Ойлау қабілеті




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы:

Ойлау

Орындаған:Уразбекова Балжан
Г.Эббингауз ойлауға өзінше
анықтама бере отырып, бұл
процесс адамның тұрақты идеясы
және құйын мен идеялык шабысы
арасындағы құбылыс деп
бағалады.
Ойлаудағы күйын мен шабыс
жайыңдағы Эббингауз бен оның
Г.Эббингауз
пікірлестерінің бағытын біздер
ассоциация психологаясының
шарықтау шегіне жеткен көрініс
деп атаймыз.
Ойлау-
жалпы
Өзіндік ішкі қарама
психологияның
–қарсы
негізгі бөлімдерінің
қайшылықтарға
бірі.
толы процесс.

тұлға
рефлексиясының жоғары
қажетті құрылымы психикалық
және өзі осы функциялардың
рефлексияның бірі болып
объектісі табылады
Ойлау дегеніміз- сыртқы дүние заттары мен
құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызды
жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Ойлау – бұл ерекше дәл,терең толық жалпы және жанама
түрді шындықты бейнелеуге негізінен біздің түйсінуіміз бен
қабылдауымызға мүмкін болмайтын заттар мен
құбылыстардың арасындағы мәнді байланыстар мен
қатынастарды бейнелеуге бағытталған сананың қызметі.
Ойлау-дербес процесс. Ойлауды психологиялық тұрғыдан
зерттеу дегеніміз-оның ішкі ,танымдық құпия мәнін және
жемісті болуының себебін ашып көрсету, яғни психология
детерменизм принципіне сүйене отырып, ойлаудың мәнін
зерттейді,әрбір адамның өзіндік ойлау ерекшеліктерін дамытып
отыруға баса мән береді.
Ойлау формалары ұғым, пікір, ой
қортындысы.
Ойлаудың негізгі үш түрі кездеседі : ұғым, пікір, ой
қорытындысы.
Ұғым – бұл заттар мен құбылыстардың жалпы және маңызды
қасиеттерін бейнелейтін ойлаудың түрі. Ұғым бір-бірімен
байланысты зат туралы түсніктерден –оның
қасиеттері,жағдайлары,байланыстарыжәне қатынастарынан
тұрады. Әрбір зат,әртүрлі көптеген қасиеттерді,белгілерді
иеленеді. Түсініктердің жиынтығы ұғымды ашып көрсетеді және
осы ұғымның мазмұнын құрайды.неғұрлым заттың маңызды
белгіліері осы түсініктерде байқалса, соғұрлым мазмұны жағынан
ұғым терең болады. Екі түрлі ұғымның түрі кездеседі: заттық
немесе нақтылы және дерексіз.
Заттың нақтылы ұғымы дегеніміз- заттарға тұтас түрде
қарау. Мысалы: адам,өсімдік,жануар т.б.
Дерексіз немесе абстрактылы ұғым дегеніміз- ұғымдардың
заттар мен құбылыстарға тұтас түрде қарамай, тек жеке
қасиеттерге,сапаларға және жағдайларға қатысты.
Мысалы:адамгершілік туралы ұғым, ақша туралы ұғым т.б.
Ой қорытындысы- бұл тарихи қалыптасқан ойлаудың
логикалық түрі, ол арқылы бір немесе бірнеше белгілі
пікірлерден жаңа пікір туады. Ой қорытындысы үшке
бөлінеді: индукция, дедукция және ұқсастық (аналогия).

Индукция дегеніміз- бірнеше жалқы немесе жеке
пікірлерден бір жалпы пікір жасау.

Дедукция- бұл жалпы пікірлерден, деректерден жеке
пікірлерге,деректерге көшудің жалпы заңдылықтар мен
ережелерді білу негізінде жекелеген деректер мен
құбылыстарды пайымдаудың тәсілі.

Аналогия-ұқсастық бойынша ой қорытындыларын
жасау.
Ой тәсілдері түрлерінің схемасы

жасанды
табиғи
Ой
тәсілдері

топтастыру

талдау жүйелеу

абстракциялау

жинақтау жалпылау
салыстыру
Ойлаудың дара ерекшеліктері
Ойдың мазмұндылығы- заттар мен құбылыстар, шындықтың
салалары туралы сананың пікірлер мен және ұғымдармен жеткілікті
болу дәрежесін айтамыз. Адамда неғұрлым ой көп болса және
неғұрлым әртүрлі болса, соғұрлым оың ойлауы мазмұнды және бай
келеді. Бірақ ойлаудың мазмұндылығы тек бар ойлаудың сапалы қ
жағымен ғана сипатталып қоймацды, сонымен қатар осы ойлауда
бейнеленеді. Сондықтан да ойдың мазмұндылығына тек байлығы емес,
сонымен қатар оның тереңдігі жатады.
Ойлаудың тереңдігі- ойлауда ерекше маңызды қасиеттер мен
салалар, ерекше маңызды байланыстар мен қатынастар бейнеленеді.
Ойлаудың мазмұндылығы байлығы, ал тереңдігі адамның іс-әрекетімен,
оның білімімен тәжірибесімен, қиялының даму дәрежесімен
айқындалады.
Ойлаудың дербестігі- адамның өзіне жаңа міндеттерді қоя білуі,
басқа адамдарың көмегінсіз бұл міндеттерді өзінің айрықша
әдістерімен шеше білуі. Ойлаудың дербестігі ойдың белсенділігіне ,
икемділігіне , жеке сын тұрғысынан қарауында.
Ойдың белсенділігі- өзінің жаңа сұрақтары мен міндеттерін қоя
білуінде және іздену мен міндеттерді шешу үшін жолдар мен
тәсілдерді табуға талпынуында аңғарылады.
Ойдың икемділігі- міндеттерді шешуде алынған біржақты
ескірген тәсілдерден еркін болу ептілігінде, міндеттерді шешуді ң жа ңа
тәсілдерін тез ұйымдастыру немесе таңдауында байқалады.
Сын тұрғысынан ойлау- ақиқат және жалға ретінде басқаның
немесе өзінің ойларын тексеру мен бағалау қабілеттілігінде
аңғарылады. Сын тұрғысынан ойлауды айтылған ойлардың
практикалық өмірлік құндылығын тексеру ептілігінде аңғарамыз.
Сыни ойлау- бұл өзінің және басқаның ойларына өте қатаң қарау.
Ойдың ұшқырлығы- қойылған сұраққа түпкілікті жауаптың
қаншалықты уақыттың ішінде алынғандығымен анықталады. Яғни,
бұл уақыт қарапайым ойлау үрдісінде біршама қысқа болады, ал
күрделі ойлау үрдістерінде ұзақтау болады. Кейбір адамдарда к үрделі
ой тәсілдері өте тез іске асады. Бұл адамдар тап қыр , ойды ң
ұшқырлығымен ерекшеленеді.
Шығу тегі мен пайда болуы бойынша
ойлау келесі түрлерге жіктеледі:
Көрнекі-әрекеттік ойлау– мәселені
шешу жағдаятын шынайы түрлендіретін,
бақыланатын қозғалыстық әрекет арқылы
іске асатын ойлау түрі. Мысалы кіші
жастағы балалармен жүргізілген
тәжірибеде иінтіректің оң жағына бала
үшін тартымды, оны алу тілегін туғызған
ойыншық бекітілген. Үстелдегі ойыншы қты
қолмен алу мүмкін емес. Бір ғана жол бар –
сол жаққа бекітілген тұтқаны пайдалану.
Көрнекі–бейнелік ойлау–жағдаят тек
бейне жоспарында ғана түрленетін ойлау түрі.
Психологияда сонымен қатар дербес түр
ретіндебейнелік (немесе көрнекі-бейнелік)
ойлау бөліктеніп тұрады.

Сөздік–логикалық (пайымдаушы) ойлау–
тілдің және тілдік құралдардың көмегімен
шығарылатын ұғымдарды, логикалық
құрылымдарды пайданумен сипатталатын
ойлаудың негізгі түрлерінің бірі.
Мәселенің түріне байланысты:

Теориялық ойлау– ғылыми ұғымдарды
пайдалану негізінде заңдар мен ережелерді
танып–білуден тұратын ойлаудың жоғары
дамыған түрі.

Практикалық ойлау– ақиқатты
физикалық түрде өзгертуге дайындық күйін
(мақсат қою, жоспар, жоба, схема құру)
білдіретін ойлау түрі. Бұл ойлау түрі кеңес
ғылым–психологы Б.М. Тепловпен едәуір к өп
зерттелінген.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Жарықбаев Қ.Б. Жантану негіздері.
Алматы. 2002жыл. 59-62 беттер.
2. Намазбаева Ж.И. Психология.
Алматы. 2005 жыл. 95-99 беттер.
3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология.
Алматы. 2011жыл. 67-70 беттер.

Ұқсас жұмыстар
Қабілет. Қабілеттің психологиялық ерекшеліктері
КӘСІПКЕРЛІККЕ КІРІСПЕ
Шетел тілін оқытушының педагогикалық іс- әрекетінің сипаттамасы
Ішкіні бейнелеу
Тұжырымдамаға дейінгі ойлау
Түйсік негізгі заңдылықтары
Тұлға типтерінің классификациясы
Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытуды педагогикалық тұрғыдан негіздеу
Оқу сабақтарының ерекшеліктері. Сыныптан тыс оқу
Оқушының ойлау
Пәндер