Қазақстан кеден саясаты


Slide 1

БӨЖ

Тақырыбы: Қазақстан кеден саясаты

Орындаған: Тұрлыбеков Қ. М.

Тексерген: Сагандыков С. Н.

Slide 2

Кеден, таможня (түркі тілінде тамға - таңба, белгі сөзінен шыққан) - тауардың және көлік құралдарының, мүлік пен басқа да заттардың кеден шекарасы арқылы өтуі тәртібін қамтамасыз ететін, кеден режимдерін қолданатын, кеден төлемдерін өндіріп алатын, кеден бақылауын жүргізіп, кеден рәсімдемесін жүзеге асыратын мемлекеттік орган. Әдетте, тауарлар мен мүліктер алып өтілетін, сондай-ақ, адамдар шет елге баратын және шет елден келетін сапарларында өтетін шекаралық бекеттерде, әуежайларда, теміржол вокзалдарында, теңіз, өзен кемежайларында құрылып, орналасады.

Slide 3

Қазақстан кеден саясаты жалпы түрде - саяси, әлеуметтік-экономикалық қайта құруды жедел іске асыруға, оның ішкі және сыртқы экономикалық мүддесін қорғауға, оны жүзеге асыруға бағытталған саяси-құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және т. б. шаралар жүйесі.

Slide 4

Кеден саясаты Қазақстан Республикасы ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі болып табылады («Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы) .

Slide 5

Республиканың кеден ұйымдарының алдында республиканың ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін келесідей міндеттер тұр:

- қару-жарақ пен есірткіні контрабандалық жолмен өткізумен күресу; - тұтынушыларды денсаулықтары мен өмірлеріне қауіп тұғызатын азық-түліктер мен тауарлардан қорғау; - терроризмнің алдын алу; - стартегиялық және ядролық материалды заңсыз әкетуді болдырмау; - ұлттық рыноктың өзін-өзі қамтамасыз ету қағидаларына қайшы келмейтіндей дәрежеде импорттың көлемі мен құрылымының ұлғаюына жағдай жасау; - ойшылдық және көркемөнер құндылықтарын алып өтуді болдырмау; - мемлекеттің құрылымын бұзуға, ұлттар арасында алауыздық туғызуға бағытталған ақпараттық материалды өткізбеу және т. б.

Slide 6

Қазақстанда кеден саясатын iскe асыруда мемлекеттiк ұйымдар қызметiнiң әсерлiлiгi де арнайы талдауды қажет етедi. Қазақстан Республикасы Кеден комитетi кеден iciн тiкелей басқаруды iскe асырады. Ол мемлекеттiк бiртұтастықтың дамуы мен нығаюына есер ете отырып, кеден қызметi жүйесiнiң барлық салаларын бағыттап, басқарады, бiрiктiредi. Кеден комитетi тiкелей басқаруды iскe асырады, ұлттық кеден саясатын жузеге асыруға, кеден ici туралы заңдылықтардың сақталуын қамтамасыз етуге, өздерi басқаратын кеден ұйымдары жүйесiнiң қызметi әсерлi болуына жауап бередi.

Slide 7

Кеден ісінің халықаралық құқықтық негізін халықаралық аренада халықарлақ кеден конфренциясы мен келісімінің 3 тобы құрайды:

1) Көп жақты кедендік конвенциялар; 2) Аймақтық кедендік келісім; 3) Екі жақты кедендік келісім.

Slide 8

2010 жылдың 1 қаң­та­ры­нан бастап үш ел - Ресей, Беларусь Қазақстан үшін бір­ыңғай кедендік тариф күшіне ен­ді. 2011 жылдың 1 шілдесінен бас­тап бірыңғай кедендік кодекс ен­гізілетін болады. 2011 жыл­дың ортасынан бастап тауа­р­лар­дың кедендік бақылауы Беларусь Рес­публикасының, ал бір жылдан ке­йін Қазақстан Респуб­ли­ка­сының сыртқы шекарасына кө­ші­рілетін болады. Үкіметтегі білікті мамандар: «То­­лыққанды және толық ауқым­дағы Кедендік 2011 жылдан бас­тап енгізіледі және Ресей мен Қа­­зақстан шекарасындағы барлық рәсімдеу шаралары шекараның сыртқы жиегіне шығарылады, оның ішінде барлық тарифтік жә­не тарифтік емес: санитарлық, ветеринарлық, фитосанитарлық реттеулер бар. Бұлардың барлығы 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап өз­гертіледі» деп атап көрсетті.

Slide 9 Slide 10

Қарамақайшылықтар

Кедендік одаққа қатысудан Ре­сей, Қазақстан және Белоруссия қандай дивидендтер ала­тын­дығы заңды сұрақ. Қазақстанда, әсіресе Белорусияда бұл КО-тан ұтыламыз деген дауыс толассыз естілуде. Олай деуге негіз бар: жаңа Одақтың заңнамалық негізі кем деген де 90% Ресей Кеден заңына негізделген, сондықтан шикізатқа негізделген экономикалы Қазақстан үшін тек Қазақ ірі шикізат өндіруші компанияларға бұл Одақ пайдалы болғанымен, қалың қазақтар үшін 3-ші елден (Қытайдан) келетін арзан тұрмыстық заттар қол жетімсіз болып қымбаттайды деген сөз. Осылайша Өмір деңгейі де кем деген де 10-20% нашарлайды, ал аяқтарына толық тұрып үлгермеген қазақ биснесі үшін де бұл Одақ өте қауіпті.

Slide 11

Қорытынды

Бiрiншiден, елiмiздiң Президентi мемлекеттiк Кеден комитетiнен бюджеттiң кipic бөлiгiн қамтамасыз ету жұмысын нығайтуды және республиканың кеден ұйымының штат санын көбейтудi талап еттi. Екiншiден, ол Республика Yкіметінен кеден күзет орнын нығайтуға байланысты кеден қызметiнiң ic-әрекетiн толық жүз пайыз қаржыландыруды қамтамасыз ету шараларын қабылдауды талап еттi. Үшіншіден, кеден қызметi жұмысшыларын әлеуметтiк дамыту және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қоры қалпына келтірілді. Төртiншiден, мемлекеттiк Кеден комитетiне, Қазақстан Республикасы сыртқы iстep министрлiгiне Қазақстан-Ресей, Қазақстан-Өзбекстан, Қазақстан- Typiкмeнcтaн шекарасынан және Каспий теңiзiнiң қазақстандық бөлiгiнен контрабанданы өткiзбеу мақсатында кеден шекарасын нығайту үшін қатал шаралар қолдану тапсырылды.


Ұқсас жұмыстар
ЕурАзЭҚ шеңберінде Кеден одағын (КО) құру
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕДЕН ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Халықаралық саудаға мемлекеттің әсер етуі
ҚАЗАҚСТАН МЕН ТУРКИЯ ЕЛІНІҢ КЕДЕНДІК ЗАҢНАМАСЫ
Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың экономикалық саясаты
Қазақстанның сыртқы саясаттағы орны туралы
Түркия туралы
Қазақстанның сыртқы саясаттағы орны
Макроэкономикалық көрсеткіштерге сипаттама
Халқаралық экономикалық қатынастар. Сыртқы экономикалық қызметті реттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz