттарына байланысты құбылмалы келеді. Бұл ауруға апорт, алатау
арайы, пеструшка, голден делишес, грушовка верненская сорттары аса
бейім келеді, ал старкримсон азырақ шалдығады. Алмұрт бұл ауруға
толық пісе бастаған мезгілде шалдығады. Кесел, көбінесе жемістің
құстар шұқыған жеріне түседі. Ауруға шалдыққан жемістер ішінен
шіри бастайды, бар жоғы 5 – 10 күнде ол тұтасымен қоңырқай
тартып, немесе қарайып кетеді. Қоздырғышы кеуіп қалған
жемістерде күзде және қыста сақталады. Бір жемістен екіншісіне
олар бір-бірімен түйіскенде жұғады немесе ауа арқылы таралады.
Аурудың дамуын тежеу үшін залалданған жемістерді мезгілінде
жинап, көміп тастайды. Алдын алу үшін ерте көктемде бақты бордо
сұйықтығының 3%-ды ерітіндісімен бүрку, вегетация кезінде жеміс
жегілеріне қарсы инсектицидтер қолдану керек.
Монилиозға шалдыққан алма
Монилия споралары
Антракноз ауруы.
Антракноз
өсімдіктің саңырауқұлақ
тан пайда болатын ауруы.
Ол өсімдіктің жапырағы
мен гүл бүршіктерінде,
жемісі мен сабағында
қоңыр түсті, айналасы
қызғылт немесе қара
дақтар түрінде пайда
болады. Соның негізінде
өсімдік қарайып, қурайды.
Дәнді-дақылдарды, жеміс-
жидектерді, бақша
дақылдарын т.б.
зақымдайды.
Қияр антракнозы
Ақ шірік ауруы.
Күнбағыс, соя, үрме бұршақ, зығыр
және тағы басқа өсімдіктерде,
сонымен қатар қоймадағы
көкөністерде саңырауқұлақ
салдарынан болатын өте қауіпті
ауру. Ақ шірік өсімдікті істен
шығарады. Ауруды болдырмау
шараларына жерді дұрыс жырту,
ауруға төзімді сорттарын шығару,
ауру өсімдіктерді жинап алып
өртеу және инсектицидтермен
дәрілеу т.б. жатады..
Күнбағыс ақ шірік ауруы
Күресу шаралары
Жанасу инсектицидтері – жәндіктердің сыртқы тері қабаттарымен
жанасуы арқылы енеді; олар шанышқылы – сорғыш ауыз
органдары бар жәндіктерді (биттер, қандалалар) жоюға арнал ған.
Ішек инсектицидтері – инсектицидтерімен өңделген өсімдіктерді
немесе уландырылған жемдерді жеуі арқылы жәндіктерді ң
асқазан-ішек жолына енеді; олар кеміретін жәндіктерді
(шегірткелер, қоңыздардың дернәсілдері мен ересектері,
көбелектердің жұлдызқұрттары) жоюға арналған.
Жүйелі инсектицидтер – өсімдікке топырақтың тамыры арқылы
немесе беткі жағынан өсімдіктің сөлі мен ұлпалары ар қылы еніп,
жүйке-талшық жүйесі бойына тарайды.
Фумигант немесе тыныс инсектицидтері – жәндіктердің
организміне бу, газ күйінде деп алу органдары арқылы енеді.
Инсектицидтер (латын тілінде insectum – жәндік және caedo – жою)
– зиянды жәндіктерді құртуға арналған химиялық заттар.
Организмге ену жолына байланысты Инсектицидтер бірнеше топ қа
ажыратылады
Фунгицидтер (лат. fungus — саңырауқұлақ және caedo — өлтіру) —
мәдени дақылдарды саңырауқұлақ қоздыратын аурулардан қор ғау үшін
қолданылатын химиялық препараттар. Құрылымы жа ғынан фунгицидтер
органикалық және бейорганикалық болып бөлінеді. Ертеде фунгицидтер
ретінде мыс пен темірдің, күкірт пен мырышты ң бейорганикалы қ
қосылыстары қолданылған. Қазіргі фунгицидтер т үрлерінен:
формальдегид, беномил, триазол, карбендазим, триадимефон, флутриафол,
приоклостробин және сынап пен хлор, т.б. элементтерді ң органикалы қ
қосылыстары, тилт, альто-супер, рекс, фалькон, скор, импакт, ридомил МЦ,
т.б. пайдаланылады. Бұлардың көпшілігі өсімдікті аурудан қор ғаумен қатар
оны сол аурудан айықтыра да алады және бір да қылда ауру т үріне
байланысты бірнеше фунгицидтер қолданылуы м үмкін. Фунгицидтерді ң
әсері бүркілген соң 1 — 2 сағат аралығында өсімдік м үшелеріне сі ңіп,
қорғау мерзімі 20 — 30 тәулікке дейін жетеді. Фунгицидтертер жиі
қолданылатын ауруларға: астық дақылдарында ке ң тарал ған сары, қо ңыр
және сабақ таттары, септориоз, көкөніс пен бау-ба қша ж әне жеміс-жидек
дақылдарындағы фитофтороз, мильдю, таз қотыр, монилиоз, с ұр шірік, т.б.
жатады. Фунгицидтер қолдану мөлшері мен мерзімі ж әне жиілігі арнайы
тексеруден өтіп, рұқсат етілген пестицидтер тізімінде к өрсетіледі.
Фунгицидтертер ағаштан жасалған құрылыс материалдарын, теріні, т.б.
өңдеуге де қолданылады.
Темекі түтіні — жапырақ биті, трипске қарсы
қолданылады. Ол үшін биттеп жатқан сүректі
жерлерде ылғалды темекі жапырағын өртейді.
Жылыжайдың 100 шаршы метр ауасына 400 г темекі
түтінін алады.
Темекі түтініне қылқан жапырақтылар,
гелиотропер, басқа да жас нәзік жапырақтары бар
өсімдіктер сезімтал болып келеді. Екінші қайтара аз
мөлшерде түтіндету жақсы нәтиже береді.
Пайдаланылған әдебиеттер
Р.Д.Карбозова, К.Н.Туленгутова «Фитопатология»
Шварцман С.Р., Материалы к истории микофлоры
Казахстана, А.-А., 1962

Ұқсас жұмыстар
Гүлді өсімдік аурулары
Гүлді өсімдіктер және олардың ауруларының түрлері
Гүлді өсімдіктер аурулары. Жaбық тұқымдылap
Гүлді өсімдіктер аурулары
МАҢЫЗЫ РАУШАНГҮЛДІЛЕР ТҰҚЫМДАСЫ
Қосжарнақтылардың тамыры
Гүлді дақылдардың аурулары
Дәрілік өсімдіктердің морфологиялық белгілері
Декоративті өсімдіктердің негізгі түрлері
Даражарнақты класы
Пәндер