Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдердің сипаттамасы. Оларға қойылатын талаптар. Санитарлық микробиологиялық зерттеудің әдістері мен принциптері




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
АГРАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ «ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯ» КАФЕДРАСЫ

БӨЖ
Тақырыбы: «Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдердің сипаттамасы.
Оларға қойылатын талаптар.
Санитарлық микробиологиялық зерттеудің әдістері мен принциптері»

Орындаған :Сырымова.Б.Е
Тексерген :Омарбеков Е.О.
ЖОСПАР:
1. Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдердің
сипаттамасы.
2. Оларға қойылатын талаптар.
3. Санитарлық микробиологиялық зерттеудің әдістері
мен принциптері»
Микроорганизмдерді санитарлық көрсеткіш ретінде пайдалану
үшін төмендегі жағдайлар орындалуы керек.
микробтар адамның және жылықандылардың денесі-нен
сыртқы ортаға тұрақты түрде бөлініп отырмайды. Инфекциялык
аурулардың қоздырушыларын қоршаған ортадан табу өте қиын.
зардапты микроорганизмдер санына қарағанда аздау. Қоректік
ортаға еккен кезде оларды бөліп алу қиын. Егер нәтиже теріс
болса ол жерде зардапты микроорганизмдер жоқ деп айтуға
болмайды. Сол себепті объектілердің ластануын малмен
адамның қалдығы арқылы анықтау керек. Егер олардың сыртқы
ортаны ластауы көп болса ол жерде зардапты микробтарды
табу оңай болады. Адам мен жануарлар-дың ауыз қуысыныц
микроорганизмдері қалыпты микрофлора болып есептелінеді.
Сол себепті микробтар сыртқы ортаның ластануының көрсеткіші
болып табылады. Сыртка бөлінетін микробтар сол обьектілердің
кауіпті екенін, санитарлык жағдайының төмен екенін көрсетеді,
сол себептенде оларды «Санитарлық көрсеткіштер» деп
атайды.
СМИ – ге қойылатын талаптар:
 
Микробтар адамның және жылықандылардьщ денесінен сырткы
ортаға көп мөлшерде бөлініп отыруы керек.
Осы микроорганизмдер адамның және жануарлардың организмнен
басқа табиғи резервуарларда болмауы керек.
Сыртқы ортаға бөлінген микроорганизмдер өздерінің тіршілігін
белгілі уақытқа дейін сакгап, зардапты микробтардьщ тіршілік
ететін уақытына жақындауы керек.
Олар сыртқы ортада көбеймеуі керек.
Олар сыртқы ортада биологиялық қасиеттерін өзгертпеу керек.
Дифференциалды-диагностикалық зерттеу кезінде оңай және тез
анықталуы керек.
Индикация, идентификацияны және сандық санау техно-
логиялармен жасау жәй және экономика жағьшан орындалатын
жеңіл микробиологиялық әдістермен анықталуы керек.
 
 
Қоршаған орта обьектілерінен анықталатын СМИ
Зерттелетін Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдер
объектілер

Су Ішек таяқша тобына жататын бактериялар.
Энтерококктер, стафилококктер

Топырақ Ішек таяқша тобына жататын бактериялар.
Энтерококктер, клостридиялар ,термофильдер.

Ауа Стрептококктер, стафилококктер

Тұрмыстық Ішек таяқша тобына жататын бактериялар.
заттар Стафилококктер, энтерококктер

Тағамдық Ішек таяқша тобына жататын бактериялар.
заттар Энтерококктер, стафилококктер, протей
тобындағы бактериялар.
Ішек таяқшалары тобындағы бактериялар

Ішек таяқша тобындағы
бактериялар Klebsiella,
Enterobacter, Citrobacter,
Esherichia туысына
Еnterobacteriaceae тұқымдасына
біріктіріледі. ГОСТ 2874-82 және
18963-73 ГОСТ жататын ішек
таяқшалары тобындағы
бактериялар грам-теріс, спора
түзбейтін таяқшалар, лактоза
мен глюкозаны ферменттеп
қышқыл мен газға айналдырады
37°С-та 24 сағат ішінде және
оксидазаға белсенділігі жоқ.
Ішек таяқша тобындағы
бактериялар қоршаған ортаға
адам мен жылықанды
жануарлардың ішегінен бөледі.
ЭНТЕРОКОККТЕР
Энтерококктер калыпты жағдайда

адамдар мен жануарлардың ішінде
кездесетін микроорганизмдер. Сыртқы
ортаға белгілі мөлшерде бөлінеді Бұлар
ішік таяқша тобындағы бактериялардан
10 есе кем. Қазіргі кезде энтерококктер
санитарлық тазалық көрсеткіш ішек
таякша тобындағы бактериялардан
кейінгі екінші болып саналады: суды, су
шалшықтарын, әсіресе жүзу
бассейндерінде, тұрып калған суда,
топырақта, қолданылатын ыдыстарды
зерттегенде белгілі болды.Олар
формалары ланцет тәрізді, сопақша
немесе дөңгелек тәріздес, диплококктер
түрінде және тізбектеле орналаскан
түрінде кездеседі. Олар Грам оңға
боялады, спора түзбейді. Ауру малдан
бөліп алған кезде, олардың сыртында
капсула болады.
Клостридиялар
Клостридиялар энтерококктер және ішек таяқша
тобындағы бактериялар сияқты адам мен
жануарлардың ішегінде және кейбір
жылықандылардың ішек қарнында мекен етеді.
Сыртқы ортаға нәжіс арқылы бөлінеді,
салыстырмалы түрде аз ғана мөлшерде 106 1 г-да
кездеседі. Санитарлық көрсеткіш клостридияларды
анықтауда оларды 1 л судан немесе 1 г топырақтағы
санын анықтайды. (Клостридиялар индексі).
Топырақтың үлгілерінде, нәжіспен былғанбаған
жағдайда клостридиялар табылмайды.Көлемі
үлкен (5-8 мкм ұзындығы және 1-2 мкм -ені)
қозғалмайтын полиморфты грам оң, спора түзетін
таяқшалар. Адам және жануарлар организмінде
олардың капсула түзетін қабілеті бар. Ыстыққа
төзімді (әсіресе С және А) 2 сағат қайнатқанға
шыдайды. Анаэробтар, газды анаэробты
инфекцияның қоздырғышы болып саналады, кейбір
сероварианттары (А және С) токсикоинфекция
тударатын қабілеті бар. Жәй қоректік орталарда
жеңіл өседі, тек энергия көзі ретінде қант қосқан
кезде. Олар әлсіз протеолитикалық қасиеті бар,
қантарды қышқыл мен газға ашытады. Бұл
микробтар сүттің тез ашуын тудырады (2-5 сағат
аралығында) іртік түзілу імен, мақта тығынына
дейін газ және мөлдір сары су түзіледі.
Протей тобындағы бактериялар
Протей тобындағы бактериялар табиғатта кең
тараған, аэробты шіру процесіне қатысады және су
қоймаларында жануарлар тегіне жататын
органикалық заттардың көрсеткіші болып
табылады. Протейлер сау адамның нәжісінде 5-
10%-де кездеседі, жиі жазғы кездерде. Олар
тағамдарда болады, көп жағдайда бүзылып
шірігендерінде көп болады. Протейлер былғанғаң
тағам өнімдері адамдарда тағамдық токсикоин-
фекцияны шақырады. Протейлер үй ішінің керек
жабыдықтары, үйдің ауасы арқылы, үйде ауалар
болатын қабыну процестері бар немесе ішек
инфекцияларын осы туыстың бактериялары
шақырған жағдайда тарай бастайды. Сондықтанда
протей тобындағы бактериялардың санитарлық
көрсеткіш микроорганизмдерде жатуы бірден
шешілмейді, оның себебі олар сыртқы ортаның
нәжіспен ластануының көрсеткіші бола алмайды.
СЭС-тің практикалық лабораторияларында протей
тобындағы бактерияларды анықтау және есепке
алу негізінде эпидемиялық көрсеткіштерге
байланысты жүргізіледі.
Стафилококктер
Стафилококктер - қалыпты жағдайдың
микрофларасы болып есептеледі. Олар көбі
жиналатын жері адам мен жылықанды жануар-
лардың тыныс алу жолдары және тері асты.
Стафилококктер сау адам- ның ішегінде
кездеседі. Ал, қоршаған ортаға
стафилококктер сілекей және қақырық арқылы
сөйлескенде, жөтелгенде, түшкіргенде, өлең
айтқанда, организмнің қабынған жерлерінен
және жара ауыздарынан түседі. Судың
стафилококктермен ластануы адамдардың
суға түсуімен байланысты. Стафилококктер
титрі суға түсушілердің санына байланысты
олардың саны 1 л суда бірнеше ондаған
мыңдарға жетеді. Стафилококктер судың
былғануының негізгі көрсеткіші болып
есепетеледі, судың жағдайын анықтауға,
аймақтағы су қоймаларындағы рекреацияны
бағдарлауға болысады.
Стафилококктер суда ұзақ уақыт сақталады
(өсіресе теңіз суында) ішек таяқша тобындағы
бактериялар жөне энтерококктермен
салыстырғанда.
 
Стрептококктер
Стрептококктер стафилококктер сияқты
адамның және көптеген жануарлардың
жоғарғы тыныс алу жолында тіршілік
етеді. Олар көптеп тұрақты ауыз
қуысында, мұрын қуысында, созылмалы
стреп- тококкты инфекция мен ауырған
адамның тыныс алу жолдарында, со-
нымен қатар сау адамдарда кездеседі,
сондықтан бөлме ауасына сіле- кеймен
және қақарықпен сөйлескенде жөне
жөтелгенде түседі.
Санитарлық көрсеткіш микроорганизм
ретінде стрептококкты пайдаланудың
негізгі қиыншылыгы мынаган тіреледі:
стрептококктер үлкен топқа жатады,
бірнеше көптеген түрлерін біріктіретін
сапрофиттер және зардапты
стрептококктер, көптеген іріңді қабыну
процестерін, сепсис, скарлатина және
іріңді қабыну процесі сияқты ауруларды
тудырады.

Санитарлық – микробиологиялық зерттеулердің принциптері
БІРІНШІ ПРИНЦИП -азыктан дұрыс сынама алу. Санитарлык- мик
робиологиялык зерттеуде ен керектісі, ол катаң тексерумен,
залалсыз- дандырумен сипатталады.
Екінші ПРИНПИП - қатарынан бірнеше анализ жүргізу, ол
тексерілетін объектінің ерекшелігін тексереді, яғни су, ауа және
әртүрлі микроорганизмдер болатын жерлер тексеріледі, олар әр
жерде әртүрлі тараған, сонымен қатар микроорганизмдер бір
бірімен биоценотикалық байланыста болады, бұл кейбіреулерінің
өлуіне және басқаларының активті көбеюіне әкеп соғады.
Үшінші ПРИННИП - қайтадан сынама алу принципі, бұл сапалы,
нақты қорытынды алу үшін керек. Бұл тексерілетін объектілердің
барлық жағдайына (су, ауа) байланысты микрофлоралар уақытқа
және кеңістікте өзгеріп отырады. Қоршаған ортаға зардапты
микроорганизмдер аз мөлшерде түседі және онда бірдей тегіс
таралмайды. Сондықтан сынамаларды екінші алу сыртқы орта
обьектілерінің биологи- ялық контаминациясын анықтауға қажет.
Төртінші принпип — стандартты және унифицирленген тексеру
әдісі, бекітілген ГОСТ-лер мен инструкцияға сай лабораторияда
салыстырмалы түрде алынады.
Бесінші принпип - комплекс тестілер арқылы зерттелетін обьектілерге
әртүрлі санитарлық-микробиологиялық сипаттама беріп және оған баға беру
үшін қолданылады. Зардапты микроорганизмдерді тексерудін тікелей және
жанама әдістері бар, кейінгі әдіспен адам мен малдардын нәжісі арқылы
сыртқы ортаның обьектілерінің ластануын анықтайды. Жанама тестілерге
микробтардың жалпы санын, санитарлық көрсеткіш ретінде пайдаланатын
микроорганизмдердің санын және олардың құрамын анықтау жатады.
Алтыншы принцип - зерттелетін обьектілерге санитарлық-
микробиологиялық тестілерді гигиеналық көрсеткіштермен бірге есептей
отырып, алынған нөтижелерді жинақтап, баға беру ГОСТ-лар « мен
нормативтерге (органолептикалық, химиялық, физикалық және тағы
басқалар) сай келуі керек.
Жетінші ПРИНЦИП - санитарлық дәрігердің жауапкершілігі негізгі
зерттелетін обьектілерге дұрыс қорытынды және тұжырымдау дәлдігі.
Санитарлық- микробиологиялық зерттеудің арқасында тағамдық өнімдердің
бұзылу дәрежесін, пайдалануға болама, пайдаланған жағдайда халықтың
денсаулығына қауіпті емес екендігі анықталады. Тағамдық өнімдерді сататын
жағдайда дәрігер оларды өңдеу және қалай пайдалануына арналған өзінің
рекомендациясын береді. Тағамдық өнімдерді, су қоймаларындағы суды,
өнеркәсіп орындарын санитарлық сапасының төмен екендігін ескере отырып
жабу, сатуға тиым салу, экономикаға белгілі мөлшерде зиянын тигізеді. Бұған
санитарлық қызметтің дәрігері жауап береді.
Қолданылған
әдебиеттер:
1. Ветеринариялық санитариялық микробиология.,, Б.Т.Толысбаев, К.Б. Бияшев, Р.Ж.
Мықтыбаев.Алматы 2008

2. Жалпы микробиология (оқу-әдістемелік құрал). Микробиология кафедрасы-ны ң
профессорлары Б.А. Рамазанова, А.Л. Котова, Қ.Қ.Құдайберген ұлы, о қытушылар: Б.М.
Хандиллаева, Г.Р. Амзеева, Т.С. Бегадилова, А.М. Бармакова, Д.Ж. Батырбаева. Алматы.
2006. – 176 б.

3. Тец В.В. Руководство к практическим занятиям по медицинской микробиологии,
вирусологии и иммунологии – М.:Медицина, 2002. - 352 с.

4. Лабинская А.С. Микробиология с техникой микробиологических методов исследования // М:
Медицина, 1968, 466с.

5. Красильников А.П., Романовская Т.Р. Микробиологический словарь –справочник // Минск:
Асар, 1999. – 399с.

Ұқсас жұмыстар
«Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдердің сипаттамасы
Санитарлы микробиологиялық зертеу жүргізудің принциптері
Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы
Белсенді иммундеуге арналған биологилық препараттарға қойылатын ветеринариялық санитарлық талаптар
Стерилдеудің әдістәрі
Тағамның санитариялық қауіпсіздігіндегі ветеринариялық қызметтің маңызы
Топырақтың санитарлық жағдайының көрсеткіштері
ГОСТ және ОСТ, cу, ауа, топырақ, мал өнімдерінің микробиологиялық және бактериологиялық қажеттілігі. Дезинфекцияның тиімділігі
Топырақтың түрлері
Биологиялық қауіпсіздік деңгейлері
Пәндер