Ащы ерменжапырақ




Презентация қосу
Тақырыбы:

Ащы ерменжапырақ - Полынь
горькая
(Artemisia absinthium)

Орындаған: Садыкова Айжан
Тексерген: Сагандыков С.Н
Топ: АГ -213
Жоспар:
Кіріспе
Ащы ерменжапыраққа қысқаша түсінік
Негізгі бөлім
2.1 Ащы ерменжапырақтың морфологиясы
2.2 Ащы ерменжапырақтың биологиясы
2.3 Ащы ерменжапырақтың таралуы және маңызы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Ащы ермен (лат. Artemísia
absínthium) – күрделігүлділер
тұқымдасына жататын, жусан
туысына жататын көп жылдық
тамырсабақты шөптектес
өсімдік. Қазақстанда жусан
туысының 84 түрі өседі.
Ащы ерменжапырақтың морфологиясы
Ащы ерменнің биіктігі 50 -100 -
125см. Сабағы тік, көп қырлы,
өсімдіктің жерүсті мүшелері
бозғылт-сұр түсті, басқа
өсімдіктерден оңай ажыратуға
болады. Себебі, жерүсті мүшесі
күмістей жалтыраған, қалың,
жұмсақ, әрі жабысып тұратын
қысқа түкті болады. Өсімдікті
саусақпен сипағанда мақтадай
жұмсақ екенін сеземіз. Сабағы
ұшына жақындаған сайын жиі
бұтақталған. Ащы ерменнің
жапырақ пішіндері де әр-түрлі.
Сабақ түбіндегі жапырақтары ұзын
сағақты, тақтасы да қауырсын
тәрізді салаланған, сабақ ұшына
жақындаған сайын кішірейіп
Гүлдері өте ұсақ түтікшелі гүл, себеті домалақ сары, әрі ұсақ,
диаметрі 3мм, шар тәрізді. Барлық себеті саба қ ұшында сыпырт қы
гүлшоғырына жиналған. Гүлшоғырлары өте күрделі, жеке гүлдері
алдымен себет гүлшоғырын құрайды да, барлық себет г үлшо ғырлары
жиналып сыпыртқы гүлшоғырына орналасады. Сөйтіп ащы ерменнің
негізгі гүлшоғыры - себет болса, себетгүлдің топтанып бірігуі -
сыпыртқы гүлшоғыры болып есептеледі. Жемісі – тұқымша.
Ерменжапырақтың биологиясы
Өсімдік тұқым арқылы таралады,
жылу сүйгіш болғандықтан, 8-10
градус жылылықта 5 см
тереңдіктен сәуірдің аяғы,
мамырдың басында жер бетіне
шыға бастайды. Шөп шілде-
тамыз айларында гүлдейді,
тұқымы (дәні) қыркүйек-қазан
айларында толық піседі. Бір
өсімдік өсуге қолайлы жағдайда
30 мыңнан 55 мыңға дейін
тұқым береді. Тұқымдары
топырақта өмір сүргіш
қасиеттерін 7-10 жылға дейін
сақтайды.
Ащы ерменжапырақтың таралуы және маңызы
Ащы ермен республиканың
барлық аймақтарында кең таралған.
Ауыл шаруашылық дақылдарын
егуге жарамсыз жерлерде, жол
бойында, арық жағалауларында, темір
жол полотналарында жиі кездеседі.
Хош иісті, дәмі өте ащы, егер қолға
алып саусақпен уқаласа иісі көбірек
сезіледі. Жерүсті мүшесінде эфир
майы, глюкозид, абсинтин, ащы зат
абзинтин С витамині және т.б. бар.
Ерменді мал сүйсініп жейді, Ерменнің
құрамында ащы зат көбірек болады.
Сонымен қатар ерменнен дәрі
жасайды және медицинада әр түрлі
тұнбалар дайындалады.
Қорытынды:

Сонымен, қорытындылай келсем, ерменжапырақ
жер шарында ең көп, ең көлемді тараған өсімдіктер
санатына жатады. Қазақтың көне емшілері ерменді
дәрі деп қарайды. Оның жер үсті бөлімі дәріге
қолданылады. Жаз маусымында гүл ашқанда орып
алып, көлеңкеде кептірген кезде ғана турап
қолданады. Қалған уақытта құрғақ, таза, күн
түспейтін жерлерге дәрі қоры ретінде сақтап қояды.
Ерменнен жасалған дәрілердің қасиеті – ащы дәмді,
жылы райлы болып келеді. Сондықтан аса құнды, әрі
бағалы дәрілі шөп тізіміне қосылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Дудченко Л. Г., Козьяков А. С., Кривенко В. В. Пряно-ароматические и
пряно-вкусовые растения: Справочник / Отв. ред. К. М. Сытник. — К.:
Наукова думка, 1989. — 304 с. — 100 000 экз. — ISBN 5-12-000483-0

2. Губанов, И. А. и др. 1271. Artemisia absinthium L. — Полынь горькая //
Иллюстрированный определитель растений Средней России. В 3 т — М.:
Т-во науч. изд. КМК, Ин-т технолог. иссл., 2004.

https://ru.wikipedia.org/wiki/Полынь_горькая
nebolet.com › Лекарства › Лекарственные растения

Ұқсас жұмыстар
Бақ - бақ тамырлары
Шие - вишня
Ішек инвагинациясы
Жусан — Полынь — Аrtemisia
Ашығу
Ішектерді кесіп алып тастау және тігу
СЫҒЫНДЫЛАР - КОНЦЕНТРАТТАР
Қамырдың ашуы
Қой шаруашылығына елеулі зиян келтіретін, өте кең тараған ауру
Инвазиялық ауруға ұшыраған құс ұшасын ветсан сараптауға арналған
Пәндер