Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру: кезеңдері, заңнамалық негіздері мен ерекшеліктері


Slide 1

Қазақстан Республикасының

жекешелендіру және оның ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік

университеті.

Тексерген:Ғабдуллина Л. Б

Орындаған:Нариман Б. Е

Тобы:Е-415

Slide 2

Жекешелендіру-

- меншік қатынастарын реформалау арқылы мемлекеттік меншікті меншіктің басқа нысандарына айналдыру процесі. Ол бұрынғы социалисттік жүйеден нарықтық экономикаға көшудің өзекті шарты болып табылады, шаруашылық субъектілерінің іс белсенділігін күрт арттыру үшін, экономикалық бәсекелестікті жандандыру үшін жүргізіледі.

Slide 3

Мемлекеттік өндіріс орындарын жекешелендіру - күрделі мәселе, ол әсіресе халықтың менталитетіне тура байланысты болғандықтан қысқа мерзімде өткізу қиын. Әсіресе, жерді, оның қазба байлықтарын жекешелендіру ұзақ уақытты талап етеді. Сол сияқты кейбір стратегиялық маңызды салаларда (қару-жарақ, ядролық заттар, тағы басқа өндірістер), не болмаса нарыққа көшіруге әлі толық негіз болмаған жағдайларда (іргелі ғылым, кейбір білім, мәдениет, өнер, тағы басқа орталықтар) жекешелендіру жүргізілмейді, олар мемлекет меншігінде қала береді. Қазақстан Республикасында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру процесі шаруашылық серіктестіктер және акционерлік қоғамдар жөнінде заңдар жүйесімен, нормативтік актілер арқылы және мемлекеттік бағдарламалар негізінде жүргізілді.

Slide 4

Жекешелендіру Қазақстанда үш кезеңмен өтті:

Бірінші кезеңде (1991 - 1992) “Кіші жекешелендіру" бағдарламасы бойынша мемлекеттік сауда және қызметкөрсету кәсіпорындары (31 мың нысандардың 50%-і) жаппай сатылды, не болмаса еңбек ұжымдарына берілді.

Екінші кезеңде (1993 - 1996 жылдары) жаппай жекешелендіру орта және үлкен кәсіпорындар бойынша жүргізілді, жеке жобалар бойынша 5 өнеркәсіп орындары ақшаға, ал 1700 зауыттар мен купондарға сатылды, 44 ірі кәсіпорындар сенімді басқаруға тапсырылды, оның ішінде 12-сі шетел инвесторларына берілді.

Үшінші кезеңде' (1997 жылдан бастап) жекешелендіру отын-энергетика, көлік, денсаулық, ғылым салаларында өтті.

Slide 5

Аталған кезеңдерде Қазақстанда жабық және ашық акционерлік қоғамдар көптеп құрылды. Ірі және орташа кәсіпорындар үшін жабық акционерлік қоғамдар жекешелендірудің негізгі түрі болды. Оның құрылтайшылары болуға тек еңбек ұжымы мен мемлекеттік басқару органдарына құқық берілді. 1994 жылдан бастап жекешелендіру нысандарын сату саясаты жүргізілді. Жекешелендіру экономика теориясынажәне практикаға көп жаңалықтар әкелді. 2001 жылдан бастап жекешелендіру дәуіріне жаңа дәуір келді, оны Амирханов Жантөре алып келді. Жантөре жекешелендіруді қатты қаламаған адам еді. Бірақ та, өмірде көзі ашылып, Амирханов Жантөре деген есімді тарихта қалдырды.

Slide 6

Жекеменшік кәсіпкерлерінің пайда болуы екі түрлі жолмен жүзеге асады:

Жекеменшік капиталы барысында құрылған жаңа мекемелер және жекешелендіру барысында мемлекет меншігін мемлекеттік емес меншікке көшіру арқылы.

Жекешелендіру процесі мемлекет меншігінен шығару арқылы әрекеттерінен тұратын күрделі жүйе болып табылады.

Slide 7

Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру бағдарламасы 1991 жылы қабылданған болатын. 1991 жылы қабылданған жекешелендіру туралы заң жекешелендірудің үш тәсілін қарастырады:

1) Еңбек коллективтерінің мекемелерді біртіндеп сатып алуы; 2) Аукцион және тендер. Біздің республикамызда өтетін жекешелендіру процесі келесідей бағыттарда жүреді: 1) Аукцион және тендер арқылы кішігірім мекемелердің кіші жекешелендірілуі; 2) Аукционерлік қоғамдарға көшіру арқылы орта және үлкен мекемелердің топтық жекешелендірілуі; 3) Күрделі проектілер барысындағы үлкен және мамандандырылған мекемелердің жеке проектілер арқылы жекешелендіру бағыттарына өтеді.

Slide 8

Қортынды:

Сонымен, Қазақстандағы жекешелендіру процесі күрделі әрі ұзақ процестерге жатады. Оның мақсаты еркін кәсіпкершілікті жанданту ғана емес, сонымен бірге, экономикалық жіне әлеуметтік процестердің жаңа талаптарына сай келетін жаңа жүйе құру да болып табылады.

Slide 9

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру: мәні, кезеңдері, түрлері, артықшылықтары және әдістері
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік меншікті жекешелендіру: кезеңдері мен жүргізу әдістері (1991-2000 жылдар)
Қазақстан Республикасындағы меншік қатынастарының қалыптасуы: мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру
Қазақстан Республикасындағы азаматтық қорғаныс жүйесі: заңнамалық негіздері, ұйымдастыруы және міндеттері
Қазақстан Республикасындағы қоршаған ортаны қорғаудың негізгі заңнамалық актілері мен мемлекеттік-құқықтық негіздері
Қазақстан Республикасындағы салық реформасының әдістемелік негіздері мен жүзеге асыру кезеңдері
Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің құқықтық жағдайы және заңнамалық реттелуі
Қазақстан Республикасындағы жер құқығының дамуы мен заңнамалық қайнар көздері
Қазақстан Республикасындағы неке-отбасы құқығы: ұғымы, шарттары және заңнамалық реттеу
Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет: заңнамалық негіздер, принциптер және стандарттар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz