Күзендердің систематикасы. Құрылыс ерекшелігі. Таралуы. Дамуы мен көбею


Slide 1

Күзендердің систематикасы. Құрлыс ерекшелігі. Таралуы. Дамуы мен көбеюі.

Орындаған:Қапай Г. Е

Тексерген:Тугамбаева С. М

Топ:БЛ-409

Slide 2

Жоспар

I. Негізгі бөлім

1. 1 Қүзендердің систематикасы

1. 2 Таралуы

1. 3 Күзендердің түрлері

1. 4 Құрылыс ерекшелігі

1. 5 Дамуы мен көбеюі

II. Пайдаланған әдебиеттер

Slide 3

Қүзендердің систематикасы

Денесі жіңішке біркелкі. Мойны қысқа және жуан. Құлақтары кең домалақтау, сыртқы жиегі 2, аяқтары қысқа, 5 бармақты, бармақ аясында түк пен қапталған жарғақтары бар табаны сүйелдерінен басқасы түкті келеді. Құйрығы денесінің 3/4 бөлігіндей, жүні қысқа, денесіне біркелкі шыққан. Жаз мезгілінде жаны, арқасы, басының жоғарғы жағы коңыр.

Slide 4

Күзендердің маңызы

Күзен - сусар тұқымдасына жататын жыртқыш жануарлардың бірі болып табылады. Қазақстанда орманды далалар мен шөлейт аймақтарды, әсіресе, жусанды және астық тұқымдас өсімдіктер өскен жерлерді ме­кендейтін 7 түрі кездеседі. Бұлар көбінесе сарышұ­нақтардың, қосаяқтардың, аламандардың індерін пайдаланады. Өздері ін қазбайды. Тұрқы 13-53 сантиметр, салмағы 0, 1-2, 2 келідей болады. Денесі ұзынша келген. Жүні үлпілдек, жұмсақ, түсі алуан түрлі. Қорегін іңірде, түнде аулайды. Күзендердің - терісі бағалы, кәсіптік маңызы бар аң. Сонымен қатар олар зиянкес кемірушілерді жеп пайда келтіреді. Дегенмен, зияны да жоқ емес. Тауықты жегендіктен ауылшаруашылығына кесірін тигізеді.

Slide 5

Таралуы

Солтүстік жарты шарда Африканың солтустік, оңтүстік бөлігінде, Солтүстік Үндістаннан, Малай архипелагында және Оңтүстік Американың солтүстік бөлігінде таралған. Туыстың жүйеленуі анықталмаған. 13 түрге бөлуге болады. Оның 8 түрі ТМД, ал Қазақстан фаунасында 7 түрі кездеседі. Синонимдері: Қазақша атауы Ақкіс жергілікті атауы ақ тышқан 6 айда - гернон. Ақкіс (Mustela erminea) -сусар тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Қазақстанның солтүстік орманды-дала аймақтарында, оңтүстік және оңтүстік шығыстағы тауарларында кездеседі. Қоңыс таңдамайды. Ол өзен көл бойында, бұталы ағаш арасында, сай -салаларда, тау бөктерлерінде жиі кездеседі. Дене тұрқы 16-30 см, салмағы 120-370 г. Жазда арқасы ақ түсті болса, қыста денесінің жүні аппақ келеді. Өзіне ұқсас аққалақтан айырмашылығы-құйрығының ұшы қара. Ақкіс негізінен, тоқалтістерімен, сутышқандарымен, бақа кесіртке, балықтармен, кемірушілермен және сондай-ақ ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Азығын аулауға көбіне түнде шығады. Ақпан-мамырда ұйығып, 9 айдан соң 8-9 күшік туады. Ақкіс жылына екі рет: көктем мен күзде түлейді. Терісі бағалы болғандықтан ауланады. Зиянды кеміргіштермен қоректенгендіктен ауыл және орман шаруашылықтарына да едәуір пайдасын тигізеді.

Slide 6

Шұбар күзен

Шұбар күзен ( Vormela peregusna) - сусар тұқымдасына жататын жыртқыш сүтқоректі. Дене тұрқы - 27-35 см, құйрығы 11-20 см. Түсі шұбар, қара сары дақты. Басы, төсі, бауыры, жауырыны, аяқтары қара қоңыр. Тұмсығы қысқа, құлағы үлкен дөңгелектеу. Қазақстанның оңтүстігінде таралған. Дала, шел, шөлейт аймақтарды мекендейді. Әр түрлі індет тарататын кемірушілермен, құстармен, олардың жұмыртқасымен қоректенеді. Тамыз- қыркүйекте ұйығып,

5 ай көтеріп, ақпан-наурызда 3-8 күшік туады.

Кейінгі кезде тың жерлерді жыртып және

кеміргіштермен күресу үшін улы химикаттарды

көп қолданғандықтан Шұбар күзен азайып кетегі,

сол себепті қорғауға алынып, Қазақстанның

"Қызыл кітабына" енгізілген (1996) .

Шұбар күзеннің биологиясы аз зерттелген. Кемірушілермен қоректеніп, пайда келтіреді. Саршұнак, сұр тышқан, құм тышқан молырақ кездесетін шөл және шөлейт өңірлерде тараған. Облыс жерінде Қаркаралы, Нұра (Шошқакөл алабы) ауданында кездеседі

Slide 7

Таралуы

Түрдің таралуы Оңтүстік-Батыс Еуропа, жарым-жартылап Алдыңғы, Орта және Орталық Азия қалетиды, Қазақстанда шұбар күзен, негізінен оның Оңтүстік жартысын - Маңғышлақ, Үстірт,

Аралбойы, Қызылқұм,

Арысқұм, Мойынқұм,

Тауқұм, Бетпақдаланың

оңтүстігі, Оңтүстік Балқаш

бойы, Іле және Сүреті

ойпаттары, Іле мен Жоңғар

Алатауларының етектері, Алтай, Алакөл мен Зайсан ойпаттары. Еділ-Жайық өзендері аралығында, Орталық Қазақстанда және Алтай балаларында жойылып кетті.

Slide 8

Күзендердің пайдасы және жіктелуі

Денесінің ұзындығы 43-53 см, салмағы 1-2 кг келетін терісі өте бағалы аң. Жүні ұзын, әдемі, әрі жылтыр келеді. Қыста бұлғынның жүні әдемі, үлпілдек, жібектей жұмсақ, қылшықтары жылтылдап тұрады. Қазақстандағы терісі аса бағалы аң - бұлғынның өте көп тараған жері - Алтай таулары. Бұлғынның жемдері - кеміргіштер мен самырсын жаңғағы өте азайып кеткен жылдары тәжірибелі аңшылар оны арнаулы жем - ет ілген қақпанмен ұстап, көп олжаға батады

Дүниесі: Жануарлар Жамағаты: Хордалылар Табы: Сүтқоректілер Сабы: Жыртқыштар Кіші сабы: Caniformia Тұқымдасы: Mustelidae Кіші тұқымдасы: Mustelinae Тегі: Mustela

Slide 9

Білгенге маржан

Шұбар күзен - сусарлар тұқымдасының орташа пішінді жыртқышы (денесінің ұзындығы 35-38 см, салмағы 650-680 г) . Сырт пішіні күзенге ұқсас, бірақ арқасы алабажақ; құрсағы қара түсті, басының ортасынан көлденең үлкен ақ жолақ өтеді. Күзенге тағы бір ұқсастығы - арқасын доға тәрізді иіп, секіріп қозғалуы. Қорыққанда немесе ызаланғанда өзіне тән қимылымен шашақталған құйрығын арқасына тастап, басын көтеріп, тісін сірестіріп, ит сияқты ырылдаған дыбыс шығарады. Каспийден Ертіске дейін шөлді жерлерді мекендейді, бірақ барлық жерде сирек, сол үшін Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Бұл сарышұнақтар, құмтышқандар, жерде ұялайтын құстармен қоректенеді. 15 жыл өмір сүреді. Інде ұялайды. Маусым-шілдеде күйлейді, 5 айдан кейін інінде 3-8 ұрпақ пайда болады. Санының азаюының негізгі себептері - тың жерлерді жырту және кеміргіштермен күресу үшін улы химикаттарды кең қолдану.

Slide 10

Ақ күзен

Ақ күзен (Миstеlа егтіпеа) және ақкіс (М. піvаlіs) - бұлар сусар тұқымдасының ең ұсақ түрлері болып саналады. Бізде көп жерлерде тараған. Олар жерден ін қазып, ұя салады. Ақ күзен және ақкістер зиянды кемірушілерді қырып, пайдасын тигізеді. Бұлардың тeрісі өте құнды, әсіресе ақ күзеннің терісі өте бағалы. Солтүстік облыстарда бұлардың екеуі де қыста ақ түсті болады.

Slide 11

Ақ күзеннің маңызы

Орал өңірінде көп тараған дала күзені. Оның сәнді терісі шикізат есебінде шет елдерге шыға-рылатын аң. Жалпы түсі ақшыл сары, тек қылшығының үсті ғана қоңыр. Бауыры ақшыл. Осыған қарап кейде оны ақ күзен деп те атайды. Оның қысқы терісі құнды. Бұл кезде оның жүні ұзын, жұмсақ және қалың келеді.

Күзендер ін қазбайды, басқа кемірушілер інін қолданады. Ол ауылшаруашылығына зиян келтіре-тін саршұнақтарды құртады.

Slide 12

Еуропа қара күзені

Еуропа қара күзені (Mustela lutreola) - сусар тұқымдасына жататын мамық терілі аң. Қазақстанда 1920 - 30 жылдары Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының Жайық, Елек, Қарғалы, Жаман Қарғалы өзендерінің жағасында мекендеген. Соңғы рет 1938 жылы Еуропа қара күзенінің біреуін Ырғыз өзенінің, екіншісін Солтүстік Қазақстан облысындағы Шағалалы өзенінің бойынан ұстаған. Бұдан басқа Қазақстанда таралуы жөнінде ешқандай дерек жоқ. Еуропа қара күзенінің дене тұрқы 36 - 42 см, салмағы 1, 1 кг-дай. Басы жалпақ, денесі ұзынша келген, аяқтары қысқа. Башпайларының арасы жүзу жарғағымен жалғасқан. Жүні біркелкі үлпілдек, қара қоңыр, қызғылт қоңыр түстес. Алқымында, астыңғы және үстіңгі еріндері мен төсінде ақ дағы болады. Өзенде, ағын суда, бөгендерде мекендеп, інін (тереңдігі 1, 5 м-дей) су астына қазады. Балық, ұсақ кемірушілер, жәндіктермен қоректенеді. Жыныстық жағынан бір жаста жетіледі. Ақпан - наурыз айларында ұйығады да, 42 - 75 күннен кейін балалайды (3 - 7, сирек 10) . Күзге қарай інін тастап, өз бетінше тіршілік етеді. .

Slide 13

Ақкіс


Ұқсас жұмыстар
ЕСКЕКАЯҚТЫЛАР ОТРЯДЫ.ИТБАЛЫҚ ТАР ТҰҚЫМДАСЫ PINIPEDIA
МЫСЫҚ ТӘРІЗДІЛЕР ТҰҚЫМДАСЫ
Қояндар
Қояндар жайлы
Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер
МАЙШАБАҚТӘРІЗДІЛЕР ОТРЯДЫНЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
Кит тәрізділер отряды, негізгі өкілдері. Ішкі, сыртқы құрлысы
Сусарлар тұқымдасы
Күздік көбелек –кеміргіш көбелектер тобының өкілі. Оның биологиясының ерекшелігі, зиянкестердің систематикасы, таралуы, биологиясы
Өнеркәсіпте пайданылатын дрожжилар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz