Құс шаруашылығы өнімдерін инфекциялық аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау. Құс шаруашылығы өнімдерін инвазиялық аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау



Тақырып : Құс шаруашылығы өнімдерін инфекциялық аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау. Құс шаруашылығы өнімдерін инвазиялық аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау
Орындаған: Талапқанқызы М
Тексерген: Серікова А. Т
Топ. ВС-203

ҚҰс өнімдері
Құс еті- әрі жұмсақ, әрі дәмді ет; Құс еті әрқашан бағалы жеңсік ал саналып келді. Құс шаруашылығы мықтап дамыған қазіргі уақытта тауық етін де, басқа құс еттерін де халықтың көбі тұтынатын болды. Құс етінің тағамдық неғұрлым бағалы заты - белок; бройлер етінде ол санатына қарай - 17, 6-19, 7%, тауық етінде 18, 2-20, 8%, бөдене етінде 18, 0 %. Құс етіндегі амин қышқылының құрамы өте сіңімді. Суда жүзетін құстардың етінде май коп болады. Тауық етінде басқамен ауыстыр ылмайтын құнды, қанықпаған май қышқылдары сиыр және қой етіне қарағанда бірнеше есе артық. Құс етінде В тобындағы витаминдер мол болады. Онда минералдық элементтер де (ең алдымен фосфор, күкірт, темір және мыс) аз емес. Басқа кез келген ет сияқты, құс етін де қуырады, пісіреді, бұқтырады, одан котлет және басқа туралған ет тағамдарын жасайды. Піскенде құс еті (әсіресе, бройлер еті) елжіреген жұмсақ болады, өйткені онда жалғастырма тканьдер аз, 8%-дан аспайды (сиыр етінде ол 15%) . Олар, әсіресе тос етте аз, сондықтан одан сүйкімді тағамдар әзірлейді.


Қолға үйретілген құстардың ішінде ең кең тарағаны - тауық. Еті де бүгінгі күні сұранысқа ие. Дүкен сөрелерінде сиыр, қой, жылқы еттерімен қатар тұрады. Бағасы жағынан қалта көтерерліктей. Ет саудасымен айналысатын сатушылар құс етінің ішінде кең тарағаны әрі өтімдісі тауық еті деп айтады. Етінің құрамында В, Н, РР дәрумендері, калий, магний, натрий, темір, фосфор, мырыш, кальций, мыс секілді минералды заттар бар. Диетологтардың көбі адамның қалыптасып қалған тамақтану үрдісін өзгерту керек дегенді айтады. Мамандарымыз мұндай кезде қой, сиыр, тіпті жылқы етінің орнына тауық пен балық етін жеп тұрған жөн деп санайды. Ең бастысы, құрамындағы холестерин мен липотропты заттар жөнінен құс етінің сиыр мен қоян етінен айырмашылығы жоқ. Қолға үйретілген үй құстарының ең ірісі - күркетауық. Оның еті сіңімді, құрамында нәруызы мол. Орташа салмағы 9-12 килограмм. Африканың батыс, солтүстік аймағында қолға үйретілген тауықтәріздес құстың бірі - цесарка (мысыр тауығы деп те атайды) . Оны да дәмді еті үшін өсіреді. Қазіргі кезде цесарка Еуропа елдері, АҚШ және Австралияда көптеп өсіреді. Жапонияда қолдан өсіретін үй құсының бірі - бөдене. Оның жұмыртқасы да, еті де адам ағзасына сіңімді әрі шипалы.
құс өнімінің пайдасы мол

Құс шаруашылығы өнімдерін инфекциялық аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау.
Жұқпалы ларинготрахеит - тауық тектес құстардың жұқпалы ауруы, қоздырғышы-герпесвирус. Сақа құстарда ларинготрахеит ретінде, жас құстарда-созылмалы конъюнктивит түрінде болады.
Сояр алдындағы балам.
Ауру құстар самарқау күйде болады. Ентігу, кеңірдекте қан мен фибрин араласқан сұйықтық жөтелмен шығады, конъюнктивальды қалыпта-конъюнктив гиперемиясы, қабақ ісуі, көз кішіреюі, жас ағуы, жарықтан қорқу, бір не екі көздің де үлкеюі, көз жанарынан айрылуы, көз алмасының атрофиясы болады.
Союдан кейінгі балау.
Көмей ішінде, кеңірдектің өн бойында кейде үлкен бронхыларда катаральды-гемаррагиялық қабыну, үстіңгі кілегей қабығын бітеген қан ұйындылары, фибрин мамығы, кілегейлі-қан болады. Басқа органдарда да өзгерістер болуы мүмкін, бірақ олар ауру үшін қалыпты емес.
Сойыс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау.
Ауру шыққан шаруашылықтардағы шартты сау деп есептелген құстарды ветеринариялық-санитариялық қызметтің рұқсатымен, ветеринариялық-санитариялық ережелерді сақтай отырып, ет өндіруші кәсіпорындарда союға болады. Құс түгелдей бөлшектенеді. Ауру белгілері бар органдар мен ет бөліктерін, басын, мойнын, кеңірдегімен қоса жоюға жібереді. Ал қалған бөлегін қайнатады. Егер де патолого-анатомиялық өзгерістері болмаса, оларды қайнатудан кейін шұжық консервілер жасауға жібереді.
Ауру не шартты сау ұстардың жүн, қауырсындарын 20мин 85-900 С ыстық ауамен не 3 % ыстық формалинмен не 85-950 С ыстық сумен 20мин зарасыздандырады.
Ауру шыққан құс үйірінің жұмыртқаларын зарасыздандырып, одан кейін саудаға шығаруға жібереді.

Тұмау
Тұмау-тауық, үйрек, күркетауық т. б жұқпалы ауруы. Бұларды ауру тасымалдаушы және адамдар арасында шығатын тұмау эпидемиясын туғызушы дейді.
Қоздырғышы: ортомиксовирус тобының А типті виурсы. Ауру өте ауыр өтеді, әсіресе, жас балапандарда аз ған уақыт ішінде топтың 80-100 % дейін қырылады, кейде белгісіз күйде не созылмалы түрде болады.
Сояр алдындағы балау:Ауру құстарда гипертермия, ауыр күйзеліс, каматоз күйге де түседі. Тыныс алу ауырлап, ентігу, тұмсық қуыстарынан малынан сұйықтық ағып, бас, аяқ ісіп, тұмсық, айдары көкшілденеді. Ал үйрек, қазда конъюнктивит, жанарынан айрылу кездеседі.
Сойғаннан кейінгі балау :Танау қуыстарында кілегей, сұйық жиналып, үстіңгі тыныс алу жолдарының кілегей қабатында, қабыну, ісіну болады. Бас, аяқ, мойын терісінің тері астыңғы ісіктері, ішкі органдардың серозды қабықшаларында ұсақ нүктелі қан ағуы, суда жүзетін құстардың көз хрусталиктерінің үстінде фиброзды қабықша жиналады. Көптеген жағдайда ауру құстардың танау жолдарының кілегейлі қабықшасында катаральды қабыну, бас тіндерінде көкшілдену, синус болады.
Сойыс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау: Жеке бас профилактикасын сақтай отырып, ауру құсты жояды. Толықтай бөлшектеп, патологиялық өзгерістер болса, ішкі органдарымен қоса өртейді. өзгерістер болмаса, ішкі органдарын жойып, етін қайнатқаннан кейін консерв, шұжық т. б азықтық мақсат үшін ыстық Орнитоз-псикаммоз тобының вирусынан шыққан көгершін, тауық, үйрек, күркетауық, қаздардың ауруы.

Шешек
Шешек- бұл тауық, құр, көгершін, күркетауық т. б құстардың жұқпалы ауруы, авипоксвирус тобы вирусынан шығатын және терінің кейбір бөліктерін экзантематозды күйде не ауыз қуысы мен үстіңгі тыныс алу жолдарының ішкі қабатын кілегейлі қабынуы.
Сояр алдындағы балау:Ауру құстардың қабақ, тұмсық үсті, ауыз жиегі, арқа терісі, қанаты, аяғы, артқы жағы және басқа да дене бөлшектерінде жалғыздан не көптеген экзантема қабыршақтары пайда болады. Түрлері-ақшыл-сары көбікше сияқты, томпайған қоңыр-қызыл не домалақ сұр қабыршақтар, терімен тұтас жабысып тұрады.
Ауру кілегейлі түрде болса, арқасында қабыршақтар болмайды. Ауыз жиегінің кілегей қабатында, тілінің астында, кеңірдекте сарғыш, тығыз фибринды пленка не ірімшіктектес қоймалжың кілегей қабатпен жабысып тұрады, бұл кезде құста ентігу пайда болады.
Союдан кейінгі балау: Денесінен, тыныс алу жолдарынан, ауыз қуысынан сояр алдында көрінген өзгерістер түгелдей табылады. Ішкі құрылыстарынан қандай да бір басқа өзгерістер табылмайды.
Сойыс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау: Егер құстың басында не дене бітіміндегі қабыршақтар кішкене болса, сол жерлерін ғана алып тастайды. Ал өзгермеген бітімі мен ішкі органдарын қайнатқаннан кейін шығарады. Егер де бітімінің бірнеше бөлегі қабыршақтанса, онда бүкіл ішкі құүрылысымен қоса жойылады. Ауру не күдікті құстардың сойылған өнімінің қалдықтары, жүн, қауырсындарын зарарсыздандырып, екі қабатпен қапталған ыдыста өңдеуші кәсіпорынға жөнелтеді. Ветеринариялық куәлікке ауруы туралы мәлімет жазылады. Қалған клинико-анатомиялық белгілері жоқ партияны өңдеп, азықтық мақсатқа ешқандай тиымсыз шығара береді. Ауру құстың жұмыртқаларын зарасыздандырып, азықтық мақсатқа ұстайды.

Ньюкасл ауруы
Ньюкасл ауруы-тауық тұқымдастығына жататын құстардың бәріне тән ауыр өтетін жұғымтал ауру. Қоздырғышы: арамиксовирус тобына жататын вирус.
Сояр алдындағы балау.
Ауру құстар селсоқ күйінде, ұйқышыл, тыныс алуы қиындап, жөтел, айдары көкшілденіп, танау қуысымен тұмсығынансұйықтық ағады. Іші өтіп, нәжісте кейде қан аралас шығады. Аяқ, мойын тартылып, сіреспеленіп, осыдан ақсақтыққа ұшырауы, бір не қос қанатының салбырап қалуы кездеседі.
Союдан кейінгі балам.
Ас қорыту, тыныс алу органдарының кілегейлі қабығында ұсақ дақ не жолақтанып қан құйылғаны көрінеді. Тікішектің кілегейлі бездері мен қабығына, асқазанға, соқыр ішектің тарамдалып, таралатын тұсына ұзыншақ жолақша сияқты не дөңгелене қан құйылғаны көрініп, тоқ ішектің ісініп, фиброз-некрозды ошақтардың домалақ не сопақша күйдегілері болуы кездеседі. Көмей, кеңсірік, ауызда сілекейлі-кілегейлену кездеседі.
Өнім қалдықтарына санитариялық баға.
Ауруға ұшыраған құстардың өнім қалдықары түгелдей жойылады. Күмәнді құстардың ішкі құрылысы, өнімдері мен денесін-патологиялық өзгерістері болмаса қайнатып, шығарады.
Ауруға ұшырады деген күдікті не ауырған құстардың жүні мен қауырсындарын өртеп жібереді. Шаруашылықта ауру құстардың өнімдерін жойып, ал клиника-анатомиялық белгілері жоқ құстардың еті мен ішкі құрылысын қайнатудан кейін шаруашылықтың ішкі қажетіне ұстайды. Құстардың үлкен партиясын сою кезінде, етін жақын орналасқан аудан, облыс, республиканың тамақ өндірістеріне өндірістік өңдеуге не пісірілген күйде қоғамдық тамақтану орындарына жіберуге болады. Шартты сау деп есептелген құстардың жұмыртқаларын шаруашылықта пісіріп алып тамаққа пайдаланады. Жұмыртқаның үлкен партиясын бүріккішпен зарарсыздандырып, тамақ өндірісімен айналысатын кәсіпорындарға ыстық температурада нан. Кондитер өнімдерін шығаруға пайдаланады.


Құс шаруашылығы өнімдерін инвазиялық аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау
Инвазиялық аурулардың індеттік үрдісінің негізгі заңдылықтарын, ҚР мен көршілес жəне ауа райы өте ылғалды шет елдердің аумағындағы індеттік аурулар бойынша қалыптасқан жағдайды талдауды.
Гастомоноз (тиффлогепатит, энтерогепатит ) - соқыр ішек пен бауырдағы зақымданып, гранулемалар дамиды да соңы некрозбен сипатталатын ауру.
Қоздырғышы:Histomonas meleagridis, жіпшелі қарапайымдыларға жатады. Күрке тауықтар ауырғанымен 2 аптадан 4 айға дейінгі балапандар және басқа құстар сирек шалдығады.
Ауру құстар күйзелген, аз қозғалады, жүндері ұйпаланған, диарея, қарынды басып тексергенде қарағанда шұнқыр тәрізді ұлғайып кеткен соқыр ішек білінеді. Сойып қарағанда білеуленген соқыр ішек қабырғасының қалындығы 1 см, тығыздалған бұлынғыр ақшыл түсті, ішек ішінде дифтериялық қоймалжың сұйықтың астында жаралар болу мүмкін. Фибринозды перитонит байқалады. Бауыр ұлғайған, қанға толы, тарының дәні көлеміндей көптеген сұр ошақтар басады.
Сойыс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау.
Барлық зақымдалған ағзаларды техникалық утилизатцияға бағыттайды. Ал ұшаны, қайнатып залалсыздандырылған соң, пайдалануға болады.
Перитонит пен зақымдалған құс ұшаларын және арық ұшаларды ішкі ағзаларымен бірге техникалық утилизацияға жібереді.

Құс эймериозы
Құс эмериозы - энтероколитті, нефритті түрде өтетін инвазиялық ауру. Бұл аурумен үйрек, қаз, күрке тауық және балапандары ауырады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz