Өнеркәсіп қалдықтарын шикізат материалдар ретінде: фосфогипс, борогипс және т.б. қолдану.



СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Тақырыбы: Өнеркәсіп қалдықтарын шикізат материалдар ретінде: фосфогипс, борогипс және т. б. қолдану. Гипсты байланыстырушы материалдардың қасиеттері. Өндірістің жаңа технологиясының негізі мен қолдану салалары.
Тексерген: Лебаева Ж. Т
Орындаған: Қайдыраш А.
Топ: ХН-221

Қалдықтар - табиғи шикізатты өңдеу нәтижесінде пайда болатын заттар мен өндірістік жарамсыз шығарылымдар. Қалдықтардың барлық түрлерін есептегенде өндірілетін табиғи заттар мен энергияның тек 2%-ы ғана пайдаға асырылады. Қалған 98%-ы әр түрлі қалдықтарға айналады.
Адам баласының кез-келген шаруашылық әрекеті әр түрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқаруына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке қауіп-қатер тудырады. Кең үйінділерін, өнеркәсіп тастандыларын, қоқыстарды, қала шөп-шаламдарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға болмайды, олар құнды шикізат көздеріне жатады. Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес әбден жетілдірілген технологияның жоқтығына байланысты, оларды өндеп құнды өнімдер алу әзірше жолға қойылмаған, сондықтан бұларды сақтауға, жоюға, тасуға, көмуге, зиянсыз түрде айналдыруға көптеген қаражат, энергия, уақыт жұмсалып отыр. Қалдықтар шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауыл-шаруашылығы, үй-жай шаруашылығы жатады.


Қалдықтарды қосымша шикізат ретінде тиімді пайдалану көптеген проблемалардың шешу жолдарын ашуға мүмкіндік туғызады. Қалдықтарды қайтадан колдану қоршаған ортаны қорғаумен, бастапкы материалдарды, электрэнергияны үнемдеумен, еңбек ресурстарын босатумен байланысты көптеген мәселелерді шешуге жол ашады.
Әр түрлі химиялық қалдықтар әсерінен судың ластануы

Біздің халық шаруашылығымыздан жыл сайын шығатын қалдықтардың көлемі 1 миллиард тоннадай. Статистикалық мәліметтсрге сүйенсек біздің елде жиналған қатты өндіріс калдықтарының көлемі 20 млрд. т шамасында. Оның ішінде 5, 2 млрд. т түсті металлургия өндірісінің меншігіне жатады (4 млрд. т - тау-кен өндірісінікі, 1, 1 млрд. т 105 млн. т металлургиялық өндеу процестерінен шыққан қалдыктар) . Сонымен қатар әр түрлі қоймалар мен кен байту фабрикаларының тұндырғыштарында көп мөлшерде сұйық қалдықтар жинақталған. Қалдыктардың 70-75%-і тау-кенөндірістерінен, 20%-і байытужәне қалғандары металлургия көәіпорындарынан пайда болады.

Кені бар шикізатты кешенді түрде пайдалануды мақсатқа ала отырып, Орталық жәнс Солтүстік Қазақстанда металлургиялык өндірістерінің калдықтарын колдану аркылы азот, фосфор жоне баска да минералдық тыңайткыштарды өндіруге бағытталған химия өнеркәсібі дамуда. Азот тыңайтқыштарын алуға оттекті өндіргенде шыққан металлургиялық өнеркәсіп қалдықтары пайдаланылады. Сульфитті рудаларды күйдіргенде бөлінген газдардан алынған күкірт қышқылы аммоний суперфосфатын, сульфатын және гидросульфатын алуға қолданылады.

Химия өнеркәсібіндегі ірі тонналық қалдықтардың бірі фосфогипс болып табылады. Тараз қаласы минералды тыңайтқыштар зауыттың өндірістік әрекетінің нәтижесінде фосфогипстің біраз көлемі жиналған. Қазіргі уақытта арнайы шлам жинақтарында және зауыттың төбелерінде шамамен 7, 6 млн. т. қалдық орын алған. Алайда, өңдеудің әртүрлі тәсілдерінің болуына қарамастан, қазіргі уақытта фосфогипстің еліміздегі пайдалану деңгейі барынша төмен қалып қоюда.

Қаратау кен орны фосфориті теңіз суын тұндыру нәтижесінде қалыптасатын, тұнбалы жағдайдағы жыныстар болып табылады. Олар негізінен глауконит, лимонит, клаьцит, доломит, магнезиалды силикат, алюмосликаттар, каолин, егісті шпаттар, кварц, гранит және органикалық заттар түріндегі қоспалардың аздаған құрамымен кальций аморфты ұсақ кристалды фосфатының негізінде құралады. Жанама өні ретінде қалыптасқан дигидрат немесе кальций сульфатының жарты гидраты ондағы қоспасының құрамына байланысты сәйкес түрде фосфогипс деп аталады.

Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымында 2004-2015 жылға өнеркәсіпті және тұрмыстық қалдықтарды жинақтау көлемін қысқарту бойынша тапсырмалар қойылған. Өнеркәісіпті және тұрмыстық қалдықтармен байланысты мәселені шешу үшін қайта өңдеу және қалдықтарды қайталап пайдаланудың моделдік бағдарламасын жасауды талап етеді

Фосфогипстің үлкен көлемді жойылуының тиімді бағыттарының бірі жол құрылысында топырақ үйінділерін тұрғызу кезінде қоспалар ретінде, немесе құрылыс саласында топырақтан жастықшаны орнатқанда қолдану болып табылады, нақтылап айтатын болсақ, жол құрылысы саласында қолдану мүмкіндігі жоғары. Фосфогипс құрайтын қалдықтарды жол-құрылыс материалдарын алу үшін маңызды шикізат базасы ретінде қарау керек, ол дәстүрлі түрде байланыстырғыш заттарды үнемдеу мүмкіндігін береді және қоршаған ортаны қорғау мәселесін шешуге жағдай жасайды.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz