Бизнес жоспар құру. Металл есіктер,әйнек торлар өндіру цехын құр


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ Тақырыбы:“ Бизнес жоспар Металл есіктер, әйнек торлар өндіру цехын құру” Орындаған:Сағатова Ә. Н, Советбекова М. Д Оқу тобы:БТ-407 Тексерген: Есенбекова З. Ж. Семей, 2015

Slide 2

Мазмұны Резюме . . . 3 Кіріспе . . . 6 1. Жобаның тұжырымдамасы . . . 7 2. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы . . . 8 3. Өндірістер бағдарламасы . . . 10 4. Маркетингтік жоспар . . . 12 4. 1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы . . . 12 4. 2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер . . . 15 5. Технологиялық процесс . . . 17 6. Ұйымдастыру, басқару және құрам . . . 19 7. Жобаны іске асыру шығындары . . . 20 8. Пайдалану шығыстары . . . 21 9. Қаржыландыру қажеттілігі . . . 24 10. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсер . . . 27 10. 1 Жобаның әлеуметтік-экономикалық мәні . . . 27 10. 2 Қоршаған ортаға әсер . . . 28

Slide 3

Резюме Жобаның тұжырымдамасы Шығыс Қазақстан облысында металл есіктер, әйнектер өндірісі цехын ашуды қарастырады. Цех шығаратын негізгі өнім түрлері металл есіктер мен әйнектерге арналған металл торлар болады. Кейіннен өндірілетін өнімнің түр-түріне металл бұйымдардың басқа да түрлері қосылуы мүмкін. Жоспарланған цехтың нысаналы тобы өз өндірісінде шығарылатын өнімді пайдаланатын құрылыс ұйымдары болады. Тұтынушылардың екінші тобына жеке үй шаруашылықтарын жатқызуға болады. Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындар мыналарды қамтиды:

Шығыстар, мың теңге

2015

Негізгі капиталға инвестициялар

6 613

Айналым капиталы

5 304

Барлығы

11 917

Slide 4

Жобаны қаржыландыруды жоба бастамашысының өз қаражаты есебінен сияқты қарыз капиталы есебінен де жүзеге асыру жоспарлануда

Шығыстар

Сомасы

Кезеңі

Үлесі

Негізгі капиталға инвестициялар

5 304

12. 2015

45%

Айналым капиталы

6 613

12. 2015-6. 2016

55%

Барлығы

11 917

100%

Кредиттеудің келесі шарттары қабылданды:

Кредит валютасы

теңге

Пайыздық ставка, жылдық

12%

Өтеу мерзімі, жыл

6, 0

Пайыздар мен негізгі борышты төлеу

ай сайын

Пайыздарды өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай

3

Негізгі борышты өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай

3

Өтеу түрлері

тең үлестермен

Slide 5

Жоба экономикалық көзқарас жағынан мыналарға ықпал ететін болады: - Шығыс Қазақстан облысында 14 жаңа жұмыс орнын құруға; - Шығыс Қазақстан облысының бюджетіне қосымша кірістердің түсуіне. Жобаның әлеуметтік әсерінің арасынан мынаны бөліп көрсетуге болады: - құрылыс ұйымдарының, сондай-ақ жеке үй шаруашылықтарының сапалы өнім - металл есіктерге, металл әйнектерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Slide 6

Кіріспе Металл есіктерді бүгін барлық жерде кездестіруге болады. Оларды офистардың немесе қандай да бір кәсіпорындардың кіреберістеріне ғана орнатпайды. Көптеген қалалықтар металл есіктерді пәтерлерінің немесе үйлерінің сыртқы есіктері ретінде де таңдайды. Металл есіктерді таңдау - үйлер мен жұмыс орындарын күтпеген қонақтардан ұзақ уақыт бойы қорғаудың бірден-бір тәсілі болып келді. Бұдан басқа, сауатты дайындалған металл есік орын-жайды сыртқы қоршаған ортаның әсерінен қорғауға көмектеседі.

Қазіргі уақытта металл есіктер нарығы серпінді өсу кезеңінен өтуде. Бұл ретте, қазір тек мықты металл есіктер жасап қана қоймай, сонымен қатар металл есіктердің өңделуіне қатысты тапсырыс берушілердің тілектерін де ескеру қажет. Металл есіктерді дайындау мен орнату тапсырыстарының саны өсіп қана қоймай металл есіктерді дайындау процесінде қолданылуы мүмкін материалдардың түр-түрі де өсуде.

Темір есіктердің сәндік қабаттары әрбір тұтынушыны таң қалдыра алады. Металл есіктерді дайындау процесінде пайдаланылатын материалдар мен фурнитуралардың көптігі қазіргі өндірушілердің клиенттерге әр түрлі сипаттамалары, құрамдауыштары және кепілді қызмет шарттары бар металл есіктердің түр-түрін ұсынуға мүмкіндік береді.

Slide 7

1. Жобаның тұжырымдамасы Жобаның тұжырымдамасы металл есіктер, әйнектер өндірісі цехын ашуды көздейді. Цех шығаратын негізгі өнім түрлері: - Металл есіктер; - Әйнектерге металл торлар болып табылады. Өнімнің негізгі тұтынушылары шығарылатын өнімді өз қызметтерінде пайдаланатын құрылыс ұйымдары болады. Тұтынушылардың екінші тобына жеке үй шаруашылықтарын жатқызуға болады. Цех жалпы алаңы 150 шаршы метр жалдамалы үй-жайда орналасады. Кәсіпорынның осы бизнес-жоспарда жоспарланған айналымын ескере келе қызметті жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимін пайдалана отырып жеке кәсіпкердің шеңберінде жеңілдетілген режимде жүзеге асыру ұсынылады. Осы бизнес-жоспар басшылыққа алатын соңғы нұсқа болып табылмайды, тек осындай бизнес-идеяны дамытудың әлеуетті мүмкіндігін ғана көрсетеді. Сондықтан да осы жобаны іске асыру кезінде сату бағдарламасы сияқты шығарылатын өнімнің түр-түрлерін де өзгертуге болады. Шығарылады деп жоспарланған өнімнің бәсекелестік басымдығын, сондай-ақ сатып алынатын жабдықтардың айырмашылықты ерекшеліктерін барынша ашып көрсету қажет.

Slide 8

2. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы

Кіреберіс металл есіктер - бұл өз үйіңді мүмкін қауіптер мен күтпеген қонақтардан қорғаудың үнемді, сенімді, сәнді тәсілі. Металл есіктер қалыпты ағаш есіктерді ауыстыра отырып көп уақыттан бері кеңінен қолданылып келеді, болат есіктер өзін барынша пайдалы жағынан көрсете келе бірден халықтың сеніміне ие болды. Пәтерлерге металл есіктер орнатудың себептері: - металл есіктер мықты келеді; - металл есіктерді бұзу қиын; - есік пәтерлерді қорғап қана қоймай, сәнді де болуы қажет, сондықтан сапалы болат есіктер сонымен қатар берік әрі сәнді болып табылады. ; - металл есіктер ұзақ пайдаланылады.

Slide 9

Әйнек торлары көпшілік жағдайда қала сыртындағы үйлерге, коттедждерге және қаладағы пәтерлерге орнатылады, бұл жерде олар өздерінің қорғаныс функцияларын орындайды және интерьердің де маңызды бөлігі болып табылады. Міне, әйнек торларының осы сәндік және әр түрлері әйнектің нағыз сәні болады. Соңғы жылдары мәнді оюлары және әр түрлі сәндік элементтері бар қолдан соғылған торлар сәнге айналуда.

Бүгінгі күнге дәстүрлі әйнек торлары сияқты айырықша әйнек торлары да ұсынылады.

Осылайша, әйнектің металл торлары сенімділігі, қолданылуы және сәндігі жағынан үздік шешім болып саналады.

Slide 10

3. Өндірістер бағдарламасы 1-кесте - Өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы

Сату бағдарламасы маркетингтік зерттеулер (бидай жармасы ретінде тұтынудың басымдығын айқындау мақсатында) жүргізу жолымен, сондай-ақ жарнамалық акциялар арқылы жүзеге асырылатын болады.

Бағаны қалыптастырған кезде тұтынушылардың орташа табыс деңгейі анықталатын олардың сатып алу қабілеті ескеріледі.

Бағаны қалыптастыру нарықтық бағаларға және өнімнің толық өзіндік құнына негізделген.

Показатель

2015

2016

2017

2018

2019

2020

2021

Қуаты, %

44%

65%

75%

80%

90%

100%

100%

Металл есік, дана

176

343

396

422

475

528

528

Әйнектің металл торы, дана

264

515

594

634

713

792

792

Slide 11

2-кесте - Өнімге жоспарланған баға, 1 м2, теңге

Өнімнің бәсекелестік құны мыналардан құралады:

барынша төмен өзіндік құннан, бұл бәсекелестік бағаны белгілеуге мүмкіндік береді;

- сапалы металл пайдалану.

Сату бағдарламасын есептеген кезде инфляция назарға алынған жоқ, өйткені инфляцияға байланысты бағаның көтерілуі кәсіпорын қызметтері бағасының ұлғаюына әсер ететін болады.

Атауы

Мәні, тг.

м2

м2 үшін бағасы тг.

Ескерту

Металл есік

80 000

2, 27

35 286

размері 2180*1040 мм.

Әйнектің металл тор

11 000

1, 77

6 222

размері 1360*1300 мм.

Slide 12

4. Маркетингтік жоспар 4. 1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы Қазақстанда байқалып отырған қолайлылығы жоғары жеке құрылыс көлемінің өсуі және коммерциялық (офистік) жылжымайтын мүлікке сұраныстың жыл сайын ұлғаюы мен ғимараттарға еуро жөндеу қызметтерін жүргізу - металдан жасалған қоршау құрылысы конструкцияларына сұраныстың тұрақты өсуін білдіреді. Құрылыс нарығының осы бөлігінде жаңа құрылыстар салу көлемінің жылдам өсуі кезеңінде аса қымбат емес әйнектерге сұраныс жоғары болды. Мысалы, республикада шетелдік дайын профильдерден әйнек пен есік жасайтын көптеген компаниялар пайда болды. Қазір жағдай күрт өзгерді. Қазақстанда әйнектер, есіктер мен қасбеттер құрылысы секторы ел экономикасындағы қиындықтарға қарамастан барынша серпінді дамуда. ҚР-да 2010 жылы дайын металл бұйымдары өндірісі нақты көлемінің индексі 2009 жылмен салыстырғанда 4, 2 (немесе 4, 1%) төмендеді (1-сурет) .

Slide 13

4. 2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер Кәсіпорындардың негізгі бәсекелесі Маңғыстау облысында металл есіктер шығаратын өндіруші-кәсіпорындар болып табылады. 3-кесте - Маңғыстау облысының металл бұйымдар шығаратын компанияларының тізімі

Компанияның атауы

Қызметі

Байланыстар

Мангистау-Пласт

Металл пластик әйнектер, есіктер, әйнектің алды, жылтыр пакеттер, сөрелер

Ақтау қаласы, базар «Асар-С», әкімшілік ғимараты

Телефоны: 434699, 87015525321

Шын-Plast

Балкондар, Әйнектің алды, Металл пластик әйнектер, есіктер, сөрелер, жылтыр пакеттер, москитті торлар

Ақтау қаласы, ОРС-тың бұрынғы базасы (қойма)

Телефоны: 504204, +77016094381

ТМК-Альянс

Металл есіктер, торлар, қақпалар, Метал пластик әйнектер, есіктер сөрелер

Ақтау қаласы, 2-17-109 («Кардинал» мейрамханасының жанында) Телефоны: 330010, 315111, +77025301213,

Plaspen

Металл пластик әйнектер, есіктер, сөрелер орнату

Ақтау қаласы, 8-24-131

Телефоны 520697, +77013343184, +7701558

Slide 14

Құрылатын кәсіпорынның негізгі басымдықтары: - Қолданылатын бастапқы материалдың есебінен шығарылатын өнімнің сапасы; - Өндірістің икемділігі - Бәсекелі баға, пайдалы жеңілдік саясаты; - Бұйымды орнату қызметінің болуы; - Кәсіпорын құрамының кәсіби шеберлігі; - Тұрақты даму.

4-кесте - Жобаның SWOT-талдауы

Сыртқы орта

Мүмкіндіктер

Өндірістік қуаттылықты кеңейту.

Шығарылатын өнімнің түр-түрін ұлғайту.

Қатерлер

Ұқсас өнім шығару бойынша ірі өндірістер ұйымдастыру.

Импорттың үлесін ұлғайту (импорттық өнімді тұтыну үлесін ұлғайту) .

Ішкі орта

Басымдықтар

Жоғары технологиялы және заманауи жабдықтарды пайдалану.

Табиғи шикізатты пайдалану.

Кемшіліктер

Кәсіпорынның жаңаруы (жаңа жоба) .

Шикізат бағасына тәуелділік.

Slide 15

5. Технологиялық процесс Металл есіктер өндірісі технологиясы Бүгінгі күнге болат есіктер өндірісі технологиясының екі негізгі түрі туралы айтуға болады. Бұл құбырлық-бұрыштық және икемді-бейінді түрлері. Құбырлық-бұрыштық технология бойынша дайындалатын болат есік электр доғалы дәнекерлеу арқылы дайындауды қарастырады. Өз кезегінде дәнекерлеуді пайдалану металдағы кернеудің жоғарылығына байланысты есік блогының формасына кері әсерін тигізеді. Егер металл есіктерге ауқымды құлып орнатылатын болса, онда оның технологиялық тесігінің ені 35 миллиметр болуы керек. Осы себептерге байланысты құбырлық-бұрыштық технология арзан есіктер өндірісі үшін қолданылады.

Әйнектердің металл торларын өндіру технологиясы

Металл торлар дайындау дәнекерленетін және нығыздалатын төселімдерін білдіреді.

Қазіргі уақытта металл төселімдердің екі түрі бар: нығыздалған және дәнекерленген. Мұндай бұйымдар жаяу жүру жолдары, тиеу-түсіру алаңдары төселімдері ретінде өнеркәсіп және құрылыс объектілерінде кеңінен қолданылады.

Нығыздалған төселімдер, әдетте болаттан, тат баспайтын болаттан немесе алюминийден жасалады.

Slide 16

5-кесте - Цех жабдықтарының тізбесі

Металл есіктер дайындау жабдықтарының бірқатар басымдықтары бар - ол. Онда қажетсіз қосымша функциялар жоқ, бұл тапсырыс берушінің өтінген талаптарына сәйкес дербес дайындалған өнімнің өзіндік құнын барынша азайтады.

Жабдық иесі оны металдан жасалған әр түрлі бұйымдарды дайындау үшін қолдана алады.

Техникадан ГАЗ 3302 үлгісіндегі, құны 2 954 мың теңге тұратфункционалды және сенімдіын ГАЗель маркалы автомобилі сатып алынады. Бағалары өнімді беруші «ТТМ-ЦЕНТР» ЖШҚ-дан алынды, ол "Центртранстехмаш" ЖШҚ, "Веста" ЖШҚ және басқа да автотехникалар өндірушілердің ресми өкілі болып табылады.

Атауы

Саны

Бағасы

Сомасы

Негізгі

ТДМ-403 дәнекерлеу

аппараты

1

228

228

НЛ-12 қайшысы

1

3 290

3 290

Қосымша

Бояу пульті

2

41

81

Болгарка

2

30

60

Slide 17

6. Ұйымдастыру, басқару және құрам

Slide 18

7. Жобаны іске асыру шығындары Инвестициялық шығындар бағасы төмендегі кестеде келтірілген. 6-кесте - 2015 жылға арналған инвестициялық шығындар

Атауы

Сомасы, мың теңге

2015

Желтоқсан

Жабдық

3 659

3 659

«ГАЗ 3302» үлгісіндегі ГАЗель маркалы автомашина

2 954

2 954

Жиыны

6 613

6 613

Slide 19

8. Пайдалану шығыстары . 7-кесте - 1 бұйымның өзіндік құнының есебі, теңге

Материалдың атауы

Өлш. Бір.

бағасы, тг.

Металл сыртқы есік

Әйнектің металл торы

Шығыс нормасы

1 бұйымның сомасы, тг.

Шығыс нормасы

1 бұйымның сомасы, тг.

Құбыр 40*40

тн

150 000

0, 0330

4 950

0

Құбыр 40*20

тн

150 000

0, 0420

6 300

0

Құбыр 20х20

тн

150 000

0

0, 0074

1 110

Болат қалып, . 2 мм

тн

150 000

0, 1480

22 200

0

Шеңбер, д. 22

тн

130 000

0, 0030

387

0

Шеңбер, д. 12

тн

130 000

0

0, 0088

1 144

Урса жылытқышы

м3

7 000

0, 1680

1 176

0

Топырақ

л

410

4,

1 640

0, 3000

123

Электродтар, д3

кг

200

4,

800

1,

200

Кесілген шеңбер, д230

шт

600

3,

1 801

0

Өңделген шеңбер, д 125

шт

200

1,

200

0

Арматура А1 д 10

тн

150 000

0

0, 0005

75

Еріткіш

л

1 000

2,

2 000

0, 1000

100

Эмаль

кг

2 200

2,

4 400

0

Бояу

кг

2 200

0

0, 3000

660

Кесіп орнатылған құлып

шт

3 900

1, 0

3 900

0

Жиыны

49 755

3 412

Slide 20

8-кесте - Кәсіпорынның бір айдағы жалпы және әкімшілік шығыстары, мың тг

Шығындар

2015

2016-2021

ЕТҚ

755

755

Өндірістік орын-жайды жалдау

150 м2

113

113

ЖЖМ

1 машинаға

48

48

Электр энергиясы

40

40

Байланыс қызметтері

2

2

Шаруашылық тауарлары

10

10

НБ қызмет көрсету және жөндеу

7

7

Банк қызметтері

2

2

Жарнама шығыстары

15

15

Өзге де көлденең шығыстар

10

10

Жиыны

1 002

1 002

Slide 21

9-кесте - Еңбекақы төлеу шығыстарының есебі, мың тг

Лауазымы

Саны

Жалақы

Есептеуге

ЕТҚ

Әкімшілік-басқару құрамы

1


Ұқсас жұмыстар
Строительные материалы
Бизнес жоспар: Кептірілген нан, печенье және өзге де нан пісіру өнімдері цехын құру
Кептірілген нан, печенье және өзге де нан пісіру өнімдері цехын құру
Дәрілік заттарды көтерме саудада өткізуді жүзеге асыру шарттары
Кеңселік жиһазды жасау цехын құру
Пісіру жабдықтары
Кондитерлік дүкен
Бизнес жоспар Қақталған ет өндірісі цехын ашу
Трансформер жиһаз жасайтын цех ашу
БИЗНЕС ЖОСПАРДЫҢ МАЗМҰНЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz