Электр және сәуле жарақаттары кезіндегі алғашқы ветеринариялық көмек көрсету


Slide 1

Электр және сәуле жарақаттары кезіндегі алғашқы ветеринариялық көмек

Орындаган: Көкенаев М. М

Тексерген: Ахметжанов О. Н

Тобы: ВС-303

Slide 2

ЖОСПАР:

I КІРІСПЕ II НЕГІЗГІ БӨЛІМ 1. Электр тоғы 2. Элкетр тоғы өткен кезде малдың жалпы белгілері 3. Электрлі жарақаттану дәрежелері 4. Алғашқы ветеринариялық көмек 5. Сәуле ауруының пайда болуы ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ ІV ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Slide 3

Найзағай әсерінен немесе электр тоғы - атмосфералық электр түйісінің әсерінен болатын зақым электр жарақаты деп аталады. Электр тоғының немесе найзағайдың электр ұшқынының организм арқылы өтуі жергілікті және ортақ бұзушылықты туғызады. Электр жарақаты кезіндегі жүйке жүйесіне электр тоғының әсері нәтижесінде пайда болған ортақ құбылыстар аса қауіпті. Тоқ соққан мал бірден есінен айырылады, бұлшық еттің қысқаруынан кейде зардап шеккен малды электр тоғы бар өткізгіштен ажырату өте қиынға түседі.

Жүйке клеткаларының зақымдалуының нәтижесінде ауыр күйді бастан өткереді. Тоқтың денеге кіретін нүктесінен шығатын жеріне дейінгі жолы«тоқілгегі» деп аталады.

Slide 4

Элкетр тоғы өткен кезде малдың жалпы белгілері:

соққылар, дірілдеу,

дененің күйіп ашуы,

бұлшық еттің құрысуы,

тыныс алудың тарылуы

Slide 5

Электрлі жарақаттану дәрежелері

Дәреже зардап шеккен мал есінен танбайды, бұлшық еттері қалшылдап қысқарады

дәреже бұлшық еттердің қалшылдай қысқаруы мен малдың естен тануы

дәреже жануардың жүрек қызметі мен тыныс алуы бұзылады

діреже клиникалық өлім жағдайында болады

Slide 6

Малды ток ұрғанда термиялық, электралиттік, биологиялық әсер етеді.

Токтың термиялық әсері - дене терісінің әр жерінің күюі, қан тамырларының, нерв жүйелерінің қызуымен (көтеруімен) байланысты.

Электролиттік әсері - қанның және организмнің басқа да сұйықтарының ыдырауына байланысты, оның физикалық құрамының бұзылуын туғызады.

Токтың биологиялық әсері - ағзаның тірі жасушаларының қызуы нәтижесінде, адам буындары тартылып, жүрек, өкпе қысылады, нәтижесінде қан айналу мен тыныс алу мүшелерінің жұмысы нашарлайды, тіпті олар жұмысын тоқтатуы да мүмкін.

Электр тогының әсерінің әртүрлілігіне байланысты, жрарқаттанудың екі түрі болады: Электрлік жарақат, электр тогының соғуы.

Электр тогының малға әсер ету салдары мен сипаты мына факторларға байланысты:

Мал денесінің тоққа қарсы кедергісі;

Тоқтың кернеулігі мен шамасына;

Электр тогының әсер ету ұзақтығына;

Мал денесінде тоқтың өту жолдарына;

Электр тогының жиілігі мен оның тегіне;

Қоршаған орта жағдайына

Slide 7

Электр тогы зақымдануының клиникалық картинасы жалпы және жергілікті белгілерден жинақталады. Ток денесі арқылы өткендегі жануардың субьективті сезінулері әр түрлі болады:жеңіл соққы, күйік ауруы, бұлшық еттердің қалшылдай жиырылуы, діріл, т. б. Белгілері:тері қабаттарының бозаруы, көгеріңкі болуы, сілекейдің артық бөлінуі, құсық болуы; жүрек маңындағы ауырсынулар әр түрлі күште және тұрақсыз болады. Жануарлардың 80%-ның естен тануы байқалады. Ес-түссіз жатқан мазасыз болады. Олардың тамыр соғысы жиілейді, абайсыз зәр шығарулар болу

Slide 8

Алғашқы ветеринариялық көмек

Малды ток көзінен босату - одан электр сымын құрғақ ағаш таяқпен, резеңке кілемшемен және басқа оқшаулаушы материалдармен әрі итеріп тастау керек.

Өз қауіпсіздік шараларын да естен шығармаңыз!

Ток келіп тұрған көзді тоқтату үшін ажыратқыш-қосқыш тетікті, тығындарды, рубильникті ажыратып, көмек көрсетуші адам қолын (резина қолғап киіп немесе құрғақ жүн матамен ұстайды) және аяғына (резина етік киеді) ток ұрмайтындай еткеннен кейін ғана зақымданған малды токтан тартып ажыратуы не болмаса басқа да тәсілдермен ток көзінен ажыратуы керек (мысалы, кез келген құрғақ ағаш затпен ток сымын басқа бір жаққа бұру)

Жүрек соғысы болмағанда - ӨЖЖ-мен бірге жүректің жанама массажын (ЖЖМ) жасау қажет .

Шарт бойынша төс сүйек ортасына күшті соққы беріп және жүректің сыртқы массажын жасап жүректі қайта соқтыруға болады. Дұрыс массаж жасалса, күре тамырда тамыр соғысы білінеді, қарашық кішірейеді және өз бетінше тыныс алу пайда болады. Біруақытта жүрекее массаж жасау үстінде малға қосымша вена ішіне дәрі егу қажет, 0, 5 мл норадреналин(баяу түрде), 1мл 10% кофеин-бензот ерітіндісі және қосымша мал терісі спиртке шыланған орамалмен массаж ретінде сүрту қажет.

Егер ІІ-ІV дәрежедегі зақымдану болса. Егер электр тогынан зақым алғаннан кейін 30-40 минут өткен соң да ұйқы басып, басы айнала берсе, жүрегі қағып, тер басса, тынысы тарылып, денесі тітіркенсе, онда алған зақымы жеңіл сияқты болып көрінгеніне қарамастан, ветеринар маман бақылауға алып, көмек көрсету міндет. Электр тогынан зақымданудың бір түрі жай отынан- күн күркіреген кездегі атмосфералық электр разрядынан зақымдану болып табылады.

Slide 9

Радиацияның сіңген мөлшеріне байланысты, сәуле ауруының бірнеше дәрежесін ажыратады. Малдарда сәуле ауруының жеңіл дәрежесі радиацияның сіңген 1-2 Гр, мөлшерінде дамиды, орта ағымы - 2-4 Гр, ауыр 4-6Гр, өте ауыр 6 Гр жоғары. Егер 10 Гр мөлшерінен жоғары болса өлімге әкеледі. Сәуле аурының ағымы - қосалқы аурулардың санына байланысты. Сәуле ауруын 4 кезеңге бөледі:

I - біріншілік реакциялар

II - жасырын (латентті)

III - клиникалық көріністері

IV - қалпына келу немесе сауығу кезеңі

Slide 10

I - біріншілік реакциялар. Сәулемен зақымданғаннан 24 сағаттан соң дамып бірнеше сағаттан бірнеш күнге созылуы мүмкін (көбіне 2 күнге) . Малдың әлсізденуі, ауызының құрғауы, жиі-жиі шөлдеуібайқалады. Тері қабатының гиперемиясы, дене қызуының артуы, ентігу, тахикардия, артериялық қысымның түсіп кетуі анықталады. Кейде қозу, ұйқышылдық, әлсіздік болады. Менингиалды белгілер көрінуі мүмкін: бұлшықет тонусы артуы, іштің кебуі, динамикалық іштің жүрмей қалу белгілері көрінеді. Қанда уақытша лейкоцитоз, анықталады, ЭТЖ артқан. Сәуле ауруының жеңіл дәрежесінде клиникалық біріншілік реакциялар көрінбейді. Жоғары сіңірілген мөлшерде науқастар кома жағдайында болады. Бұл кезеңде жарақатқа біріншілік хирургиялық емдеу жүргізуге болмайды. Ол жарақатқа қосымша зиян әкеледі. Хирургиялық көмек өмірлік көрсеткіштер бойынша ғана қолданылады.

Slide 11

II - жасырын (латентті) ұзақтығы 12-14 күндей. Бұл уақытша клиникалық жеңілдікпен сипатталады. Жоғарыда аталған белгілер жоғалып, қан көрсеткіштері қалыпқа келеді. Бет тіндерінің аралас радиациялық жарақаттануы кезінде 1 -ші хирургиялық өңдеуді мерзімнен кейін жүргізеді. Ол бір мезгілдік, радикалды және ақырғы ем болуы тиіс, міндетті түрде тұйық тігістер салумен аяқталады. Осы талаптарды мүлтіксіз орындағанда ғана жарақат тез арада жазылады. . Тіндердің механикалық жарақаттануында новокаинмен блокада жасалу көрсетілген. Антибиотиктерді міндетті түрде қолданады. Кеш біріншілік хирургиялық өңдеу (48 сағаттан соң) жарақаттың іріңдеуін жоймаса де инфекциялық асқынудың ауырлығы мен ағымын азайтуға жағдай жасайды. Біріншілік хирургиялық өңдеу жүргізгенде тіндерді аз, үнемдеп кесу керек. Мұқият түрде бөгде денелерді алып тастайды, әйтпесе олар ойық жаралар тудыруы мүмкін. Зақымданған тамырларды тігеді. Сәуле ауруы асқынғанда аққан қанды тоқтату өте қиын, кейде геморрагиялық синдромдар көрінуі мүмкін. Сынық тұсындағы тістер міндетті түрде жұлынады, ал сынықтардың өткір шетін тегістейді. Сүйек жарақатын өңдеген кезде барлық сүйек жарқыншақтары мен сынық тұсындағы тістер жұлынады. Сүйек сынықтары хирургиялық остеосинтез әдістерімен орнына келтіріліп бекітіледі, яғни сынық мықтап тігіледі (сүйек тігісі сыммен, бізбен т. б. ) . Сүйектік қысқышты бар аппараттар сынықтарға жоғары аталған иммобилизациялау әдістерін қолдану мүмкіндігі болмаған жағдайда пайдаланылады. Тістік шиналарды қолдануға болмайды, себебі олар қызыл иектің шырышты қабығын жарақаттайды. Жақ сынықтарын мықтап бекіткеннен кейін, сүйек жарақатын ауыз қуысынан мұқият оқшаулайды да кілегей қабықты тігеді. Кейін жақ маңындағы жүмсақ тіндер мықтап сыртынан тігіледі. Ақауды жабу үшін жергілікті тіндермен пластика әдісін қолдануға болады., сондықтан I кезеңнен кейін белгілері бірден анықталуы мүмкін.

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Электр және сәуле жарақаттары кезіндегі ветеринариялық көмек
Электр және сәуле жарақаттары кезіндегі алғашқы ветеринариялық көмек
Сәуле жарақаттары. Жануарлардың бөгде заттармен жарақаттанулары
Инфрақызыл сәуле
Ветеринариялық хирургия
Радиациялық күйіктер
Кеуде жарақаттары кезіндегі алғашқы көмек
Омыртқа жарасы
Бас жарақаттары
Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауіпсіздік ережесінің талаптары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz