Кесте байланыстары, Конструкторды қолдану арқылы кесте құру


Slide 1

Кесте байланыстары, Конструкторды қолдану арқылы кесте құру.

Орындаған:Сайлаубекова Д

Slide 2

Кесте арасындағы мәліметтерді байланыстыруды кеңінен қарастырамыз:

Microsoft Access-те байланысқан кестелер мен ағымдағы мәліметтер базасында сақталған кестелерді белгілеу үшін түрлі белгілер қолданылады. Егер байланысқан кестенің белгісін өшірсе, кестенің байланысы өшіріледі, ал кестенің өзі қалады.

Мәліметтерді импорттау және байланыстыру тәсілдері

Мәліметтерді импорттау немесе байланыстырудың екі тәсілі бар.

Access мәліметтер базасын ашыңыз немесе жаңадан құрыңыз, немесе импортталған кестелер сақталатын Access проектісін құрыңыз (немесе Access мәліметтер базасынде байланысқан кестелер), сосын Файл менюінің Внешние данные пунктінен Импорт немесе Связь с таблицами командасын таңдаңыз.

Access мәліметтер базасында жұмыс істеу кезінде dBASE, Paradox және Exchange мәліметтер базасын немесе кез келген ODBC мәліметтер қайнарын, Microsoft SQL Server және Microsoft Visual FoxPro қоса, ашыңыз. Microsoft Access автоматты түрде жаңа Access мәліметтер базасын сыртқы мәліметтер базасы орналасқан папкаға құрады, және сыртқы мәліметтер базасының әрбір кестсіне сілтемелер қосады.

Slide 3

Microsoft Access мәліметтер базасында әрбір тақырып бойынша жеке кестелер құрған соң Microsoft Access кестелердің мәліметтерін біріктіретін тәсілді таңдау қажет. Алдымен кестелер арасында байланыстар анықтау қажет. Содан кейін бір уақытта бірнеше кестенің мәліметтерін көрсету үшін сұраулар, формалар және есептер құруға болады.

Slide 4

Келтірілген мысалда бес кестедегі өрістер бір сүраудың мәліметтерін көрсететіндей етіп байланысуы қажет. Бұл байланыс кестелер арасындағы байланысты орнату арқылы орындалады. Кестелер арасындағы байланыс екі кестеде де бірдей аттары бар кілтті өрістер сәйкес келетін мәндер арасында қатынастар орнатады. Көп жағдайда әрбір жазбаның уникалды идентификаторы болып табылатын бір кестенің кілтті өрісімен басқа кестенің сыртқы кілті байланысады. Мысалы, қызметкерлерді олар жауап беретін заказдармен байланыстыру үшін «Сотрудники» және «Заказы» кестелері арасында «КодСотрудника» өрістерінің көмегімен байланыс құру қажет.

Slide 5

«Бірдің-көпке» қатынасы кестелер арасындағы байланыстың ең жиі қолданылатын қатынасы болып табылады. «Бірдің-көпке» қатынасында А кестесіндегі әр жазбаға В кестесінің бірнеше жазбасы сәйкес келеді, бірақ В кестесіндегі жазбаның А кестесіндегі сәйкес жазбасы бірден аспауы керек.

«Бірдің-көпке» қатынасы

Slide 6

«Көптің-көпке» қатынасы

«Көптің-көпке» қатынасы кезінде А кестесіндегі бір жазбаға В кестесіндегі бірнеше жазба сәйкес келеді, ал В кестесіндегі бір жазбаға А кестесіндегі бірнеше жазба сәйкес келеді. Байланыстың бұл типі тек үшінші (байланыстырушы) кестенің көмегімен ғана мүмкін бола алады, оның бастапқы кілті А және В кестелерінің сыртқы кілттері болып табылатын екі өрістен тұрады. «Көптің-көпке» қатынасы үшінші кестемен екі «бірдің-көпке» қатынасы болып табылады. Мысалы, «Заказы» және «Товары» кестелері арасында «көптің-көпке» қатынасы «Заказано» кестесімен екі «бірдің-көпке» қатынасын құру арқылы анықталады.

Slide 7

«Бірдің-бірге» қатынасы.

«Бірдің-бірге» қатынасы кезінде А кестесіндегі жазбаның В кестесіндегі бір жазбамен ғана байланысы болады және керісінше. Бұл типті қатынастар сирек қолданылады, өйткені осылайша байланысқан мәліметтердің көбі бір кестеге орналасуы мүмкін. «Бірдің-бірге» қатынасы өте үлкен кестелерді бөлуге, кестенің бір бөлігін бөлуге, сонымен қатар басты кестедегі жазбалар көпшесіне қатысты мәліметтерді сақтау үшін қолданылады. Мысалы, қызметкерлердің спорттық жарыстарға қатысуды тексеретін кесте құруға болады.

Slide 8

Кестелер арасындағы байланыстарды анықтау.

Кестелер арасындағы байланыс байланысатын кестелерді «Схема данных» терезесіне қосу жолымен және кілтті өрісті бір кестеден екінші кестеге апару арқылы анықталады. Сонымен қатар байланыстарды пернетақта көмегімен анықтауға болады.

Slide 9

Microsoft Access-те құрылған байланыстың қатынас типі байланысқан өрістерді анықтау тәсіліне тәуелді.

«Бірдің-көпке» қатынасы өрістердің біреуі кілтті немесе уникалды индексі бар болғанда ғана құрылады.

«Бірдің-бірге» қатынасы байланыстаны екі өріс те кілтті немесе уникалды индекстері бар болғанда ғана құрылады.

Slide 10

SELECT операторы

Ағылшын тілінен аударғанда «таңдау» қойылған шарт бойынша дерек қорынан мәліметтер жиынын қайтаратын SQL тілінің DML операторы болып есептеледі.

Slide 11

SELECT сұранысын құру үшін пайдаланушы күтілетін мәліметтер жиынтығын сүреттейді: оның түрін (бағаналар жиынтығын) және оның құрамын (мәндерді топтау, мәліметтерді шығару тәртібін және т. б) .

Сұраныс келесі түрде орындалады:

ең бірінші барлық мәліметтер кестеден шығарылады, ал одан кейін әрбір мәліметті қойылған шартқа байланысты оған сәйкестігін тексереді.

Slide 12 Slide 13

SELECT сұранысына қатысты негізгі кілттік сөздер:

Slide 14

Қазіргі операторды қолданған сұраныстың форматы:


Ұқсас жұмыстар
ОБЪЕКТІЛІ-БАҒЫТТАЛҒАН ПРОГРАММАЛАУ (ОБП)
АҚПАРАТТЫ ЖИНАУДЫҢ НЕГІЗГІ ӘДІСТЕРІ
Жолдарды кірістіру
Кесте қою
Кесте құру жолдары
Сабақ кестесін құру
Гипотезаны тексеру қадамдары
Кесте және оларды қою
Кестелерді редакциялау
Microsoft office Word редакторында кесте құру, редакциялау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz