Малдағы эндемиялық ауруларды биогеоценотикалық зерттеу арқылы анықтау


Slide 1

Биогеоценотикалық зерттеу арқылы эндемиялық аурауларды анықтау .

Орындаған:Көшекова Г. Т

Slide 2

Эндемиялық (гректің endemos - жергілікті) аурулар геохимиялық энзоотияға жатады. Олар аумақтық биогеохимиялық ерекшелігіне сәйкес мал басын шалдықтырады.

Өсімдіктің (эпифитогия), малдың (эпизоотия) және адамның (эпидемия) эндемиялық ауруы биогеохимиялық қоректік тізбекпен тікелей байланысты. Геохимиялық эпифитомия, эпизоотия және эпидемия жер шарында кеңінен тараған, ол қоршаған ортадағы химиялық элементтердің мөлшерінің жетіспеуіне немесе шектен тыс болуынан туындайды. Сол ерекшелігіне байланысты турлі биогеохимиялық аймақтарды ерекшелендіреді.

Slide 3

Бүгінгі күнде мал организімінде 80-нен астам минералды элементтер анықталған, олар әр түрлі мөлшерде жиналған, оның ішінде денсаулыққа күшті ықпал ететін биогенді микроэлементтерге темір, мыс, мырыш, йод, марганец, кобальт, молибден, селен, никель, қалайы, фтор, ванадий, сифонций, хром тағы басқа жатады.

Олар организмдегі барлық ағзалар мен ұлпалардың құрамында болады, ал оның ішінде бауыр, көк бауыр (талақ) сүйек, бүйрек, тері ұйқы безінде көп шоғырланады. Биогенді микроэлементтер, ферменттер, витаминдер, гормондар құрамында торша қан лимфа, ұлпа сұйықтарының құрамында болады.

Slide 4

Мал организміне микроэлеметтер екі жолмен енеді

Өсімдік

Азық

Slide 5

Мал азығы құрамындағы микроэлементтредің мөлшері жергілікті жердің геохимиялық жағдайына және азықтың түрі мен санына, сапасына тікелей байланысты. Микроэлементтердің белгілі бір мөлшері мал организміне биогендік әсер етеді, ал жетіспесе немесе шектен тыс артық болса, онда малдың өсімталдығы, өніп-өсіп жетілуі, ауруға қарсы тұру қабілеті нашарлап, әр элементке тән ауруға шалдығады, яғни эндемиялық аурумен ауырады.

Slide 6

Табиғи геохимиялық анатомия эндемиялық аурудың болуына себепкер, яғни биосфераның геохимиясы әр түрлі, ол жер қыртысына, өсімдігіне байланысты.

Антропогенді геохимиялық аномалия пайда болуы және осыған байланысты эндемиялық аурулардың шығуы азот, фосфор, калий, йод, мыс және басқа микроэлементтредің айналуының бұзылуының салдарынан болады.

Slide 7

Биогеоценоз жағдайының өзгеруінен пайда болатын малдың жаппай ауруы зерттелініп тексеріледі, олар биогеоценоздың және оның құрамдас бөліктерінің бұзылуынан туындайды.

Биогеохимиялық энзоотияны, оның ішінде эндемиялық ауруларды, биогеоценотикалық тәсілмен анықтау үшін:

- малға, оның ағзалары, ұлпалары, торшалары, субторшалық құрамдарына;

- популяцияға (үйір, отар, табын) ;

- биогеоценозға (экологиялық, жүйе, ланшафт) баға беру керек.

Эндемиялық аурулардың симптоматологиясы әр алуан болады. Ол аурудың түріне, себебіне тығыз байланысты келеді. Эндемиялық аурулардың белгілері әдетте жалпылама келеді, қондылығының, өнімділігінің төмендеуі, тері мен тері түгінің, кілегей қабықтың өзгеруі және басқалар.

Slide 8

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Малдардағы эндемиялық ауруларды биогеоценотикалық тәсілмен анықтау
Эндемиялық ауруларды анықтаудағы биогеоценотикалық және биогеохимиялық тәсілдер
Малдардың эндемиялық энзоотиялары: микроэлементтік дисбаланс пен биогеоценотикалық диагностика
Малдардың эндемиялық аурулары: биогеохимиялық энзоотия және биогеоценотикалық бағалау
Биогеоценоз және оның ветеринариялық маңызы: биогеоценотикалық патология, диагностика және профилактика
Ветеринариялық індеттану: жұқпалы ауруларды зерттеу, диагностикалау және алдын алу
Инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық зерттеу: әдістер, тексеру және санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
Жұқпалы ауруларды серологиялық зерттеу: иммуноферменттік талдаудың (ИФТ) әдістері мен протоколдары
Еттің балаусалығын сезімдік әдістер арқылы анықтау
Зерттеу процесінің кезеңдері: мәселені анықтау, мақсат қою, зерттеу сұрақтары мен гипотезалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz