Материалдық қорлар есебі


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Қорлар есебі

Орындаған: Төкен А. Б.

Тобы: УА-405

Slide 2

ЖОСПАР

Материалдық қорлар, олардың жіктелуі мен бағалануы.

2. Материалдық қорлардың қозғалысын құжаттау.

3. Қоймадағы және бухгалтериядағы материалдық қорлар есебі.

4. Материалдық қорларды түгендеу және қайта бағалау.

5. Аяқталмаған өндіріс есебі.

6. Дайын өнім және тауарлар есебі.

Slide 3

Кәсіпорындардың және ұйымдардың қызметі барысында өздерінің өндірген дайын бұйымдары, сату үшін арналған тауарлары, сатып алынған бірақ әзірге ұйымға келіп түспеген тауарлары, аяқталмаған өндіріс, пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа да материалдары сол ұйымның тауарлық- материалдық қорлар түріндегі активі болып табылады.

Олардың өндірістік құралдарынан өзге заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады. Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құнының жартысынан көбі еңбек заттарының құнынан тұрады. Еңбек заттар өндірістік қор болып табылады.

Slide 4

Материалдарды есепке алудың міндеттері

дайындалған, келіп түскен, босатылған материалдарды уақытында есепке алып, кірістеу немесе есептен шығару;

қоймадағы материалдардың және жеткізу кезінде материалдардың сақталуын бақылау;

материалдық қорлардың қалдығының дұрыс сақталуын тексеру;

материалдардың өндірісте пайдаланылу нормасын және тұтыну мөлшерінің қорын анықтау;

өндірісте материалдардың ұтымды пайдаланылуын бақылау;

дайындалған материалдардың өзіндік құнын анықтау және олардың жоспарлы бағасынан айырмашылығын тауып пайдаланылған материалдар құнын әр объектінің шығынына қосу.

Ұйымдардағы қорлардың есебі ҚЕХС №2 «Қорлар» стандартына сәйкес ұйымдастырылады.

Slide 5

Материалдық бағалықтардың есебін дұрыс ұйымдастырудың қажетті алғы шарты материалдардың іс жүзіндегі жіктелуін сақтау болып табылады. Қорлар келесідей жіктеледі:

сатылып алынған тауарлар;

қайта сатуға аранлған мүлік (ғимарат, үй, транспорт және басқалары) ;

ұйыммен өндірілген және сатуға арналған дайын өнімдер;

шикізаттар мен материалдар;

аяқталмаған өндіріс;

басқа көмекші материалдар.

Slide 6

Өткізудің ықтимал таза құны - бұл жұмысты орындауға жұмсалған ықтимал шығындар мен өткізуге арналған ықтимал шығындарды шегеріп тастағанда әдеттегі іс барысындағы болжамды сату бағасы.

Әділ құн - бұл активтерді олармен айырбастаған немесе осындай мәмілені жасаудан жақсы хабары бар, мәміле жасағысы келетін және бір-бірінен тәуелсіз тараптар арасында мәміле жасалған кезде міндеттемелерді реттеуге болатын сома.

Өткізудің ықтимал таза құны ұйым әдеттегі қалыпты қызмет барысында босалқыларды сатудан өтеуді күтетін таза сомаға байланысты. Әділ құн мәмілені жасау кезінде, нарықта жақсы хабардар, осындай мәмілені жасағысы келетін сатып алушылар және сатушылардың арасында ұқсас босалқыларға ауыстыруға болатын соманы көрсетеді.

Slide 7 Slide 8

Сенімхат

Берілген сенімхаттарды есепке алу Журналы

Кіріс ордері

Материалдық қорларды қабылдау кезінде лауазымды тұлғаның, субъектінің сенімді өкілінің құқысы бар адамға сенімхатты рәсімдейді. Сенімхатты бухгалтерия рәсімдеп, алушының қолын қойғызып, қолхат алу арқылы береді.

Берілген сенімхаттар мен оларды алғандығы туралы қолхаттарды тіркеуге қолданылады. Сенімхатты пайдаланған кезде оның берілгендігі және алынғандығы сенімхаттың түбіртегіне жазылады. Мұндай жағдайда берілген сенімхаттарды есепке алу Журналы жүргізілмейді.

жабдықтаушылардың немесе өңделгеннен кейін ұйымға келіп түсетін қорларды есепке алуға қолданылады. Қорлар қоймаға келіп түскен күні материалдық жауапкершілігі бар тұлға кіріс ордерін бір дана етіп толтырады.

Материалдардың қозғалысын есепке алу бойынша төмендегідей типтік құжаттар пайдаланылады

Slide 9

Материалдардың қабылданғаны туралы акт.

Материалдық құндылықтарды өндірісте дайындалу, сақталу процесінде жетіспеушілігі мен жоғалуы жөніндегі Акт.

Табиғи шығын нормаларына сәйкес материалдардың жоғалуы туралы АКТ.

Жабдықтаушылардың жолдама құжаттарындағы мәліметтерден сандық және сапалақ айырмашылықтары бар қорларды қабылдау кезінде қолданылады; сондай-ақ құжаттарсыз түскен материалдарды қабылдағанда жасалады.

Берілген сенімхаттар мен оларды алғандығы туралы қолхаттарды тіркеуге қолданылады. Сенімхатты пайдаланған кезде оның берілгендігі және алынғандығы сенімхаттың түбіртегіне жазылады. Мұндай жағдайда берілген сенімхаттарды есепке алу Журналы жүргізілмейді.


Ұқсас жұмыстар
Тауарлы­материалдық қорлар
Тауарлы
ҚОЙМА ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ
Тауарлық-материалдық қорлар
Қорлар және өткізілген өнімнің өзіндік құны
Кәсіпорын, оның өндірістік қорлары
Кәсіпорынның материалдық қорлары
Кәсіпорынның ұзақ мерзімді активтері
КӘСІПОРЫННЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ
Материалдық қорлардың қозғалысын құжаттау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz