Компьютерлік желілер, электронды пошта қызметі, әлеуметтік желілер туралы мәлімет



Компьютерлік желілер. Электронды пошта қызметі. Әлеуметтік желілер.
Орындаған: Зейтенгазина Жанар.

Компьютерлік желі дегеніміз - ресурстарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір - бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі.

Компьютерлік желі жұмыс істеу принципіне, аппараттық және программалық қамтамасыз етуіне байланысты жергілікті (ЖКЖ) және аумақты (АКЖ) компьютерлік желі болып бөлінеді.
Жергілікті желі шектеулі аймақтағы (бір бөлмеде, бір мекемеде, зауыт немесе бекетте т. с. компьютерлерді біріктіреді.
Жергілікті желі құрудағы себеп - өндірістік процестерді автоматтандыру, әр түрлі құжаттарды жедел өңдеу.
Егер жалпы желіге бір-бірінен айтарлықтай қашықтықтағы компьютерлер немесе жергілікті желілер біріктірсе, онда мұндай құрылымды таратылған немесе аймақтық желі деп атайды. Қазіргі кезде ірі компьютерлік желілер саны жүздеген мыңдармен есептеледі. Бір немесе бірнеше желілерді бір - бірімен өзара байланыстыру желіаралық байланыс немесе ауқымды желі деп аталады. Ауқымды желі қала, аймақ, ел, бүкіл Жер шарын қамтуы мүмкін.

Бір орталықтан басқарылатын желіні
«Клиент - сервер» желісі деп те айтады: Клиент - өзіне қызмет көрсетуді сұрайтын объект (компьютер немесе программа) . Сервер - басқаға қызмет көрсететін объект.
Бір деңгейлі компьютерлер желісі (бір рангылы) - Мұнда желіні басқаруда барлық компьютерлер тең құқықты болып саналады.
Жергілікті желінің түрлері

Байланыс арналары
Жергілікті желіге қосылған әрбір компьютер арнайы тақшамен желілік адаптер жабдықталуы керек. Компьютерлер (желілік адаптерлер) бір-бірімен кабельдердер арқылы байланысады.

Топология (байланысу тәсілі) бойынша желілердің жіктелуі:

Жалпы желілер- бұл дүние жүзі бойынша таратылған желілер. Ең белгілі және қол жететін жалпы желі - Интернет болып табылады. Интернет желісі тұрақты құрылым емес, оны миллиондаған пайдаланушылар ұдайы өзгеріп отырады.
Желідегі компьютерлер жұмысын программа басқарады, ондағы барлық компьютерлердің бір - біріне жіберетін және қабылдайтын ақпараттарды араласпай, тиянақты жеткізілу үшін, олар бір тілмен - ортақ ережемен байланыс жасау қажет. Осындай ортақ ереже желілік хаттама деп аталады.
Сервер - ортақ пайдалануға арналған барлық ресурстарды қамтитын компьютер. Ортақ ресурстарды пайдалану үшін сервер қосулы болуы қажет. Желідегі жұмыстың көп бөлігін сервер атқарады.

Интернетегі ауқымды іздестіру жүйелері
http:\www. altavista. com - AltaVista ақпараттық іздестіру жүйесі 1995 жылы желтоқсан айында ашылған. Ол қазіргі таңда индекстелген html- құжаттар (350 миллионға жуық) көлемімен алдыңғы қатарда. AltaVista қарапайым және кеңейтілген іздестіру мүмкіндігін және WWW арасында жұмыс істеуде қосымша сервистерді ұсынады. Арнаулы “Help” деген бөлімде барлық парақтарды қолданушылар интерфейсі сілтемелермен жабдықталған. Ол қарапайым қолданушыларға өздерінің тапсырыстарын дұрыс құрастыруда көмек бере алады. Әлемнің 25 тілінде ақпарат іздестіру мүмкіндігі бар.
http:\www. hotbot. com -HotBot - іздестіру жүйесі арқылы құжаттар ішінде кездесетін бір немесе бірнеше терминдер арқылы, жеке фразалар бойынша іздестіру мүмкіндігін береді. Құрамында аудео, видео немесе анимациялары бар файлдарды іздестіруге де болады.
http:\www. google. com - GOOGLЕ ақпараттық іздестіру жүйесі 1999 жылы қыркүйек айында ашылған. Бүгінгі күндері Searchenginewatch. com эксперттерінің айтуына қарағанда базаның көлемін 560 млн құжаттар құрайды. Жүйе қолданушыларға қарапайым және кеңейтілген іздестіру интерфейсін ұсынады. Көптеген тілдерде сонымен қатар орыс тілінде ақпарат іздеу мүмкіндігі бар.

http:\www. yahoo. com - Yahoo - тез іздестіретін анықтамалықтардың бірі. Ақпараттарды жеке сөздер бойынша немесе классификатор бойынша іздеу мүмкіндігін береді.
http:\www. aport. ru - Апорт - ақпараттық іздестіру жүйесі алдыңғы қатардағы іздестіру жүйесіне кіреді. Бүгінгі күндері мәліметтер көлемін 20 млн индекстелінген құжаттар құрайды. Жүйеде іздестірудің кең спектрлі мүмкіндіктері бар. Онда қарапайым және кеңейтілген іздестіру мүмкіндіктері ұсынылады. Ақпараттарды ағылшын және орыс тілінде іздеуге болады.
http:\www. yandex. ru - Яндекс - ақпараттық іздестіру жүйесі 1997 жылы ашылған. Бүгінгі күндері базадағы индекстелінген құжаттар көлемі 33 милионға жуық. Ақпараттық іздестіру жүйесі логикалық операторлармен белгіленген өзінің меншікті жүйесін қолданады, сонымен қатар көптеген түрлі іздестіру функцияларын ұсынады.
http:\www. rambler. ru - Rambler - іздестіру жүйесінде Россияның және ТМД елдеріндегі серверлерде орналасқан 12 миллионға жуық мәліметтер индекстелінген. Өзекті сөз бен қатар классификаторлар арқылы іздестіру мүмкіндігі қарастырылған.

Браузер - гипермәтіндік байланысу мүмкіндігі бар файлдармен жұмыс істеуге арналған бағдарлама. Ол әркімнің таңдауы бойынша кәдімгі мәтіннің, статикалық бейненің немесе графиктердің экранда бейнеленуін және олармен байланысқан басқа файлдарды іздестіруді қамтамасыз етеді. Кең тараған қарап шығушыларға Web-браузер, Internet Explorer, Mozilla Firefox, Google Chrome және т. б. жатады; желіде жұмыс істеуге арналган қосымша бағдарламалық жасақтама (мысалы, ол Microsoft Internet Explorer World Wide Web беттерін қарап шығуға мүмкіндік береді) ; Web- беттерін қарап шығуға арналған құрал. Гиперсілтеме көмегімен бір бетті қарап шыққаннан кейін келесі бетке өтуге мүмкіндік жасайды.

Google Chrome
Google Chrome - бұл Googlе компаниясының Chromium еркін браузері мен веб-парақшаларды көрсететін WebKit жүргіртпесінің (қозғағыш) негізде жасалған браузер. Алғашқы beta-нұсқасы 2008 жылдың 2 қыркүйегінде Microsoft Windows-ке арналып шығарылды. Ал бірінші тұрақты нұсқасы - 2008 жылдың 11 желтоқсанында шықты.
StatCounter мен Net Applications мәліметтері бойынша браузер танымалдылығы жөнінен 3 орында, ал оның 2011 жылдың нарықтағы көрсеткіші 13, 49% пен 22, 14% аралығында.
Google Chrome JavaScript V8-дiң өңделуiндегі жоғары өнiмдi қозғағышты қолданады. Сонымен қатар Google Chrome бетті жүктеу үдете түсу үшін DNS-тің алдын алу жүйесін қолдана алады.

Mozilla Firefox
Mozilla Firefox- еркін таратылатын веб браузер. Қолданылуы бойынша дүние жүзінде екінші орынды (2011 жылдың наурызында 29, 98%), ал еркін бағдарламалық қамтама ішінде бірінші орын алады. Mozilla Firefox ашық стандарттарды қолдайтын еркін таратылатын Gecko қозғалтқышының негізінде жасалған. Файрфокс құрамында орфографияны тексеру, мәтін терілген кезде-ақ оны іздеуді бастау, RSS-ағымдарының интеграциясы, жүктеулер менеджері, "атып шығатын" терезелерді болдырмау, шолғышқа орнатылған кеңейтулерді автоматты түрде жаңарту қасиеттері бар. 2 000-нан астам кеңейтулерді қолдану арқылы Firefox мүмкіндіктерін шексіз арттыруға болады.
Mozilla Firefox ресми түрде Microsoft Windows, Mac OS X және Linux операциялық жүйелеріне шығады.

Firefox браузері барлық мүмкіндіктерді стандартты версияда қолданудың орнына, өз пайдаланушыларына өзіне қажетті мүмкіндіктерді кенейтулер арқылы кірістіре алады.
Мысалға ең танымал кенейтулердің бірін алайық - бұл AdBlock, ол [[интернет-сайтинтернет-сайттардағы жарнаманы қамалдап, өз қолданушысына көрсетпей қояды. Тағы Mozilla Firefox браузеріне сыртқы түрін өзгертетін қосымшаларды кірістіруге болады. Соның бәрі оны ең икемді браузерлардың бірі болып көрсетеді.
Mozilla - бағдарламалық қамтама өндіретін дәстүрлі компания емес. Дүниенің әр түпкіріндегі пайдаланушының Интернеттегі тіршілігін жақсартуға бағытталған тегін әрі ашық кодты бағдарламалық қамтама мен технологияларды жасап шығаруды өз алдына мақсат еткен әлемдік қауымдастық. Программистер, маркетологтар, тестерлер мен заңгерлер Вебтың ашық әрі бәріне ортақ ресурс болып қала беруін қамтамасыз ету бағытында жұмыс істейді.
Марапаттарға ие болған ашық кодты бағдарламалық өнімдер бен технологиялар әркімге тегін әрі 70 астам тілде ұсынылады.
Mozilla басшылығы Маунтин-Вью, Калифорнияда, ал аймақтық офистері Окленд, Пекин, Копенгаген, Париж, Токио мен Торонтода орналасқан

Internet Explorer
Internet Explorer - Microsoft компаниясы 1995 ж. бастап Microsoft Windows амалдық жүйесі құрамдас бөлігі ретінде жасаған графиктік ғаламтор шолғыш өнімі. Бұл бағдарлама 1999 ж. бастап дүние жүзі бойынша қолданымы ең көлемді бағдарлама болып, 2002-2003 жж. аралығындағы ІЕ5 пен ІЕ6-ның жарық көрген мезгілінен бер бұл қолданымдық көрсеткіші шырқау шегіне жетті де, сонан бері қарай тұрақты төмендеу күйінде болды. Интернет шолғышы алғашта Windows 95-ке қосымша қалташық ретінде бірге шықты да, онан кейінгі жаңа ұрпақтық нұсқалары дербес қалташық ретінде жеке дара түсіруге болатын етіп жасалды. Қазіргі ең жаңа 7-ші ұрпақ шолғышы Windows ХР Service Pack 2, Windows 2003 Service Pack 1, Windows Vista және Windows Server 2008 дегендердің жаңалау бума ретінде түсіріп орнату мүмкіншілігін жасады. Және бір түрдегі Windows CE (ІЕ CЕ) ге бағытталған ОЕМ-дік жасалымды да WinCE немесе ІЕ6-лық негіздегі текшелерінен еркін түсіріп алуға болады. Есте боларлық және бір жайт, тағы бір түрдегі Windows Mobile-ға (қойындық кіші тұрпатты компьютерлерге арналған жүйе) сәйкестіріліп жасалған Mobile Internet Explorer (ұтқыр) дербес компьтерлерге (РС) арналған түрлерімен шатастырып алмау керек. 8-ші ұрпақ ғаламтор шолғышының 2-реттік сынақ нұсқасы 2008 ж. басында жария етілді.

Opera - Opera Software ASA компаниясы шығаратын Интернетте жұмыс істеуге арналған веб-браузер және бағдарламалық пакет. Норвег компаниясы Telenor-мен 1994 жылы жасап шығарылған.
Опера мини- интернеттегі не басқа кез-келген желілердегі http/https веб сайттарын, яғни веб парақтарын (html, php және т. б. ) қарап шығу, өңдеу және араларымен өту әрекеттерін орындауға арналған бағдарлама.
Шолғыштардың бұл түрі электрондық поштамен, ftp протоколымен, жаңалықтар тобымен жұмыс істеуге, сондай-ақ веб-парақтағы дыбыстық және бейне файлдарды сияқты мультимедиа құрамасын ойнатуына мүмкіндік береді.
Opera

Электронды пошта (ағылш. Email, e-mail яғни electronic mail) - технология және оның қайта сілтеу бойынша ұсынылған қызметтері және компьютерлік желінің үлестірілуі бойынша алынған электрондық хабарламалар (соның ішінде ғаламдық) . Хабарлама жіберудің басқа жүйелерден айырмашылығы болып, кейінге қалдырылған жеткізулер мүмкіндігі және дамыған жүйемен тәуелсіз пошталық сервер арасындағы қарым-қатынастар табылады. Гиннес рекордтар кітабының (2013) мәліметіне cәйкес күніне 294 миллиард email жіберіледі.

Электронды поштаның пайда болуын 1965ж жатқызуа болады. Осы жылы Массачусетк - технологиялық институтының (MIT) қызметкерлері Ноэль Моррис және То Ван Влек, CTSS (Compatible time-sharing system) операциялық жүйесіне арналған MAIL бағдарламасын жазды. Ал бұл бағдарлама IBM 7090/7094 компьютерінде орнатылды.

Mail бағдарламасының мәтіндік интерфейсі
Электронды поштаның жалпы дамуы көпқолданушылық жүйелердегі қолданушылардың локальді ара-қатынысының дамуы арқылы жүрді. Қолданушылар mail бағдарламасын қолдану арқылы бір мейнфрейм шегінде бір-біріне хабарлама жібере алады. Келесі қадам басқа машинадағы қолданушыға хабарлама жіберу мүкіндігі болды - ол үшін машина атының көрсеткіші және машинадағы қолданушы аты қолданылады. Мекен-жай (адрес) түрінде жазылады. Электронды поштаның үшінші қадамы үшінші компьютер арқылы хаттарды жіберудің құрылуы кезінде шықты. Мұнымен қатар бір мезгілде «машинада» ұғымының қайта қарастырылуы болды: пошта үшін бөлініп шығарылған серверлер қолданыла бастады, оған қарапайым қолданушылардың мүмкіндігі болған жоқ (тек әкімшілік), ал қолданушылар өздерінің машиналарында жұмыс жасайтын, мұнымен бірге пошта қолданушылардың жұмыс машиналарына емес, пошталық серверге келетін.

Пошта қайта сілтеулерінің қарапайым жағдайлары
SMTP(ағылш. Simple mail transfer protocol - поштаны жіберудің қарапайым хаттамасы) дүниежүзіндегі жалпы қабылданған электронды поштаның алмасу хаттамасы болып табылады. Жалпы қабылданған реализацияда ол пошта қайта сілтеулерінің ережелерін анықтау үшін DNS -ті қолданады. Әртүрлі домендерде өздерінің, бір-бірлерінен тәуелсіз, пошталық жүйелері икемденген. Пошта қайта сілтеу бағдарламаларының қолдануымен түйіншектер арасында, жіберіледі. Бір-бірлерімен ара-қатынас кезінде жүйелердің тәртібі қатал түрде стандартизацияланған, ол үшін SMTP хаттамасы қолданылады. Пошталық жүйе және қолданушылардың қарым-қатынасы жалпы жағдайда, ешқалай тәртіптелмейді және озбырлы болуы мүмкін, бірақ қалай ашық болса, солай жабық хаттамалар болады. Пошталық жүйеде жұмыс жасайтын және қолданушыларға қызмет көрсететін бағдарлама, MDA деп аталады. Басқа пошталы жүйелерде MDA және MTA бір бағдарламаға бірігуі мүмкін, басқа жүйелерде әртүрлі бағдарлама ретінде таратылып берілуі мүмкін. Қолданушы оның көмегімен қатынауды жүзеге асыратын бағдарлама, MUA деп аталады.

Пошта маршрутизациясы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz