Джон Дэвисон Рокфеллер




Презентация қосу
Джон
Дэвисон Рокфеллер

(1839-1937)
Адамзат тарихында ең бай адам Джон Рокфеллер
болып саналады. Оның байлығын бүгінгі бағамен
есептесек ол 200 млрд. долларды құрар еді. Қомақты
сома. Бұл дегеніңіз бүкіл Қазақстанның 2012 жылғы
жалпы ішкі өніміме пара-пар. Рокфеллер еңбек
қызметін қарапайым есепшіден бастап, 1916 жылғы
29 қыркүйекте алғашқы долларлық миллиардер
атанды.
Өмірбаяны
Алаяқ Уильям Эйвери "Билл" Рокфеллер (13- қараша 1810 - 11-мамыр
1906) және Элайза Дэвисонның (12-қырк үйек 1813 - 28-наурыз 1889)
отбасындағы екінші сәби және бірінші ұл. Одан б өлек Люси (1838-
1878), Кіші Уильям (1841-1922), Мария (1843-1925), егіздер-Франклин
(Фрэнк) (1845-1917) және Фрэнсис (1845-1847) сынды бауырлары
болған. Әкесі жағынан ағылшын және неміс, анасы жа ғынан шотланд
және ирланд қаны тарайды. Билл ең алдымен а ғаш кесуші, сосын
шағын алып-сатарлықпен айналысқан. Алайда өзін "ботаникалы қ
дәрігермін" деп атап эликсирлер сатқан. Жергілікті халы қ мінезі бір
түрлі, бірақ көңілді жүретін оны "Үлкен Билл" не "Шайтан Билл" деп
атаған. Көпшілік оны қоғамдық моральға көнбейтін, қа ңғыбасты қ
өмір кешетін, үйіне сирек қонатын адам ретінде білген. Б үкіл
өмірінде көлеңкелі істермен атағы шыққан.
Үй шаруашылығын мойнына алған иманды баптист Элайза
күйеуі ұзақ уақытқа жоғалып кеткен кездерде үйдің
тұрақтылығын сақтауға тырысып оның екінші әйелі мен сансыз
"жүрістеріне" де көнеді. Тумысынан үнемшіл Элайза ұлына
"Әдейі жасалған шығын қажеттілік болып оралады" деп айтатын
болған. Жас Рокфеллер өз ақшасын күнделікті үй шаруаларын
жасаумен, сондай-ақ күркетауық бағып, картоп ж әне кәмпит
сатып, ең соңында көршісіне азғантай ақшаны несиеге беру
арқылы табады. Ол әкесінің "ыдысы бос адам ға тама қ сат" деген
кеңесіне еріп, үнемі келісімді өз пайдасына шешіп отырды. Бірде
Билл "Мен кез келген сәтті пайдаланып балаларымды алдау ға
тырысамын. Себебі олардың есепшіл болғанын қалаймын." деп
мақтаныпты.
Оның кішкентай кезінде, отбасы Моравия ға (Нью-Йорк), ал 1851-
жылы Овегоға көшеді. Сол жерде Рокфеллер Овего Академиясында
оқиды. 1853-жылы оның отбасы Кливлендтің жанында ғы
Стронгсвильге көшіп келгеннен кейін Кливленд Орталы қ Орта
Мектебінде оқиды. Артынан Фолсом Коммерциялы қ Колледжіні ң 10
апталық бизнес-курсында есепшілік негіздерін үйренеді.
Әкесінің алыстығына және жиі көшулерге қарамастан жас Джон өзін
сабырлы, тәрбиелі ұстады, сабаққа құлшынысы мол болды.
Замандастары оны тұйық, айтқанынан қайтпайтын, иманды, істерін
жүйелі атқаратын, ақылды жігіт ретінде сипаттайды. Ол өте жа қсы
пікірталасшы болды және өз ойын тіке айтатын. Сондай-а қ ол
музыканы қатты сүйді және болашақта музыкант болу м үмкіндігін де
қарастырды. Ертерек ол аналитикалы қ қасиеттері мен бухгалтерлік
есепке жүйріктігін анық көрсетті.
Есепші ретінде
қызметі
1855 жылы Қыркүйек айында 16 жасар Рокфеллер
өзінің ең алғашқы жұмысын кішкентай Hewitt &
Tuttle фирмасында есепшінің к өмекшісі ретінде
бастады. Ол күніне ұзақ уақыт жұмыс істеп, ж әне
кейін өзі еске алғандай, "кеңседегі барлы қ әдістер мен
жүйелерді" үйреніп алғанына қатты қуанады. Әсіресе
кейінгі мансабына көп көмегін тигізген транспортты қ
шығындардың есебін жетік меңгерді. Ал ғаш қы 3 ай
жұмысынан $50 (күніне 50 центтен) табады. Жас
кезінде Рокфеллердің ең ірі амбициялары $100,000
тауып 100 жасқа дейін жету болыпты.
Кәсіби серіктестік
1859-жылы серіктесі Морис Б. Кларк екеуі $4000 капиталмен өндіріс делдалды ғын бастады. Осы кезден
бастап Рокфеллер мансабы жыл сайын жоғарылай береді. Азық-т үлік тауарларыны ң к өтерме саудасынан
кейін 1863-жылы серіктестер Кливлендтің дамып келе жатқан "The Flats" өндірістік айма ғында м ұнай
өндеу зауытын (МӨЗ) салады. Зауытты Рокфеллер, Кларк және оны ң 2 бауыры, химик Эндрюстен т ұратын
Andrews, Clark & Company тікелей иеленді. Коммерциялы қ м ұнай өндірісі енді ғана пайда бол ған кез еді.
Кит майы қарапайым халық үшін тым қымбат болды, сонды қтан жалпы қажеттіліктерге арнал ған арзан
жағармай қажет етілді.
Інісі Фрэнк Азамат Соғысында жүргенде, Рокфеллер кәсібін жал ғастырып, ауыс қан сарбаздарды ж ұмыс қа
алды. Соғысқа бармаған Солтүстік байлары секілді ол да Ода ққа а қша берді. Құлды қты жою
қозғалысының мүшесі болғандықтан Авраам Линкольнге дауыс берді ж әне сол кезде жа ңа құрыл ған
Республикалық Партияны қолдады. Ол "ақшаны ма ған Құдайдың өзі берді" дейді, ж әне Джон Уэслиді ң
"Қолыңнан келгенше жина, қолыңнан келгенше са қта ж әне қолы ңнан келгенше бер" деген с өздерін негізге
алып ақшаға келгенде өзін жеңіл сезінді.
1865-жылдың Ақпанында, кейін мұнай өндірісі тарихшысы Дэниель Ерген "т үбегейлі өзгеріс әкелген іс"
атаған, Рокфеллердің аукционда $72,500 төлеп ағайынды Кларктерді ң үлесін сатып алуы өтті. Компания
атауы Rockefeller & Andrews болып өзгертілді. Өзі "Бұл менің болаша қ мансабымды аны қта ған к үн еді"
деп мойындайды. Ол соғыстан кейінгі экономикалы қ өсімді, теміржол ж әне м ұнай ар қылы ж үргізілген
батысқа бағытталған ұлы дамуды жақсы пайдалана білді. Ол табысты ң к өп б өлігін реинвестициялау ға
жұмсады, тез өзгергіш нарыққа жақсы бейімделді және жақсы дамып келе жат қан өндірістерге
бақылаушылар қойды.
Мұнай кәсіпкерлігін
бастау
1866-жылы інісі Кіші Уильям Рокфеллер Кливлендте
басқа бір МӨЗ-ын ашып, Джонды серіктестікке қосты.
1867-жылы серіктестікке Генри М. Флаглер кірген со ң
Rockefeller, Andrews & Flagler фирмасы құрылды. 1868-
жылға қарай Рокфеллердің табысты реинвестициялауы,
шығындарды бақылап, зауыт қалдықтарын іске
жаратуы арқылы фирма Кливлендтегі 2 МӨЗ-ын және
Нью-Йорктегі маркетингтік филиалды иеленді; б ұл
әлемдегі ең ірі МӨЗ-ы болды. Rockefeller, Andrews &
Flagler фирмасы Standard Oil компаниясыны ң
құрылуының іргетасын қалады.
Бизнеспен айналысу барысында Джон Рокфеллер
өзінің белгілі бір ұстанымдарына берік болды.
Бұл қағидаттар байлығын сақтап қана қоймай,
оны көбейтуге септігін тигізді.
Ендеше Рокфеллердің ұстанымдарымен
танысайық:
1. Басқа біреуге аз жұмыс істе. Неғұрлым өзіңе көп жұмыс жасамасаң, соғұрлым
нашар өмір сүресің.

2. Ақшаны үнемде. Тауарды арзан және көтермелеп сатып алатын жер ізде. Сатып
алынатын заттардың тізімін алдын ала жоспарла және тізімде барын ғана ал.

3. Егер сенде ақша аз болса, кәсіп жаса. Егер мүлдем ақша жоқ болса – дереу жаса! Дәл
қазір!

4. Мол байлыққа пассив табыс арқылы ғана жетуге болады. Ол – сенің күш-жігеріңе
қарамастан келетін табыс. Пассив табыс көзін тап та, рахаттана өмір сүр.

5. Айына ең кемі 50 000 доллар табуды ойлан. Көп болса да жақсы. Бірақ одан кем емес!

6. Ақша басқа адамдар арқылы келеді. Адамдармен аралас. Араласпайтын адамдардың
бай болуы сирек жағдай.
7. Әрқашан жеңімпаз және оптимист адамдармен араласу керек. И ә, д әл солай,
жеңімпаздар мен оптимистер!

8. Кедейшілік жауапкершіліктен қашқанда пайда болады. Сыны ққа сылтау
іздеме, өз мақсатыңа жету үшін неге осы қазірден бастап қимылдамайсы ң?

9. Әлемнің ең бай адамдарының өмірбаяндары мен ойларын зертте.

10. Арман – сенің өміріңдегі ең маңызды нәрсе. Арманы ңды к әсіби бизнес-
жоспарларға айналдырып, оларды толық нәтижеге дейін ж үзеге асыр!

11. Адамдарға риясыз, шын жүректен ж әрдем ет. Тек өзі ң қала ғандар ға.
Пайдаңның 10 пайызын қайырымдылы ққа ж ұмса.

12. Бизнес-жүйелерді жаса және тапқан а қша ңа рахаттан.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ

Ұқсас жұмыстар
Рокфеллер Джон Дэвисон туралы ақпарат
Рокфеллер Джон Дэвисон
Конфликт психологиясыны
Тұлғааралық қарым қатынастардың жалпы заңдылықтары
Сұхбаттасушыға ешқашан
Психологиялық түсінік бойынша - Тұлға психологияда өзінің өмір жолын белгілей алатын, қайталанбас даралық ерекшелігін сезінетін субъект
Чек лист
Европалық модель Аралас модель
Венчурлы капитал
СНЕVRON
Пәндер