Теріні қалай өңдеу керек



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Инженерлік технологиялық факультеті
«Тамақ өндірісі және жеңілөнеркәсіп бұйымдарының технологиясы» кафедрасы
Тақырыбы:
Теріні өңдеу.
ОрындағанОмарбекова Е. Е.
Топ: ТК-421
Тексерген: Бауыржанова А. З.
Семей, 2015 жыл

ЖОСПАР
1. Жібіту
2. Шелдеу
3. Күлдеу және жүнсіздендіру
4. Қорытынды
5. Пайдаланған әдебиеттер

Жібіту үрдісі
ЖІБІТУ.
Мех және былғары шикізаттарын сумен өңдеуді - жібіту деп атайды. Жібітудің мақсаты - шикізатты сулану дәрежесін және микроқұрылымы жағынан мал денесінен жаңа сыпырылған күйіне мейлінше жақындату, яғни «жас тері» қалпына жеткізу.
Жібіту дұрыс жүргізілген кезде шикізаттардан ақуыздық заттарды аз шығындай отырып, толық және бірқалыпты суландыру қамтамасыз етіледі, сонымен қатар шикізаттардан мүмкіндігінше барлық натрий хлоридін және басқа да консервіленген заттарды кетіріп, шикізаттарды бактериалдық әсер етуден қорғауды қамтамасыз ету керек (әсіресе мех терілері үшін) .

Жібітуді орыңдағаңда келесідегідей талаптарды ескеру қажет:
1. Судың сапасы мен температурасы. Біріншіден су таза, жаңа және ағын судан алынған болуы керек. Әйтпесе, тұрып қалған судағы шіріткіш бактериялар терінің белок сапасын бұзады. Екіншіден, ең жұмсақ немесе орташа кермектікте болғаны дұрыс. Өте кермекті су тұздың үлкен концентрациясын қажет етіп, ерімейтін әктік сабын түзеді, ол теріні баптауға бөгет жасайды. Егер сізде өте кермекті су болса, оған әлсіз сілті немесе калъциленген сода қосьп, жұмсартыңыз.
Су температурасы 10о-20оС болу керек. Төменгі температурада жібіту баяу жүріп, тері сапасын төмендетеді, ал жоғары температурада- тезірек өсіп, шіріткіш бактериялар көбейеді.
2. Судың мөлшері. Судың мөлшері жібітіп жатқан теріден 6-7 есе көп болады.
3. Өлтіргіш заттар. Суланған теріде тез және шіріткіш бактерияларды көбейтпеу үшін өлтіргіш заттар қолданады. Үй жағдайында өлтіргіш зат ретінде ас тұзын пайдаланды. Бірақ керекті концентрациясын білген жөн, әйтпесе шіріткіш бактериялар керісінше көбейіп кетеді, 1 л суға 30-50 г тұз қажет. Жібітуді тездету үшін басқа да өлтіргіштер ретінде - сілтіні, өте қатты кептірілген шикізатқа әлсіз сілті (кальциленген сода, аммиак бұлар 1 л суға 1г кетеді) пайдаланады. Тері біркелкі ылғалдану үшін жүйелі түрде араластырған дұрыс.

Шелдеу
Тері әбден суланғаннан соң, оның майлы және бұлшық ет қабаттарын біріктіретін тін талшықтар мен шел қабаттарын шелдейді. Бұл үрдіс «шелдеу» деп аталады. Шелдеу екі рет жүреді: бірінші жібітуден соң, екінші илеуден кейін. Бірінші шелдеу пикельдеуге теріні дайындайды, жақсы иленген тері қышқыл мен ас тұзы ертіндісін жақсы сіңіреді. Шелдеуге қарапайым пышақ және арнайы доға тәріздес пышақ, қозғалмайтын пышақ қолданылады. Терінің ұзындығы, сосын ені бойынша бүктейді де, пышақка әкеліп, алдыға артқа қозғалта отырып шелін алады. Үшінші әдістегі пышақ керісінше жоғары қаратылған. Теріні майсыздандыруға қолданатын құралдармен де шелдеуге болады. Лезвия және басқа да барлық құралдардың өткір болғаны дұрыс. Қозғалатын құралды қолданғанда теріні стол және тақтайға шегемен бекітіп қояды. Шелдеудің екі әдісі бар: «кесу» және «қырқу». Бірінші әдіс өткір құрал көмегімен орындалады. Бұл әдіс кезінде терінің шел жақ май қабатын лезвиямен кесіп алмау керек, ол үшін ұқыпты және мұқият жасаған дұрыс. Қырқу әдісінде шел жақ май қабатын қырқып, сосын жартылай өткір құралмен өзеңнен бөлектейді.

Жас терімен жұмыс істегенде, кейде қабыршағын айыру қиынға түседі. Бұндай жағдайда теріні кішкене борпылдақтандыруға болады. Бұл үшін терідегі еттерді тазартып, терінің, бахтармасын аздап жуып, бахтарманы бахтармаға беттестіріп, қосақтайды, оның көбірек тұрғаны жақсы. Бұл операция сәтті өту үшін, 15 қосақталған теріден аз болмау қажет. Сосын теріні тығыздау үшін үстіне жүк қойып, 20-40 сағатқа қалдырады. Шеберханада төмен температура және тері аз болса, престе көбірек ұстайды. Жылудың әсерінен бахтарма созылады да, шелдеу оңай жүреді. Толық созылған бахтарма кірлеу сұр түске боялады. Егер аз тері өнделіп жатса, оны қосақтап қоюға болмайды, теріні жайған бойы 20-30 сағаттай суда қалдырады.

Жүнсіздендіру және күлдеу Жүнсіздендіру үрдісі (терінің түкті жабынын кетіру) екі сатыдан тұрады: 1. Алдын-ала жүннің және терінің беткі қабатының қыртысының өзеңмен байланысын әлсірету; 2. Жүнді жүн алатын машина арқылы механикалық жолмен алып тастау. Жүнсіздендірудің бұл әдісі көбінесе жүні мол майда шикізаттардан (ешкі, қой, терілері) хромдық, сонымен қатар юфть және аяқ киімнің астыңғы бөлігіне арналған былғары өндірісінде де қолданылады. Түк пен қыртыстың өзеңмен байланысын алдын-ала әлсірету үшін химиялық немесе ферментативтік әдістер жүргізіледі. Химиялық әдістермен жүннен арылту кезінде, (шикізаттарды сілтілік реагенттермен өңдеу) терінің астар жағына жағатын қоспаны немесе жүннен арылту мен күлдеудің біріккен әдістерін пайдаланады. Жүнсіздендірудің басқа әдісі - жүн түгін бір жола жою (еріту) . Химиялық әдіс арқылы түктің өзеңмен байланысын әлсірету немесе түкті түгел жою кезінде жүннен химиялық реагенттермен әсер ету, түктегі кератиннің дисульфидті байланыстары арқылы жүргізіледі.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz